6.
Заключение.
Автор знаменитой книги «Нарративная логика» Ф. Анкерсмит полагает, что термин
нарратив должен быть присвоен прежде всего историографическому описанию событий,
ближе всего к нарративу стоит роман и, конечно, роман исторический (Анкерсмит 2003,
VI Халықаралық конференция
436
с.29). Отсюда и проистекает возможность применить некоторые приемы нарратологического
анализа к казахскому историческому повествованию (здесь - «Саки» Б.Жандарбекова).
Феномены документального и квазидокументального нарратива в структуре современной
художественной прозы отражают, помимо выполнения ими собственно эстетических
функций построения оригинальной текстовой и «внетекстовой» реальности, стремление
писателей к более масштабным и панорамным философско-мировоззренческим обобщениям.
И дилогия «Саки», которая воспроизводит достоверные события в различных проекциях,
представляя множество возможных точек зрения на историю, и постмодернистская повесть
«Қыпшақ аруы» нацелены на художественное воссоздание древней казахской истории и
культуры, которое было бы свободно как от патерналистского, европоцентристского
понимания истории тюркских народов, так и от изрядной доли ее мифологизации. Последняя
проблема, актуальная, как представляется, и для других стран, всесторонне изучается
казахскими историками, философами, культурологами. Литература же как специфическая
форма национального сознания, думается, вносит свою лепту в демифологизацию и
«декодирование» исторических сюжетов, восстановление, насколько это возможно,
правдивой истории народа.
Литература
Акатаев, С. (1993). О специфике культуры кочевья. In Кочевники. Эстетика: познание мира
традиционным казахским искусством. Алматы: Ғылым.
Алтыбаева, С.М. (2009). Казахская проза периода независимости: традиция, новаторство,
перспективы. Алматы: Типография КазНПУ им. Абая.
Алтыбаева, С.М. (2011). Современная казахская проза (анализ, интерпретация, постижение).
Алматы: Ҧлағат.
Андреев, М.С., Половцов, А.А. (1911) Материалы по этнографии иранских племен Средней
Азии: Ишкашим и Вахан. In Сборник МАЭ; [т. 1], вып. 9. Санкт-Петербург. [Электронный
ресурс].
URL:
http://www.kunstkamera.ru/files/lib/mae_eas_ix/mae_eas_ix_00.pdf
(дата
обращения: 16.11.2013).
Анкерсмит, Ф. (2003). Нарративная логика. Семантический анализ языка историков.
Москва: Идея—Пресс.
Байпаков, К.М. (1995). История древнего Казахстана. Алматы.
Барт, Р. (1987) Введение в структурный анализ повествовательных текстов. In Зарубежная
эстетика и теория литературы ХIХ-ХХ вв.: Трактаты, статьи, эссе (с. 387-422). Москва:
МГУ.
[Электронный ресурс]. URL: http://www.gumer.info/bibliotek_Buks/Literat/bart/index.php (дата
обращения: 12.03.2012).
Буссенар, Л. (1982). Похитители бриллиантов. Алма-Ата: Кайнар.
Володина, Н.В. (2010). Концепты, универсалии, стереотипы в сфере литературоведения.
Москва: Флинта, Наука.
Джанибеков, У. (1990). Эхо… По следам легенды о золотой домбре. Алма-Ата: Ҿнер.
Досымбаева, А. (2002). Мерке – сакральная земля тюрков. Тараз: Сенім.
Жандарбеков, Б. (1993). Саки. Исторический роман-дилогия. Алматы: Жазушы.
VI Халықаралық конференция
437
Зенкин, С. (2003). Критика нарративного разума. In: Новое Литературное Обозрение . Режим
доступа: http://magazines.russ.ru/nlo/2002/58/
Знаменская, Н.Е. (1990). Исторический роман США. In Современный роман. Опыт
исследования (с. 155 - 169). Москва: Наука.
Каскабасов, С.А. (1990). Казахская несказочная проза. Алма-Ата: Наука.
Лихачев, Д.С. (1993). Концептосфера русского языка. Москва: Наука.
Лотман, Ю.М. (2000). Семиосфера. Санкт-Петербург: Искусство – СПБ. [Электронный
ресурс]. URL: http://members.fortunecity.com/slavaaa/ya.html (дата обращения: 23.10.2013).
Мағауин, М. (2005). Қыпшақ аруы. Жулдыз, 1. 6-63.
Фуко, М. (2000). Археология знания. In Постмодерн в философии, науке, культуре.
Харьков.
Чернухино - посѐлок городского типа в Перевальском районе Ворошиловградской области
УССР. Ж.-д. узел (линии на Дебальцево, Штеровку, Иловайск). Добыча угля. Историко-
краеведческий музей. In Большая советская энциклопедия. [Электронный ресурс]. URL:
http://omop.su/article/7/89266.html (дата обращения: 16.11.2013).
Шмид, В. (2001). Нарративные уровни «события», «история», «наррация» и «презентация
наррации». In Текст. Интертекст. Культура (с.25-40). Москва: Азбуковник.
VI Халықаралық конференция
438
ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТЕРІНДЕГІ РЕАЛИЗМНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНА АЛЫП КЕЛГЕН ҚОҒАМДЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ
ОНДАҒЫ МҦХТАР ОМАРХАНҦЛЫ ӘУЕЗОВ ПЕН МАО ДҤННІҢ
РӨЛІ
Медетбекова Камила Бердыбековна
a
, Ахметбек Гҥлжан
b
a
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ҧлттық Университеті, Шығыстану факультеті, Қытайтану
кафедрасының 2-курс магистранты, Ҧлжан ықшамауданы, Қарасаз кӛшесі №37 ҥй, 050000,
Алматы, Қазақстан
b
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ҧлттық Университеті, Шығыстану факультеті Қытайтану
кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., доцент, Әуезов ауданы, Ақсай-3А ықшам ауданы, №69
ҥй, №33 пәтер, 050031, Алматы, Қазақстан
Тҥйіндеме
Мҧхтар Омарханҧлы Ҽуезов пен Мао Дҥн – қазақ жҽне қытай классикалық ҽдебиеттерінің,
сондай-ақ батыс пен шығыс кҿркем сҿз мҧрасының озық дҽстҥрін жете меңгеріп, қазіргі
дҽуірдегі екі ел ҽдебиетінің реалистік сапасын артттыруға, ҽдеби тілді байытуға орасан зор
еңбек сіңірген ҧлы жазушылар. Сондықтан берілген мақала қытай жҽне қазақ ҽдебиеттерінің
кҿрнекті ҿкілдері Мҧхтар Омарханҧлы Ҽуезов пен Мао Дҥннің шығармашылықтары мен
қоғамдық ҿмірдегі рҿлдеріне назар аударыла отырып, жазушылардың жаңа заман қазақ жҽне
қытай ҽдебиеттеріне реализмді енгізу жолында қосқан ҥлестерін кҿрсетуге арналып отыр.
Кілтсөздер: «4-мамыр қозғалысы»; Ҧлы Қазан социалистік революциясы; пролетариат;
капитализм; социализм; буржуазия; марксизм-ленинизм; натурализм; реализм; зиялылар;
мақала; демократия; ҽдеби шығарма.
Кіріспе
Кҿркемҿнердің алуан тҥрлі салаларының ішінде ең бір бағалауға, қадірлеуге тҧратыны –
ҽдебиет. Себебі ҽрбір ҧлттың ҿзгеден бҿлек ҿз тілі болады, ал ҽдеби шығарма сол тілде
жазылатындықтан, ҽдеби тіл ҿнердің басқа да салалары сынды ҽрбір адамға жетімді,
тҥсінікті бола бермейді. Сол сияқты кез келген ҽдеби шығарма белгілі бір ҧлттың мҽдени
ҿмірінің, ҧлттық дҥниетанымының, ҽдет – ғҧрып, салт – санасының айнасы болғандықтан,
қазіргі таңда ҽдебиетке ерекше кҿңіл бҿліп, терең зерттеудің теориялық жҽне практикалық
жағынан да маңызы зор. Қай елде болмасын, халық мҽдениетінің асқар шыңын, халық
санасының шалқар жеңісі мен тҧнық тереңін, рухани ҿмірдің ең жоғарғы кҥмбезін
танытатын ардагер, абзал есімдер болады. Жаңа заман қытай жҽне қазақ ҽдебиеттеріндегі
сондай есімдер Мао Дҥн жҽне Мҧхтар Ҽуезов есімдері ерекше кҿз тартады. Бҧл есімдер
бҥгін де қытай жҽне қазақ елдері ҥшін ардақты.
Кез келген мемлекеттегі саяси тҿңкерістер мен ҿзгерістер ҽрбір қоғамның рухани
жаңаруына жол салып, рух бостандығы тҧмшаланған халықтың тарихи сана-сезімінің
ҿсуіне, ҽдеби кҿз қарастарының дамуына негіз болатынын ескере отырып, қытай жҽне қазақ
ҽдебиеттерінің даму барысын жеке-жеке қарастырсақ, біршама ҧқсастықтар мен
айырмашылықтарды аңғарамыз. Мҽселен, адамзат тарихында ерекше із қалдырған Ҧлы
Қазан социалистік революциясы капитализмнен социализм мен коммунизмге кҿшуге жол
ашты. 1917 жылы Ресейде В.И.Ленин бастаған Коммунистік партия басшылығымен
VI Халықаралық конференция
439
жҧмысшылар мен шаруалар бірігіп социалистік революция жасап, мҽңгілікке капиталистер
мен помещиктер ҥстемдігімен қош айтысып пролетариат диктатурасын орнатты. Кеңес
одағының осы тҽжірибесі жҧмысшы таптың мемлекеттік билікті ішкі жҽне сыртқы
жаулардан қорғап қана қоймай, сондай-ақ ҿз қолдарына ала отырып, жағдайын жақсартып,
мҽдениетті дамыта алатындығын кҿрсетті. Осылайша Ҧлы Қазан революциясының жеңісі
ҽлемді социалистік жҽне капиталистік жҥйеге бҿліп, барлық еңбекшілерге зорлық-зомбылық
пен езгіге қарсы шығуға дем салды. Ҧлы Қазан бастаған ҽлеуметтік-азаттық қозғалыс
Еуропа, Азия, Америка қатарлы мемлекеттердегі эксплуотаторлық билікті қҧлатудағы
кҥреске жол ашты. Негізінен Қазан революциясы экономика мен саясат саласында ғана
емес, сонымен қатар қатар адамзаттың рухани ҿмірінде де ҧлы тарихи шеп болғандықтан,
прогресшіл кҿңіл-кҥй Батыс жҽне Шығыс елдерінің шығармашылық зиялыларының кең
топтарын қамтыды. Ҧлы Қазан революциясынан кейінгі жылдардағы революциялық
шайқастар кҿркемҿнер жҽне ғылым зиялыларының бір бҿлігін кҽсіби мҥдделердің тар
ҽлемінен алып шықты. Ҧлы Қазан революциясы аясында қанат жайып келе жатқан қазақ
жҽне қытай ҽдебиетінің тҧңғыш ҿкілдері М.О.Ҽуезов пен Мао Дҥн, уақыт мҥддесіне,
азаттық алған халық ҽдебиетінің жан-жақты ҿскелең талабына жауап беру ҥшін жан салған
жас ҿспірім ҧлт мҽдениетінің алғашқы ҿкілдерінің қатарындағы ҽдебиет жанрларын
неғҧрлым кҿбірек қамтуға талпынған жазушылар. М.Ҽуезов те, Мао Дҥн де – шыншыл
жазушылар болғандықтан, ҿздерінің бҥкіл жазушылық ҿнерімен қазақ жҽне қытай
ҽдебиеттеріндегі реализм принциптерін бҧлжытпай, мейлінше ҧтымды жҥзеге асырды.
Ҽдебиеттің халықтығын ту қылып кҿтеріп, ҽрбір шығарма халық ҿмірінің айнасы болуын,
сонымен қатар ҽр туындыда ел ҿміріндегі мҽні бар шындықтардың суреттелуін қолдаған.
Осындай мықты реалистік принцип тҧғырында тҧрған ҧлы жазушылар ҿздері ҿмір сҥрген
қоғамды жіті танып, қазақ жҽне қытай даласындағы тап қайшылықтарын ҿз туындыларда
шебер суреттей білген.
Қазақ жəне қытай əдебиеттеріндегі реализмнің дамуы
Ресейдегі Ҧлы Қазан социалистік революциясы бҥкіл ҽлемге жаңа дҽуірдің басталғандығын
жариялаған кезде Мао Дҥн жиырма екі жаста еді. Ол Ҧлы Қазан революциясын шексіз
қҧрметтеген. «...Мен бар кҥшіммен Қазан революциясынан ҥйренуге жҽне ҽдебиетінің
жетістігіментанысуға тырыстым. Қазан революциясы қытай жастарына ҿздерінің міндеттері
мен рҿлдерін сезінуді ҥйретті де, ал Кеңес Одағы ҽдебиетінің жетістігі бізге ҽдеби
жҧмыстағы бағытты кҿрсетті», - деген Мао Дҥн Қытайда Кеңес мҽдениетін ең алғаш
насихаттаушылардың бірі.() Ол Кеңес мҽдениетін жандандыру жолындағы жҧмысшылар
мен шаруалар қозғалысы туралы мақалалар жазған. Негізінен 1919 жыл Мҧхтар Ҽуезов пен
Мао Дҥннің ғылым-білімге деген ізденістері, орыс ҽдебиетімен, Батыс Еуропа ҽдебиетінің
таңдаулы ҥлгілерімен ҿте жақын, терең танысқан жылдары болды деп айта аламыз. Себебі
Толстой, Тургенев, Чехов, Горький сынды классикалық орыс ҽдебиеті ҿкілдерінің
еңбектерімен танысқан екі жазушыдағы орыс халқына, олардың азаттық жолындағы
кҥресіне, ҽдебиетіне, ҧлттық ҿнеріне деген қызығушылығын оятты. Осыған дҽлел ретінде
М.О.Ҽуезовтың «Ҿнер алғысы» мақаласындағы: «Кҥндер, жылдар ҿтіп, ол шығармалардың
туған кезі кейінге қар ай жылжып, ҧзай бастаған сайын, қымбат қасиеті бадырая танылып,
кҿңіл кҿзін қуанта тҥседі. Социалистік мҽдениетіміз тудырған осындай замандық ірі
мҧраларымызды ойға алумен бірге, соларды тудырған сҽт-себепке кҿңіл ойың кҿп оралады,
алғысын алдына сала оралады. Бір қырық жыл емес, қыруар қырық жылдар тудырмаған
ҿнерлі ҽдебиет туғанын атап отырмыз. Осыны екі тҥрлі ерекше тарихтық ҧлы жағдай
жасады. Бірі, ҽрине, қырық жыл бойындағы Октябрьден бергі маркстік-лениндік эстетика,
VI Халықаралық конференция
440
коммунистік тҽрбие. Социалистік мҽдениеттің қамқор анадай, алтын арай игілігі. Екінші
жағдай біздің ҽдебиетімізді бауырына алып бастаған, ағалық асыл ҥлгі берген - ҧлы орыс
ҽдебиеті» - деген сҿздерін алуға болады.( Мҧхтар мҧрасы 1997 жыл) Ал Мао Дҥннің 1925
жылы жазған «Пролетарлық ҿнер жҿнінде» атты мақаласы ең алғаш рет қытай
оқырмандарына марксистік эстетиканың бірқатар маңызды жақтарын ашып кҿрсетті.
Қытайға марксизм-ленинизм ағымдарының енуі жҧмысшылардың қозғалысы мен
зиялылардың революциялық белсенділігі артқан кезбен тҧспа-тҧс келгендіктен,
зиялылардың кҿп бҿлігі, ең бастысы жастар, сол кезеңде Қытайда насихаттала бастаған
марксизмді оқуға кҿшті. Сҿйтіп Қытай Коммунистік партиясының болашақ басшылары мен
революциялық сезімдегі бір топ зиялылар, ірі қалаларда ғылыми коммунизмнің негізін
қалаушылардың бірі К.Маркстің ілімдерін оқытатын ҥйірмелер ҧйымдастырды. 1919 жылы
Шанхайда ашылған сондай ҥйірмелердің біріне Мао Дҥн қатысқан. Ол ҥйірмедегі
сабақтарының ҧзаққа созылмағандығына қарамастан, ғылыми социализмнің негізгі
жақтарымен танысу, жазушының идеялық эволюциясына жақсы ҽсерін тигізеді де, оны
революциялық зиялылар ортасымен жақындастырып, кейінірек 1924-1927 жылдары
революцияға қатысушылардың белсенділерінің қатарына қосты. «Ҿмір шындығын тҥсінуге,
тарихи қҧндылықтарды дҧрыс бағалауға, Қытайдың қоғамдық даму бағыттарын анықтауға
кҿмектескен осы марксизм-ленинизм», - деген Мао Дҥннің сҿздері марксистік-ленинизмдік
эстетика ҧстанымы, оның ҽдеби-эстетикалық кҿзқарасына ҽсер еткендігін дҽлелдей тҥседі. (
当代世界出版社,2010.) Негізінен бҧл ҽсер жазушының ҽдебиеттің ҽлеуметтік шарты мен
бағытының мҽселелеріне терең ҥңілуінен, ҽдеби-саяси кҿзқарасының біртіндеп
анықталуынан, сондай-ақ кеңес ҽдебиетіне назарының ауғандығынан кҿрінді. Негізінен
жазушыны тек Кеңес ҽдебиеті ғана емес, сондай-ақ езгіге ҧшыраған, жаңадан азаттық алған
елдердің ҽдебиеті де қызықтырды. Мҧны Мао Дҥннің «Венгр ҽдебиетінің қысқаша тарихы»
еңбегі, Сенкевич пен Вазов шығармашылығы туралы мақалалары, Ирландия, Норвегия,
Финляндия, Чехия жазушылары мен украин, армян жҽне басқа да елдердің тҿңкеріске
дейінгі ҽдебиеті жҿнінде қысқа жазбалары, исландық немесе аргентиналық авторлардың
жаңа шығармалары, Бьернсон мен Бласко Ибаньес шығармашылықтары туралы мақалалары
дҽлелдей тҥседі. Мао Дҥннің «Сяошо юэбао» жҽне «Вэньсюэ чжоубао» журналдарында
жарияланған бҧл мақалалары қытай оқырмандарына кҿптеген мемлекеттердегі
жазушылардың езгіге, жалғандыққа қарсы шыққандары мен кҥрескендерін кҿрсетеді. Мао
Дҥннің батыс жазушыларының шығармашылығын зерттеудегі негізгі мақсаты,
отандастарын шетел ҽдебиетімен жҽне идеологиялық ағымдармен таныстыру еді.
Авторлардың саяси кҿқарастарына, ҽдеби шығармалардың негізгі идеясына ерекше кҿңіл
бҿле отырып, Мао Дҥн оны қытай шыншылдығымен байланыстыруға тырысты. Себебі
жазушының ойынша, шындықты суреттеген ҽдебиет сол кезде Қытайдағы озық
кҿзқарастағы адамдардың кҥресіне рух беріп, жаңа қытай қоғамын қалыптастыруға жол
ашады. Кҿріп отырғанымыздай Мао Дҥн Ҧлы Қазан социалистік революциясынан кейін
Қытайда революциялық қозғалыстың кҿтерілуімен бірге ҽдебиетке қадам басқан ҥлкен
буындағы ерекше дарынды жазушылардың бірі. Лу Шҥннің серіктесі болған ол, ҧзақ
жылдар бойы жазушымен бірге бар кҥшін Қытай реалистік ҽдебиетін қалыптастыруға
жҧмсады. Ҧлы Қазан социалистік революциясы негізінде дамыған «4-мамыр
қозғалысының» негізгі қозғаушы кҥші жастар болғандықтан, Мао Дҥн ҿз мақалаларында
оларды кҿзқарастарын ҿзгертуге, ескірген ҽдет пен идеядан арылуға, кҥрес жолында
кҥштерін аямауға шақырды. Осы тҧста Мҧхтар Ҽуезовтың «Алтындай асыл болашақты
ҧрпақ бар» мақаласына бір мезет зер салар болсақ: «Тарихтың ҧлы бір белі болып,
Октябрьдің қырық жылдық мерекесі, міне, келді. Бҧл сҽтте, осы шақтарда барлық Отанымыз
VI Халықаралық конференция
441
жҿнінен де айтар жайлар адам ойына сыйғысыз мол бір, ен дҥние. Сол тҽрізді ҧлы
социалистік Отан ішіндегі туған республикамыз Қазақстан жҿнінде қырық жыл тҧрғысынан
қарап, ҿткен мен жеткенді санасақ, бҧл да ҧшан – теңіз. Есептесең санға сыймастай, ой
қҧшағы жетпестей, ҿзі де бір айдындай ғажайып ҽлем. Бҥгінгідей ҧлы кҥнде ҽрбір ой
толғаған адамға ең алдымен тарих берген табыстарды айту, жаңғырған дҥниені атап ҿту
шарт екені даусыз. Біз осы жҿнде тек ҿз ҿлкеміз туралы ой тарата бастасақ, шынайы анық
ақиқат санап, тауысқысыз табыстарымыз бар. Жаңғырмаған дҥние, жасармаған ҿмір,
жетіспеген барлық жоқ! Кейбір ғана кҥрделі, ҿзгеше кҥйлерді топтай шолып, қомақтап қана
барлап кҿрейік. Ең алдымен адам ҿзі неге жетті? Қырық жыл ішінде «біздің адамның
адамдық, азаматтық сыпаты қаншаға жетті» десек, бҧл жҿнде айтар сҿздің, қорытар ойдың
нелер ҥлкен, терең тақырыптары туар еді! Социалистік дҽуір, коммунистік тҽрбие,
революциялық сана қалыптаған қазақ совет азаматы қырық жылдан бҧрынғы қазақ затты
адамға ҥйлесе ме? Жекелеп айтқанда, бҧрынғы ҽр буынға бҥгінгі кҥн буындары аумағандай
ҧқсай ма? Ҽрине, ҧқсайды. Дҥниеге мҥлде ҿзгеше дҽуреннің ҿзгерген, жаңғырған жаңа
нҽсілі келді. Жалпы адамзат қоғамының жаңа нҽсілінің, асыл нҽсілінің ҿкілі болуға жараған
буындар туды дей аламыз. Бҥгінгі қазақ бала қырық жыл бҧрынғы қазақтың баласы емес.
Бҥгінгі жас талапкер оқушы, ҿсуші қазақ, совет жасы қырық жыл бҧрынғы қазақ аулының,
қазақ қауымының жасы емес. Бҥгінгі ата-ана, советтік семьяның білім сапаға, ҿнерлі,
мҽдениетті, еңбекке машықтанған ата-аналар, ҽрине, мҥлде бҧрынғы қазақ семьясының
атасы мен анасы емес. Қауым, қоғам, ғылым, ҿнер, шаруа, техника, мемлекеттік, саясаттық
майдандарда еңбек етіп, биік тҧрғыларға жетіп жҥрген бҥгінгі қазақтың ер-азаматы, ҽйел
қайраткер азаматтары бҽр-бҽрі де қырық жыл бҧрынғы Қазақстан даласы мен қаласында ҽр
алуан адамынан тҥп-тҥгел ҿзгеше. Жеке адам жайлары осындай болумен қатар, ҥй іші
тіршілік те барлық негіз іргесімен, мораль мҥддесімен, ар-арманы, сын-санасымен жҽне де
танымастай ҿзгеше болып жаңғырды, ғаламат тездікпен, ҿнермен ҿзгерді. Солайша жеке
адам атаулы ҿзгерумен қатар, жаңа адам қоғамының ең кіші ҧясы - ҥй іші тіршілік сапасы
ҿзгеруімен қатар, толып жатқан қоғамдар, орталар, топтар да ҿзінің революциялық заңды
жолымен жаңғырды да, шырқай ҧзап ҿзгерді де. Ал жеке адам, ҥй іші, қоғамдар ҧлы сапарда
ҿрлеп ҿзгеру шағында халық та ҿзгерді. Қазақ деген ҧлт та бҧл шақта қҧр ғана қазақ ҧлты
деп аталмайды, қазақ социалистік ҧлты боп, ҽлемге ҽйгілі жаңа сапалы атақ алды.
Социалистік революция біздің ҿлкемізге алып келген ҧлан табыс ҿзгерістерді біз ҽуелі, ең
алдымен сол ҿлкенің саналы, жанды, ҿнерлі иесі - адамзаттың ҿзгерісінен бастап санадық.
Адам ҿзгеруімен бірге қауым, халық ҿсуімен ілесе біздің ҿлкеміз де ҿзгерді. Ҧлы
Отанымыздың бар ҿлкесі, бар алабы, шартарабы тҽрізді туған ҿлкеміз - Қазақстан да нелер
ғажайып таңғаларлық жаңалықтарға жетті. Ертегі баян ететін тездікпен, ежелгі тылсым
буғандай меңіреу дҥниені жеңдік... Қҧдірет қуатындай дейтін сҽтте ҿзгерткен жаңалықтарға
жеттік. Сары дала, сан жетпес сахара бҧдан қырық жыл бҧрын тҥйелі кҿшпен керуеннің
мҥлгіген мимырт аяңына бар ҿмір ырғағын, ритмін бағындырған еді. Бҧл кҥнде біз кҥллі
ҽлемнің ең шапшаң машина, техникасының бҽрін де ҿз ҿлкемізде кҥш- кҿлігіміздей керекке
жаратып, кҿмекке алып отырмыз. Ҧшқан қҧстың қанаты, жҥгірген аңның тҧяғы кҥйеді
дейтін елсіз йен шҿлдер, қҧмдар болушы еді. Ол кҥнгі адам пайдаланған кҿлік-кҥліктің де
шамасы жетпес нелер қиын қияндар, ҧзақ шалқар сапарлар болып еді. Соның да бҽрі
жаңғырған, жетіскен ҿлкелерге айналды. Жердің ҥсті ғана емес, біздің ҿлкемізде жеті қабат
жер астындағы сырлар ашылды, қымбат, сымбатты нҧрлы байлықтың жасырыны бітіп,
жарқыраған қазына қалпында жер жҥзіне шықты. Керегімізге жарап, кҿмегімізге келіп,
сансыз мол байлық ретінде ҧшан-теңіз қосылып жатыр. Табиғат сараңы мырза болған
заманда: шҿлінде дҽурен, даласында дария, меңіреуінде қалқыған байлық, тереңінде тҥсті
металл, тың қазына бҥгінгі біздің ҿзгерген ҿлкеміздің қасиетіне, қҧдіреттей кҥшіне айналды.
VI Халықаралық конференция
442
Шексіз теңіздей cap селеу басқан далаларда, мҽңгілік мҧң басқан қҧздарда ҿлкеміздің бҥгінгі
керегіне жаратылмаған ҧлтарақтай жер жоқ деуге болады. Қазақстан географиясында мҽңгі
замандардан бері адамзат керегіне жарарлық болса да жаратылмай жатқан қасиетті
байлықтар мол еді. Бҧлардың бҽрі де қалғып тҧрған мҥмкіншіліктер болатын. Ақтарыла
шыққалы тҧрған баға жетпес байлықтар еді. Бҥгін «Менің ҿлкем», «Социалистік Отаным»,
«Ҿзгеріп ҿскен республикам» деген сҿздерді біз зор мақтанышпен, қуанышпен айтқан,
атаған шақтарымызда осындай болып тҥлеп ҥдеген, ҥдеп ҿрлеген дҽуір-дҽуренді, талай
бақытты, таудай табысты, тарихты айтамыз. Жҽне де бір ҥлкен ой медеуі бар. Сҿз тек кҿз
жеткен мен болғанды ғана айтып тынуда емес. Қырық жылдың қызықты кҥнінде болғанның
ҥстіне болатынды, келгеннің ҥстіне келетінді, жеткен ҥстіне жететінді, асқан ҥстіне
асқақтай, ҥдей тҥсетінді тҥгелімен бҧлдырсыз айқын болашақ тҥрінде ойға аламыз.
Жеткеніміз, тапқанымызбен қатар, алдағы мҥмкіншілікті, жақын мҥмкіншілікті шексіз мол
ырыс дҥниесіндей, тарихтың анық алтын арай асыл бетіндей есепке қосамыз. Осылайша
ҿткен аз жылдардағы жеткенмен, алдағы аз жылдарда жететінімізді, жетісе тҥсетінімізді
қырық жылдық тҽрізді асу белде атап санап межелесек, ол мақала тҥгіл, кітап бетіне де
сыймастай. Тҥгелімен толық таныту бір мамандық емес, сан білімпаз дана оңайлықпен
жеткізе алмас йен дҥние болар еді» -деген терең сарыны бар мазмҧнды алға тартып, Қазан
революциясының қазақ даласына алып келген ҿзгерістерін айқын суреттеген.
(http://ikitap.kz/book/m_auezov_maqalalar_36_tom/files/assets/basic-html/page75.html)
Жалпы
Ҧлы Қазан революциясы адамдардың ақыл-ойы мен сана-сезімі жҿнінде де тҿңкеріс
жасағандығын осы бір жоғарыда М.О.Ҽуезов айтқан жолдардан анық байқай аламыз.
Осылайша, бертін келе қалың қауымның белсенділігі артып, ой-ҿрісі кеңіді. Бҧқараның
материалдық ҽл-ауқаты жақсаруымен қатар, мҽдени талап тілегі де ҿсті. Бірақ халықтың
ішкі жҽне сыртқы халі қиын болатын. Бҧған мысал ретінде, 1925 жылы 18 маусымда РК(б)П
Орталық Комитеті «Партияның кҿркем ҽдебиет жҿніндегі саясаты туралы» қарарды алып
қарастырсақ: «Шаруашылық процесінің кҥрделілігін, шаруашылықтың бір-біріне қайшы,
тіпті бір-біріне дҧшпан тҥрлерінің қатар ҿсіп отыруын, шаруашылықтың бҧл дамуынан
келіп шығатын жаңа буржуазияның туу жҽне нығаю процесі бҧрынғы жҽне жаңа
интеллигенцияның бір бҿлегін, алғашқы уақытта онша ҧғып, сезіп істемесе де, буржуазияға
сҿзсіз бой ҧрғызатын» байқаймыз. Осыған орай Ленин партиясы кҿркем ҽдебиеттің «таптық
жаратылысы, саясатқа қарағанда шексіз, қиын, алуан тҥрлі» екенін жақсы тҥсініп, жоғарыда
аталған қарарда оның нақты ҿсу жолдарын тҿмендегідей белгілеп берген:
- пролетариат жазушыларының ҿсуіне, гегемония алуына барынша кҿмектесе отырып,
олардың ішінде коммунистік менмендік тууына мҥмкіндік бермеу, таза «пролетариаттық»
ҽдебиет жасау ҥшін ҽрекеттенушілермен кҥресу;
- шаруа жазушыларына достық кҿзбен қарап, оларды сҿзсіз қолдап отыру;
- «жолбикелермен» сыпайы қарым-қатынас жасау, оларды баулу, олардың коммунистік
идеология жағына шығуына жағдай жасау;
- коммунистік сынды ҽдебиетте бҧйрық беру ҽдетінен арылту;
- ҽдеби топтардың ешқайсысына монополия бермеу, ҽр тҥрлі жіктер мен ағымдардың ерікті
тҥрде жарысуларын жақтау;
- ҽдебиет жҧмысымен таныс еместердің ҽдебиет жҧмысына ҿркҿкіректікпен, ҽкімшілік
жолмен қол сҧғуына мҥлде жол бермеу;
- одақтас республикалар мен облыстарда ҧлт ҽдебиетін ҿркендетуге мейлінше кҿңіл бҿлу.
Байқағанымыздай, жоғарыда аталғандардың қайсысы болса да, Ленин партиясының тек
кҿркем ҽдебиетке ғана емес, сондай-ақ шығармашылық зиялыларына да кҿзқарасының ҿте
орнықты, байсалды парасатын аңғаруға болады.(Қабдолов З. 1976.)
VI Халықаралық конференция
443
Жоғарыда аталған қарар кҿп ҧлтты кеңес ҽдебиетінің ҽлі кҥнге маңызын жоймай келе
жатқан мықты, берік идеологиялық негізі болатын болса, БК(б)П Орталық Комитеті 1932
жылы 23 сҽуірде «Кҿркем ҽдебиет ҧйымдарын қайта қҧру туралы» қаулы қабылдап, онда
қаламгерлерді бірыңғай Жазушылар Одағына топтастырды да, осы арқылы ҽдебиетімізді
ҧйымдық жағынан нығайтты. Кеңес ҽдебиеті мен мҽдениетінің одан ҽрі ҿсіп, дамуына
партиялық қамқорлықтың ҥлгісі ретінде БК(б)П Отралық Комитетінің идеологиялық
мҽселелер жҿнінде 1946-1948 жылдарда қабылдаған қаулы-қарарларын атауға болар еді. Сҿз
жоқ, бҧлардың кейбірінде жекелеген ҽдебиет пен ҿнер қайраткерлеріне аса ауыр кінҽ
тағылып, олардың шығармашылық еңбектері тым қатал сынға ҧшырағаны рас. Бҧл жайлы
КПСС Орталық Комитеті 1958 жылғы 28 мамырда арнаулы қаулы қабылдап, онда бҧрынғы
біржақтылық жҿнделгені мҽлім. Бірақ бҧған қарап, 1946-1948 жылдардағы қаулы-
қарарлардың ҽдебиет пен ҿнер қайраткерлерін, кҥллі шығармашылық зиялыларды
коммунизм ҥшін кҥреске жҧмылдырар кҥшін де, кҿркем туындылардың идеялық тазалығы
ҥшін кҥреске мегзер маңызын да бағаламасқа болмайды. КПСС Орталық Комитеті 1972
жылы «Ҽдеби-кҿркем сын туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда ҽдеби-кҿркем сынның
жалпы даму барысында бірсыпыра ҧнамды сипаттармен қатар ҥлкен олқылықтар орын алып
отырғаны, атап айтқанда, кҿптеген мақалалар, шолулар, рецензиялар шалағай, ҥстірт
жазылатыны, олардың философиялық жҽне эстетикалық дҽрежесі тҿмен екені, ҿнердегі
қҧбылысты ҿмірмен салыстыра білмеу, социалистік ҧлттар мҽдениетінің ҿзара жақындасу,
бірін-бірі байыту процестеріне жеткілікті терең талдай жасай алмау секілді нақты
кемшіліктері ашып кҿрсетілді. Қаулыда: «Сынның борышы, қазіргі кҿркемдік
процестеріндегі қҧбылыстарға, тенденциялар мен заңдылықтарға терең талдау жасау,
партиялылық пен халықтықтың лениндік принциптерін нығайтуға ҥнемі кҿмектесу, кеңес
ҿнерінің идеялық-эстетикалық дҽрежесі жоғары болуы жолында кҥресу, буржуазиялық
идеологияға табандылықпен қарсы шығу. Ҽдеби-кҿркем сын суреткердің идеялық ой-ҿрісін
ҧлғайтуға жҽне оның шеберлігін жетілдіруге кҿмектесуі тиіс. Кеңестік ҽдеби-кҿркем сын
маркстік-лениндік эстетиканың дҽстҥрлерін дамыта отырып, идеялық бағалардың дҽлдігін,
ҽлеуметтік талдаудың тереңдігін эстетикалық талғампаздықпен, талантқа мҧқият
қараушылықпен, жемісті шығармашылық ізденіспен ҧштастырып отыруға тиіс»-делінген.
КПСС бағдарламасында мынадай қағидалы пікір бар: «Ҽдебиет пен ҿнерді ҿркендетудегі
басты бағыт – халық ҿмірімен байланысты нығайту, социалистік шындықтың байлығы мен
алуан тҥрін шыншылдықпен, асқан кҿркемдікпен бейнелеу, жаңа, шын мҽнісіндегі
коммунистік қҧбылысты зор шабытпен айқын етіп кҿрсету жҽне қоғамның алға басуына
бҿгет атаулыны ҽшкерелеп отыру». Бҧл тҧжырымдардың да тҥп тҿркіні ҽдебиеттің
партиялылығы туралы Ленин ілімінде жатыр. (Қабдолов З. 1976.)
КПСС Орталық Комитетінің XXV съезге есебінде социалистік реализм ҽдебиеті мен
ҿнерінің КПСС XXIV съезінен кейінгі дамуы мен қазіргі хал-кҥйіне жан-жақты талдау
жасалды. Жҧмысшы бейнесі, Отан соғысындағы бҥкілхалықтық ерлік, кеңестік мораль мен
коммунистік
адамгершілік,
бейбітшілік
жолындағы
кҥрес
пен
еңбекшілердің
интернационалдық ынтымағы... Осындай келелі тақырыптардың қазіргі ҽдебиет пен ҿнер
туындыларында кҿркемдік шешім табуы айрықша аталды жҽне талданды. Осылайша,
социалистік реализм ҽдебиеті мен ҿнерінің терең дамуына жаңа кезең ашылды. Кеңес
ҿкіметі орныққаннан кейін кҿркем ҽдебиеттің негізінде социалистік реализм жатуы керек
деген концепция ҿмірге келді. Осы сынды Қытайда да, 1920 жылы қаңтарда Мао Дҥннің:
«Жаңа ҽдебиет – ҥдеріс ҽдебиеті» атты мақаласында: «Ҽдебиет жалпыға ортақ, тек
таңдалғандарға ғана емес, керісінше ҽрбір адамға арналған, бҥкіл халыққа ортақ болуы тиіс.
Ол ізгілікке, жарыққа, сергектікке толы. Ҽдеби шығарманың басты жетістігі сыртқы
пішінінің тартымдылығы емес, мазмҧнының тереңдігі», - деп айтқан тезистерін болашаққа
VI Халықаралық конференция
444
қойған ҧстаным ретінде қарастыруға болады. (Сорокин В.Ф. 1962.) Негізінен ол ҽдебиетке
деген ортодоксалды-конфуцийшілдік жҽне эстеттік-коммерциялық кҿзқарасты жоюға
бағытталған. Феодализм жолын қуушылар ҽдебиет кҿне ҿсиеттерді негізге ала отырып,
«Тҽлім беру» керек деген кҿзқараста болды. Эстеттер мен іскерсымақтарды ҿнердің
ҽлеуметтік жҽне ізгілікті функциясын жоққа шығарып, оған тек ермек ретінде қарау
біріктірді. Бастапқыда айтып кеткеніміздей, Мао Дҥн ҽдебиетті солай қабылдауға мҥлдем
қарсы еді. Оның ойынша ҽдебиет қасаң қағидаларды уағыздамай, адамдардың ҿмірін
суреттеп, олардың сезімдерін жеткізу арқылы басқалардың бір-біріне деген мейірімділігін
оятуы керек. Сондай-ақ жаңа ҽдебиетке жаңа идеологияның қажеттігін, яғни жазушы
назарын ҽлеуметтік мҽселелерге аударуы керек екендігі жҿнінде айтты. Ал осындай
мақсаттарға жету ҥшін «натурализм» концепциясын қолданғанды жҿн деп тапты. Мао
Дҥннің тҥсінігіндегі «натурализм», адамдардың ҿмірі мен жеке тағдырларды шынайы
суреттеу. Сондай-ақ заманауи ҽдебиет ғылыммен тығыз байланысты болғандықтан, ҽрбір
жазушы ҽлеуметтік мҽселелерді, эволюцияны жҽне басқа да ғылыми теорияларды мҧқият
зерттеуі керек. Осы айтылған мҽселелер тікелей шығарма мазмҧнының тереңдей тҥсуіне
ҽсер ететіндігі сҿзссіз еді. Мао Дҥн натурализм тенденциясын екіге бҿліп кҿрсеткен. Бірі,
«жазушының қатаң объективтігін» алға тартатын Золя тҧлғасымен сомдалады, екіншісінің
ҿкілі Гонкура болып табылады, ол біршама белгілі субъективизмнің болуын да жоққа
шығармайды. «Жазушы ҿмірді абсолютті объективті жҽне байсалды, ешнҽрсе қоспай
кҿркемдеуі қажет», - деп айқан Мао Дҥн, Золя ҧстанымдарын қызу қолдады. (蓝天出版社,
2003.10) Жазушының мҧндай кҿзқарасы ғҧрыпты қытай ҽдебиетіне арналған мақалаларынан
сезіледі. Бҧған мысал ретінде жазушының 1923 жылдан бастап жарияланған мақалаларын
алуға болады. Онда Мао Дҥн жазушыларды ешнҽрседен қорықпай, саяси кҥреске қатысуға,
сондай-ақ ҥлкен маңыздылығы бар міндетті атқаруға, яғни халықты тҥйсіндіріп, оларға кҥш
беруге шақырған сҿздері жарияланды. Натурализмнің кейбір теориялық қағидаларын
насихаттай отырып, кҿне ҽдебиеттің ықпалымен кҥресу ҥшін Мао Дҥн қытайдың жас
зиялыларының ортасында Батыс жазушыларының пікірлері мен шығармашылық
тҽжірибелерін қолдануға тырысты. Мао Дҥн ҽдебиетті маңызды ҽлеуметтік мҽселелерден
алшақтатуды кҿздемей, керісінше жазушыларды бҧл мҽселелерді терең зерттеуге шақырды.
Негізінен жазушы тек жеңілтек мағынада жазылған шығармаларға қарсы шықты, себебі
мҧндай шығармалардың авторлары ҿмірлік тҽжірибелері мен ҽдеби шеберліктерінің
жетіспеушілігін мҽселелерді жалпылама пайымдау арқылы жасырып қалуға тырысты.
Сондықтан ҽдеби шеберлікті жетілдіружолындағы кҥресте Мао Дҥн «Сяошо юэбао»
журналында жарияланған «Натурализм жҽне қытайдың заманауи прозасы», «Ҽдебиет жҽне
ҿмір» мақалаларында қытай жаңа ҽдебиетінің жоғарыда айтылғандай, бірқатар
шығармашылық мҽселелерін қарастырды. Қорытындылай келе, жазушының ҽдебиеттегі
«натурализм» бағытын қолдауындағы негізгі ойы, шығармашылықта реалистік ҽдіске бет
бҧру екендігін байқатады. Мао Дҥннің сол кездегі шығармаларының ерекше қҧнды болуы да
тікелей осыған байланысты еді. Ал қазақ елінде осы ҧстанымды қолдайтын жазушылардың
бірі М.О.Ҽуезов болды. Ол - ауыз ҽдебиеті мен классикалық ҽдебиеттің, батыс пен шығыс
кҿркем сҿз мҧрасының озық дҽстҥрін жете меңгеріп, қазіргі дҽуірдегі қазақ ҽдебиетінің
реалистік сапасын артттыруға, ҽдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ҧлы жазушы.
1925 жылы Қазақ пролетариат жазушылар ассосациясын қҧру туралы шешім қабылданды.
1926 жылы ол ҧйым ҿмірге келді. Соған байланысты қазақ жазушылары ҿздерінің кҿркем
шығармаларын социалистік реализм негізінде жаза бастады. Осылайша, ХХ ғасырдың
басында ақын-жазушылар манифест арқылы ҿздерінің ҧстанымдарын білдірген. Мəселен,
1920 жылдары ҽдебиетші жҽне де аудармашы Мао Дҥннің еңбектері «Ҽдеби ҧйымдағы»
VI Халықаралық конференция
445
қызметімен тікелей байланысты. Осы жерде «Ҽдеби ҧйым» деп отырғанымыз, жаңа қытай
ҽдебиеті пайда болған алғашқы онжылдықтағы алдыңғы қатарлы жазушылар одағы. Осы
ҧйымның негізін қалаушылардың бірі Е Шыңтаудың айтуынша, 1920 жылы қарашада
ҽдебиетке қызығушылық танытып, жазушы болуды армандап жҥрген бірнеше Пекиндік
студенттер (Чжэнь Чжэньдо, Ван Тунчжао, Сюй Дишань жҽне т.б.) ҽлем жҽне Қытай
ҽдебиетінің тамаша туындыларын, сонымен қатар ерекше кҿркем шығармаларды
жариялайтын журнал шығаруды кҿздейді. Бірақ осындай журнал шығару жҿніндегі ҧсыныс
сҽтсіздікпен аяқталды. Сонда олар біртіндеп журналға негіз дайындап алу ҥшін алдымен
ҽдеби ҧйым қҧруды шешті. Дҽл осы кезде ҧйымды қҧруға атсалысып жҥрген белсенділердің
бірі Чжэнь Чжэньдо «Сяошо юэбао» («Ҽңгімелердің айлық басылымы») атты Шанхай
журналының редакторы Шэнь Дыхуың (Мао Дҥн) деген жас жігіттің болғанын естиді. Бҧған
дейін Чжэнь Чжэньдо Шэнь Дыхуыңның бірнеше мақаласын оқыған еді. Олардың мазмҧны
автордың ҧстанатын кҿзқарасының Пекиндік топ кҿзқарасымен бірдей екндігін байқаған
Чжэнь Чжэньдо «Шанъу» баспаханасының басшылығы ҿзінің журналын жаңарту жҽне
жазушыларды қайтару мақсатында «Сяошо юэбаоға» редакторлық қызметке Шэнь
Дыхуыңды алғанын біледі. 1920 жылға дейін журнал вэньян тілінде жазылған дҽстҥрлі
жанрдағы шығармаларды жарияласа, 1920 жылдан бастап журнал бағыты біршама ҿзгерді,
яғни басылым беттерінде біраз уақыт ескі жҽне жаңа ҽдебиет бірге басылып шығатын
болды. 1920 жылы журналдың қаңтарлық санында Мао Дҥннің «Оқырмандарға ҥндеу» атты
мақаласы жарық кҿрді. Онда негізінен ендігі кезекте журнал ҿз алдына «Қытай жҽне батыс
ҽдебиеттерінің дҽстҥрлі ерекшеліктерін қосатын жаңа ойлар ҽкелетін жаңа ҽдебиеттің»
пайда болуына кҿмектесу міндетін қойды. Бҧл жоспарды іске асыру ҥшін журналға ниеттес
жазушылар қажет болды. Сҿйтіп олар Пекиннен табылады да, хат алмасу басталып,бірнеше
аптадан кейін толық келісімге қол жеткізеді. 1921 жылы 4-қаңтарда қазіргі таңда Сунь
Ятсен атымен аталатын Пекин паркінде жаңа қытай ҽдебиеті тарихындағы жазушылар
одағының ең алғашқы қҧрылтай жиналысы ҿтті. Ол одақ «Ҽдеби ҧйым» деп аталды. Сол
кездері жаңа ҧйымның манифесі қабылданып, оған қатарында Мао Дҥн де бар он екі мҥше
ҿз қолдарын қойды. Манифесте озық кҿзқарастағы жазушылардың бірігуінің маңыздылығы
мен ҽдебиетті ғылыми тҧрғыдан зерттеу қажеттігі жҿнінде айтылды. Ҧйым манифесі мен
оның жарғысы «Сяошо юэбао» жҽне «Синь циннянь» журналдарының қаңтарлық
сандарында алғаш жарияланды. Негізінен ҧйым ҿз алдына ҽлемдік жҽне отандық ҽдебиетті
зерттеу, танымалдығын арттыру, сондай-ақ шынайы ҿмірді суреттейтін, ҧлттық заманауи
ҽдебиетті қалыптастыру мақсатын қойды. Ҧйым мҥшелері «ҽдебиетті кҿңіл кҿтеру ҥшін
немесе ойыншық» ретінде қарастыруға қарсы шығып, «ҽдебиеттің ең басты міндеті халықты
тҥйсіндіріп, оларға кҥш беру» екендігін айтты. Олардың айтуынша, ҽдебиет объектісі
қорланғандар мен азаптанғандардың қаны мен кҿзжасы болу керек. Ҧйым мҥшелері ҽдебиет
алдына жоғары міндет қойды: «Ҿнер ҿмір ҥшін, сондай-ақ ҿмірді ҿзгерту ҥшін».(Федоренко
Н. 1955.) Ал жарғы бойынша басқа да жерлерде ҧйым филлиалдарын ҧйымдастыру, ай
сайын жиналыстар ҿткізу, кітаптарды талқылау (душухуэй) жҽне т.б. мҽселелері алға
қойылды. Ҽдеби ҧйым «Вэньсюе сюнькань» («Ҽдеби шығармалардың айлық
басылымдары») жҽне «Ши» («Поэзия») деген журналдар шығарды. Осындағы «Вэньсюе
сюнькань» журналының редакторы болған Мао Дҥн, ол жерде қытай халқының шынайы
ҿмірі мен кҥресін суреттейтін жаңа, реалистік бағыттағы ҽдебиет жҿнінде мақалалар жазды.
Ол кҿркемшығармашылықтың ҿмір қҧбылыстары жҽне ақиқатымен тығыз байланысты
екендігін айтты. Негізінен Мао Дҥн жазушылардың қоғам алдындағы міндеті жҽне ҿнердің
адамдар пейілі мен қызығушылығына байланыстылығы жҿніндегі тақырыптарды кҿтерді.
VI Халықаралық конференция
446
Достарыңызбен бөлісу: |