шахристан рабад Ортағасырлық қала үш бөліктен тұрды:
Қаланың орталық бөлігі цитадель – ішкі бекіністе қала билеушісінің ордасы орналасты. Цитадельде қуатты қорғаныс жүйесі, салтанатты дәліздер, сақтау қоймалары болды.
Цитадельдің сыртын шахристан қоршап тұрды, мұнда қала ақсүйектері қоныстанды.
Шахристанмен іргелес рабад (қолөнер-сауда орны) орналасты. Онда қаланың негізгі халқы өмір сүрді. Мұнда шеберханалар мен мекенжайлар салынды. Рабадта қорғанмен қоршалды.
VI-VIII ғасырларда Шу алқабында ірі қалалар мен көптеген шағын қоныстар болды.
VI-VIII ғасырларда Шу алқабында ірі қалалар мен көптеген шағын қоныстар болды.
«Хұдуд әл-алам» деректерінде: «қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болды». (Ұлы Жібек жолы)
Көне түркі руна ескерткіштерінде «балық» қала, «барқ» ғимарат».
VI-IX ғасырларда қала мәдениетін дамытуда
Ұлы Жібек жолы және халықаралық керуен саудасы маңызды рөл атқарған
Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында
қарқынды сауда
қалалар
бекіністі қалашықтар
Ерте орта ғасырдар кезеңінде сауда айырбас және ақша түрінде жасалды. Көшпелілермен арадағы айырбас саудасы осы кезеңнің үлкен қалалары Испиджаб, Отырар, Таразда өткізілген жәрмеңкелерде іске асырылды.
Ақша айырбасының болғандығына Отырар, Суяб, Тараз қалаларында жасалған теңгелердің табылуы дәлел бола алады.