ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЗАР ЗАМАН АҚЫНДАРЫНЫҢ
ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ТАНЫМДЫҚ ТҦРҒЫДАН САРАЛАНУЫ
Жапарова Ҽсел Ҽбілханқызы
«Ӛрлеу» БАҦО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты, Тараз қаласы
________________________________________________________________________________
_____________
Annotation
National idea and dreaming of independence and other themes were created after Russian
empires of making threatening small nations of political opposition, it was the general theme to
poets of ―Zarzaman‖. Before the independence as the works the poets are not similar to the political
direction of multinational country which is based on the tendentiousness internationalistic rules are
not researching totally.
_____________________________________________________________________________
Ҧлы жазушы, ҽдебиетші, ғалым Мҧхтар Ҽуезовтің ҧлттық ҽдебиеттану ғылымына
ендірген «зар заман» тақырыбы кешегі кеңестік кезеңде де, бҥгінгі тҽуелсіздік тҧсында да ҽр
тҥрлі мазмҧнда, тҥрлі қисынды ғылыми деңгейде зерттеліп келеді. Қазақ ҽдебиетіндегі
ҧлттық идея, тҽуелсіз сана ҧғымын дҽл айшықтамаса да азаттықты аңсап, ел мҥддесін
ойлаған отты жырлары арқылы ҧлттық ойлау жҥйемізге енген ―Зар заман ақындары‖ деген
атауды
( М.Ҽуезов) кезінде
алаш
ардақтыларынң
бірі Халел
Досмҧхамедовте қуаттаған.Бҧл
атаудың
ҽдеби
ҧғымға
айналуына ақындар
шығармашылығы себепкер болғаны да ақиқат. Ал олардан бҧрын Ы.Алтынсарин ҿзінің
досы, ҽріптесі Мелиоранскийдің кейбір шовинистік кҿзқарастары мен біздің ҧлт туралы
оғаш ойларына келіспеген мақалаларында осы зар заман ақындарының табиғатын ашып
берерлік ғылыми-танымдық тҧспалдар жасағаны мҽлім.
Зар заман ақындарының шығармаларына ортақ желі болған ҧлттық идея, ел
тҽуелсіздігін аңсау т.б сияқты тақырыптар орыс империясының кіші ҧлттарға жасап
отырған отаршылдық саясатына қарсылықтан туған-ды. Қазақ санасына жарықшақ тҥсе
бастағанын ең алдымен сезінетін, оларға атойлап қарсы шығатын ақындардың
отаршылдыққа қарсылықтары заман зарына айналды.
Тҽуелсіздікке дейін зар заман ақындарының шығармашылықтары бір жақты
интернационалистік қағидаларға негізделген кҿп ҧлтты мемлекеттің саяси бағыт-
бағдарына сҽйкес келмегендіктен ―зарлауық‖, ―сары уайымға салушылық‖, ―ҿткенді
аңсаушылық‖ т.б. сынды сыңаржақ ҧғымдарға телініп, жете зерттелінбей келді. Ҧлттық
мҥддені қозғаған асыл мҧраларымыз ҽдебиеттің ақтаңдақтар беттеріне айналып,санадан
сызыла да жаздаған. Алайда,халқының рухани мҧрасын келешекке мҧртын бҧзбай сол мҽн-
мағынасымен жеткізуге тырысқан ҧлт зиялылары,ҽсіресе ҽдебиетшілер сол кезеңнің
саясатына сай сынау тҽсілін де тиімді пайдаланып,қалайда біржола жоғалтып жібермеудің
амалдарын істеп баққаны да белгілі.Қазақтың небір жыр жауһарлары мен сҿз маржандары
сол сынаудың, арқасында аман қалып,тҽуелсіздік алғалы бері ҿз жҧртымен қайта сол
қалпында қауышып жатыр.Бҧған да тҽубешілік деген дҧрыс шығар?!.
Кҿркем шығарма ҿзін туындатқан заманмен тікелей байланысты екендігін ескерсек,
зар заман ҿкілдерінің жырлары да сол кезеңнің кҿркем шежіресін жасады.
VI Халықаралық конференция
468
Ҧлт болған жерде оның ҧлттық мҥддесі,ҧлттық идеологиясы басты мҧрат
тҧтылатыны,ал олардың бҽрі де ҧлттық рухани қҧндылықтар негізінде жасалатыны да
белгілі. Ҽрбір ҽдеби мҧра сол ҧлттық мҥдде мақсатында дҥниеге келетіні де табиғи
заңдылық. Олай болса, зар заман ақындарының осы ҧлт мҥддесі, еркіндікті аңсаған ел
мҧраты, сол заманда кҿрініс тапқан қоғамдық қайшылықтар, ҿмірге, санаға сыналап еніп
жатқан бҿгде ҿмір сҿз жоқ ақындардың жҥрегіне салмақ салып, сҿз ҿнеріне жҥгінуге, іштегі
шерді шығаруға себеп болған. Шортанбайдың: ―...Заманақыр болғанда, алуан-алуан жан
шықты, Қайыры жоқ бай шықты, самауыр мен шай шықты. Сауып ішер сҥті жоқ, ақша деген
мал шықты‖ деген зары оған дейін де Дулаттың ҿлеңдеріне де ҿзек болғаны белгілі.
Мҽселен, 1880 жылы Қазанда ―Ҿсиетнама‖ деген атпен басылған шығармалар жинағында
қазақ тҧрмысына жат қҧбылыстарға, кҿшпенді ҿмірдің салт-дҽстҥрінің отаршылдық дҽуірде
бҥлініп жатқанына қарсылық білдіру т.б. сарындары анық аңғарылады. М.Мағауин бҧл
турасында тура сҿзін айтады: ―Зар заман‖ – ҽрі ғылыми, ҽрі дҽл мағыналы анықтама, десе де,
жетіспей тҧрған жері – бҧл тҧрғыдағы ақындар заманның зарын ғана емес, халықтың
қарсылығын да ҽйгілеген, егер ХІХ ғасыр шегінен шығып, 1917 жылғы Орыс тҿңкерісіне
дейін созылсақ, қарсылық сарын кҥшейе тҥседі, ҧлттық сана ҧлттық бағдарға ойысады... ―Зар
заман‖ бар, жҿн, бірақ ол қарсылық поэзиясының бір кезеңі ғана. Шортанбай, Мҧраттарға
қатысты анықтама‖(М.Мағауин.Мен.//Жҧлдыз.1994.№10-12).
Ал, бҧл ойды ары қарай ғылыми тҧрғыда жалғастырған М.Мырзахметов ол ақындарға
ортақ мақсат – ҧлт мҥддесі, соның жарқын келешегі деген ойларды алға тартады: ―Қазақ
елінің рухани қҧлдық қамытын киіп, отаршылдық қысымға ҧшыраудан қҧтылуға ҧмтылуы -
осы кезеңдегі қазақ поэзиясының ҿзекті сарынын тудырмай тҧра алмады. Ҿткен замандағы
Асан Қайғы, Бҧқар, Махамбет, Дулат, Шортанбай, Мҧрат, бергіде Абай бастаған жаңа ҽулет
ҿкілдері, кітаби ақындар туындыларындағы отаршылдыққа іштей қарсылықтан туған ортақ
сарынды сезінеміз‖. (Мырзахметов М.Отаршылдық дҽуірдегі ҽдебиет.//Жҧлдыз,1993,№7).
Бауыржан Омарҧлы ―Зар заман ағымының туу, қалыптасу кезеңдері, даму арналары
(генезис)‖ деген екінші тарауында зар заман ақындары жырлаған ел тҽуелсіздігінің тамырын
ежелгі тҥрік заманындағы ҽдеби мҧралардан іздейді. Орхон ескерткіштері мен
М.Қашқаридың ―Диуани лҧғат ат-тҥрік‖ жинағындағы:
«...Ҿзгерді заман кҥймелі,
Парасатты ой сиреді.
Естіні есікке сҥйреді,
Білімсіз зҧлым басшы боп‖..», –/Қашқари Махмуд.Тҥбі бір тҥркі тілі. Алматы.Ана тілі.1993.-
192б.74 б/ деген ҿлең жолдарындағы зар заман жырларына ҧқсас ҥлгілерді кездестіруге
болатынын басқа бірнеше ҥлгілер келтіре отырып, нақтылайды. Бҽйіттерде айтылатын
заманды бҧзатын, сорақылыққа бастайтын нҽрсе адам қолынан жасалатын жамандықтар
жайлы сҿз қозғалады. Сол арқылы ақырзаманның, яғни жер бетінде бҥкіл тіршіліктің
тоқтауы - эсхатологияның (аяқталу, қҧрып біту туралы ілім) алдын алу ҥшін рухани азаттық
алып, келешегімізді кҿксеуіміз, заманымызды тҥзеуіміз керек деген идеяны ҧстанады. Жҽне
ҽр елдің ғасырлар бойы жасалған бай салт-дҽстҥрі, ҿзінің тҿл тарихы мен танымын
танытатын ҽдебиеті мен мҽдениеті рухани тҽуелсіз болуы тиіс. Ҿйткені, ҧлттық сипатсыз,
дҽстҥрсіз ҽдебиеттің болуы мҥмкін емес.
Шығармалары қайшылыққа толы, кҥрделі тҧлға саналған зар-заман ақындары да
қазақ ҽдебиетінде ҿзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының кҿрнекті ҿкілдері - Дулат
Бабатайҧлы (1802-1874), Шортанбай Қанайҧлы (1818-1881), Мҧрат Мҿңкеҧлы (1843-1909).
Олар қазақ халқының ҿмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтҧрсыновтың
―Ақындық жалғыз ҿз кҿңілінің кҥйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, кҥйіне
салып толғай алуында‖ деп тҧжырымдағаны сияқты, бҧл ақындар да қара басын кҥйттеген
VI Халықаралық конференция
469
ақын емес, халқының ҥнімен елдің мҧңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары ҿмір сҥрген
кезең патшаның отаршылдық саясаты дҽуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға тҥскен кезі еді.
Мҽселен, Мҧрат Мҿңкеҧлы ―Ҥш қиян‖, ―Сарыарқа‖, ―Ҽттең, бір қатты дҥние-ай‖ сияқты
толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл ҽшкерелеп, озбыр саясатқа
қарсы тҧрса, Дулат Бабатайҧлы ―Бейшара менің қазағым‖, ―О, Сарыарқа, Сарыарқа‖
ҿлеңдері арқылы қазақтың ауыр тҧрмысын бейнелейді.
Қоғамда болып жатқан ҿзгерістерге ҿзіндік кҿз қараста болған жҽне сол бағытта жырлаған
ақындарды М.Ҽуезов « Зар - заман » жыршылары деп атаған болатын жҽне ҽдебиет тану
тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық
бҧғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мҧхтажы мен қайғы - қасыретін
жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. (1,246 б.). Бҧл термин
алғаш 1927 жылы енгізілген еді.
Зар - заман кезеңінде ғҧмыр кешкен орталық езгіге тҥскен қазақ халқының тағдырын
мҧң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі ҿкілдері : Дулат Бабатайҧлы ,
Шортанбай Қоңайҧлы, Мҧрат Мҥмкейҧлы, Ҽбу бҽкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мҧхтар
Ҽуезов Аблай хан тҧсынан Абайға дейінгі жҥз жылға ҧластырып Нарманбетпен аяқталды
(2,168 б.). зар – заман тҧсынан қазақ ҽдебиеті жазбаша сипат алғанын отан кҿрсетеді.
Дҽстҥрлі қазақ қоғамындағы бҧрынғы қалыптасқан қҧндылықтардың ҿзгеруі , елді басқару
жҥйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты кҥйзелуі Зар-
заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай кҥйін ойлаған ҥлт-
қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дҽстҥрлерді қабығы
бҧзылмаған қалпында сақтауға , ҧлттың – бітімімен ажырамауға ҥндейді.
Еркіндікпен бостандықтың, дҽстҥр мен европалық метрополиядан еңген жаңа
тҽртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат жҽне Мурат сияқты « зар – заман »
ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ғасырдағы қазақ ҿміріне
тҽн барлық қҧбылыстарды аяусыз сынайды. Ҽлеуметтік, ҥйлесімділік уақыты ретінде ҿткен
дҽуірді идеяландыра отырып , бҥгінгі заманның келешегінен де ҥмітін ҥзіп, тҥңіледі, қауіп
жҧбататын ешнҽрсе таппаған Зар –заман ақындарының кеудесін кернеген мҧң, зар , шер
ҽбден кҥнҽға батқан « замандастарының қҧлағына » жете қоймайды. Қазақ халқының
шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жҥзеге
асуына қарсыласы қозғалысы Зар –заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын ҿмірге
ҽкелді. Бҧрынғы жыраулар поэзиясын ҥндесіп ҿршіл рух, ҽсіресе, Мҧрат Мҿнкеҧлының
( 1843 – 1906 ) жырларынан айқын байқалады ( 3,38 ). Зар – заман ақындарының
шығармаларындағы ҧлттық болмысы , қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға ҥндеген , ой –
пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы тҿзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді.
Мҧндай ҿлеңдермен болжамдықтың бҧғауына бас игісі келмеген ҧлт қайраткерлерінің
ҿршіл ҥні айқын аңғарылады. Зар –заман ақындарының шығармаларында сары уайымға
салыну, қайғы – мҧңға берілу сарыны да байқалады. Бҧл кезең ақындары келер кҥннен ҥміт
жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық
тҥсінен Нҽубетті ақыр заманың келгені деп ҧғады. Зар – заман мектебінің аса ірі ҿкілдерінің
бірі – Шортанбай Қанайҧлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дҽуір халін
жырлаған ҿлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Тҥркістан
маңында дҥниеге келіп, қарқаралы ҿңірінде ҿмір сҥреді. Ол патша ҿкіметінің отарлау
саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері ҽсер еткенін , кҿптеген қайшылықтарды
алып келгенін, заманның азғанын , ҽдеп-ғҧрыптың тозғанын, ел – жҧртта береке қалмағанын
шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дҽстҥрлі шаруашылығы мен
тҧрмыс салтына едҽуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық
ҿмірінде болып жатқан ҿзгерістерге сын кҿзбен қарады.
VI Халықаралық конференция
470
Шортанбай адамдарының ҽлеуметтік топқа бҿлінуі олардың шыққан тегіне сҽйкес
болу керек деп есептеді. Заманның бҧзылғанына назары болған ақын «ҽуелгі заманның» енді
қайта келмейтіндігіне « қҧдасы жоқ қҧлдың, қонысы жоқ байдың» озатынына, «байдың тілін
жарлы алмай, ханның тілі қара алмай» ҿздері де жҿнін біле алмайтынына қынжылыс
білдіреді. «Заман оңайлар еді, бірақ оған ҽуелден бас білдірдің» деп, осы жағдайға душар
еткендерді ренішін айтады.
Елде ҧрлық пен парақорлықтың, ҿсек пен жалақорлықтың кҿбейін, ҧлы атасын
сыйламаған, атасы батасын бермеген ҽлеуметтік қҧбылысты заманақырға теңеген
Шортанбай оның себебін патша ҿкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай
ақырзаманды «бҥкіл адамзат ҧрпағының» жойылуы деп ҧқпайды. Оның ойынша,
«ақырзаман» бҧрынғы ҽдет – ғҧрыптың бҧзылуы адамдар арасындағы сыйластық
бауырмалдықтың азаюы ҽркімнің ҿз басын кҥйттеуі, қазақ халқының ҿз еркіндігінен
айырылуы, орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын «Жандарал ҧлығың, майыр
сынғаның болды», «кҽпірді піріндей тілмҽшті жеңгеңдей дуанды ҥйіндей кҿрдің», енді сені
кҥтіп «абақты тҧр қасында, қазылған қара кҿріндей» деп сақтандырады.
Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тҧрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа
кҥшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін тҥсіндіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан
биліктің, ҽдеп – ғҧрыптың кенеттен ҿзгеріске ҧшырауын ол халықтың адамгершілік
нормаларын бҧзатын қҧбылыс ретінде бағалады. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын
батыл айыптады, бҧл жағдайдан шығудың жолдарын іздеп арпалысты.
Зар – заман ақындарының ҿлең – жырларында елмен қоштасу, туған жердің ҿткенін
аңсау сарыны орын алған. Жалпы «алға кҿшу», қонысты бастау ҧғымы кҿптеген
халықтардың фольклорлық шығармаларына тҽн. Таласуға тҥскен елден кетіп, жайлы жер,
ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндікке, бостандыққа ҧмытылу мҧраттарымен орайлас
келеді. Туған жердің табиғатына қарап тҧрып, ҿткен кҥннің елесін іздеу жастық дҽуреннің
еске алу ҥрдісі ата қоныстың бҥліншілікке тҥсіп, ҿзгенің ойранына айналған сҽтте туындаған
мҧң – шермен астасып жатады. Ақындардың бір қатары жҧтаған жер мен кҿшкен елге
қайырылып сҿз айтып тҧрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл ҽрекеттерді зорлана
жырға қосады. Зар – заман ақындарының кҿпшілігіне тҽн ерекшелік – келешекті
кҿрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының ҿзгерісін қолмен ҧстап, кҿзбен
кҿргендей бейнелеп айтуы. Мҧндай болжам ҿлеңдер зар – заман ақындарының
шығармашылығын алғашқы бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан
бҧрынырақ айтылғандығы мен қҧнды. бҥгінгі кҿз қарас тҧрғысынан қарасақ олардың
ойлаған қауіпі расқа айналғанына куҽ боламыз. Бҧл ақындардың ішінде ҿлең – жырдың бар
қуатын пайдаланып, ата – баба дҽстҥрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін
кесапатты бірдей болжап бергені.
Зар – заман ақындарының қайраткерлік биікке кҿтерілуі отаршылдықтың белең
алуынан басталады. Жыр жҥйріктерін бар қҧдреті бар қабілеті ел жҧртының санасын оятуға
жҧмсалды. Олар қатерді, зорлық – зомбылықты, алдын – ала ескертті, зардаптарын кҥн ілгері
таңба басқандай айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың қҧбыжық
кейпіндегі бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан ҿз халқының кейбір
жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тҧста ел бірлігінің келместігін де тҥйреп ҿтті. Зар-
заманның бҥкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ҧрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-
заманның бҥкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ҧрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заман
ақындарының шоғырының белгілі ҿкілі – Дулат Бабатайҧлы қазақ халқының дҽстҥрлі жыр
ҥлгісін тҥр жағынан ҿзгертіп, ҿлеңді кҿркемдеп кестенің жаңа ҥлгісін жасады. Аталған
ақындардың қай қайсысында ҧлттық поэзиямыздың мазмҧны жағынан байытуға ҥлес қосты.
Кеңестік идеология ҥстемдік еткен кезде зар – заман ақындардың шығармаларын
VI Халықаралық конференция
471
насихатттауға тиым салынды, олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған
қарамастан зар –заман ақындарының шығармалары ҽр жылдарда зерттеу нысанасына
айналды. Қазақ ҽдебиетін тарихын оқып – ҥйренуге арналған ғылыми жинақтарда олардың
кейбір ҿлең -толғаулары жарық кҿрген тҧстары да болды. Мысалы, 1978 жылы Ленингратта
басылып шыққан, «Поэты Казахстана» жинағында - (қҧрастырған М.Мағауин ) ( 7 ,149 б. )
Зар – заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар ҿлеңдері орыс тілінде
жарық кҿрді.
Шортанбай толғауларының ішінде кҿпшілікке кеңінен тараған туындысы – «Зар
заман». Аталған толғауында бҥгінгі заманның кейіп-кеспірін бағамдап, халқының
болашағын болжай білген ақын, елі ҥшін қабырғасы қайысып, тығырықтан жол іздейді. Кер
заманның кескін-келбетін батыл да ашына толғаған ол, ҿз тарапынан байлам, тҧжырым
жасайды, баға береді.
Мынау ақыр заманда,
Алуан-алуан жан шықты.
Арам, араз хан шықты.
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сҥті жоқ,
Мініп кҿрер кҥші жоқ
Ақша деген мал шықты.
Кедей қайтіп кҥн кҿрер? –
Сол себептен қорқамын!
Зар заман ақындары халқының жай-кҥйін ойлаған ҧлт қайраткерлері ретінде
танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дҽстҥрлерді қаймағы бҧзылмаған қалпында
сақтауға,
ҧлттық
болмыс-бітімінен
ажырамауға
ҥндейді.
Ресей
империясы
отарлаушыларының озбырлығы мен саясаты «Зар заман» ақындарының ҿлең-жырларында
жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шҧрайлы жерлерін тартып алып, ҧрпағын аздырып,
дінінен аулақтау сияқты империялық пиғылдың жҥзеге асуына қарсыласу қозғалысы «Зар
заман» ақындарының қайраткерлік поэзиясын ҿмірге ҽкелді. Бҧрынғы жыраулар
поэзиясымен ҥндесіп жататын ҿршіл рух, ҽсіресе Мҧрат Мҿңкеҧлының жырларынан айқын
байқалады.
Сары уайымға салыну, қайғы-мҧңға берілу – ақын шығармаларының басты сарыны.
Бір ғана Шортанбай емес, бҧл кезең ақындары келер кҥннен ҥміт жоқтығына налиды,
тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Шортанбай халықты қан қақсатқан зобалаңның
себебін біріншіден, отаршылдар қолымен жасалған зҧлымдықтан, екіншіден, заманның азып,
діннің бҧзылғандығынан деп топшылайды. Сондай-ақ Шортанбайды да қамтыған «Зар
заман» ақындарының қай-қайсысы да ҧлттық поэзиямызды мазмҧн мен кҿркемдік жағынан
байытуға ерекше ҥлес қосты.
Талай ғасырдан бергі жаугершілік жорықтарында қасқыр мінез танытып, намысын
ешкімге таптатпаған,кеудесі кҿтеріңкі, рухы биік қыр қазағы ептеген жағымпаздыққа бой
алдырды. Бҧл ең алдымен Дулат Бабатайҧлының сынына ілікті:
Майырдан алса бҧйрығын,
Борбайға қысып қҧйрығын.
Ел пысығы жортады-ай,
Ҿзі елді қорқытып,
Одан ҿзі қорқады-ай.
Бҧл тҧрғыда М.Мырзахметовтің пікіріне жҥгінсек, «қазақ ҽдебиеті тарихында алғаш
рет ҧлттық санасы саналы тҥрде оянған жаңашыл ақын, халқының бозторғайы боп
шырылдаған Дулат поэзиясында отаршылдық билік жҥйесі жҽне елін сатқан
атқамінерлер бейнесін тҧңғыш галереясы жасалды» дейді. Жҧртшылық арасында «Жаңа
низам» деп аталған 1868 жылғы «реформа» зар заман поэзиясының негізгі тақырыбы болды.
Қарапайым халықтың «Жаңа низамды» қалай қабылдағанын, қандай кҥйге тҥскенін зар
VI Халықаралық конференция
472
заман мектебінің ҿкілдері тайға таңба басқандай бейнелейді.Ҽсіресе, Дулат Бабатайҧлының
отарлаушылардың астарлы амал-айласы мен қитҧрқы қулығын салғаннан-ақ аңғарды:
Батыстан патша тҥнегі,
Жеріңе келіп тҥнеді.
Жоныңнан таспа тіледі,
Дулат оны біледі.
Осыны Шортанбай да:
Осы кҥнде заманның,
Осылайша болып тҧр.
Мҧсылманды бҧл кҥнде,
Орыс кҽпір жеңіп тҧр.
Ал Ҽбубҽкір болса:
Қоныстан бірнешелер кҿшті ҥркіп,
Штаттың хабарынан білмей қорқып - дейді.
Отаршылдық биліктің ел арасындағы ҿкілдерінің бейнесі зар заман поэзиясында
типтік тҧлға ретінде кҿрініс тапты. «Ҿмірдің шындық қҧбылыстары мен оқиғаларының
қалың тасқыны арасынан қажетті типтік сипаттағы маңызды, мағыналы фактілерді кҿре білу
ҥшін де зергерлік зерде керек» деген талап тҧрғысынан қарасақ, халқының жоғын
жоқтап, мҧңын мҧңдау арқылы ҿзара ҥндестік танытқан замана жыршыларының
шығармаларынан типологиялық ҧқсастықтың мысалдарын кҿптеп кездестіруге болады.
ХХ ғасырдың соңынан бастап зар – заманның тарихи сипаты, зар – заманның
ақындарының шоғырының белгілі ҿкілдері, ҽдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, кҿркемдік
кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар – заман шығармаларының – жаңалығы
мол, ҿзгеше дҽстҥрі бар кҥрделі қҧбылыс ретінде ҽдебиеттану ғылымының тҧрақты зерттеу
нысанасы болып қала бермек.
Консерватор ақындар кҥшті де, ҽділ хан билігін қҧп кҿрді. Олар ҿз шығармаларында
ҿткен дҽуірді аңсады. Ҽз Жҽнібекті, Қасым ханды, Тҽуке ханды, Абылайды, Кенесарыны
еске алды, олардың ел бірлігін нығайтудағы еңбектерін атады. Замананың бҧзылуын ел
билеудің бҧрынғы дҽстҥрлерінің жойылуынан деп білді, сондықтан ел арасындағы келеңсіз
қҧбылыстар тамырын тереңге жайды деп тҥсіндірді. Олар патшалық отаршылдық саясатты
сынаумен қатар былайша жарқын ҿмірдің қайта орындалатынына сенді. Зар –заман
ақындарының уақыт тағдырын дҧрыс тҥсінгені жҽне оны ҽділ бағалағаны ҿзінің тарихымен
ҿзектілігін жоғалтқан жоқ. Дегенмен, олар патшалық отаршылдық саясатты сынаумен қатар,
болашақта жарқын ҿмірдің қайта орнайтынына сенді.
Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі:
1.
Мҽдібай Қ.Зар заман ағымы.Алматы:Қазақ университеті.1997 ж.160 б.
2.
Дҽуітов С.Заман жҽне зар\\Егемен Қазақстан,1994 ж.17 қыркҥйек.
3.
Садырбайҧлы С.Шортанбайдың ақындығы.\\Қазақ ҽдебиеті,1992 ж. 4 қыркҥйек.
4.
Ҿмірҽлиев Қ.Дулаттың дҽуірі мен ақындығы.\\Замана сазы. Алматы: Жазушы,1993 ж.160
б.
5.
Мҽдібай Қ. Зар заман ағымы жҽне Шортанбай мҧрасы. Филол. ғыл канд.дисс.Алматы,1995
ж.142 б.
6.
Ақыр заман .\\Жҧлдыз,1993 ж.№6.
7.
Омарҧлы Б, Зар заман ҽдебиеті Монография (генезис,типология,поэтика) Астана: Елорда,
2005
Достарыңызбен бөлісу: |