Бұл қала туралы дереккөздерде «онда түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрғаны, ал қала тұрғындарының жартысын көпестер құрағаны» айтылады.
Суяб теңгесі сапасының жоғарылығы соншалықты, бұл ақша Х ғасырдың соңына дейін айналымда болды.
Тараз бұл кезеңде маңызды сауда орталығына айналды. Ол тарихи деректерде «көпестер қаласы» ретінде аталды.
Тараз бұл кезеңде маңызды сауда орталығына айналды. Ол тарихи деректерде «көпестер қаласы» ретінде аталды.
VII ғасырдың соңы – VIII ғасырдың басындағы Орталық Азия, Қытай, Византия билеушілерінің теңгелері осы кезеңде халықаралық сауданың кең дамығанын айқындайды.
Орта ғасырлар кезеңінде Қазақстан аумағындағы сауда үш бағытта қалыптасты: 1) елдер арасындағы сауда, оның ішінде керуен саудасы;
2) қалалар мен егіншілік аймағы арасындағы сауда (астық, көгөніс және басқа азық-түлік түрлерін маңызды қолөнер бұйымдарына айырбас жүргізілді);
3) қалалар мен көшпелі дала арасындағы сауда. Мұнда қолөнер мен егіншілік өнімі малға және малшаруашылығы өнімдеріне айырбасталды.
Руна жазуы
568 жылы Византия императорының сарайына келген түрік елшісі Маниах қағанның жолдау хатын алып келген.
582 жылы алғашқы түркі қағандарының ерлік істері жазылған құлпытас орнатылды.
Қазіргі қазақтардың арғы ата-бабалары пайдаланған жазудың ежелгі үлгілері Орхон-Енисей немесе көне түркі руна жазуы деп аталады.
VI-VII ғасырларда Орталық Азияның, Төменгі Еділ бойының, Солтүстік Кавказдың түркі тілдес тайпалары өз жазуын пайдаланды.