Vi халықаралық конференция 1



Pdf көрінісі
бет46/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54

Тҥйіндеме 

Ежелгі  ерте  дҽуірден  адам  ҿзін  қоршаған  орта  –  табиғатпен  қарым-қатынас  арқылы  тылсым 

дҥниенің сырын тҥсінуге  тырысып, ҿзі таба алмаған дҥние  жауабын табиғаттан алған.  Ҿзінен 

тысқары  ҧлан-ғайыр  кеңістікті  алып  жатқан  табиғат  кҥшінен  сескеніп,  оның  сыры  кҿп 

жҧмбағын  шеуге  ҧмтылуы  адамзат  баласының  ҽуелдегі  шешімі  еді.  Адамзат  ҽуелі  табиғаттан 

ҥйренді, жаратылыстың адамға алғаш ҥйреткен қасиеті –  танымдық қабілет болды.   

  Қазақ  жазба  поэзиясында    психологиялық  параллелизмнің,  табиғат  суреттерінің    ҥлгісі  – 

Абай  поэзиясы.    С.  Сейфуллинннің  «Кҿкшетауы»,  І.  Жансҥгіровтың  «Жетісу  суреттері», 

қазіргі  ақындарымыз  Ф.  Оңғарсынованың  «Кҥздің  соңғы  кҥндері»,  К.  Ахметованың 

«Ағаштар»  сияқты  ҿлеңдері  қазақ  оқырмандарының  санансына  сіңіп,  болмысына  біте 

қайнасып, табиғатпен тҧтасып жатады. ХХІ ғасырда поэзияға ағалары салған бағытты  одан 

ҽрі  дамыта  бастаған,  жаңа  серпін,  серпіле  екпін  бере  алатын  жас  шайырлар    келіп  енді.  

Лирикада  адам  мен  табиғат  арасын  кіріктіру,  шендестіре  бейнелеу  ҥлкен  поэтикалық  

зерделеуді  қажет  етеді.  Қазіргі  қазақ  поэзиясындағы  табиғат  лирикасы  жаңа  дҽуірлеу 

кезеңінде.  Табиғатты  сананың  призмасы  арқылы    адам  мінезінің  қыр-сырымен    салыстыра 

суреттеу,  адамның    жақсы-жаман  іс-ҽрекеттері  арқылы    кҿрсету,  тҧлғалық  деңгейдегі  

кҿрінісі  дҽрежесінде  беру бҥгінгі жастар  поэзиясында жақсы игеріліп келеді.  

Кілтсөздер: поэзия; лирика; метафоралық бейне;  лирикалық кейіпкер; мифология. 

1.Кіріспе 

 

Ежелгі ерте дҽуірден адам ҿзін қоршаған орта – табиғатпен қарым-қатынас арқылы тылсым 

дҥниенің  сырын  тҥсінуге  тырысып,  ҿзі  таба  алмаған  дҥние  жауабын  табиғаттан  алған.  

Ҿзінен  тысқары  ҧлан-ғайыр  кеңістікті  алып  жатқан  табиғат  кҥшінен  сескеніп,  оның  сыры 

кҿп  жҧмбағын  шеуге  ҧмтылуы  адамзат  баласының  ҽуелдегі  шешімі  еді.  Адамзат  ҽуелі 

табиғаттан  ҥйренді,  жаратылыстың  адамға  алғаш  ҥйреткен  қасиеті  –    танымдық  қабілет 

болды. Табиғат поэзиясы ҽр ҧлт ҧғымына, тіршілік, тҧрмысына байланысты дамиды. Қоғам, 

заман  ҿзгергенімен,  табиғат  сол  сҽби,  бейкҥнҽ,  уыз  қалпында  қала  бермек.  Табиғат  ортақ 

болғанымен, қабылдау  ҽр қилы.  

Орыс поэзиясында ежелден қайың, терек, тал, ҿзен, тау – кҿп жырланған тақырыптар. ХІХ ғ. 

брінші  жартысында  ҿмір  сҥрген  А.С.  Пушкин  кҿбіне  емен,  ҥйеңкіні  жырласа,  А.  Фет 

қайыңды  кҿп  суреттеген,  оның  шарықтау  шегі    С.  Есенинге  келіп  тіреледі.  А.Блок  батып 

бара жатқан кҥнді, М. Цветаева шетен ағашын, А. Ахматова талдарды, Б. Пастернак жаңбыр 

тамшыларын жырына ҿзек еткен. Қазақ жазба поэзиясында  психологиялық параллелизмнің, 

табиғат  суреттерінің    ҥлгісі  –  Абай  поэзиясы.    С.  Сейфуллинннің  «Кҿкшетауы»,  І. 

Жансҥгіровтың «Жетісу суреттері», қазіргі ақындарымыз Ф. Оңғарсынованың «Кҥздің соңғы 

кҥндері»,  К.  Ахметованың  «Ағаштар»  сияқты  ҿлеңдері  қазақ  оқырмандарының  санансына 

сіңіп, болмысына біте қайнасып, табиғатпен тҧтасып жатады. Жаратылыс сыйлаған мінезіне 

сай ішкі жан дҥниесінің жаратылысына сай ҽр ақынның ең кҿп жырлаған тақырыбы болды. 


VI Халықаралық конференция

 

392 



 

М. Мақатаев поэзиясында ерекше орында тҧрған – табиғат лирикасы.  Ақын ҿзі туып ҿскен 

табиғаты  тамаша  Қарасазды,  Хантҽңірі  тауларын,  бусанған  бозаң  даласын,  тау 

қойнауындағы  айдын  да  тҧнық  кҿлін,  жасыл  желекті  кең  жайлауларын,  жҧпар  иісті 

жусанына дейін туған жер табиғатын шабытына жан сезімімен жырға қосқан ақын. Артынан 

жаңа  кҿзқараспен  ҽдебиетке  деген  жылы  леп  ҿргізген,  жҥрегі  жасын  ондаған  талантты 

ақындар  еріп,  қазақ  поэзиясын  гҥлдендіріп  жіберді.  ХХІ  ғасырда  поэзияға  ағалары  салған 

бағытты    одан  ҽрі  дамыта  бастаған,  жаңа  серпін,  серпіле  екпін  бере  алатын  жас  шайырлар  

келіп  енді.    Лирикада  адам  мен  табиғат  арасын  кіріктіру,  шендестіре  бейнелеу  ҥлкен 

поэтикалық    зерделеуді  қажет  етеді.  Қазіргі  қазақ  поэзиясындағы  табиғат  лирикасы  жаңа 

дҽуірлеу  кезеңінде.  Табиғатты  сананың  призмасы  арқылы    адам  мінезінің  қыр-сырымен  

салыстыра  суреттеу,  адамның    жақсы-жаман  іс-ҽрекеттері  арқылы    кҿрсету,  тҧлғалық 

деңгейдегі  кҿрінісі  дҽрежесінде  беру бҥгінгі жастар  поэзиясында жақсы игеріліп келеді.  

Сірҽ, кҿздің «кҿлі» - мҧң, 

Кетер одан Ай ҧлып. 

С. Қамшыгер (2008) 

Жел жҥгірді етекте батылдана, 

Ҥнсіз жатыр жер деген ақылды ана. 

Ақ кҿрпеге орнған бҽйбішедей, 

Аппақ қарды жамылып жатыр дала. 

 Б. Сарыбай  (2009)  

А.  Блок  тҧжырымына  сҥйенсек,  «Жай  адамның    кҿзі  ажырата  алмайтын  қырларды  шалса, 

табиғаттың бергі қабатын ғана кҿрмей, оның ҽр жағындағы сырды ҧғып, сезінсе, сол адам – 

суреткер»    А.  Блок  (1980)  Жоғарыда  келтірілген  ҿлеңдерден  мезгіл  кҿрінісін  тҥйсінудегі 

асқан  сезімталдығына,  сезінгенін  бейнеге  айналдырудағы    шеберлігіне  ерекше  назар 

саламыз.  Уақыттың  бір  мезетін  суреттегенде  ақын  табиғаты    танып  қана  қоймай,  оны  ҿз 

ҽлеміне  қарай  икемдеп,  бойына  сіңірді.  Бҧл  жерде  Белинскийдің  мына  бір  пікірін  келтіре 

кетсек: «Лирикада субъект затты ҿзінің аясына алып қана қоймай, оны ерітіп, іші –бауырына 

тартып  алады...  Лирика  мылқау  тҥйсікке  тіл  бітіріп,  образ  береді,  оларды  ыстық,  тар 

кеуденің  қысымынан  кҿркем  ҿмірдің  тың  ҽуесіне  шығарып,  ҿзгеше  ҿмір  береді»  В. 

Белинский (1948). 

 

2.Миф жəне жастар поэзиясы 

 Мифологиялық  ойлау  дҽуіріне  тҽн  мифтік  санада  кҥллі  табиғат  тірі,  саналы  рух  тҥрінде 

қабылданады.  Адам  мен  табиғат  тепе-тең,  ойлау,  қайғыру,  қуану  сияқты  сезім  кҥйлерін 

адамға тҽн екені сияқты табиғатқа да тҽн деген сенім кҿркемдік ойлау жҥйесіндегі бейнелі, 

астарлы,  ишаралы  мҽндерге  негіз  болғаны  белгілі.  Тақырыпқа  арқау  болып  отырған  ай  да 

сол  табиғат  қҧбылысы,  нақтылай  айтқанда  оның  бір  сҽті,  мезеті.  Ақынның  «Пешене»  деге 

ҿлеңіндегі  негізгі  мотив  ретінде  адам  ҿз    ойымен  ҿзі  сырласып,  сыртық  дҥниенің  де 

дерегімен  қарсыласа  отырып,  «Ҿзімнен  қашамын  ба  Ҿмірден  қашамын  ба?»  деген 

риторикалық  сҧрағының  жауабына  Ҿзге  (Ҿзге  –  бҧл  жерде  басқа  адам,  қоғам)  мен  Ҿлімді 



VI Халықаралық конференция

 

393 



 

келтіреді.  Ақын  Алмас  Темірбайдың  табиғат  лирикасына  жазған  ҿлеңдерінің    ішінен,  Ай 

бейнесіне  тоқталсақ.  Ақында  табиғат  Алмастың  кҿңіл-кҥйімен,  толғаныс-  шерімен  бірге 

ҿріліп  кете  барады,  яғни  тақырып  негізі  –    адам  бейнесі  де,  оның  образын  ашуда  табиғат 

элементі, кҿбінесе ай, кҥн, тҥн символикалары беріледі.  

Ҧмтылып жарыққа бір, 

Қашқанда қайда барам?! 

Қара жер – алып қабір, 

Басына Ай қадаған,- 

деген  ҿлең  жолымен  беріліп,  осындағы  Ай  бейнесі  ҿлеңнің  анықтаушысы    ретінде  беріліп 

тҧр.  Ҿлеңдегі Ай – заттық бейне, бірақ поэтикалық тҧрғыдан қарасақ, қара жердің жарығы, 

шырағы роліндегі анықтамаға ие. 

Айға байланысты образдарды қазіргі ақындардың поэзиясынан жиі ҧшырасатынын атап айту 

керек. Ай лирикалық субъект ретінде қабылданады. Ай, ҽрине бірінші ақиқат ҿмірде  тҥнде 

кҿрінетін,  сҽуле  шашатын,  шағылысатын,  ҿз  формасын,  фазасын  ҿзгерте  алатын  аспан 

денесі. Айдың концептуалдық мағыналары: 

-

 

ай адамазат баласына тҽн эмоцияларды сезінетін тіршілік иесі



-

 

ай уақыттың қозғалысымен байланысты; 



-

 

ай кҥнге қарама- қарсы; 



 Интерпретациялық мҽнде «Ай» эмоционалды жҽне эстетикалық мағынадағы компоненттер. 

Эмоционалдық  концепт  тҧрғысынан    Ай  лирикалық  субъектің  эмоционалдық  кҿңіл-кҥйіне 

жағымсыз  ҽсер  етеді.  Айдың  доминантты  эмоциялары:  мҧң,  қайғы,  жалғыздық,  кҥйзеліс, 

шарасыздық,  жан  ауыруы.  Кейбір  ақиқат  дҥниелер  адам  санасындағы  эмоционалды, 

аффективті кҿңіл-кҥй арқылы, ішкі сезім арқылы танылады.   

Эстетикалық  концепт  тҧрғысынан  Ай-  кҿркем  танымда  сезімдік  бейнелеу  ҽрекеттерінде 

белсенді  қызмет  атқарады.    Айдың  сҽулесі,  шуағы,  сыршылдығы,  жҧмбақтығы,  сҧлулығы 

эстетикалық  категорияда  ерекше  бейнелі.  Маралтай  Райымбекҧлының  ҿлеңдерінде  Ай 

ақынның эмоционалдық кҿңіл -кҥйіне ерекше ҽсер ететіні кҿреміз.  

Ай толғанда басым байлап пҽлеге, 

Жан ауырып, жалғыз қалдым жҽне де. 

Толған Айдың толқынынан кҿрдің ғой, 

Менің демім ҿрт шарпып тҧр ҽуеге  

Алмас Темірбай «Ай туардағы жыр» ҿлеңінде: 

-Есірке, ескі Айым, 

Жарылқа, жаңа Айым. 

Қызарып батсыншы кеш дҽйім, 

Аңарып атсыншы таң лҽйім, - А.Темірбай  ( 2008) 

Қазақтардың  ҧлттық  болмысында  Жаңа  Ай  туған  кезде  айға  сҽлемдесу,  яғни  бір  айдан 

екінші  айға  аман  есен  жеткеніне  амандасу  арқылы  Аймен  диалог,  тілдесуі  исламға  дейінгі 

дҽуірден келе жатқан дҽстҥр екені белгілі. Ай –  мҧсылмандық салтымыздың символикасы. 

Ақындардың Айға «дҧға оқытып» қоюы кездейсоқтық емес.  



VI Халықаралық конференция

 

394 



 

Қазақ  ҿлеңіндегі    жиі  кездесетін  Ай  образы  ҧлттық  ҽдет-ғҧрыптан  бастау  алады.  Ата-

бабалардың  ерте  дҥниедегі    Тҽңірге    сенуінен  бастап,  бертінгі  исламға  кіргеннен  кейінгі  

дҽуірлерде  де  Ай  бейнесі  ерекше  тотемдік  белгіні  білдірген.  Адам  айға  сеніп,  ол  туралы 

тҧтас  бір  дҥниетаным  философиясын  тудырған.  Тҥркілер  табиғатты  жатсынып,  жатырқап, 

оны бҿле-жара алып қарамаған.  Халық аспанға, жерге, кҥнге, айға, отқа, суға сиыну, табыну 

сияқты  тҽңірлік,  сиқырлық,  имандылық  дҽстҥрді  қалыптастыра  отырып,  ҿзінің  наным, 

сенімдерін  бекітті.  Соның  бір  объектісі  –  Ай.  Айға  сену,  оны  пір  тҧту,  ай  арқылы  тілек 

білдіру,бата  беру  ғҧрпы  енді.  Екіншіден,  Ай  –  тҥн-тҥнектен  қҧтқаратын,  қараңғылықтан 

қорғайтын,адасқанға  жол  сілтейтін  бағдар  ретінде  де  адамдар  санасында  жақсылықтың 

нышанына айналды. Осыған дҽлел ретінде Алмастың «Ай» атты ҿлеңінде: 

Бісімилла, бісімилла... жата ғой, 

Қатты ҧйқыға, тҽтті ҧйқыға бата ғой. 

Бҥгін ғана толған Айдай толықсып, 

Ертең жаңа таңым болып ата ғой- 

деп ҿлеңін бастаған  ақын бҥлдіршін қызының кешке ҧйықтар алдындағы «Кҿке,  маған айды 

алып  берші»  деген  сҧрағына    жауап  ретінде  ай  туралы  тамаша  суретті  бейнелейді.  Қазақы 

санасының    ғасырлар  бойы  жинақталған    бар  ҧғымын,  нанымын  ҿлеңмен  ҿте  шебер 

ҿрнектейді.  

«Ҽке, сені мен кҿтеріп тҧрамын, 

Алып берші, ойнаймын...», - деп жыладың. 

Ай дегенің –  ата-баба арманы, 

Ал, арманмен ойнамайды, шырағым!.. А. Темірбай (2008) 

Ҿлеңін  «Енді, балам,  тҽтті ҧйқыңа бата ғой, тҥсіңде  ҿзіңе  айды  ҽперген  ҽкеңді  кҿретін 

бол» деген тілекпен  аяқтаған  Алмас бҥлдіршінге  бата берген ақсақал бейнесінде кҿрініп, 

ай  мен  адам  ҧқсастығына  шҽк  келтірмейді.    Киелі  затқа,  қҧбылысқа,  болмысқа    табынуды  

ғылымда  фетишизм  дейтін  болсақ,  Алмас  осыны  поэзияда  ҽсем  ҽспеттеген.    Қазіргі  қазақ 

поэзиясында  ай  образы    тҧтас  типтік    бейнеге  айналып,    жас  ақындар  шығармаларында 

еркеше  орын  алады.  Ақындар  Айды  адам  ретінде  қабылдап,  ақын  ретінде  ҿзінің  сырын  

бҿліседі, мҧң-шерін тарқатады. 

Кейіптеу тҽсілі лирикалық поэзияда ҽр тҥрімен, сан қырымен қолданылып келеді. Адамның 

кҿңіл  кҥйін,  ҽрбір  сҽттегі  толқуы  мен  толғанысын,  қуанышы  мен  мҧңын  табиғат 

қҧбылыстары  арқылы  бейнелеп  кҿрсетуде  кейіптеу  тҽсілі  жетекші  орын  алады  десе  де 

болады.  Ай  мен  кҥн,  жел,  тҥн,  ҿзен,  гҥл  сияқты  табиғаттағы  заттар  мен  қҧбылыстар 

кҿркемдік  ойлау  жҥйесіндегі  адамға  тҽн  іс-ҽрекеттерімен  ауыстырылып,  салыстырылып, 

егізделіп  кҿрсетіледі.  Мҧндай  қолданыстардың  арасындағы  байланысты  тағы  да  кҿне 

дҽуірдегі таным, басқаша айтсақ мифтік сана ҥстемдік  еткен дҽуірдегі мифологиялық ойлау 

жҥйесі  мен  адамзат  санасы  ҿскен  тҧстағы  кҿркемдік  ойлау  жҥйесі  арасынан  іздеу  заңды. 

Кейіптеу  –  лирикалық  қаһарман  болмысын  ашудың  бірден-бір  жолы.  Қазіргі  поэзия 

ҥлгілерінен  жаңғыртыла,  жаңартыла  жасалған  кейіптеулерді  молынан  ҧшыратуға  болады. 



VI Халықаралық конференция

 

395 



 

Кейіптеу  туралы  сҿз  қозғағанда  ең  ҽуелі    табиғат  қҧбылыстары  мен  заттарының 

суреттелуінен  тоқталсақ,  поэзия  тілінде  аспан,  бҧлт,  тҥн,  жел  т.б.  ҧғымдар  адамға  тҽн  іс  -

ҽрекетпен  кҿрсетіледі.  Кҿңіл  кҥй  қҧбылыстарын,  кҥйініш-сҥйеніш  сезімдерін  ҿлең  тілімен 

ҿрнектеу ақыннан шеберлікпен қатар сезімталдықты, аңғарымпаздықты талап eтетіні ақиқат. 

 

Қазіргі  лирикамыздағы  тіл  кестелілігі,  бейнелеу  шеберлігі  мҽселесін  aуызға  алғанда 



бірден  кейінгі  буын  ҿкілі  –  Маралтай  Райымбекҧлы  есімі.  Ақын  ҿлеңдерінен  мысал 

келтірейік: 

Кҿкжиегімнен кҿтерілді Кҥн налып, 

Кҿкірегімнен дҥбірлі сезім ҧрланып. 

  Сондай бір сҽтте иесіз қалған жҥрекке 

Создың ба қолың, саусағы – 

сҽуле бір бақыт  М. Райымбекҧлы (2001) 

Бір  ғана  сҽттегі  табиғат  суреті.  Ақын  кҿңіл  кҥйін  «налыған  кҥн»  арқылы  берсе,  «қолын 

созуы»,  «  саусағы  –  сауле  бір  бақыт»    сынды  сҿзбен  сурет  салатын  ақынның  бҧл  тосын 

кейіптеуі  бҥгінгі  ҧлттық  поэзиямыздың  кҿркемдік  қуатын  танытатын  сипатын  бірі  деуге 

болады.  Жалпы,  ақын  табиғатпен  eтене  араласып,  оны  сҿйлетуге  бейім.  Сезім  ҽлеміндегі 

кҥлллі  қҧбылысты  табиғат  арқылы  бейнелеп  жеткізудегі  шеберлігі  кейіптеу  тҽсілімен 

жазылған ҿлеңдерінен кҿрініс беріп отырады. 

Ақын  ҿлеңдерінде  табиғатты  ҽрбір  зат,  ҽрбір  қҧбылыс  назардан  тыс  қалмай,  поэтикалық 

оралымға еніп кете береді. Солардың бірі – Ай. Ай мифологиялық дҽуірдің, мифтік сананың 

жемісі  болса,  Маралтай  ҿлеңі  бейнелі  ойлау  шартымен  туындаған  шығарма.  Айдың 

поэтикалық  кейіптеу  тҥрінде  бейнеленуі  Маралтай  лирикасындағы  ҽр  тҥрлі  жолдармен 

кҿрінеді.  М.  Райымбекҧлының  «Ай»  атты  ҿлеңдер  жинағының  алғысҿзінде  Н.  Оразалин 

былай дейді: «Маралтай ақын мҧңға, қасіретке, қара тҥске жақын. Онысы біреулерге ҧнамай 

қалуы да кҽдік емес. ҿз басым оны мін санамаймын. Мҧң мен қасіреттің сиясына малынбаған 

қаламнан шындықты арқау етер жырлар тумайды... Маралтай ҿзінің ертеңгі кҥнінің биіктері 

мен  асуларына  дайындағысы  келсе,  поэзияның  кеңістігі  мен  тереңіне  жетелер  алуан-алуан 

ҥрдістерге, ізденістерге батыл баруы керек». Н. Оразалин (2001) Бҧл жерде ақын ізденісінің 

нҽтижесі, талант қуаты алдыңғы орынға шығады. Ақынның «Ай» атты ҿлеңінде: 

Ай толғанда басым байлап пҽлеге, 

Жан ауырып, жалғыз қалдым жҽне де. 

Толған айдың толқынынан кҿрдің ғой, 

Менің демім ҿрт шарпып тҧр ҽуеге М. Райымбекҧлы ( 2001) 

болып  ҿрілген  жол  лирикалық  кейіпкер  кҿңіл  кҥйін  танытып  тҧр.  Сол  сияқты  кейіптеу 

тҽсілімен суреттелген тҥн, жҧлдыз сияқты табиғат қҧбылысы мен уақыт мезгілі ақын ҿлеңіне 

тҽн бейнеліліктің бірден-бір сипаты. 

 


VI Халықаралық конференция

 

396 



 

3.Қорытынды 

Поэзия туралы айтылған ой-пікірлердің, тҧжырымдардың тым ҽріден бастау алып, ҥзіліссіз 

жалғасып  келе  жатқаны  аян.  Солардың  кейбіріне  тоқталар  болсақ,  гректің  Волтері  «кескін 

ҿнері  –  мылқау  поэзия,  ал  поэзия  –    сҿйлейтін  кескін  ҿнері»  десе,  Лессинг  «Поэзия  мен 

кескін ҿнерінің ҧқсас қҧбылыс екенін алғаш аңғарған адам нҽзік сезім иесі болса керек  деп 

топшылайды.  Сҿйте  тҧрып,  «ақынның  ҥнінен  естілер  ҽуенді  музыка  жеткізе  алмайды, 

картина  да  бейнелей  алмайды  бҧл  –    поэзияның    eшкім  аңғармас»    деген  қорытындыға 

келеді.  Гегель  поэзияда  сҽулет,  мҥсін,  кескін  ҿнерінде  кҿрінбейтін  ішкі  ҽлемнің  мазмҧны 

кҿрінетінін  атап  айтады.  Осы  пікірді  тереңдете  отырып,  Н.Г.Чернышевский  ҿзге  ҿнер 

тҥрлері поэзияның айтарын жеткізе алмайтынын шегелей тҥседі. Ҿлеңнің  ҿмірі мҽңгі. Ол – 

рухтың тынысы. Жан тҧңғиығында шымырлаған сезім халін бейнелеп берер ҿлеңнің қазіргі 

халі  қандай?  Ол  туралы  сҿз  қозғағанда  ойымызға  шеберліктің,  сыршылдық  пен 

сезімталдықтың ҥйлесуінен туындаған ҥздік поэтикалық ҥлгілер оралары анық. Жан ҽлемін, 

ондағы  алуан  қҧбылыстарды  ҿлең  тілімен  суреттеген  мҧндай  ҥздік  ҿлеңдерді  қазіргі  қазақ 

поэзиясынан кҿптеп ҧшыратамыз. 

 

Әдебиеттер тізімі: 

Ҽскербекқызы Ж. Қаракҿз – бҧлақ. Астана: Елорда,2001, - 12 бет. 

Қамшыгер С.  Жҥректегі ағыстар. Алматы: Жалын, 2008, - 18 бет. 

Сарыбай Бейбіт  Айна. Алматы: Жалын, 2003, -10 бет. 

Блок А.  Ҽдебиет туралы. Москва: Художественная литература, 1980, - 145 бет. 

Райымбекҧлы М. Ай. Алматы: Жазушы, 2001, - 23 бет. 

Исаділ А. Кҿңіл алаң. Алматы: Жалын, 2008, - 22 бет. 

Темірбай А.Мың бір мҧң. Алматы: Жалын. 2008,- 45 бет. 

Райымбекҧлы М.  Ай. Алматы: Жазушы, 2001,- 25 бет. 

Райымбекҧлы М, Кентавр.Алматы: Жалын, 2001,- 18 бет 

 

Аннотация.  В  данной  статье  рассматривается  поэзия  молодых  поэтов,  анализируется 

новаторство и новизна современной казахской поэзии.  Раскрываются особенностей поэтики 

молодых  поэтов,  вклад  поэтов  в  развитие  казахской  поэзии,  поэтические  особенности  

стихов и поэм. 

Abstract. In the article consideration has been given to the poetry of the  young poets, innovation 

and  novelty  of  the  modern  Kazakh  poetry  has  been  analyzed.  Apart  from  that,  special  features  of 

poetry by the young Kazakh poets, their contribution to the Kazakh poetry development and poetic 

peculiarities of Kazakh poems and verses have been revealed. 

 

 

 



 

 


VI Халықаралық конференция

 

397 



 

ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘДЕБИ СЫННЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІ  

Марат Ҽзімхан



 

магистр оқытушы

 

ҚР, Cулейман Демирел атындағы университет, Алматы обл. Қаскелең 

қаласы, Абылайхан 5.  

Abstract 

The  development of current literature  critique  and literature  critics‘  works are  studied in this 

research.  The  works  of  professional  critics  of  the  independence  period  such  as  Z.  Serikuly,  S. 

Zhumabek, and A. Bopezhanov are also researched in the paper. The problem-solution article of the 

theatre critic Kalikhan Yskak is analyzed too. The focus of the  given article is the analysis of the 

critics‘ scientific research, their stylistic peculiarities and their methods of literary text analysis. 

Кілтсҿздер: ҽдеби сын, салыстырмалы сын, интерпритация, эссе, мҽтін, проза, рецензия..  

Негізгі мəтін 

Тəуелсіздік кезеңіндегі əдеби сынның даму ерекшелігі 

Тҽуелсіздік кезеңінде ҽдеби сыншылар арасында кеңес кезінде есімдері елге танылып 

қалған  сыншылар  мен  қоса,  жаңа  есімдер  де  пайда  болды.  Олар  Т.Шапай,  Ҽ.Бҿпежанова, 

Б.Ыбырайым,  А.Кеңшілікҧлы  Ҽ.Меңдеке,  Ҽ.Балқыбек,  А.Нҧрғазыҧлы  т.б.  Сонымен  қатар 

кеңес кезіндегі сыншылар З.Серікқалиҧлы, С.Жҧмабек, Б.Сарбалаҧлы да тҽуелсіздік кезеңде 

ҽдеби  сынның  ҿресін  ҿсіріп  отырды.  Осы  аталған  сыншылардың  ҿз  сҥрлеулері,  бағыттары 

болғанын айтпасқа болмайды. Бҧл кезеңнің ҽдеби танымдық кҿзқарастары да бірдей деп айта 

алмас едік.  

Тҽуелсіздік  кезеңіндегі  сын  кеңес  кезіндегі  сыннан  несімен  ерекшеленді? 

А.Сҥлейменов,  С.Ҽшімбаев,  Т.Тоқбергенов,  З.Серікқалиҧлы  сынды  сыншылардан  кейін 

ҽдеби  сынға  қандай  ҿзгеріс,  жаңалықтар  келді.  Жоқ,  ҽлде  осы  сыншылардан  кейін  ҽдеби 

сынның деңгейі ҿсіп ҿркендемеді ме? Бҧл сҧрақтар ҥлкен бір талдауды қажет етеді. Десек те, 

осы сҧрақтардың тҥйінін тарқатып кҿрелік... 

Сыншы З.Серікқалиҧлы тҽуелсіздік кезеңінде «Дҥниетану даналығы» (1994), «Тағдыр 

жҽне  біз»  (1996),  «Сын  кітабы»  (1997),  «Алтын  жамбы»  (2001)  атты  кітаптарын  шығарып 

ҥлгеріпті.  Аталған  еңбектердің  қайсысы  болмасын  ҽдеби  сынның  талаптарына  толықтай 

жауап  берді.  Адамның  ҿмірдегі  ізденістері,  ғылым-білім  жинауы  ҿзінің  жҽне  жан-

жағындағылардың адамдыққа сай ғҧмыр кешуі ҥшін қажет. З.Серікқалиҧлы бҥкіл ғҧмырын 

ізгілікке  ҧмтылумен  ҿткізді.  Ҽдебиеттану  ілімі  адамды  насихаттау  ілімі  емес,  насихатқа 

татитын  сол  адамнан  не  ҥйрендің  жҽне  ҿз  бойыңдағы  кемшіліктерді  тҥзеуге  сол  адам 

себепші  бола  алды  ма?  Мҽселенің  мҽніне  осы  тҧрғыдан  қарау  керек?  Сыншының  «Алтын 

жамбы»  (Алматы,  2001)  атты  еңбегі  тҽуелсіздік  кезеңдегі  проза  мен  поэзия  жанрының 

ерекшеліктерін,  жаңашыл  тҧстарына  терең  талдау  жасады.    Бҧл  кітап  бойымыздағы 

кемшіліктерімізді  тҥзеуге  кҿмектесті.  А.Байтҧрсынҧлы  «лҧғаты  анық  па,  қажетті  ҥлгі  бола 

алатын ой айтылған ба?» дейді. Біздіңше еңбек ҽдеби-сынның талабына толық жауап береді.   

З.Серікқалиҧлы  кітаптың  алғашқы  тҧсаукесер  сҿзінде  «...  жаңа  мыңжылдықта  адам  шын 



VI Халықаралық конференция

 

398 



 

мҽнінде  Адамға  айналады.  Бҧл  арада  мен  ҽбден  ет-сҥйегіміз  бауырласып,  бітеқайнасып 

ҿркен жая беретін кҽдімгі пендешілік осалдық сорақылықтардан біржола, қҧлантаза арылар 

нағыз  кемел  кісілік  келешегін  меңзеп  отырмын.  Сенбейтін  тҥгі  де  жоқ.  Адам  баласы 

қалтқысыз  ҿз  ақыл-ойы  жемісін,  ырыздығын  кҿреді.  Мансапқорлық  желігіңді  басып, 

жемқорлық,  жағымпаздық,  екіжҥзділік,  аярлық  бақайесептеріңді  кҥллі  ҧғым-танымыңнан 

аластайтын,  тумысыңнан  от-ҿзек  омырауыңның  тазалағын  қадағалайтын  иманжҥзділік 

аппарат,  қҧрылымдар  жҥйесін  таппай,  адамзат  бҽрібір  тыныш  алмайтыны  хақ»  [1,  3  бет] 

дейді.  Сыншының  барлық аңсаған мҧраты  осы. Ҽдеби-сын шығарманың шынайылығы мен 

кемшілігін  айту.  Ерекше  кҿркем  тҧстарын  атап  кҿрсету.  Кҥрделі  мҽселелердің  тҥйінін 

тарқату.  Тіпті  кҿркем  мҽтін  мен  оқырман  арасына  жолкҿпір  де  болады.  Осы  орайда 

З.Серікқалиҧлы  ҽдеби  сынның  міндетін  анық  білгендіктен  ҿзінің  мақалаларында 

кҿркемдіктің  тереңдігіне,  адам  тағдырының  ауыр  жол  екеніне  ҥңілуге  тырысты.    Оны  біз 

«Алтын  жамбы»  атты  «Уақыт  жҽне  талғам»  (Қазіргі  кҿркемдік  ой  танымына  кҿзқарас), 

«Жаның шырқырар шындық», «Жер басып жҥргеніңнің ҿзі – ырыздық» (Zaman – Қазақстан 

апталығы сауалдарына жауап),  «Айтып ҿткен ақында арман бар ма?..» ( «XXI ғасыр. Қазақ 

елі»  газеті  сауалдарына  жауап»,  «Қазақ  ҽдебиеті»  энциклопедиясына  қарасақ»  (Академик 

Зҽки  Ахметовке  ашық  хат),  «Ақындық  пен  имандылық»,  «Қҧс  қанатымен»  атты 

мақалаларынан анық байқаймыз. 

Сыншының «Алтын жамбы», «Бекзаттық биігінен», «Ізгілік нҧры», «Тектілік», «Тума 

дарын»,  «Ғибратты  ғҧмыр»,  «Ҿз  бағымызды  жҿндеп  суарайық  та»  (Парасат  журналы 

сауалдарына  жауап)  атты  мақалаларында  таза  кҿркем  мҽтінді  талдау  арқылы  ҽдебиеттегі 

кемшіліктер мен ҽділетсіздіктер сҿз етілген.  

  Тҽуелсіздік кезеңінің алғашқы жылдарында ҽдеби сынның бір ерекшелігі  ҽлеуметтік 

мҽселелерді кҿтергенімен ерекшеленді. Себебі 1990 жылдардың басында ҿнер мен ҽдебиетте 

ҥлкен  тоқырау  болды.  Ҽркім  жан  бағудың  қамымен  жҥріп  ҽдеби  сын  болсын,  кҿркем 

шығарма болсын бҧрынғы шабысын бҽсеңдетті. Кеңес кезіндегі идеялардың орнына ҧлттық 

салт-дҽстҥріміз  бен  қҧндылықтарымызды  нығайтатын  ізденістерге  жол  ашылды.  Кеңестік 

жҥйемен  жҥрудің  тиімсіздігі  жҿнінде  де  біршама  ойлар  айтылды.  Оған  дҽлел  «Қазақ 

ҽдебиеті»  (1991)  газетінде  жарық  кҿрген  жазушы  Қалихан  Ысқақҧлының  «Сурет  те  жоқ, 

сипат  та  жоқ...»  (Сҿз  кезегі  тимей,  Мҽдениет  минстрлігінде  ҿткен  мҽслихатта  айтылмай 

қалған пікір) атты сын мақаласы. «Мезгілдің боқырауы ма, уақыттың тоқырауы ма, ҽйтеуір, 

тірліктің ажары, кҿңілдің базары қашқан қоңылтақ та шуағы жоқ, сызы кҿп, кҿк тҧманға тап 

болғандаймыз»[2,  12]    деп  сол  кезеңнің  реңінен  хабардар  етеді.  Экономиканың  қҧлдырап, 

ҽлеуметтік  мҽселелер  қиындаған  сайын  ҿнер  адамдарының  да  қҧлшыныстары  тҿмендегені 

мақалада  ашық  айтылған.  Қ.Ысқақҧлы  «Сурет  те  жоқ,  сипат  та  жоқ»  атты  мақаласында 

ҧлттық ҿнеріміздің қарыштамай тҧрғанын да алға тартады. Оған қандай кедергі бар дегенде 

барлығы ҿзіміздің ҿзгеге жалтақтауымыз, ҿзгені ҿзімізден биік кҿретініміз деп қынжылады. 

Мысалы:  «Ҽкем  театрының  қақ  маңдайындағы  афишаға  қараңыздаршы:  екі  бірдей 

Сайдахмад,  ҥшіншісі  Шекспир,  тҿртіншісі  Айтматов,  бесіншісі  болып  Ҽуезов  босағадан 

сығалаған  жетім  баладай  ҽрең  сиып  тҧр.  Ҽкем  театрының  ҽлдебір  «жанашырлары»  мҧны 

дҽстҥр  дегенсиді.  Ҽзекеңе  салсақ  қазақта  драматург  жоқ  дейді.  Меніңше  екеуі  де  бекер 

айтады.  Алдымен Ҽзекеңе  бір сауал:  Сайдахмадтың  «Келіндер кҿтерілісінен»,  «Кҥйеуінен» 

Қ.Мҧхамеджановтың «Бҿлтірігі...» немесе «Қҧдағи келіптісі» кем тҥсіп пе?»[2, 12]. Жазушы 

аталған мақаласында ойды бҥкпей, ішкі ҿкпесін ашына айтады. Ҽрине бҧндай сындар уақыт 

ҿте келе қоғам ҿзгерісіне тікелей ҽсерін тигізді.  



VI Халықаралық конференция

 

399 



 

Тҽуелсіздік  тҧсында  «Қазақ  ҽдебиет»  газетінде  қҧнды  мақалалар  табылып  жатты. 

Ондай мақалалардың біріне қазақ ақыны Шҽкҽрім Қҧдайбердіҧлының «Сынау һҽм сынауды 

сынау» атты дҥниесін жатқызуға болады (Қараңыз: Қазақ ҽдебиеті. №13. 1992, 27-наурыз). 

Мақаланың  тҥсіндірмесінде  былай  деп  жазылған:  «  «Сынау  һҽм  сынауды  сынау»  (Қазақ 

тілі, 1924, 4 наурыз, №26 (425) – «Мҧтылған» бҥркеншек есімімен жарияланған....» немесе « 

«Қазақ  ҽдебиеті»  газетіне  ҧсынушы  –  Арап  Еспенбетов  филология  ғылымдарының 

кандидаты,  доцент».  Ш.Қҧдайбердіҧлы  «Сынау  һҽм  сынауды  сынау»  атты  мақаласында 

сынның  міндеті  мен  мақсаты  жайында  мол  мағлҧмат  береді.  Мысалы:  «...  сыншы  да, 

сынаушы  да,  жақтаушы  да    тапса,  таппаса  да  таза  жҥрекпен  істеу  жҿн.  Егер  олай  болмай 

біздің қазақтың сыншы, сыналушы,  жақтаушылары  бҥйтіп кекеу мысқыл,  мақтан-ҿзімшіл, 

айла-кҥншілдікпен  жҥре  берсе  қазақ  сорлыға  «Топырағың  торқа  болып,  алдыңнаy 

жарылқасын»[3,  10]  деп  кҥдер  ҥзіп  отырамыздағы!...»  дейді.    Кеңес  кезінде 

Ш.Қҧдайбердіҧлының  есімі  айтуға  тиым  салынғандықтан  шығармаларын  оқу  мҥмкін 

болмады. Осы мақала жиырмасыншы ғасырдың басында жарық кҿргеннен кейін тҽуелсіздік 

кезінде ғана қайта  басылып шыққанын айта кетуіміз орынды. 

  Тҽуелсіздік  жылдарының  алғашқы  бастау  кезінде  ҽдебиетіміздегі  аударма  мҽселесінің 

кемдігіне ҥлкен сындар айтылды. З.Ахметовтің «Бҿтен  сҿзбен былғанса сҿз арасы...» (Тағы 

да  Абай  шығармаларының  орысша  аудармасы  хақында)  атты  мақаласында  Абай 

Қҧнанбайҧлының ҿлеңдері орыс тіліне дҧрыс аударылмай жатқанына сын айтады. «Осыдан 

бір  ғасыр  бҧрын  орыстың  Пушкин,  Лермонтов,  Крылов  сияқты  классик  ақындарын  қазақ 

тілінде асқан шеберлікпен сҿйлеткен Абайдың ҿз туындылары ҽлі кҥнге дейін орыс тілінде 

мазмҧн-мағынасымен,  кҿркемдік  қуатымен  толық  жеткізілмей  келе  жатқаны,  ҽрине,  ҥлкен 

олқылық»[4,  10]  дейді.  Абай  ҿлеңдерін  орыс  тіліне  аудару  барысында  қандай  қиындықтар 

бар  дегенде:  «Мысалы,  қазақ  тілін  білмейтін  ақындардың,  аударып  келгені  жҽне  солардың 

ҿзі  де  кҿбінесе  ат-ҥсті  асығыс  аударатыны,  шығармаларды  ҿз  қалауынша  бҿліп,  не  тигенін 

алып,  ҿзінше  аударып  келгені  –  осының  ҿзі-ақ  біраз  жайды  аңғартса  керек»  [4,  10]    дейді 

З.Ахметов.  Мақалада  Абай  ҿлеңдерінің  орысша  аудармаларынан  мысалдар  келтіріліп, 

ондағы олқылықтар мен тҽуір деген аудармаларды зерттеуші анықтап береді.  

Тҽуелсіздік  кезеңде  кҽсіби  деңгейде  мойындалған  сыншылардың  бірі  Сайлаубек 

Жҧмабек. Сыншының стильдік ерекшелігі негізінен романтикаға, сҿзді асқақтатып кҿрсетуге 

бейім.  Ҽдеби  сын  мақалаларының  тақырыбын  поэзия  тілімен  жеткізеді,  кҿркем  тілмен 

айшықтап  отырады.  Мысалы,  «Лазер  сҽулелі,  секвойя  ғҧмырлы  жырлар»,  «Жырлар 

жанарында  жарқылдаған»,  «Шабыттың  шаңқай  тҥсі»,  «Менің  мархаббатым»,  «Қазақ 

кҥлкісінің олимпі», «Қҧлын сезімдер лҥпілі», т.б. ҽдеби сын мақалаларының тақырыптарын 

осылай  жалғастыра  беруге  болады.  Тіпті,  кітаптарының  атаулары  да  шабыт  шақыратын 

сҿздің ҽсерлі ҽуендеріне, кҿркемдікке ҧласады.  

С.Жҧмабектің  тҽуелсіздік  кезде  жарық  кҿрген  мақалаларының  ерекшелігі 

қысқалығында.  Мҽселен,  тҽуелсіздікке  дейінгі  сын  мақалаларында  сыншы  кҿркем 

шығармаларды  талдау  барысында  оны  зерттеу  деңгейіне  шығарса,  кейінгі  мақалаларында 

сыншы  сҿзді  сарқып  беру,  негізгі  тҧжырымды  ғана  жазуға  кҿңіл  бҿледі.  Сыншы 

С.Жҧмабектің  ойшылдық  ҿресі  кҿркем  шығарманы  талдау  кезінде  жіті  байқалады.  Сыншы  

қай  шығарманы  зерттеу  нысанына  алмасын,  сол  автордың  ҿмірдегі  бейнесін  кҿрсетуге 

тырысады. Шығармашылық стилі арқылы жазушының болмысын, ҧстанған бағыт-бағдарын 

анықтайды.  Бҧл  ҽрине  Ж.Бюффонның  «Стиль  –  ол  адам»  дегеніне  сҽйкес  келеді.  Ол  кісі 

айтпаса да кҿркем шығарманы зерттеу кезінде автордың «жеке мені» кҿрінбей қалмайтыны 



VI Халықаралық конференция

 

400 



 

мҽлім. Осы орайда сыншының «Қазақ кҥлкісінің олимпі» атты сатирик Оспанхан Ҽубҽкіров 

туралы  мақаласынан  терең  ойлардың,  асыл  сҿздің  қҧнарлылығын  байқаймыз.  Аталған 

мақалада  сын  мен  сыншы  қандай  болу  керек  деген  сауалға  жауап  іздейді.  «Сын  –  таразы 

болса, сыншы таразышы.  Ҽділет пен шындыққа жҥгінбеген тҧста Таразы мен Таразышының 

да  яғни  сын  мен  сыншының  да  бойынан  бҽтуалы  береке  табу  қиын.  Сынның  барды  жоқ 

еткісі  келгенінде  аяусыз  жазалаушы  семсерге  айналатыны;  сынның  жоқты  бар  еткісі 

келгенінде тесік қазанға су қайнататыны сынның бейтарап не жалпақшешей болып кҿрінгені 

келгенінде  сынапша  сырғып,  тарыша  шашырап  ҧстатпайтыны;  сынның  азаматтық  пен 

ҽділеттік,  парыз  бен  имандылық  кҿрсеткісі  келгенінде  арқар  сақадағы  қҧйма  қорғасынның 

қорытпасындай болатыны  немесе  тарының бір тҥйір дҽнін тең бҿліп  бере  алатын қҧдайдай 

ҽділдігі  болады.  Оспанхан  Ҽубҽкіров  те  сын  мен  сыншының  осындай  ҽрқилы  ауанынан 

тысқары  қалды  десек,  сҿз  жоқ,  кҥпірлік  болар  еді»[5,  93].  Бҧл  тегеурінді,  шабытқа  толы 

сҿздер  кҿркем  сынның  теориялық  концепциясын  ҧлттық  тҧрғыдан  қалыптастырғанын 

кҿреміз.  Мақалада  айтылған  осы  ой–тҧжырым  сықақшы  Оспанхан  Ҽубҽкіровке  ғана 

арналған  ба?  Керісінше  сықақшының  еңбектерін  зерделей  отырып,  ҽдеби  сын  мен 

сыншының  міндетін  анықтайды.  Сынның  «аяусыз  семсердей»  ҥшкір,  «жалпақшешей», 

«бҧғыңқы»,  «тарыша  шашыраған  сын»,  «сынаптай  сырғымалы  сын»,  «иманды  сын», 

«Қҧдайдай  ҽділ  сын»  бҽрісі  де  ҧлттық  танымнан  еш  алшақ  кетпейді.  Ҧлттық  ҽдеби  сын 

дегеніміз  не  дегенде  ол  ең  алдымен  стильден  кҿрінеді.  «Арқар  сақасындағы  қҧйма 

қорғасынның қорытпасындай сын». Қазаққа ғана тҽн ҧғым.  

Тҽуелсіздік  кезінде  кҿркем  прозаның  дамуы  кеңес  кезіне  қарағанда  баяу  жылжыды. 

Ҽрине,  мҧның  ҿзіндік  себептері  де  жоқ  емес.  Біріншіден  жазушы  тіршілігіне  ҽлеуметтік 

мҽселелер  кері  ҽсер  етсе,  екіншіден,  кҿркем  прозаға  жаңа  тыныс,  жаңа  стиль,  танымдық 

кҿзқарастардың  ҿзгешелігі  ауадай  қажет  болды.  Сондай-ақ  ҽлеуметтік  реформалар  мен 

тҽуелсіздіктің бас кезіндегі қоғамдық мҽселелер, мҽдени алмасулар жазушы бағытына, оның 

санасына  ҿзгеріс  ҽкелді  десек  қателеспейміз.  Бҧл  ҿзгерістер  екі  бағытта  дамыды.  Кейбір 

жазушылар  ҽлем  ҽдебиетіндегі  жауһарларды  терең  меңгеріп,  ҧлттық  ҽдебиеттен,  дҽстҥрден 

алшақтап  қалса  енді  бір  жазушылар  кҿркем  мҽтінді  дҽстҥрдің  айналасында  іздеді.  Кҿркем 

шығармадағы  мҧндай  қадамдарды,  стиль  ерекшеліктерді  ҽдеби  сыншылар  да  жіті  назарда 

ҧстады. Солардың арасында Ҽлия Бҿпежанова да қазақ прозасы, драмматургия саласындағы 

оңды туындыларға ҿз кҿзқарасын білдірген. 

Сыншы,  мҽдениеттанушы  Ҽ.Бҿпежанованың  «Дҥние  имани  қҧбылыс»  (2001)  атты 

кітабы  кҿркем  проза,  ҽдеби  сыншылар  жайлы  естеліктер  мен  ҽдебиет  мҽселесін  қамтыған 

сҧхбаттарға  толы.  Мақала  жазудың  тҽсілі  де  кҿркем  мҽтінмен  рухани  байланысты  қажет 

етеді.  Кҿркем  шығармадағы  кейіпкерлер  характерін  тану,  сол  арқылы  рухани  сусындау, 

автордың  философиялық,  психологиялық  қадамдарын  назарға  алу,  шығармадағы  қоғамның 

келбетін  кҿру,  оны  ҿзіңнің  ҿмір  сҥру  кеңістігіңмен  ҧштастыра  білу  ҽдебиеттанушы, 

сыншыны  толғандырмай  қоймайды.  Осы  орайда  ҽдебиет  сыншысы  Ҽ.Бҿпежанованың 

қаламынан,  қызығушылық  ҽсерінен  туындаған  «Толғақ  қысқан  болмыспен  тайталасып» 

(Д.Исабеков туралы),  «Суреткер мҧраты» (Қ.Ысқақов  туралы),  «Заманның  кҿркем бейнесі» 

(Ҽ.Тарази  туралы),  «Бақыт  деген  немене»  (Ш.Бейсенова,  М.Қожахметова),  «Жан  шуағы» 

(Ж.Солтиева),  «Дҥние  имани  қҧбылыс»  (З.Серікқалиевке  хат,  эссе),  «Текті  ҿнердің 

дарабозы»  (З.Серікқалиев),  «Кҿшелі  сҿздің  тартады  кҿш  ілгері»  (С.Жҧмабеков),  «Ҿнер 

мҧраты  –  ҿнеге»  (Т.Тоқбергенов),  «Азаматтық  формуласы»  (С.Ҽшімбаев),  «Жазушы 

дегеніміз  –  стиль»  (А.Сҥлейменов  туралы)  т.б.  мақалаларының  бҽрісі  де  оқырман,  ҿнер, 



VI Халықаралық конференция

 

401 



 

ҽдебиет  ҧғар  қауымға  ҥлгі,  тіпті  ҽдебиетшілер  ҥшін  ой,  қиял  ҿрнектеуге,  пікір  қорытуға 

ықпал етті. 

«Дҥние имани қҧбылыс» атты еңбегінде «Жаңа эстетикалық дҽуір алыс емес» (Заман-

Қазақстан  газетіне  сҧхбат),  «Социалистік  реализм  керек  пе?»,  «Соғыс  қасіреті  жҽне 

ҽдебиет»,  «Қазақ  зиялылары  ҿткені,  бҥгіні,  ертеңі»,  «Келер  ҧрпақ  зерделейді»,  «Қайта 

жарқыраған  «Таңшолпан»,  «Шындық  кҿп  ақиқат  жалқы»  (Жазушы  А.Сҥлейменовпен 

сҧхбат),  «Планета  адамы»  (миллиардер  жҽне  филантроп  Дж.  Сороспен  сҧхбат),  «Ҽбіштің 

анасы»  (Айсҽуле  Жҧмабайқызымен  сҧхбат),  атты  мақалалары  ҽдеби  деректер  мен 

проблемалық мҽселелерді қарастырған. 

Ҽ.Бҿпежанованың  «Толғақ  қысқан  болмыспен  тайталасып»  (Жазушы  Д.Исабеков 

шығармасына  арналған  )  атты  мақаласынан  мына  бір  қайшылықты  кҿреміз.  Мҽселен, 

Д.Исабеков  шығармасындағы  кейіпкер  Салтанаттың  тағдыры,  отбасы  қҧрудағы 

бақытсыздығы,  оның  ҿліміне  қандай  себеп  болды.  Оған  сыншы  былай  деп  жауап  береді: 

«Салтанаттың  ҿлімі  –  оның  ортасына  ҽсер  ету,  деспот  Ыбыштың  жан  дҥниесін  ояту 

жолындағы «адасқан кҥшік секілді ҧлып жҧртқа қайтқан ой» ҽрекеттері, бар ҧмтылысының 

Сизиф 

еңбегіне 



айналуы 

– 

тҥптеп 



келгенде, 

рухани-мҽдени 

тыныс-тіршілік 

қайшылықтарынан.  Ендеше  бҧл  отбасының  Салтанат  армандағандай  «адам  қараса 

қызығатындай»,  тоймайтындай  тҽтті  тҧрмыс  қҧра  алмауының»  сыры  қауымдық,  ҥй-ішілік, 

ауыл-аймақтық  бірлік  туыстықтың  деңгейіне  ҽлі  жете  алмауында  деу  керек»[6,7]. 

Жоғарыдағы  сҿйлемдердің  де  ҿзіндік  сыры  бар.  Кейбір  сыншы,  ҽдебиеттанушылар  бҽлкім 

оқырмандар кҿркем шығармадағы мҧндай проблемалардың шешуін шығарманың сюжетінен, 

кейіпкерлердің  қарым-қатынас  ҽрекетінен  іздеп  жатады.  Ал  сыншы  Ҽ.Бҿпежанова  мҧның 

«тҥпкі  себебі  неде?»,  деген  сауалдың  тҿңірегінде  ой  қозғайды.  Расында  Салтанаттың 

отбасындағы проблемалар, оның тату-тҽтті тҧрмыс қҧра алмауы кҥйеуімен келіспеушіліктен 

ғана  туындады  ма?  Осының  себебін  іздегенде  сыншы  оны  «рухани  бірлік,  туыстықтың 

отбасында о баста болмағанымен» тҥсіндіреді,  жҽне  Салтанат сияқты жаны таза  кейіпкерді 

бҿтен ойдан арашалап алады.  

Сыншы Тҧрсынжан Шапайдың ҽдебиет жолындағы ізденістеріне назар салсақ зерттеу 

бағыты  ҿнердегі  дарашылдықты  іздейді.  Т.Шапайдың  шығармашылық  болмысына  зер 

салғанда ол сыншы ретінде ҽдеби шығармалардағы  кҿркемдік қуаты  мол туындыларды сҿз 

етеді. Сонымен бірге 1990 жыдар басындағы поэзияның аужайын байқап, оған ҿз пікірлерін 

білдіріп  отырған.  Т.Шапайдың  «Шын  жҥрек  –  бір  жҥрек»  (1999)  деген  кітабы  Тҽуелсіздік 

тҧсында  оқырманның  рухани  қажетін  ҿтеді.  Еңбек  несімен  қҧнды?  Т.Шапайдың  «Шын 

жҥрек  –  бір  жҥрек»  атты  кітабының  негізгі  дені  поэзия  жанрының  қуатын  сезіп,  ҿлеңнің 

ҿміршеңдігін  тануға  қадам  жасаған.  Ҿлеңдегі    ҧйқас  пен  буынның,  сҿздің  дҧрыстығы 

шынайы  ҿлең  жҥйесін  қҧрай  ала  ма?  Поэзиядағы  жаңалық  дегеніміз  не?  Осындай  ой 

толғайтын  пікірге  пікір  қосатын,  ақындардың  жаңа  бағыт  іздеуіне  жол  ашатын  сыншының 

бҧл пікірі ҽдебиетті ҿсіріп отырды. Сыншы Т.Шапай еш ҿзгерісі жоқ, бір бірінен аумайтын, 

жаңа ой айта алмайтын ҿлеңдерді сынға алады. Сҿз жоқ, сыншының «Бҽрі де баяғыдай» атты 

қазақ  лирикасының  даму  ерекшеліктерін  саралаған  мақаласы  ақындарға  ҽсер  етті.  «Қазіргі 

қазақ  поэзиясында  қаптап  кеткен  сҥреңсіз  топан  ҿлеңнің  тең  жарымын  сол  «азаматтық» 

даусы  ашық,  «публицистикалық»  темпераменті  қызғын  туындылар  қҧрайды  десек,  артық 

айтқандық  емес.  Ақын  атаулының  бҽріне  Маяковский  музасының  ҿлшемдерімен  келу  – 

ҽрдайым  абырой  ҽкеле  бермейтін  нҽрсе.  Рас,  поэзия  –  кҥрескер  болуы  керек.  Бірақ  кҥрес 

атаулының формасы – тіке шабуыл емес қой [7, 122-123]» деп поэзияның кҿпқырлылығынан 

ҽңгіме  тҥзеді.  Оқырман  айтылып  жҥрген,  сҿлі  кеткен  сҿзді  ҥнемі  қабылдай  бермейді. 

Т.Шапай  да  қазақ  поэзиясының  деңгейін  Абай  биігінен  қарағандықтан  қазіргі  ҿлеңнің 

бойынан  кҿп  мін  кҿреді.  Ҿлеңге  ҿзгеріс  қажет  деп  табады.  Алайда  ол  қандай  ҿзгеріс?  Осы 


VI Халықаралық конференция

 

402 



 

ҽдеби сыннан кейін қазақ поэзиясы қалай қарқын алды? Ҧлттық дҽстҥр, қазақ ҿлеңіне ғана 

тҽн  бітімнен  айырылып  қалған  жоқ  па?  Т.Шапай  сынаған  К.Мырзабеков,  Ы.Сапарбай, 

Ғ.Жандыбаев,  Н.Айтов,  С.Тҧрғынбековтерден  кейін  қазақ  поэзиясы  ҿзгерді  ме.  Ҿзгерсе 

қалай?  Біздіңше  бҧл  мақаладан  іздейтін  нҽрсе  ҿлеңнің  ҿміршеңдігі.  Сыншыға  керек  дҥние 

классикалық  туынды.  Оқырманның  есінде  қалатын,  жҥрегін  тербейтін  ҿлеңді  сыншы 

аңсайды.  Мақаланың  мҽні  де  осында?  Сондықтан  сыншы  «Кемшілігі  мен  олқысының 

бҧрынғы жылдардағыдан кҿп айырмасы жоқ. Жақсылығы да – сол шама... Қысқасы, бҽрі де 

баяғыдай.  Ал,  бірлі-жарым  жаңа  нышандар  туралы  дҽл  қазір  кесіп-пішіп  бірдеңе  айта  қою 

ертерек [7, 132-133]» деп ҿлең ҿлкесінен аса бір серпілісті байқай қоймайды. 

Т.Шапайдың  «Шын  жҥрек  –  бір  жҥрек»  атты  зерттеуінде  Абай  ҿмірінің  ерекше 

тҧстарын,  ҿлеңдегі  айтылған  сыр  мен  сипатты  Абай  тағдырымен  салыстыра  зерттейді. 

«Аңыз  бен  тҧлға»,  «Махаббат  пен  ғадауат»,  «Кемеңгер»,  «Абай  мен  Дулат»,  «Абайдың 

дидары»,  «Шайтанға  кҿзқарас»,  «Абайдың  досы»,  «Абайдың  Қиясбайы»,  «Тыныштық 

метафорасы»,  «Шын  жҥрек  –  бір  жҥрек»  атты  тараушалар  жазылған  ойдың  мағынасымен 

қымбатқа  тҥседі.  Ҿмірдегі  Абай  мен  ҿнердегі  Абайды  оқырман  тани  алды  ма?  Таныса 

қандай?  Сыншы  осындай  сауалдарға  жауап  берген.  «Абай  туралы  кітаптар  жазылды, 

суреттер  салынды,  кинофильмдер  тҥсірілді,  сахналық  қойылымдар  жасалды.  Қаншама 

зерттеу,  мақала,  эсселер  жарық  кҿрді.  Конференциялар,  тойлар  ҿтті.  Бірақ,  ешқайсысы 

Абайдың  ҿзін,  кҥнделікті,  пҽни  тірліктегі  пенде  Абайды  тҥсіндірген  жоқ.  Барлығындағы 

дерлік жалпы сарын: «қалың елім, қазағым» деп қамыққан Абай, «мыңмен жалғыз алысқан», 

ҽділетке  қорған  мызғымас  қара  жартастай  монолит  Абай,  «Ҿзің  жалғыз,  надан  кҿп  – 

Ҧқтырарсың  сен  не  деп»  деп  кҥңіренген  дана,  оқшау  Абай...  Бірақ,  жҥрегінде  «махаббат 

ғадауатпен  майдандасқан»  Абай  ҧмыт  қала  берген  сияқты[7,  5]»  деп  пенде  Абайдың  жан 

дҥниесіне  ҥңіледі.  Сыншының  пайымы  Абай  Қҧнанбайҧлының  ҿмірге  деген  кҿзқарасы, 

оның  достары,  Абай  кҿңіліне  медеу  болған  Қиясбай  ғҧмырына  қалам  тартады.  «Қазақта, 

жалпы  тҥркі  жҧртында  ҽулие  аз  емес  еді.  Бірақ,  Абайдай  ақын  жоқ-ты  [7,  18]»  деуінде 

Абайдың ҿлеңіне ҽсер еткен ғадауаттың ҿз орны бар екенін сыншы айқындап берген. 

Тҽуелсіздік  кезеңінде  ҽдеби  қауымға  есімі  белгілі  сыншылардың  бірі  Амангелді 

Кеңшілікҧлы. Сыншының қаламынан «Ақ жауын» (1999), «Қарлығаш – дҽурен» (2001), «Сҿз 

патшасы» (2007), «Қазақты сҥю» (2008) » атты кітаптары жарық кҿрді. 

А.Кеңшілікҧлы  «Қарлығаш  дҽурен»  атты  мақаласында  ҽке  ҿмірінің  (ақын  Кеңшілік 

Мырзабеков  туралы)  жарқын  бейнесін  санаға  тҧтып,  ҿміріндегі  кейбір  мҽселелерді  оның 

ҿлеңдерімен  байланыстыра  отырып  қарастырады.  Сыншы  аталған  мақаласында    ақынның 

ажалды  сезу  сҽті  қалай  болатынын  айқындауға  тырысқан.  Бҧл  мҽселелерді  ақын  тағдырын 

ойға ала отырып, ҿмірдің таусылып, ҿлімнің келгенін   ақын ҿлеңінің лебі арқылы сездіреді.  

А.Кеңшілікҧлының  ҿлең  талдаудағы  ҽдеби  тҽсілі  философиялық  мҽселелерді 

қозғайды,  адамның  жанындағы  рухани  бҧлқыныстарды,  тағдыр  мҽселесін  жеке  алып 

қарастырады.  Ақынның  айтайын  деген  ойы  қандай,  ҿлеңнің  психологиясы  нені  кҿрсетеді. 

Осындай  философиялық  сауалдарға  жауап  іздейді.  Сыншы  А.Кеңшілікҧлы  «Сҿз  патшасы» 

атты  кітаптың  екінші  бҿлімінде  «Қазақ  жырының  алдаспаны»,  «Қазақ  поэзиясындағы 

ренесанстық  тҧлға»,  «Қазақ  ҽдебиетінің  алып  бҽйтерегі»,  «Поэзия  сҽулесі»,  «Рухтар  мҽңгі 

жасайды»,  «Сҿз  патшасы»,  «Талант  табиғаты»,  «Қҧс  қанатындағы  жыр»,  «Дала  жырлары» 

деген  мақалаларын  топтастырған.  «Қазақ  жырының  алдаспаны»  атты  мақаласында  сыншы 

А.Кеңшілікҧлы  ақын  Қасым  Аманжоловтың  шығармашылығына  тоқталады.  Сыншының 

«Қазақ  поэзиясындағы  ренессанстық  тҧлға»  атты  мақаласы  ақын  Жҧмекен  Нҽжімеденов 

шығармашылығына  арналған.  Негізінен  Жҧмекен  шығармашылығын  зерттеуші  сыншы, 

ҽдебиеттанушылар  оның  ҿлеңдерін  тану  кҥрделі,  жҧмбағы  кҿп  тҧспалға  қҧрылған  десе 

А.Кеңшілікҧлы  бҧл  пікірлерге  келіспейтін  сыңай  танытады.  Мҽселен:  «Жҧмекеннің 

лирикалық  ҿлеңдеріндегі  жырдың  ҿне  бойындағы  ішкі  қоңыр  ырғақ,  адамның  жҥрек 

тҥкпірінен  ҥн  тартып,  сыршыл  ҽлемнің  коммуникациясына  терең  бойлатып,  тау  суындай 

таза  да  табиғи  қасиетімен  кҿңіліңді  баурайды.  Ақынның  ҿлеңдерін  оқып  отырғанда 



VI Халықаралық конференция

 

403 



 

«автордың айтпағы не?» деген сауал туындамайды»[8, 58] дейді. Сыншы А.Кеңшілікҧлының 

«Қазақ  ҽдебиетінің  алып  бҽйтерегі»  атты  мақаласы  жазушы  М.Мағауиннің  «Мен» 

ғҧмырбаяндық  хамсасы  туралы  жазылса,  «Поэзия  сҽулесі»  атты  мақаласы  қазақтың  ақын 

қызы Ф.Оңғарсынова лирикаларын талдауға арналған. Сондай-ақ сыншының «Рухтар мҽңгі 

жасайды» атты мақаласы ақын Жарасқан Ҽбдірашев ҿлеңдерін талдауға арналған. 

А.Кеңшілікҧлы  ҽлем  ҽдебиетінің  классиктерінің  шығармалары  жайында  мақалалар 

жазды.  Оның  «Гогольдің  ҿлімі»,  «Кафканың  ҥйі»,  «Нобель  сыйлығы  кімге  керек»  атты 

мақалалары жаңашылдығымен қҧнды. Мысалы Гогольдің летаргиялық ҧйқыға кетіп, тірідей 

жерленуін сҿз ете отырып,  мҧны орыс қоғамының қасақана істелген қастандығы деп сынға 

алады.    Сыншының  Тҽуелсіздік  кезеңде  жазған  проблемалық  ҽдеби  мақалаларының  бірі 

«Нобель  сыйлығы  кімге  керек?».  Осы  мақалада  негізгі  проблема  Нобель  сыйлығын  тек 

мықты жазушылар мен ақындар ғана алмағанын, оны ортанқолдарға да беретінін сынға алып 

жазады. 


«Нобель  атындағы  сыйлықтың  бар  екенін,  оның  біздің  елімізде  ешкімнің  де 

алмағанын 

шала-пҧла 

естіп 


қалған, 

кітап 


оқымайтын 

телеарнадағы 

кейбір 

журналистеріміздің бойына желік бітіп, «егер қазақ ҽдебиеті мықты болса, неге біздің ақын-



жазушыларымыздың  ешқайсысына  да  Нобель  сыйлығы  берілмеді?»  деген,  сауал  қойып, 

руханиятымыздың беделін тҥсіргісі келетін  жаман мінез пайда болды. 

Тіпті  ҧяласың.  Сонда  не?  Қазақтың  барлық  қайғы-қасіретін  арқалап,  XIX  ғасырдағы 

орыстың мҥйізі қарағайдай ҧлы ақындарының жҧмысын жалғыз ҿзі атқарған, поэзиямыз бен 

прозамыздың  негізін  қалаған,  ойы  терең  мҧхиттай,  ҧлы  ақынымыз  Абайдан,  рухани 

мҽдениетімізді  ҽлемдік  ҽдебиеттің  алдына  алыпшыққан  Ҽуезовімізден  қалған  бай-

мҧрамыздың бағасы, оларға Нобель сыйлығы берілмегені ҥшін тҿмендеп қалуы тиіс пе? Не 

деген кҿрсоқырлық?»[8, 221] деп ашына жазады. 

Тҽуелсіздік кезінде баспасҿздерде «Сын неге жоқ» деген сияқты мақалалар да шығып 

жатты.  Бірақ  біз  тҽуелсіздік  кезеңіндегі  ҽдеби  сынның  дамуына  зерттеу  жасағанда  бҧл 

айтылған  пікірлер  жалаң,  маңызы  жоқтығына  кҿз  жеткіземіз. Тҽуелсіздік  кезеңіндегі  ҽдеби 

сынның  кҽсіби  тҧрғыдан  дамығандығындығына  жоғарыда  есімі  аталған  сыншылардың 

еңбектері толық негіз бола алады.      



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет