Шу және Талас алқабында, Алатау аңғарында тұрғындар суармалы егіншілікпен айналысты. (Каналдар, арықтар, суқоймалары, өзен суын көтеруге арналған бөгет орындары)
Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу ежелден отырықшы-егіншілік мәдениеті дамыған өңір еді.
Мүсіндер қабірлерге және ғибадат өткізілетін жерге тұрғызылды;
Ислам дінінің таралуына байланысты адамды бейнелеу дәстүрі жойылды. Дешті Қыпшақта ХІІ-ХІІІ ғасырларға дейін балбалдар орнатылып келді.
Қала мәдениеті
Ерте орта ғасырларда қала мәдениеті Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтарында дамыды.
Оңтүстік Қазақстанда ортағасырлық қала мәдениеті ежелгі қаңлылар дәстүрінде қалыптасты. Осы аумақта қала мәдениетін өркендетуде соғдылар маңызды рөл атқарды.
Ең ірі Тараз «әйгілі түркі қаласы» ретінде атап көрсетілді.