Алғашқылардың бірі болып еуропалық ғалымдар XVIII ғасырда зерттей бастады.
Құпия жазуды руна ретінде қабылдап, қателік жіберді.
Себебі, герман, скандинавиялық руна жазуына өте ұқсас (руна – құпия деген гот сөзімен байланыстырады).
1893 жылы дат ғалымы В.Томсен алғашқы «Тәңір» сөзінің құпиясын ашты. «Кілті ашылған орхон жазулары» атты кітабында көне түркі жазуларының толық әліпбиі, аудармасы жарияланды.
Енисей алқабынан 150-ден астам руна жазулары табылды. Олардың көп бөлігін ақсүйектерді жерлегенде қойылған құлпытастар құрайды. (көне түркі әдеби тіл, Алтай, Шығыс Түркістан)
Енисей алқабынан 150-ден астам руна жазулары табылды. Олардың көп бөлігін ақсүйектерді жерлегенде қойылған құлпытастар құрайды. (көне түркі әдеби тіл, Алтай, Шығыс Түркістан)
Руна жазуымен түркі мәтіндері құлпытастарда, теңгелер мен қола айналарда, қыш, тері, алтын және күміс ыдыстарда, қағазда жазылды.
Мыңдаған көне түркі қолжазбалары мен үзінділері Ресей Ғылым академиясында, Германияда сақталған. Швеция, Финляндия, Лондон, Париж, Пекин қалаларында да көне түркі жазуының үлгілері кездеседі.
Ағашқа оймыш (ксилография) әдісімен басып жазу түркілердің жетістігі. Ксилографияның шығу тегі мөрден басталады. Түркі тілінде бұл әдіс алғаш рет VII ғасырдың бас кезінде қолданылған.
Ғалым С.Е.Малов өзінің «Көне түркі жазуының ескерткіштері» атты еңбегінде: «Шығыс Түркістанда қағаз өндіру, Қытайдағыдай сол кезеңде басталған» деп атап өтеді.