5. Қорытынды
Асылы, ҽдебиеттегі адам объектісі
қоғамдық, не ҽлеуметтік формацияға емес, осы айтқан
қоғамдық, ҽлеуметтік ҿзгерістердің адам мінезіндегі ықпал-ҽсерін зерттеуші ҿнер. Ҽлемдік
ҽдебиет ҥлгілері қай ортада болмасын адамның адам болып қалмағын қарастыратын қасиетті
қҧрал жҽне болашақ ҧрпақ тҽрбиесінде эстетикалық деңгейді нақты да толық тҥрде кҿтере
тҥсері хақ.
Әдебиеттер тізімі:
Оразбекова З.Е. Қазіргі қазақ прозасындағы ҧлттық болмыс пен имандылық мотивтер
//«Керуен» - ғылыми жҽне кҿркем-ҽдеби журнал. М.О.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер
институты, Алматы, № 1, 2008.-84-91бб.;
Оразбекова З. Ҽдебиетіміздің алтын ғасыры // «Мҽдени мҧра» - журналы. Қазақстан
Республикасы Президенттік Мҽдениет Орталығы, Астана, № 3 (30), 2010. -70-76 бб.;
Женгиз Э. Ҽдебиет – білім мен тҽрбие негізі//«Жалын» - Республикалық ҽдеби-кҿркем жҽне
ҽлеуметтік журнал. Алматы, № 4-10, 2012. -371-375 бб.
VI Халықаралық конференция
109
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ ПӘНІНДЕ
ОТАНСҤЙГІШТІК БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ
Кенжебаева Р.Н., Нҧртілеуова С.Р., Ибраева Г.А
п.ғ.к., аға оқытушы, аға оқытушы ,2-курс магистранты
М.Әуезов ат.Оңтҥстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы
Ел Президентi Н.Ҽ.Назарбаевтың ―Балаларды Отанды, туған жердi, ҿзiнiң халқын сҥюге
тҽрбиелеу - мҧғалiмнiң аса маңызды да, жауапты, қадiрмендi парызы‖ [1] - деген сҿздерi
жалпы бiлiм беретiн мектептердiң: ―Жас ҧрпақты ҧлттық игiлiктер мен адамзат мҽдени
мҧрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тҽрбиелеу жҽне ҽрбiр шҽкiрттiң жеке тҧлға
ретiнде жан-жақты дамуына мҥмкiндiк жасау‖ бағытындағы мақсаттарымен сабақтасып
жатыр. Олай болса, қазiргi таңда мектептегi идеологиялық тҽрбие жҧмысының маңызды
мiндеттерiнiң бiрi оқушылардың Отанға деген сҥйiспеншiлiгiн қалыптастыру.
Отанды сҥю, қадiрлеу, қорғау секiлдi сезiмдердi дамытудың негiзгi жолы баланың ҿзi туып
ҿскен Отанына сҥйiспеншiлiгiн қалыптастырумен байланысты. Академик Д.С.Лихачевтiң:
―Туған ҿлкесiне, мҽдениетiне, тiлiне деген сҥйiспеншiлiк, ең кiшкентай - ҿз жанҧясына,
ҥйiне, мектебiне деген сҥйiспеншiлiктен басталады. Бiртiндеп туғанына деген бҧл
сҥйiспеншiлiк кеңейiп, ҿз елiне, тарихына, ҿткенi мен бҥгiнгiсiне, ал содан кейiн адамзат
қоғамына, мҽдениетiне деген сҥйiспеншiлiкке айналады‖ [2] жҽне Е.Сағындықҧлының:
―Отансҥйгiштiк, патриоттық, қоғамдық тҽрбиесi ҿз елiн, ҿз жерiн сҥйе бiлу, қоғамдық
ҿмiрмен араласу арқылы қалыптасады‖[3] - деген сҿздерi бҧл тҽрбиенiң де тал бесiгi
отбасынан басталып, қоршаған ортаның ықпалымен қалыптасып дамитындығын кҿрсетедi.
Оқушылардың Отанға деген сҥйiспеншiлiгiн қалыптастыру адамзат тарихының ҿн бойында
ҧрпақтан-ҧрпаққа жалғасып келе жатқан ҧлы мақсат болғандықтан мектеп оқушыларының
бойында Отансҥйгіштiк сезiмдерiн дамыту бҥгiнгi кҥннiң маңызды мҽселелерiнiң бiрiне
айналып отыр.
Қазақстан Республикасының ―Бiлiм туралы‖ заңында: ―Бiлiм беру жҥйесiнiң мiндеттерi
азаматтық пен елжандылыққа, ҿз Отаны Қазақстан Республикасына сҥйiспеншiлiкке
тҽрбиелеу, бiлiм алушылардың, тҽрбиеленушiлердiң Отансҥйгiштiк, азаматтық, адамгершiлiк
жҽне жоғары моральдық сезiмдерiн қалыптастыру‖ [4] - делiнсе, ал тҽлiм-тҽрбие
тҧжырымдамасындағы: ―Ҧлттық тҽрбиенiң мақсаты ҿз елiн, жерiн, тарихын, Отанын сҥйетiн,
ҿз халқының салт-дҽстҥрiн бiлетiн, ҧлттық сана-сезiмi оянған жастарды тҽрбиелеу‖ [5] -
деген
жолдары
жҽне
Отансҥйгіштiктi
қалыптастыру
мҽселесiнiң
Қазақстан
Республикасының басқа да қҧжаттарында кҿрiнiс табуы бҧл тҽрбиенiң ҿзектiлiгiн
дҽлелдейдi.
Отан! Отан деген не? Отан дегенiмiз - ҽр адамның кiндiк қаны тамып, туып-ҿскен жерi.
Бiздiң Отанымыз - қазақ жерi, Қазақстан Республикасы. Адамдардың бақытты да баянды
ҿмiр сҥруi кҿп жағдайда Отанға деген сҥйiспеншiлiктен басталады.
Қазақ Совет энциклопедиясында ―Отан‖ - дегенiмiз адамның туып-ҿскен жерi, атамекенi, ел
жҧрты, табиғи байлықтары, халқы, қоғамдық жҽне мемлекеттiк қҧрылысы, тiл, мҽдениет,
тҧрмыс-салт жҽне ҽдеп-ғҧрып ерекшелiктерi бар белгiлi бiр халықтың тарихи тҧрағына
айналған территориясы‖ [6] - деп кҿрсетiледi.
VI Халықаралық конференция
110
Академик М.Қозыбаев: ―Отан - қазақта от басынан шығады. Ол сенiң ҥйiң, ордаң, туған
жерiң, елiң, халқың. Шын мҽнiнде Отан ананың қҧрсағында, нҽрестенi салған бесiгiнен
басталса керек‖[7] - деп жазды.
Бҧдан шығатын қорытынды - жер, Отан, атамекен мен ел-егiз ҧғымдар, бiрiнсiз-бiрi жоқ.
Қазақстанның бiлiм жҽне ғылым қызметкерлерiнiң
ҤҤ
-сьезiнде сҿйлеген сҿзiнде
Н.Ҽ.Назарбаев: ―Қазақстанның отаншылдық сезiмiн тҽрбиелеу бiлiм берудiң мектепке
дейiнгi жҥйесiнен, жоғарғы оқу орындарына дейiнгi орталықтарда барлық ҧйымдарда
кҿкейкестi болып тҧр‖[8] - деуi отаншылдық тҽрбиенiң маңыздылығын айқындап тҧрғандай.
Қазақстандық отаншылдықтың тарихи негiзi бар: бiрқатар тҥркi тiлдес халықтар қазақ,
ҿзбек, қырғыз, ҧйғыр, қарақалпақ т.б. ежелден Орта Азия мен Қазақстан жерiн мекендейдi.
Славян тiлдi халықтардың да кҿбi тҥрлi тарихи себептерге байланысты келген.
Ал, қазақ жастарын отаншылдыққа тҽрбиелеуге ҥлкен мiндеттер жҥктеледi. Ҿйткенi
Қазақстанның байырғы тҧрақты халқы қазақтар жердiң де, елдiң де негiзгi, тҥпкi иесi солар.
Сондықтан да алдымен қазақ жастарын отаншылдыққа, отансҥйгiштiкке тҽрбиелеу ерекше
маңызды.
Отаншылдық - ҿз елiңдi, халқыңды биiктен кҿруге ҧмтылу, табысы мен жетiстiгiне
сҥйсiну, жеке мҥддесiн ҧлтының асқақ мҧраттарына жетуiне жҧмсау, елiң ҥшiн аянбай еңбек
ету деген сҿз.
Республикамыз тҽуелсiздiк алғанға дейiн ―Қазақстандық отаншылдыққа тҽрбиелеу‖ деген
сҿз тiркестерiн қолданған жоқ. Кеңес Одағы елдегi барлық халықтардың Отаны, яғни КСРО
- бiздiң Отанымыз деп ҥйреттi. Қазiргi егемендiгi мен тҽуелсiздiгiн алған Қазақстан ҥшiн
осында мекендеген барлық халықтар қазақстандық отаншылдық, отансҥйгiштiк рухында
тҽрбиеленуiнiң маңызы жоғары.
Бiз зерттеу барысында «Қазақстанның физикалық географиясы» пҽнiнде оқушыларға
Отансҥйгіштік білім мен тҽрбие беру мҽселесін қарастырдық.Ең алдымен оқулық мазмҧнына
талдау жасадық. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 8-сыныптарында қазiргi таңда
Ҧ.Ҽ.Есназарованың авторлық басқаруымен шығарылған ―Қазақстанның физикалық
географиясы‖ пҽнi оқытылуда. Оқулық 2001 жылы Алматы қаласының ―Дҽуiр‖ баспасында
екiншi рет ҿңделiп, жарыққа шыққан.
Оқулықтың мазмҧнын қарастыру барысында бiз бҿлiмнiң тақырыптары бойынша
оқушылардың ойлау белсендiлiгiн арттыратын арнайы тапсырмалар мен тест сҧрақтарының,
iскерлiгi мен дағдысын қалыптастыратын сарамандық жҧмыстардың берiлгендiгiн
аңғардық. Сонымен қатар, мҧнда Қазақстан территориясындағы нысандар мен
қҧбылыстарды бейнелейтiн карталар мен суреттер жоғары сапалы фонмен берiлген.
Оқулық мазмҧнындағы тағы бiр жетiстiк қазақтың бiртуар азаматтары Ш.Уҽлиханов,
Қ.Сҽтпаевтар мен шығыс ойшылдары атанған ҽл-Фараби, М.Қашқари еңбектерiнiң берiлуi
жҽне де ―Туған ҿлке‖ географиясының қарастырылуы.
Оқулық текстiндегi суреттер арқылы оқушыларға елiмiздiң ҽсем табиғаты мен сҧлу
кҿрiнiстерi туралы мҽлiметтер берсек, картаның негiзiнде ҧлан-байтақ жерi мен қазыналы
қойнауынан хабардар етемiз. Ал Ш.Уҽлиханов, Қ.Сҽтпаевтар жайындағы мағлҧматтар
бойынша ҿз елi, жерi ҥшiн аянбай еңбек етiп, ҿшпестей iз қалдырған қазақ азаматтары
туралы мҽлiметтер алады.
Мҧның барлығын оқушылардың Отансҥйгіштік сезімін қалыптастыру дың бастамасы деуге
болады. Мысалы; суреттер арқылы атамекен табиғатының сҧлулығын сезiнуге, карта арқылы
VI Халықаралық конференция
111
байлығын бiле алады. Оқулықтың соңында осы пҽндi оқытудың кҥнтiзбелiк жоспарының
ҥлгiсi берiлген.
Бiз зерттеу барысында оқулықтың кейбiр тақырыптарының Отанға деген
сҥйiспеншiлiгін қалыптастыруының мҥмкiншiлiгiн қарастырдық. Мысалы, “Қазақстанның
географиялық орны мен шекарасы” атты тақырыпқа кiрiспес бҧрын Қазақстан жерiнiң
ҧлан-байтақ кеңдiгiн, оның ата-бабаларымыздан қалған баға жетпес байлығымыз екендiгiн
айта келе, ―Азияның кiндiгi‖ аталу себебiне тоқталған жҿн. Ҧрпағына мҧра етiп қалдыру
жолында жерi, елi ҥшiн аянбай кҥрескен батыр да ержҥрек ҧл-қыздарымыздың ерлiктерiн
айтпай кетуге болмайды. Отанды қорғау, сҥю жолындағы Кҥлтегiннiң, хан Мҥде, Ер Тҧңға,
Ширақ батырлар мен Тҧмар, Заринадай қыздардың ерлiктерi жайындағы аңыз-ҽңгiмелердi
енгiзудiң мҽнi зор. Бҧдан оқушылар Отанды қорғау дҽстҥрiнiң кҿнеден келе жатқанына куҽ
болады. Шекара ҧзындығын, шектесiп жатқан кҿршiлес елдердi кескiн картаға бейнелеп,
Қазақстанның қазiргi шекарасы барысындағы саяси жағдайларға да тоқталуға болады.
Қазақстанның физикалық-географиялық сипатын тҿмендегідей ҿрнектеуге болады. Мысалы,
Туған жерiм, ҿскен елiм
Кең байтақ Қазақстаным.
Батыстағы Каспийден, Шығыстағы Алтайға дейiн
Бҽрi менiң Отаным.
Бидайға толы жерiм бар,
Қазбаға толы елiм бар.
Қорам толы қойым бар,
Ауасы таза тауым бар.
деген жыр жолдары арқылы суреттеуге болады. Жыр жолдары кiрiктiрiлген сабақтар:
бiрiншiден, пҽнаралық байланысты нығайтады; екiншiден, ҿлең жолдарын сабақта қолдануға
мҥмкiндiк бередi; ҥшiншiден, жыр арқылы оқушыларды жерiмiздiң кеңдiгiмен, қойнауы
қазыналы бай ел екендiгiмен таныстырады.
“Қазақстанның физикалық географиясы” пҽнiнде Ҽбу Насыр ҽл-Фараби
еңбектерi жеке сабақ ретiнде берiлген. Отырар топырағында дҥниеге келген ҽл-Фарабидiң
туған елiнiң ҿркендеуi ҥшiн аянбай еңбек еткенiн, ҽсiресе елдiң ертеңi ҧрпақтар тҽрбиесiне
арналған бiрнеше шығармалар жинағын жазғанын айта кету керек. Оның Отанын ҽрдайым
қадiр тҧтып алыста жҥргенде сағынышпен еске алғанын ҿлең жолдары арқылы келтiре
отырып, мақалдар арқылы ҿрнектеу, оқушылардың Отанның қадiрiн бiлуге, сҥюге
тҽрбиелейдi. Мысалы: оның
Кешiр менi, туған жер,
Сенi артқа тастадым.
Кешiр менi, туған ел,
Жолды алыс бастадым…
деген жыр жолдары оқушылардың санасына қанша ҧлы, қанша атақты адам болсаң да ҿз
Отаныңды ешуақытта ҧмытпа деген тҥсiнiктi қалыптастырады.
Немесе, М.Ҽлiмбаевтың ―Ҽл-Фарабиге арыз‖ ҿлеңi де осы мағынада айтылған,
VI Халықаралық конференция
112
Туған жерден керек едi-ау кетпеуiң,
Туған жерге керек едi-ау еккенiң.
Неге болсын керек едi-ау кҿнуiң,
Елмен бiрге керек едi-ау кҿруiң.
Бҽрiн тастап неге кеттiң тегiнде,
Бақытын ер iздемес пе елiнде!…
Ш.Ш.Уəлихановтың саяхаты мен зерттеулерi тақырыбында Шоқанның
Отанның сҧлулығына тамсанып, толғана айтқан кҿркем сҿздерiн қолданудың маңызы зор.
Шоқан ҿз жерiнiң сҧлулығына ҿмiрiнiң соңына дейiн сҥйсiнiп ҿткен. Мысалы, ол ―Ыстықкҿл
сапарының кҥнделiгi‖ атты еңбегiнде: ―Мен Аякҿздi сҥйемiн жҽне таң-тамаша кҿремiн.
Бҽлкiм, бҧған бiр кезде осы ҿзеннiң бойында болған сҧлу Баянның алтын айдарлы Қозы
Кҿрпешке ғашықтығы жайындағы тамаша аңыздың да ҽсерi аз емес шығар‖[9] - деп жазса,
қазақ жерi туралы - Днепр мен Оралдан бастап, сонау Амур мен Зунгари - оларға дейiнгi
ҧлан-байтақ жерлердiң бҽрi бiзге бiр жерден бiр жерге кҿшiп - қонып, кезiп жҥрген
кҿшпелiлердiң кең жазық сахарасындай болып кҿрiнедi. Малдан басқа кҥн кҿрерi жоқ
кҿшпелi азиялыққа жайлы мекен болған бҧл байтақ сахара ежелден берi соның тҧрақты жаз-
жайлауы, қыс қыстауы болып келедi‖[9] - дедi. Шоқан қазақ жерiн зерттеуде аянбай еңбек
еттi. Ол ҿз елiн жанындай сҥйген қазақтың патриот ҧлы болды. Шоқанның елiн, жерiн
сҥйген қасиетiн айта келе, оқушыларды оның осындай қасиеттерiне тҽрбиелеу керек.
Асан Қайғының қазақ жерi туралы айтқан ҿсиеттерi мен нақыл сҿздерiн
―Қазақстанның iрi табиғат аудандары‖ тарауын ҿткенде кiрiстiруге болады. Оның
еңбектерiнде жерiмiздiң ҽсем табиғаты, шҧрайлы жерлерi, аңызақ шҿлдерi қарастырылған.
Оның желмаяға мiнiп алып, Жерҧйықты iздеуi, қазақ жерiнiң ҽрбiр ҿзен-суына, кең-байтақ
даласына берген бағасы осы кҥнге дейiн ҿз қҧнын жойған жоқ.
Мысалы: ―Шҿбiң шҥйгiн, суың бал, топырағың май екен, қадiрiңдi егiн салған ел бiлер‖
(Сыр бойы);
―Бос жҥрген жылқысы шiлдерлеулi атан алысқа ҧзамайтын нағыз жылқы ҿрiсiнiң жерi екен‖
(Шiдерлi ҿзенi);
―Ҽр жотасынан қора-қора қой ҿретiн жер екен‖ (Ҥшқара тауы);
―Бҥлдiргенi бҥйректей, алмалары жҥректей, бҧл жердi қалай қиып кетерсiң‖ (Алматы ҿңiрi);
―Жерiнде суы жоқ, шыңында шҿбi жоқ, қҧла тҥз екен‖ (Маңғыстауды);
―Екi басса бiр мазар, малда береке болмайтҧғын, екi басса бiр мазар, баста береке
болмайтҧғын, базары жақын-байымас, мазары жақын -кҿбеймес‖(Сайрамды) т.б. ҿсиет
сҿздерiмен
Басқаның бҽрiн қисаң да,
Жуалыны қимайсың.
Бҿктерiп алып кетер ем,
Ат бауырына сыймайсың…
Сабақта ҿсиет сҿздер мен ҿлең-жырлар арқылы баланы халықтық дҽстҥрлермен
сусындатамыз жҽне Отаны жайында бiлiмiн тереңдетiп, Отанға деген сҥйiспеншiлiгiн
оятамыз.
«Қазақстанның физикалық географиясы» пҽнінің оқулығы мен бағдарламасын қарастыра
отырып, біз оқушылардың Отанға деген сҥйіспеншілігін қалыптастыруға мҥмкіндік беретін
сабақтарды кҿптеп қҧрастыруға болатынына кҿз жеткіздік.
Қорыта айтқанда, «Қазақстанның физикалық географиясы» пҽнінде оқушылардың Отанға
деген сҥйiспеншiлiк сезiмiнiң тҿмендегiдей сапаларын қалыптастыруды кҿздедiк:
VI Халықаралық конференция
113
- Отанға деген сҥйiспеншiлiк, Отан табиғатын сҥю, Отанның орман-тоғайы, ауасы мен суы,
кҿлi-шҿлi, тау-тасын қорғау, аң-қҧстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау, кҥтiп-
баптау:
- Отанға деген сҥйiспеншiлiк - ҿз ҧлтын сҥю, Отанын сҥю, ҧлттың ҽдет-ғҧрпын, салт-
дҽстҥрiн қастерлеу, ҧлт мҽдениетiнiң ҿркендеуiне, ел экономикасының гҥлденуiне ҥлес қосу.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1 Назарбаев Ҽ.Н. ―Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бiрлiгiнде‖, - Алматы:
Қазақстан, 1993. – 56 б.
2 Сарбасова Қ. Нҽрлi қайнар // Бастауыш мектеп. 1997, №2. - 28 б.
3 Сағындықҧлы Е. Педагогика. -Дҽрiстер курсы. – 25 б.
4 Қазақстан Республикасының Бiлiм беру туралы заңы // Егемен
Қазақстан. 1999, 11-маусым. - 8-бап.
5 Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiнiң тҽлiм-тҽрбие тҧжырымдамасы. 1993. 5-
ақпан.
6 Қазақ-совет энциклопедиясы. - Алматы: Қазақстан. 1972. 8-том.-610 б.
7 Қозыбаев М.Тҽуелсiздiк даңғылы // Ақиқат, 2001. №4. -3 б.
8 Назарбаев Ҽ.Н. Бҧл қҧрылтай-қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа бiртҧтас ҧлт ретiнде
нық қадам басқанның белгiсi // Ақиқат, 2002. №12. – 11-12 б.б.
9 Уҽлиханов Ш.Таңдамалы. - Алматы: Жазушы, 1985. - 15-20 б.б.
VI Халықаралық конференция
114
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕ ҚАЗАҚ МӘДЕНИ
ҚҦНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Г.С. Қҧрманбай З.Жҧматаева –
п.ғ.д., Назарбаев Университетінің профессоры, Астана қаласы
п.ғ.к., Назарбаев Университетінің ассистент профессоры, Астана қаласы
Резюме
This article is dedicated to the problem of efficient application of interlinguistic and intercultural
similarities in teaching the Kazakh language to Turkic-speaking students.
Кілт сҿздер:
Мҽдениет,қазақ тілі, лингвоелтаным, оқыту, ҽдістеме, фондық білім, қҧзірет, мҧра, ортақ
сҿздер, коммуникативтік, тілдік-лингвистикалық.
Білімді мҽдениеттің жинақталған қоры ретінде ҧрпақтан-ҧрпаққа меңгертетін болсақ, онда
қазақ тілі туралы білім беру дегеніміз – қазақтың мҽдениетін (материалдық жҽне рухани)
таныту, игерту болып табылады. Сонда бҧл жол - қазақ тілін ҿзге тілді аудиторияда оқыту
ҽдістемесінің жаңа қыры болып танылады.
Қазақ тілі – қазақ халқының мҽдениетін жинақтаған ерекше жҥйе. Мҽдениет пен
тілдің байланысы туралы идея, ғалымдардың айтуынша, 18 ғасырда басталған. Десек те,
мҽдениет пен тілдің байланысын зерттеу мҽселесі 20 ғасырдың 70-жылдарындабасталды.
Оны бастауда орыс тілшілері мен ҽдіскер ғалымдарының еңбегі ҥлкен екенін айта кету
керек.
Тілші ғалымдар арасында тілдің экстралингвистикалық фактілеріне кҿп жҥгіну қандай да бір
«ҽлсіздікті» танытады деген идея болып келгені белгілі. Ал, шындығында тілдегі мағына мен
мазмҧн - адамныңҿмірлік іс-ҽрекетінің тҥрлі саласынан жинақталған бай ақпарат екендігі
анық.
Осы
мҽселеге
қазіргі
кезде
аса
ден
қойылып,
тілді
зерттеудің
лингвомҽдениеттанымдық аспектісі дамып келе жатыр. Лингвомҽдениеттанудың дамуы
барысы енді тілді оқытуға да ҿзінің игі ықпалын тигізе бастады. Сондықтан лексика-
грамматикалық оқу материалын, мҽтіндерді оқыту барысында олардың мазмҧнындағы
«мҽдени компонентті» тану, таныту мҽселесі ҿзекті болып отыр. Сҿздің мҽдени компонентін
таныта отырып оқыту қазақ тілін сапалы меңгертудің маңызды бір шарты деп санаймыз. Бҧл
бағыт ҿз кезегінде қазақ халқының мҽдени-тарихи даму аясына еніп, тіл ҥйренуші
студенттіңқазақ елін, тарихын, тілде сақталған қазіргі жҽне ҿткен заман «таңбаларын» тани
білуге, ҿз бетімен ізденуге, сҿйтіп ҽлеуметтік шындықтың болмысын тануға жетелейді.
О.С.Ахманованың айтуынша, кезкелген қатысымдық актінің жҥзеге асуының тікелей шарты
– сҿйлеуші мен тыңдаушының екеуінің де ҿзара тілдік қатысымның нысаны болып тҧрған
реалияны білетін болуы керек [1]. Ондай реалияларды лингвистикада «фондық білім»
(«фоновые знания») деп атайды.
Лингвоелтанымның негізгі зерттеу нысаны ретінде «фондық білімді» тереңқарастырған
ғалымдар – Е.М.Верещагин мен В.Г.Костомаров болатын. Осы ҥлкен ғалымдардың
еңбектерінің негізінде «лингвоелтаным» саласы –ресейлік ғылымда ҿз орнын алып келе
жатқан дербес бір салаға айналып келеді. Е.М.Верещагин мен В.Г.Костомаровтың
«лингвоелтаным» саласын ҥлкен арнаға айналдыра алуыныңҥлкен бір себебі, ол
ғалымдардың екінші тілді оқытуды тар аядағы ҽдістемелік жолмен ғана емес, лингвистика,
психология, психолингвистика, ҽлеуметтану, ҽлеуметтік лингвистика салаларын теориялық
негіз етіп алуында жатыр.
Т.Д.Томахиннің пікірінше, лингвоелтаным фондық білімді негізгі нысан ете отырып, сол
арқылы тілді тасушы халықтың тілдік жҽне этникалыққоғамдастық ерекшеліктерін анықтау
керек. Бҧл мҽселені, кҿп жағдайда, ҽлеуметтік лингвистика шешуге тиіс деп танылып келгені
VI Халықаралық конференция
115
белгілі [2]. Е.М.Верещагин мен В.Г.Костомаров – фондық білімнің бар екендігі туралы, оның
тілтаным мен тілді оқытудағы маңызы туралы ғылыми негізде дҽлелдеген ғалымдар болды.
Тілдің лексикалық семантикасындағы кумулятивтік функцияның мазмҧнында «кеніш»
болып жататын фондық білім – адамзаттыңҿзін қоршаған ортаны игеруі барасында жинақтай
берген білімінің мазмҧны болып таныла бастады. Сҿздің семантикасы бір ғана лексикалық
мағынамен танылмайтыны, мағынаныңҿзі кҿпқабатты жҥйе екендігін танытқан ғалымдар -
Е.М.Верещагин мен В.Г.Костомаров болды.
Лингвоелтаным саласыныңҽлі де шешілмеген мҽселелері кҿп болатыны белгілі. Сондай
кҥрмелген мҽселелерді шешуге Т.Д.Томахин ҿз тарапынан лингвоелтанымның зерттеу
нысанының аясын нақтылау, шеңберлеу керек деген пікірін білдіреді. Фондық білім беру
деп айтқанымызбен, ғалымның пікірінше ол білімді жҥйелілікпен беру мҥмкін емес, ҿйткені
фондық білімнің иерархиялыққҧрылымы ҽлі де танылған жоқ. Ал Е.М.Верещагин мен
В.Г.Костомаров тарапынан бҧл мҽселені шешудің мынадай ҽдісі ҧсынылады: сҿздің
семантикалық компонентінің мазмҧнына классификация жасап, оларды экзотериялық
(сыртқы) жҽне эзотериялық (ішкі) деп бҿлу керек. Ғалымдар сҿздің лексикалық фонын
семантизациялау барысында сипаталауы тиіс бҿлшек - эзотериялық бҿлшек болуы тиіс, ал
экзотеориялық бҿлшек болса сҿздің лексикалық фонына кіргенімен, оныңсемантикасынан
тыс аяда жатады деген пікір білдірді.
Тіл – мҽдени жҽне тарихи ақпаратты сақтаушы қор ретінде ҿзінің кумулятивтік функциясын
атқарады. Тілдегі коллекция мен ақпараттылық – тілдіңқатысымдыққызметінен кейінгі,
басты маңызды қасиетіне жатады. Кумулятивтік қызметінің арқасында ғана тіл ҧрпақтан-
ҧрпаққа мирас болып қала алады. Тілдің кумулятивтік қызметін лексикалық жҥйе айқын
таныта алады. Ҿйткені лексика адамды қоршаған ортаның атаулары ретінде сыртқы ҿмір
шындығына жақын бола алады.
Қазақ тілін елтаным бағытында оқыту арқылы қазақ тіл мҽдениеті туралы, сҿйлеу мҽдениеті
туралы мҽліметтер беру қажет. Студенттіңқазақша тілін дамытуды негізгі мақсат дегенде,
сол тіл дамыту аталған қҧзіреттерді қалыптастырумен тікелей байланыста ҧғынылады.
Студенттердіңқазақша сҿйлеу қабілеті қазақ тілі қҧрылымына сҽйкес дамытылуы кҿзделеді.
Қазақ тілі жҥйесіндегі фонетика – қазақ тілінің дыбыстық жҥйесін оқытуға, лексика – қазақ
тіліндегі сҿздік қорын дамытуға, грамматика – қазақ тіліндегі сҿздердің тіркесімін, сҿйлем
қҧрауға, мҽтінді қҧрау мен қабылдауға негіз болады. Бірақ бҧлардың барлығы қазақ тілінің
кумулятивтік функциясы арқылы танылатын лингвоелтаным бағытында меңгертіледі.
Аталған қҧзіреттерге нақты тоқталайық:
Тілдік – лингвистикалыққҧзірет. Тілдік-лингвистикалыққҧзірет қазақҽдеби тілінің
нормаларымен жҽне олардың жазба, ауызекі сҿйлеудегі сақталуына ҥйретеді. Ал
лингвистикалыққҧзірет – қазақ тілінің жҥйелік-қҧрылымдық болмысы туралы берілетін
білім арқылы қалыптастырылады.
Коммуникативтік қҧзіретқазақша сҿйлеу ерекшеліктері, тҥрлері, қазақша айтылым,
тыңдалым, оқылым, жазылымдағы білік-дағдыларын дамыту арқылы қалыптастырылады.
Тҥрік студенттердіңҧлттық сҿйлеу мҽнері қазақ халқының сҿйлеу мҽнеріне жақын
келетіндіктен, бҧл ерекшелікті олардың коммуникативтік қҧзіретін қалыптастыруда шебер
қолдануға ҽбден болады.
Мәдениеттаным қҧзіретіқазақ тілі жҽне осы тілде таңбаланған қазақ халқының
материалдық жҽне рухани мҽдениеті туралы білімді меңгерту арқылы қалыптасады.
Студенттеріне қазақ тілін ҥйрете отырып, қазақ тілі - қазақ халқының еңқҧнды мҧрасы,
қазынасы, бір ҧрпақтан екінші ҧрпаққа қалдыратын мирас дҥниесі екенін осы ҥш қҧзіретті
қалыптастыру арқылы ғана ҧғындыруға болады. Қазіргі қазақстандық жастардың, оның
ішінде қазақ жастарының, қазақ тілін қажетті деңгейде білмейтіндігі, тҥркиялық
студенттерге де ҽсерін тигізетін сияқты болуы мҥмкін. Ал, шындап келгенде, қазақ
тілініңмҽдениеттанымдыққырына мҽн бере оқыту арқылы тҥрік студенттерге қазақ тілін
меңгертуді сапалы жаңа сатыға кҿтеру жолдарын табуға болады.
Мҽдениет – кҿп қырлы танылмаған заңдылықтары мол ерекше тҥзілім. Оның тҧтас
болмысын танып білу де сипаттауда мҥмкін емес. Ал мҽдениеттің тілдегі кҿрінісін біз сол
тілді игерген тілдік тҧлға арқылы тани алар едік.
VI Халықаралық конференция
116
Қазақ жҽне тҥрік халықтарының кҥйлері, ҽндері, билері, салттары, кҿп ретте,
салыстырмалыдан гҿрі, салғастырмалы ҽдісті қажет етеді. Егер екі мҽдениеттің басталар
арнасыбір болса, қазір екеуіекі ҥлкен арнаға айналған мҽдениет жҥйесі.Оларға қысқаша
сипаттама беріп кҿрейік:
1 - кесте. Қазақ жҽне тҥрік мҽдениет ҥлгілері
Қазақмҽдениетҥлгілері
Тҥрікмҽдениетҥлгілері
1
2
Ритмикалықмузыка
Күйжанры «Сарыарқа»
АтақтыхалықкҥйшісіҚҧрманғазыныңшоқтығ
ыбиіктуындысы.
«Сарыарқа»
арқылыкҥйшіқазақхалқыныңеңбірширыққант
ағдырын, шамырқанғанболмысынкҿрсетеді.
Табиғаттыңҿзіндейтабиғидамудыҿмірсалтые
ткенкҿшпенділердіңбодандықбҧғауындағыбҧ
лқынысы.
Тҥрікхалқындакҥйжанрыжоқ.
Әнайту
Қазақтыңхалықәні «Елім-ай»
Қазақхалқыныңтарихындағықайғылыда,
қасіреттіжылдарындағықазақхалқыныңмҧңы
меншерінбейнелейтінҽн.
Ҽнсонау
«Ақтабаншҧбырындыжылдарында»
еліменжеріненайрылып,
жапашеккенерлердің, ҧлынаайрылғанананың,
ҽке-шешесіненайрылып,
жетімқалғанбаланың,
қарындасынанайрылғанағаныңзарын,
халыққасіретінжеткізеді.
Түрікхалықәні «Yüksek-Yüksek tepelere ev
kurmasınlar»
Туғанжерденалыс-
шалғайдажҥргенжанныңелінедегенсағынышыме
нмҧң-зарынбаянетеді.
Елгедегенмахаббатпенсарғайғансағыныштантуғ
анҽн.
Қазіргікездехалықарасындақызҧзатутойындаор
ындалады.
Халықбиі
Халықбиі «Қамажай»
Қазақхалқыныңтҧрмыс-тіршілігін,
дҽстҥр-
салтынбейнелейтінҧлттықбиі.
Би
-
қазақхалқыныңкестетігу, киізбасу, жіпиіру,
сияқтықолҿнеріненкҿрінісбереді.
Бҧлқазаққыздарыныңжастайынаніскерлікке,
еңбекқорлыққа,икемділіккетҽрбиеленгендігін
іңайқындҽлелі.
«Kartal» қазақшабүркітбиі
Бҧлбидінегізіненержігіттерғанабилейді.
Тҥркіхалықтарыныңбірі
–
бҥркіт.
Бҥркітеңбиіккеҧшатын,
еркіндікпенбиіктіктісҥйетінқҧс.
Бидіңмазмҧны – ержігіттібҥркітсындыҿрлікке,
қайсарлыққа,
батырлыққа,
еркіндікпенержҥректіліккетҽрбиелеу.
Салт-дәстҥр
VI Халықаралық конференция
117
Асберу
«Ҿмірҿлімдіжеңеді» ҧстаным
-балуанкҥрестіру
-бҽйге
-кҿкпаршабу
Адам
ҿлсе
де
артындақалғанҧрпақтарыоныңҿмірініңжалғас
ыболатындығыныңайқынкҿрінісі.
«Kına gejesi»
Қызҧзатыларданбіркҥнбҧрынқыздыңҥйінежеңге
лері
мен
досқыздарыжиналып,
ҽнсалып,
бибилейді.
Ас
ішіліпболғаннанкейінқыздыортағаалады,
қыздыңалақанынақынасалып,
саусақтарынбҥгеді,
қолдыңсыртынанҽдеміҿрнектеліпжасалғанқалта
шакигізіп,
байлайды.
Қызсыңсуайтады.
Оданкейіналақанындағықынанықалташаныңіші
ндеқалдырып, оныңаузынмықтапбайлайды да
жігіткежібереді.
Бҧлдҽстҥрқыздыңҽке-
шешеніңҥйіненкетерденбҧрынғыдостарыменқо
штасуы.
Ал
алақанғасалынғанқына
–
болашақжарынаҿмірлікадал
жар
болу,
оныңжолындақҧрбанболуға
да
даярекендігініңбелгісіретіндежасалатындҽстҥр.
Қазіргі кезеңде тек сонау алыс дҽуірдегі ҧлттың шынайы ҿмірдің жаңғырығы ғана
қалғанымен, ҧлттық мереке, салт-дҽстҥрлердің алғашқы шығу тегіндегі мҽні жоғалып
қалғаны анық. Бірақ мҽдениетте тілде таңбалана алатын ерекше қҧрылымдар болғандықтан,
тілден тыс қҧралдардың ҽлеуметтік қҧрылым тҥзу тҽсілдері ҿмір сҥретіндіктен салт -
дҽстҥрлер ҧлттық негізді қҧрайтын діңге айналып отырады.
Мҽдениетаралық қатысым, мҽдениетаралық диалог қҧрудың кішкентай элементі осындайдан
басталады. Бірақ басты мақсатымыз – мҽдениетаралық диалог қҧра алатын, ел мен елдің
арасында елшілік қатынас жасауға ҧмтылатын, азаматтық позициясы айқын жҽне ҿмірлік
ҧстанымдары ҿмірді сыйлауға бағыталған жеке тҧлга қалыптастыратын, дамытатын
ҽдістемелік жҥйе жасау.
Болашақтағы ҥлкен мҽдениетаралық коммуникация ҿкілдерінің бірі ретінде бҥгінгі таңда
қазақ тілін ҥйреніп жатқан шетелдік студенттерінің бойында тіл мен мҽдениет туралы
ғылыми білім негіздерін қалыптастыру ісі мен адамгершілікке тҽрбиелеу ісі - Адам
қалыптастырудың айрымас екі жағы.
Пайдаланылғанҽдебиеттер
1
Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М., Советская энциклопедия.
1969
2
Томахин Т.Д.Фоновые знание как основной предмет лингвострановедение. Ин.яз.
в школе, 1980, № 11. – 9-12с.
3
Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура: Лингвострановедение в
преподавании русского языка как иностранного. – М.: Рус.яз., 1990.
4
Ќайдаров Є., ОразовМ.Т‰ркітануѓакіріспе. – Алматы: Арыс, 2004, 220б
5
Томахин Т.Д. Фоновые знание как основной предмет лингвострановедение. Ин.яз.
в школе, 1981, № 7. – 14-17 с.
VI Халықаралық конференция
118
Достарыңызбен бөлісу: |