Vi халықаралық конференция 1



Pdf көрінісі
бет3/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

Куранды  

 

Туунду 

мҥчөлөр 

 

сөздөр 

VI Халықаралық конференция

 

17 



 

-mak 

 

 

3900 


-lı 

 

 

1700 



-lık 

 

 

1600 



-cı 

 

 

850 



-la- 

 

 

750 



-sız 

 

 

700 



-ma 

 

 

500 



-ş 

 

 

100 



-ç 

 

 

110 



-gın 

 

 

109 



-an 

 

 

85 



-gan 

 

 

80 



-sal 

 

 

80 



-cık 

 

 

77 



-daş 

 

 

45 


Жалпы саны   

 

10686 

4)  сҿздҥк  байлыгын  молуктуруунун  экинчи  ички  булагы  болгон  сҿзжасам  жҥйҿсҥнҥн 

синтаксистик  жолу.  Бул  жолду  пайдалануу  жана  эки  же  андан  кҿп  сҿздҥ  кошуп  татаал  сҿз 

жасоо  аркылуу  тҥрк  тилинин  сҿздҥк  курамы  кҿптҿгҿн  кошмок  жана  кош  сҿздҿр  менен 

байытылган:  

тҥркчҿ   

 

кыргызча 



kamutay  

 

межилис 

yargıtay  

 

сот 

bilgisayar 

 

компьютер 

büyükelçi 

 

элчи 

başkan   

 

тӛрага 

cumurbaşkan 

 

президент, элбашы 

tekbiçim  

 

стандарт ж.б. 

VI Халықаралық конференция

 

18 



 

5)  чет  сҿздҿрдҥ  тҥрк  тилинин  тыбыштык  ҿзгҿчҿлҥктҿрҥнҿ  багындырып  ыңгайлаштыруу 

жолу.  Бул  жол  аркылуу  да  тҥрк  тилинин  сҿздҥк  курамы  кҿптҿгҿн  чет  сҿздҿр  менен 

байытылган:  

чет сҿз   

 

тҥркчҿ   



 

кыргызча 



cumhur   

 

cumurbaşkan 

 

президент 

statistique 

 

sayistik   

 

статистика 

bulletin   

 

belleten   

 

бҥлтен 

Germany 

 

Almanya  

 

Германия  

Россия   

 

Rusya 

 

 

Орусия ж.б. 

5. Тҥрк тилин кайра курууга байланыштуу бул жана ушул ҿңдҥҥ кҿптҿгҿн иш-аракеттердин 

натыйжасында диалекти жана кҿҿнҿ сҿздҿрдҥ адабий тилде колдонуу, жаңы тҥшҥнҥктҿрдҥ 

атоо  ҥчҥн  туунду  жана  татаал  сҿздҿрдҥ  жасоо,  чет  сҿздҿрдҥ  эне  тилдин  тыбыштык 

ҿзгҿчҿлҥктҿрҥнҿ  багындыруу  сыяктуу  улуттук  тил  ҥчҥн  чечҥҥчҥ  мааниге  ээ  болгон 

ҿйдҿкҥдҿй  иш-чаралардын  аткарылышы  бҥгҥнкҥ  кҥндҿгҥ  жалпы  тҥрк  коомчулугу  ҥчҥн 

табигый  кҿрҥнҥш  катары  кабылданып,  тҥрк  тилинин  ҿркҥндҿп  ҿсҥшҥнҿ  ар  тараптан  шарт 

тҥздҥ.  Бул  кҿрҥнҥш  узак  жылдар  бою  Тҥркияда  ырааттуу  тҥрдҿ  жҥргҥзҥлҥп  келаткан  тил 

жаатындагы мамлекеттик туура саясаттын жана белсемдҥҥ реформалардын ҥзҥрлҥҥ жемиши 

деп тастыкталууга тийиш. 

Жыйынтыктап  айтканда,  азыркы  тҥрк  тили  тарыхый  татаал  жолду  басып  ҿткҿн, 

кҿпчҥлҥктҥн,  коомчулуктун  сыдыргысына  салынган,  Ататҥрктҥн  жеке  демилгеси  жана 

мамлекеттик  бийликтин  тикелей  кийлигишҥҥсҥ  менен  тҥзҥлгҿн,  сҿздҥк  байлыгы  мол, 

туюнтуу кудурети кҥчтҥҥ, стили жатык, колдонууга ийкем тил болуп эсептелет. Ошондуктан 

тҥрк тили адабий тилдин бирдиктҥҥ нормасына салынган, бир калыпка келтирилген жана ар 

тараптан  ҿркҥндҿтҥлгҿн  заманбап  улуттук  тил  деп  табылууга  тийиш.  Ал  эми  бул  тилди 

курууга  ҿлчҿҿсҥз  салымын  кошкон  Ататҥрктҥн  сабактарын  ҥйрҿнҥҥ  кыргыз  тили  ҥчҥн  да 

анын мамлекеттик мартабасын бийик деңгелге кҿтҿрҥҥдҿгҥ орчундуу талаптардан экендиги 

айдан ачык.  Анткени тҥрк  тилин реформалоо тажрыйбасы  жеке эле  Тҥркияда эмес, Батыш 

дҥйнҿсҥндҿ  да  кҿптҿгҿн  окмуштуулардын  кызыгуусун  арттырып,  кҿп  жылдан  берки  бул 

багытта топтолгон бай тажрыйба Израил баштаган бир катар ҿлкҿлҿрдҥн мамлекеттик тилин 

курууда  ийгилик  менен  пайдаланылып  келет.  Бул  тажрыйбаны  ҿздҿштҥрҥҥ,  акыйкатта  да, 

биздин парзыбыз да, карзыбыз. 

 

 



 

 

 



 

VI Халықаралық конференция

 

19 



 

ЭТНОТАҢБА ЖҤЙЕСІНДЕГІ СИМВОЛДАНУ ҤДЕРІСІ 

Ж.А.Манкеева 



Филология ғылымдарының докторы, профессор А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл 

білімі институты Лексикология бӛлімінің меңгерушісі,  

Кез  келген  тілдегі  ғалам  бейнесі,  біріншіден,  адамның  жалпы  ҽлемге  кҿзқарасымен 

байланысты  болса,  екінші  жағынан,  нақты  ҽр  тілдегі  ҽлем  моделіне,  яғни  белгілі  бір 

ҽлеуметтік-мҽдени  қоғамдағы  ҧлттық  «ҽлем  бейнесіне»  жалғасады.  Себебі  «ғалам  бейнесі» 

мҽселесі  адамның  елестетуі  мен  санасындағы  ҽлемді  ҿзіндік  кҿру  мен  суреттеуіне 

негізделеді.  Ал адамның дҥние туралы  кҿзқарасы мен дҥниетанымы тілдің қызметі арқылы 

сол  тілде  сҿйлеуші  ҧжымның  мҽдени  кеңістігінде  қалыптасатындықтан,  ҽрбір  тіл  ҿз 

ерекшелігімен «ҽлем бейнесін» ҿзгеше қҧрады. 

Шын мҽнінде, таным процесі мен логикалық ойлау жалпы адамзатқа ортақ қасиет, ал бҥкіл 

адам баласы ҥшін ақиқат шындық болмыс біреу болғандықтан, ғаламның біртҧтас бейнесі де 

ҽр  басқа  тілде  сҿйлейтін  халықтар  ҥшін  біреу-ақ.  Сҿйтсе  де,  тіл  иесінің  дҥниені  тҧтас 

қабылдаған  концептуалды  ой-ҿрісіне  байланысты  ҽр  тіл  дҥние-ғаламның  ҥзіктерін  ҿзінше 

ҿреді, бҿлшектеп атайды, бейнелеп суреттейді де, тіл ҿкілі ойының желісі ҿз тілінде бекіген 

ғалам  бейнесіне  сай  қҧралады.  Осыған  байланысты  ҽр  басқа  халықтың  (ҧлттың,  этностың) 

тілдеріндегі  ғалам  бейнесінің  мазмҧнында  жалпы  адамзатқа  ортақ  дҥниеліктер  де,  тек  тіл 

иесіне ғана тҽн ҧлттық нақыштар та кездесіп жатады. 

Демек, ҽрбір этностың мҽдениеті оның тілі арқылы сақталған «ішкі» мазмҧнында сақталады. 

«Мҽдениетті тану кілті» - тіл арқылы сақталған мҽдени ҧғымдардың мҽдени фонын зерттеу. 

Соның нҽтижесінде анықталатын тілдің қызметі – ҽр халықтың ҧлы мҧрасы, ҧлттың тарихи 

жетістігін кҿмкерген мҽдениетті таңбалау.  

Таңба  –  қоғамдық  дамудың  зердесін,  ой-ҿрісін,  даналық  тҧғыр  деңгейін  танытатын  белгісі 

ретінде  ҧлт  мҽдениетін  тілде  белгілеу  (маркерлеу)  қызметін  атқарады.  Соның  нҽтижесінде 

бір  этностың  мҽдениеті  екінші  этносқа  оның  тілдік  таңбалары  арқылы  баяндалады.  Ал 

мҽдениетті  танытушы  таңбалар  дегеніміз  –  рухани  жҽне  материалдық  мҽдениетті 

сипаттаушы сҿз символдары, яғни таңбалаушы, таңбаланушы жҽне нысан ҥштігінің  бірлігі.  

Жалпы алғанда, мҽдениеттің немесе оның жеке тҥрлері мен формаларының таңбалық сипаты 

туралы  ой  ертеде  қалыптасқан.  Ал  тілге  қатысты  таңба  ҧғымының  енуі  тілден  тыс  салт-

дҽстҥр,  ҽдет-ғҧрып  т.б.  мҽселелерді  тіл  мен  мҽдениет,  ҧлт  пен  тіл  қағидасына  сҽйкес 

танымдық тҧтас сипатта қарауға мҥмкіндік туғызды. Сондықтан мҽдениет мазмҧнын ашуға 

қатысты  қызмет  атқаратын  таңбалар  жиынтығы  мен  таңбалық  қҧралдарды  этнотаңбалар 

(Ю.М.Лотман т.б.) немесе этномаркерлі лексика деп айтуға болады. 

Осымен байланысты «дҥниенi тiлдiк бейнелеудiң» жалпы жҽне ҧлттық ерекшелiк негiзiндегi 

кҿрiнiстерi салыстыра зерттеу нҽтижесінде айқын кҿрінеді.  

Жалпы  алғанда,    мағыналық  таңба    белгілі  бір  ҧғымның  ерекшеленген  қасиеті,  қызметтік 

белгісі, бейнесі арқылы айқындалып, мағыналық мҽні таңба ретінде жадыда қалыптасып, сҿз 

қолданысында заттық таңба ретінде ҧғымды танытатын ҽлеует деңгейін сақтап қалады. 

Осыған  орай  ең  негізгі  қҧрал  –  сҿздік  ақпарат.  Бҧның  негізін  қҧрайтын  этнографизмдер, 

қазақ ескіліктері, мифологемалар, басқа да этномҽдениеттің архетиптік кҿріністері.  

Нақты  айтқанда,  ҧлттың,  этностың  жеке  ерекшелігін,  ҿзге  ҧлттардан  айырмашылығын, 

ҿзгешелігін  танытатын  тілдік  бірліктердің  бірі  –  этномаркерленген  лексемалар.  Жалпы 

лингвомҽдениеттану  саласында  ҧлттық  мҽдениетті  таңбалайтын  бірліктер  ретінде  ҧлттық-

мҽдени  концептілерді,  лингвокультуремаларды  (лингвомҽдени  бірліктер)  келтіретін  болса, 

этнолингвистика саласында жеке бір ғана ҧлтқа тҽн ерекшеліктерді бейнелейтін ҧғымдарды 

этнографизмдер  деп  атайтыны  белгілі.  Дегенмен,  осы  екі  саладағы  лингвокультурема, 

этнографизмдер  мен  одан  туындайтын  тҧрақты  тіркестердің  тҥп  тамыры    ҧлт  санасында 

тҧрақты тҥрде сақталып, этномаркерлік деңгейге жеткен таңбалардан бастау алады. 

Олар  ақпаратты  жеткізу,  яғни  коммуникативтік,  ақпаратты  қабылдау  (прагматикалық), 

сипаттаушы,  белгілеуші,  бағалаушы,  жалпылаушы  қызметтерді  атқарады.  Ондай  таңбалар 



VI Халықаралық конференция

 

20 



 

қатарына символ, бейнелі сҿз (образ), эпитет, метафора, метонимия, т.б. жатады. Дегенмен, 

ҧлттық  таным-тҥсінікте  кейбір  ҧғымдарды  астарлап,  тҧспалдап  жеткізуде  (ҿлімді  естірту, 

қаралы хабарды жеткізу) қолданылатын  шартты таңбалар да ҿз  мҽнін жоймай, бҥгінгі кҥнге 

дейін ҧлт жадында сақтаулы. Мысалы, қара ту кҿтеру,  атын бос жіберу, ауылға шауып келу, 

қамшыны ортаға тастау т.б  

Бҧл  жердегі  тілдік  атаулар  қызметінің  тек  шартты  тҥрде  болса  да,  тілдегі  сҿзжасам 

модельдері арқылы заттың уҽжді белгісіне ғана негізделмейтіні байқалады. Себебі, бір затты 

«тілдік  кҿру»  ҽр  сҿйлеуші  ортада  қалыптасқан  мҽдени  кеңістікке  сҽйкес  ҽртҥрлі  болуы 

мҥмкін  екені  олардың  аялық  білімі  мен  кешенді  танымдық  жҥйесіне  негізделетінін  тілді 

зерттеудің антропоҿзектік бағыты кҿрсетіп отыр. 

Себебі,  ҽр  халықтың  басынан  кешкен  тарихы,  бҥкіл  рухани,  мҽдени  байлығы,  болмысы, 

дҥниетанымы, ҿмір тіршілігіне, кҥнделікті тҧрмысына қажет бҧйымдары, ҽдет-ғҧрпы, салт-

санасы,  талғамы  т.б.  сол  тілде  сҿйлеуші  ортада  қалыптасып,  тілінде  таңбаланады  жҽне 

сақталады. Демек, сҿз заттың тура таңбасы емес, дҥниенің тікелей бейнесі емес, оның біздің 

санамызда  тілдік  шығармашылық  процесс  нҽтижесінде  туған  бейнесі.  Сондықтан  «ҧлт  пен 

тіл  біртҧтас»  деген  қағидаға  сҥйенген  зерттеулердің  табиғатынан  туындайтын 

этнолингвистикалық  тҽсіл,  біздің  ойымызша,  тарихи-лингвистикалық  талдау  мен 

этимологиялық  ізденістің  кепілі  мен  қажетті  шарты  бола  алады.  Мысалы,  зерттеушіге 

архаизм-терминдерді,  прецеденттік,  мифтік  мҽтіндердегі  т.б.  архетиптік  ҧғымдарды 

тҥсіндіруге  этнографиялық,  тарихи,  археологиялық,  культурологиялық  т.б.  материал 

мҥмкіншілік  береді.  Ал,  осы  арада  этностың  тҧрмысы  мен  соған  сҽйкес  терминнің  пайда 

болуы  мен  таңбалануы  заңдылығының  «тілден  тыс»  жағдайларын  білмей  тҧрып, 

этимологиялық анықтама қҧру жҽне осы затқа сҽйкес атаудың негізгі, ең ежелгі мағынасын 

ашу қиын. Бір кезде кҥнделікті ҿмірде ҿте қажетті болған кҿптеген заттардың атаулары ғана 

қазіргі қазақ тілінде мҽдениеттің, дҽстҥрдің жҽне ҧлттық мҧраның жҧрнағы ретінде сақталып 

қалған.  Демек,  атаулар  жҥйесінің  қызметі  тек  атауыштық  қана  емес.  Міне,  тілдің  негізгі 

коммуникативтік  қызметіне  қоса,  ҧлттың  рухани  қазынасын  бойына  сақтаған  қҧжаттық, 

этномҽдени мҧраны тілде таңбалаған (куммулятивтік) қызметінің нақты кҿрінісі осы жерде 

табылады. 

Олар  мҽдениетті  айқындап  қана  қоймай,  оны  ҧлт  болмысымен  тҧтастыратын  символдау 

қызметін атқарады, соның негізінде этнотаңбалы мҽдени кеңістік қҧралады. 

Мағыналық  (тілдік)  символдардың  қасиеті  дҥние  бейнесінен,  аялық  білім  шеңберінде 

қарастырылатын тілдік таңба уҽжділігінен туындайды. Атау беру немесе тҧрақты мағыналық 

шарттылық мҽнін сақтайтын символдың негізі, тҥп тамыры – бейне. Бірақ бейненің  бір ғана 

қасиеті, мҽні ҧлттық сипат алып, символдық мҽнге ие болады. Келе-келе  қосымша семалар 

кҿрінбей,  ҧқсату  арқылы  қалыптасқан  тҧтас  бейне  символға  айналып,  кейін  бейнелілігін 

жояды.  Символ  ҧғымның  тура  мағынасын  ғана  сипаттамайды,  бейне  арқылы  ақиқатты 

тҥсінуді  тереңдетеді.  Символ  оның  формасын,  моделін  жасайды.  Символға  тҽн  қасиет 

бҥтінді  бҿлшек  арқылы  танытады.  Демек,  символдың  негізгі  бастамасы  тілдік  атаудың 

метонимиялық қызметінен туындайды. Мысалы, шаңырақ, жусан, бесік, т.б.  

Символ  ешқашан  бір  мағына  шегінде  қалып  қоймайды,  оның  мағыналық  астары  кең,  сол 

заттың  (ҧғымның)  ҿзінен  басқа  затқа  меңзеу,  оның  шегінен  асу  ҽрекетін  бейнелейді.  Бҧл 

қҧбылыстың тҧтас бейнесі арқылы ақиқат туралы жаңа да, кеңірек білім туады.  

Дҽстҥрлі  ҧлттық  мҽдениеттің  символдық,  таңбалық  мағыналарын  зерттеу  барысында 

семиотик-ғалымдар ҽртҥрлі пікір келтіреді. 

Мысалы, А.Ф. Лосевтің пікірінше, символдың негізгі ҧғымы – бҧл белгі (таңба). 

Ал, К. Юнг символ мен белгінің (таңбаның) арасындағы айырмашылықты  дҧрыс айқындап 

кҿрсетті.  Оның  ойынша:  «Символ  ҧғымы  мен  қарапайым  белгі,  таңба  ҧғымы  бір  бірінен 

символдық мағына жҽне семиотикалық мағына арқылы ажыратылады. Бҧл екі мағына мҥлде 

бір біріне ҧқсамайтын екі бҿлек дҥниелер» [Юнг К.Г. Психологические типы. – М., 1996.]. 

Шын  мҽнінде,  символдың  басқа  мағыналық  таңбалардан  ерекшелігі  ол  бойындағы 

мағынаның  ҿміршеңдігін  ҧзақ  сақтайды.  Бірақ  символ  мҽңгілік  емес,  қоғам  мен  адамның 

ақыл-ой, дҥниетанымы дамыған сайын смволдық мағына жаңа символдық атауға ие болады. 

Дегенмен, ескі символдық таңба ҿлмейді, тек тарихи мҽртебе алады, эзотериялық кҿзқараста 

қалады. 


VI Халықаралық конференция

 

21 



 

В.А.  Маслованың  еңбегінде  символдардың  ҽмбебап  тҥрлері  мен  ҧлттық  тҥрлері  болатыны, 

сондай-ақ,  басқа  таңбаларға  қарағанда    символдың  бойында  терең  ҧлттық  мҽн  болатыны 

туралы айтылады [Маслова В.А. Лингвокультурология. – М., 2004.]. 

Себебі  символ  жалпыхалықтық  санада  терең  тарихи,  мҽдени  қҧндылықты  сипаттаушы 

қызмет  атқарғандықтан,  оның  жалпы  болмысы  теңелу,  сҽйкестену,  ҥлестіру,  ҧқсату 

қҧбылыстарынан  гҿрі,  қҧндылықтың  биік  мҽртебелі  дҽрежесін  сақтап  қалу  мақсатын 

кҿздейді.  Сол  себепті  символдың  адресаты  жоқ,  ол  бҥкіл  ҧлтқа,  халыққа  ортақ  мазмҧнды 

сипаттайды.    Ҧлттық  сананың  (ҧлттық  лингвомҽдени  тілдің)  деңгейін  сол  тілді 

тҧтынушылардың  қорындағы  символдар  мен  символға  айналуға  бейімделу  процесіндегі 

бейнелі  сҿздердің  кҿлемі  арқылы  анықтауға  болады.  Мҽселен,  қазақ  тілін  ҧлттық 

лингвомҽдени  тілге  бай,  яғни  этнографизмдер  мен  лингвомҽдени  бірліктері  мол  ҽрі 

жҧмсалым  аясы  ҥзілмейтін,  кең  қолданыстағы  тіл  деп  тануға  ҽбден  болады.  Себебі,  қазақ 

тілінде символданған (этномаркерленген) бірліктер ерекше кҿп.  

Осындай  тҧжырымдарды  сараптай  келгенде,  ҧлттық  тҥрде  маркерленетін  (белгіленетін) 

таным-тҥсініктердің  тілдік  таңбасының  қызметін  ең  алдымен  символ  атқаратынына  кҿз 

жеткіздік.  Яғни  ҧлттық  этномаркерлі  бірліктердің  негізі  –  символдар.  Қазақ  тілінде 

этномаркерленген  бірліктердің  дені  ҽралуан.  Себебі,  қазақтың  ҧлттық  мҽдени  болмысы, 

дҽстҥрі, наным-сенімі тілде ҽртҥрлі формада сақталған. Мҽселен, «Айдың аманында», «Айы 

оңынан туды», «Ай тҧяқ шалды» деген тіркестердегі ай символының қызметі мен «Жҧлдызы 

қарсы»,  «Жҧлдызы  теріс  келді»,  «Жҧлдызы  қарсы»,  «Жҧлдызы  жоғары»  дегендегі  жҧлдыз 

символының  қызметі  наным-сенім,  сыйыну  тотемдік,  шамандық  дҽуірден  бастап  ҧлттық 

санада сақталып, генетикалық тҧрғыдан жалғасып келе жатқан мифологемдік этномаркерлер 

қатарына  жатады.  Ал  ҧлттық  заттық-мҽдени  лексемалардың  этномҽдени  сипатқа  ие  болып, 

кҥнделікті  тҧрмысты,  ата  кҽсіпті,  мінез-қҧлықты,  іс-ҽрекетті,  қҧбылысты  бейнелеуде 

тҧрақты  қолданылу  нҽтижесінде    стереотиптік  этномаркерлер  пайда  болады.  Мысалы



айрандай аптап, кҥбідей кҥптеу (толықтай ҿзіне қарату, бағындыру);  ақ киізге кӛтеру;  ақ 

тҥйенің  қарны  жарылу,  Асан  қайғыға  тҥсу;  асығы  алшысынан  тҥсу;    асығы  тҥгел;  

аузынан  ақ  май  ағу;  ауызды  қу  шӛппен  сҥрту;  аузыңа  май,  астыңа  тай;  ауыл  итінің 

қҧйрығы қайқы;  әңгір таяқ ойнату; бармағын тістеу; бас жарылса бӛрік ішінде, қол сынса 

жең  ішінде;  безбҥйрек;  бетегеден  биік,  жусаннан  аласа;  бетке  кҥйе  жағу,  бетке  таңба 

болу; бет моншағы ҥзілу, бетін айдай қылу; бие сауымдай уақытбір кҥн бие, бір кҥн тҥйе; 

бір  тарының  қауызына  сыйғызу;  дәм-тҧз  атсын;  дәм-тҧзы  жарасу;  екі  қошқардың  басы 

бір қазанға сыймайды; есік кӛрген; етінен ӛтіп сҥйегіне жету т.б.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



VI Халықаралық конференция

 

22 



 

ТІЛ – ҦЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ НЕГІЗГІ КОДЫ 

Жҧбаева Орынай Сағынғалиқызы*

 

А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бӛлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д. 

050059, Алматы,  Қазақстан 

Resume 

The topicality of the research paper is defined by the necessity of eliciting the nature and the extent 

of anthropocentricity and communicative content of grammatical categories in the Kazakh 

language. Anthropocentricity of grammatical categories in this study is elicited in two directions: as 

the reflection of the human factor in grammatical categories and as the use of grammatical 

categories by a person in the action of communication. 

Key words: 

Anthropocentricity of grammatical categories; сoncept; lingvoculture; nationally specific, Kazakh 

language. 

 

Резюме  

В статье антропоцентричность грамматических категорий выявляется в двух направлениях: 

как отражение человеческого фактора в грамматических категориях и как использование 

грамматических категорий человеком в акте коммуникации. Грамматические категории 

трактуются в исследовании одновременно как результат концептуализации и как результат 

категоризации. 

Ключевые слова:  

антропоцентричность грамматических категорий; концепт;  лингвокультура; национальная 

особенность; казахский язык.  

 

1. Кіріспе  

Қазіргі  тіл  біліміндегі  антропоҿзектік  бағытқа  сҽйкес  тілдің  адамның  ойлау  жҥйесі  мен  іс-

ҽрекетіне  ықпалы,  сонымен  қатар  адамның  тілге  ҽсері,  тілдегі  адам  факторына  ерекше  мҽн 

берілуде.  Тілдік  қҧбылыстарды  антропоҿзектік  тҧрғыдан  айқындауда  адам  екі  тҥрлі  бағытта 

сипатталады:  1)  адамның  тілдегі  кҿрінісі;  2)  адамның  тілді  тҧтынуы.  Бірінші  бағытқа  сҽйкес 

адамның дҥниетанымы байқалады. Адамды тілінен тыс сипаттау мҥмкін емес, тілдің мҽні мен 

ҿзіндік ерекшеліктерін адам жҽне оның ҽлемге қатынасы арқылы толық сипаттауға болады. 

Тіл – таным қҧралы, қарым-қатынас қҧралы, ақиқат болмысты тану барысында жинақталған 

ҽлем туралы білімді жеткізудің негізгі жолы болып табылады. Тіл ойды жарыққа шығарумен 

қатар таным ҽрекетіне ҿзіндік таңбасын қалдырып отырады. Сол себепті тіл ойлау ҽрекетіне 

қатысады. Таным – ақиқат болмыстың  ойдағы кҿрінісі болып табылады, сол арқылы білім 

қоры  жинақталып,  ақпарат  қабылданады.  Когнитивті  тҧрғыдан  алғанда,  тіл  мен  ойлау 

адамның  танымдық  қызметінің  нҽтижесі  болып  табылады.  Бҧл  бағыттағы  зерттеулер 

адамның болмысты қалай концептуалдандыратыны туралы мҽселеге жаңа қырынан ҥңілуге 

жол ашып, концептуалдау теориясының дамуына негіз болды. 

2. Негізгі мəтін  

                                                           

*

 Автормен байланыс. Тел.: +7(777) 213-90-03 



E-mail адресі: alm-ornai@mail.ru 

VI Халықаралық конференция

 

23 



 

Концептуалдау – тілде кҿрініс тапқан ҽлемнің ҧйымдасу, қабылдану тҽсілі, белгілі бір тілге 

тҽн  ҽлемді  жіктеу  тҽсілі,    сҿйлеушінің  белгілі  бір  сҿйленімде  жҥзеге  асыратын  адамзат 

тҽжірибесін  жалпылау  тҽсілі  болып  табылады.  Концептуалдау  арқылы  адам  болмыс 

қҧбылыстары  мен  адамның  ішкі  ҽлемін  таниды,  соның  нҽтижесінде  адам  ғалам  туралы 

білімін  қалыптастырып,  белгілі  бір  жҥйеге  тҥсіреді,  олар  тілде  кҿрініс  табады. 

Концептуалдау  –  екі  жақты  қҧбылыс:  бір  жағынан,  ол  адамның  ішкі  жҽне  сыртқы 

ғаламындағы  мҽнділіктерді  зерделеп,  тҥйсінуге  жол  ашса,  екінші  жағынан,  зерделенген 

мҽнділіктер  мен  қҧбылыстар  туралы  концепт  қалыптастырып,  білімді  қҧрылымдайды.  Тіл 

жҥйедегі  концептілердің  коды  болып  табылады,  сол  арқылы  концептуалды  жҥйедегі 

концептілер  таңбаланып  отырады.  Концептуалды  мазмҧн  мен  тіл  екі  жақты  байланыста 

болады.  Концептуалды  мазмҧнды  тілдің  кҿмегінсіз  сипаттау  мҥмкін  емес.  Себебі  санадағы 

қҧбылыстарды тіл ғана бейнелей алады. Осыған байланысты А.Байтҧрсынҧлы: «Ҿнер алды – 

қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мҧны қазақ сҿз баққан, сҿз кҥйттеген халық болып, сҿз 

қадірін  білгендіктен  айтқан.  Алдыңғы  ҿнердің  бҽрінің  де  қызметін  шама-қадарынша  сҿз 

ҿнері атқара алады, қандай сҽулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер 

болсын,  қандай  ҽдемі  ҽн-кҥй  болсын,  сҿзбен  сҿйлеп  суреттеп  кҿрсетуге,  таныстыруға 

болады. Бҧл ҿзге ҿнердің қолынан келмейді», – деп жазады.   

Тіл – адамның дҥниетанымын кҿрсететін ерекше  қҧбылыс, ол этномҽдени белгілер арқылы 

айқындалып  отырады.  Белгілі  бір  этникалық  жҽне  мҽдени  қауымдастықтың  ҿкілі  ретіндегі 

жеке  адамның  ойлауы  тілге  байланысты  болады.  Тіл  –  халықтың  рухы,  халық  рухы  тіл 

арқылы кҿрінеді. Сол себепті ҽр ҧлттың тілі, мҽдениеті ерекше болады. Оларды біріктіруге, 

байланыстыруға  болмайды.  Мҽдениет  пен  тіл  белгілі  бір  этносқа  тҽн  ортақ  заңдылықтарға 

байланысты  болады.  Тіл  тағдыры  мен  этнос  тағдыры  ҿзара  тығыз  байланысты.  Бҧл  орайда 

А.Байтҧрсынҧлының «Сҿзі жоғалған халықтың ҿзі де жоғалады», – деуінің терең астары бар. 

Тілдің  антропоҿзектік  ҧстанымы  лексика-семантикалық  жҥйеде  айқын  кҿрініс  табады.  Бҧл 

бірліктер  мҽдени  код  ретінде  қызмет  етеді  жҽне  сҿйлемдердің  білімі,  стереотипі  болып 

табылады.  Тіл  –  ҧжымдық  сана  арқылы  жинақталған  ақпаратты  атадан  балаға  жеткізіп, 

жинақтайтын,  сақтайтын,  жҥйе  болып  табылады.  Академик  Ҽ.Қайдар:  «Кез  келген  тілдің 

қоғамда  ҿзара  байланысты  ҥш  тҥрлі  қызметі  бар.  Оның  басты  қызметі:  коммуникативтік, 

яғни  қоғам  мҥшелерінің  ҿзара  қарым-қатынас  жасап,  бір-бірін  тҥсінуі,  пікір  алысуы  ҥшін 

қажетті қызметі. Оның екінші қызметі – кҿркем шығарма тіліне тҽн, адам баласына тҽн образ 

арқылы  ерекше  ҽсер  ететін,  лҽззат  сыйлайтын,  эстетикалық  қызметі.  Тілдің  бҧл  қызметі, 

ҽрине,  қаламгердің  шеберлігіне,  сҿз  саптау  мҽдениетіне  байланысты.  Ал  тілдің  ҥшінші  бір 

қызметі ғылыми терминмен айтқанда, аккумулятивтік қызметі деп аталады. Яғни ол – тілдің 

ғасырлар  бойы  дҥниеге  келіп,  қалыптасқан  барлық  сҿз  байлығын  ҿз  бойына  жиып,  сақтап, 

оны  келешек  ҧрпаққа  асыл  мҧра  ретінде  тҥгел  жеткізіп  отыратын  игілікті  қасиеті.  ...Тіл 

фактілері  мен  деректері  –  тҧла  бойы  тҧнып  тҧрған  тарих.  Сондықтан  этностың  ҿткендегі 

тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен, содан іздеуіміз керек, – деп жазады. 

Ақиқат  болмысты  танып-тҥсіну  нҽтижесінде  жинақталған  ақпарат  тілде  кҿрініс  табады. 

Ғаламның  тілдік  бейнесі  негізінен  субъективті  сипатта,  себебі  онда  нақты  бір  адамның 

кҿзқарасы, дҥниетанымы  кҿрінеді.  Ол атадан балаға берілетін категориялар  жҥйесі арқылы 

белгілі  бір  код  қҧрап,  дайын  кҥйінде  қабылданылып  отырады.  Адамның  болмысты  тану, 

тҥсіну  нҽтижесінде  жинақтаған  білімі  тілдік  бірліктерде  кҿрініс  табады.  Адам  психикалық 

ерекшеліктеріне,  басқа  адамдармен  қарым-қатынас  жасауына  байланысты  психологияда 

зерттелсе,  ҽлеуметтік  ерекшеліктері,  қоғамдық  қызметіне  байланысты  ҽлеуметтануда, 



VI Халықаралық конференция

 

24 



 

сондай-ақ философияда да сҿз болады. Тілді антропоцентристік бағытта зерттеуде тілді сол 

тілдің  иесі  болып  табылатын  адаммен,  ақыл-ойымен,  парасатымен,  дҥниетанымымен, 

ҧлттық  мҽдениетімен  байланыстыра  зерттеу  қажеттігі  кҿрінеді.  Адамның  соматикалық 

бейнесін 

концептуалдау    нҽтижесінде 

адамның  физикалық 

қабілеті,  зияткерлік 

(интеллектуалдық)  қабілеті,  эмоциясы,  ҽлеуметтік  «мен»-і  айқындалады,  адам  сҿйлеу-ойлау 

ҽрекетіне  қатысушы  тҧлға  ретінде  кҿрінеді.  Адамның  тілдегі  кҿрінісі  негізінен  лексика  мен 

фразеологияда айқын кҿрініс тапқан, сондай-ақ грамматикалық категориялардан да оның ҿзіндік 

ерекшеліктерін  байқауға  болады.  Ол  ҥшін  грамматикалық  категорияларды  жеке-дара,  оқшау 

қарастырмай,  коммуникация  мен  когниция  талаптарын  ескере  отырып,  тілді  когнитивті  жҥйе 

ретінде тҧтас қарастыру қажеттігі байқалады. 

Ҧлттық  мҽдениеттің  семантикалық  жҥйесі,  негізгі  коды  –  этникалық  тіл  болып  табылады. 

Тілдік  этномҽдени  кеңістікке  енетін  нҽрсенің  бҽрінің  де  атауы  бар.  Сол  арқылы  білім 

тасымалданады.  Тілді  зерттеу  арқылы  белгілі  бір  мҽдениет  ҿкілінің  этнотілдік  санасының 

ішкі ҽлемін кҿріп, тҥсінуге болады. Тіл – ҽр ҧлттың ҧлттық болмысын, дҥниетанымын, ойлау 

жҥйесін  сипаттайтын  жалпыадамзаттық  қҧндылық.  Ақиқат  дҥниені  тану  ҥдерісінде 

дҥниетанымдық білімдер арқылы жалпыадамзатық сана қалыптасады. Бҧл жалпыадамзаттық 

сана ҽлемдегі барлық халыққа ортақ болса, адамзаттың бір-бірінен ҧлт ретінде ерекшеленуі 

ҧлттық  сананы  қалыптастырады.  Демек,  тілден  жалпыадамзаттық  қҧндылықтармен  бірге 

ҧлттық дҥниетанымдық ерекшеліктер де кҿрініс тауып отырады.  

Тіл  ғалам  мен  мҽдениетті  бейнелеумен  қатар  сҿйлеушіні  қалыптастырады,  оның  салт-

дҽстҥрін,  дҥниетанымын,  ділін,  ҧлттық  сипатын,  идеологиясын  айқындайды.  Ҽр  халық 

мҽдени,  тарихи  даму  барысында  қоршаған  ортамен  тығыз  байланыста  ҽлем  туралы  білімін 

жинақтап,  сақтайды,  вербалды  сана,  ерекше  мҽдени  код  тҥрінде  тіл  арқылы  ҧрпақтан 

ҧрпаққа  жеткізіп  отырады.  Ҽрбір  сҿйлеуші  мҽдениетті  жеткізуші  болып  табылады,  тілдік 

таңбалар  мҽдениет  таңбасы  ретінде  де  қолданылып,  ҧлттық  мҽдениеттің  ерекшелігін 

білдіреді.  Осыған  байланысты  А.Байтҧрсынҧлы:  «Біз  қазақ  тіліндегі  сҿздердің  бҽрін 

білгеніміз  қазақ  тілін  қолдану  болып  табылмайды.  Тілді  қолдана  білу  деп  айтатын  ойға 

сҽйкес  келетін  сҿздерді  таңдап  ала  білуді  жҽне  сол  сҿздерді  сҿйлем  ішіне  орын-орнына 

дҧрыстап  қоя  білуді  айтамыз.  Қазақ  тілі  қазақ  ортасындағы  бҽріне  бірдей  ортақ 

пайдаланбайды.  Ҽркім  ҽр  сҿзді  ҿзінше  қолданады,  ҿзінше  тҧтынады.  Бҥтін  пікірін  айтып 

шығатын ҽңгіме ішінде тҥгіл, жалғыз ауыз амандасу жҥзінде де ҽркім ҽртҥрлі сҿз қолданады. 

Мҽселен, біреу «амансыз ба?» деп, біреу «есенсіз бе?» деп, біреу  «сҽлемет жҥрсіз бе?» деп, 

біреу  «кҥйлі,  қуатты  барсыз  ба?»  деп  амандасады.  Бҽрінің  де  ой  мақсаты  бір,  бҽрінікі  де 

амандық  білу,  амандық  сҧрау,  бірақ  ҽркім  ҽртҥрлі  сҿз  қолданып,  ҿзінше  сҧрайды»,  –  деп 

жазады. 

Ҽр  адам белгілі бір ҧлттың ҿкілі болғандықтан, ҧлттық дҽстҥр, тіл, тарихы, ҽдебиеті бҿлек 

болады. Ҽр тіл дҥниені ҿзінше бейнелейді. Адам болмысты тілі арқылы  таниды.  Ғаламның 

тілдік бейнесінде белгілі бір тілдік қауымдастыққа тҽн тҥсініктер мен білімдер кешені тілде 

кҿрініс тауып, сақталады. Ғаламның тілдік бейнесі бірқатар ҿзгерістерге тҥскенімен, тҧрақты 

сипатта болады, яғни ҽлем туралы білім белгілі бір қҧрылымға ие болып, ҧрпақтан ҧрпаққа 

беріліп  отырады,  сҿйлеушілердің  тілдік  санасы,  ойлау  жҥйесі  дҽстҥрлі  тҥрде  қалыптасқан 

категориялармен  беріліп,  сақталып  отырады.  Ғаламның  тілдік  бейнесі  –  халықтың  болмыс 

туралы,  тілдік  таңбалар  мен  мҽндерде  кҿрініс  тапқан  тҥсініктер  жиынтығы,  ғалам  туралы 

ақпараттың,  сҿздердің  жҥйелі  мҽндерінде  белгілі  бір  тҽртіпке  келтірілген  кҿрінісі.  Осыған 

байланысты М.Балақаев: «Қатынас қҧралы болып қалыптасқан тілге реформа жасау мҥмкін 


VI Халықаралық конференция

 

25 



 

емес.  Бірақ  оны  ҽдеби  нормаға  тҥсіріп  байытуға,  жақсартуға,  икемді  етуге  болады.  Тілдегі 

бірқатар  сҿздердің,  сҿз  тіркестерінің  қҧрылысы  дҽл  осы  кҥнгі  логикалық  ой  тҧрғысынан 

онша  ҥйлесімді  болмауы  да  мҥмкін.  Бірақ  солар  қазіргі  тілдік  санада  орнықты  орын  алып, 

мақсатты  ойымызды  дҧрыс  айтуға  жарап  жатса,  ондайды  ҿзгертудің  керегі  болмайды. 

Мысалы,  «жҧмыс  істеп  жатыр»,  «қолын  тістеп  алды»  дегендердің  қҧрамын  бҿліп  қарасақ, 

ондағы сҿздер пҽлендей логикалық байланыста тҧрмағанын аңғаруға болады: жҧмыс «істеу» 

мен  «жатыр»,  «тістеу»  мен  «алды»  етістіктерінің  бҿлек  тҧрғандығы  мағыналары  мҥлде 

ҥйлесімсіз-ақ  қой.  Сонда  да  халық  тілінде  олардың  бірін  екіншісіне  кҿмекші  етіп,  ерекше 

қызметте,  жаңа  мағынада  солай  жҧмсалу  дҽстҥрге  айналған.  Ондайлар  ойымызды  дҽл 

айтудың  бірден-бір  дҧрыс  амалы  болатындықтан,  оларды  ҿзгертудің  жҿні  жоқ.  Тіпті,  «кҥн 

кҥркіреді»,  «шақпақ  шақты»,  «қарным  ашты»,  «жаным  ашиды»  сияқтылар,  ескі 

мифологиялық  ҧғымға  лайық  қҧралғанмен,  оларды  қазір  басқаша  тҥсініп,  жаңаша  жҧмсап 

керегімізді ҿтейміз», – дейді.  

Ғалам  туралы, оның қҧрылымы  туралы  жалпы  тҥсінік  тілдік  бірліктердің  лексикалық  жҽне 

грамматикалық  категорияларында  кҿрінеді.  Тілдік  тҧрғыдан  ерекше  маңызды  болатын 

мағыналар грамматикада айқын кҿрініс табады. Грамматика когнитивті жҥйе ретінде тілдің 

концептуалды  қҧрылымын  айқындайтын  фактор  (мҽнбір)  болып  табылады.  Грамматикалық  

категориялардың  қалыптасуында  адам  болмысы,  мінезі,  кҿзқарасы,  коммуникативті  актіге 

қатысушылардың т.б. антропоҿзекті сипатының объективті жағдаятқа қатысы байқалады. Соның 

нҽтижесі  ретінде  грамматикалық  категориялар  тҥрлі  формада  тілдік  бірліктер  арқылы 

тҧрпатталады. Оған негіз болатын грамматикалық қатынастар санада мазмҧнданады, сол себепті 

морфологиялық  категорияларды  таным  ҽрекетімен,  концептуалдау  жҽне  категориялау 

ҥдерістерімен  тығыз  байланыста  қарастыру  қажет.  Категориалды  мағыналар  сҿз  мағынасына 

негіз  болып,  тҧрпат  межесінде  кҿрініс  табады.  Яғни  концептуалды  категориялар 

грамматикалық  категорияларды  тҥзеді.  Морфологиялық  категориялар  морфологиялық 

кҿрсеткіш ретінде ҿзіндік мағынаға ие болып, грамматикалық категория қҧрайды.  

Концептуалды  ақпараттың  маңызды  бҿлігі,  тіл  ҥшін  маңызды  болатын  мағыналар  тілдің 

грамматикасында,  ҽсіресе  морфологиясында  кҿрініс  табады.  Бҧл  табиғи,  логикалық 

сҧрыптау  негізінде  жҥзеге  асады.  Алдымен  барлық  мағыналар  лексика  деңгейінде  кҿрініс 

тауып,  кейін  олардың  ішіндегі  ең  маңыздылары  ғана  морфология,  грамматика  деңгейіне 

ҿтеді. Грамматикалық концепт – ең жоғарғы деңгейдегі жалпылау нҽтижесі болып табылады. 

Тілдің  лексикалық  жҥйесінде  грамматикалық  топтар,  яғни  сҿз  таптары,  лексика-

грамматикалық топтар, жіктер тҥзіледі. Грамматикада  кҿрініс тапқан категориялар міндетті 

болатындықтан, морфологияны когнитивті тҧрғыдан зерттеуде белгілі бір тіл ҥшін маңызды 

болатынын,  сҿйлеуші  назарынан  тыс  қала  алмайтынын,  адамзат  тҽжірибесінің  қай 

бҿлшектері ғаламның тілдік бейнесінде кҿрініс тауып, жіктелгенін анықтауға болады.  

Грамматикалық  концептілердің  мазмҧны  ҿте  жалпы  (абстрактілі)  болады.  Тілде 

морфологиялық  тҧлғалар  арқылы  берілетін  грамматикалық  мағыналар  дерексіз  сипатта 

болады. Грамматикалық концептілер лексикалық жолмен берілетін концептілерге қарағанда, 

біршама  тҧрақты  болып  келеді.  Сол  себепті  грамматикалық  концептілер  жалпыҧлттық 

деңгейде стандарттауға бейім болады. Грамматикалық концептілердің тҧрақтылығы олардың 

ғаламның  концептуалды  бейнесінің  категориалды  бҿлігімен  байланысты  болуымен  де 

сипатталады.  Морфологиялық  категориялардың  бҧл  ерекшелігін  Қ.Жҧбанов  та  атап 

кҿрсетеді: «Тіл ҿзгереді, бірақ барлық саласы бір қалыпта ҿзгермейді. Грамматика қҧрылысы 

ҿте шабан ҿзгереді. Тоқтамай калейдоскоп сияқты ҿзгерсе, грамматика да болмас еді. Демек, 



VI Халықаралық конференция

 

26 



 

грамматикада  дегеніміз  –  тілдің  бір  қалпының  белгілі  уақыт  ішінде  тҧрақтауы,  орнығуы. 

Осы  арқылы  ол  дыбыс  қҧрылысының  ҿзгеруіне  де  кедергі  болады.  Сондықтан  сҿздер  ҧзақ 

замандар  бойы  дыбыс  қҧрылысы  жағынан  бір-бірінен  алыстап  кетпейді.    Бҧдан  олардың 

ҧластығы байқалады». 

 

Лексика  мен  грамматикалық  жҥйе  ҿзара  байланысты.  Грамматика  тілдегі 



қҧбылысты бейнелейді, ал лексикаға атауыштық, бейнелеуіштік қызмет тҽн. Грамматикалық 

концептілер  –  мазмҧн  жҽне  тҧрпат  межесі  бар  грамматикалық  жҥйе  бірлігі  болып  табылады. 

Мазмҧн  межесі  ойлаудың  тҥрлі  формаларына,  концептуалдауға,    сондай-ақ  сҿйленістегі 

сҿздердің тҥрлі коммуникативті қызметіне байланысты болады, ал тҧрпат межесі грамматикалық 

категориялар,  кҿрсеткіштер  арқылы  кҿрініс  табады.  Морфологиялық  категориялар  мен 

кҿрсеткіштер концептуалды мазмҧнның қҧрылымдалу тҽсілі болып табылады. Морфологиялық 

репрезентация  концепт  қалыптастыратын  тҧрақты  элементтерді,  маңызды  бҿлшектерді 

айқындауға мҥмкіндік береді.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет