Viii халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату» Астана қ. Халықаралық мектебі


Новый проект ОЭСР: Будущее образования



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата10.01.2017
өлшемі4,11 Mb.
#1576
1   2   3   4   5

Новый проект ОЭСР: Будущее образования  

и развития навыков для 2030

В связи с быстрыми и частыми переменами, наш мир 

становится более неустойчивым (V), неопределенным (U), сложным 

(С) и неоднозначным (А). Мир VUCA полон проблем, которые трудно 

предсказать. В ответ на эти вызовы в июле 2015 года запущен проект 

«Будущее образования и навыков: ОЭСР Образование 2030», который 

является частью «Мобилизации знаний» подпункта «Анализ внедрения 

реформы; управление изменениями и наращивание потенциала». Данный 

проект – это возможность внести вклад в процесс разработки и развития 

куррикулума более системно и основываясь на доказательствах. Проект 

направлен не на определение того, каким должен быть куррикулум, 

а на установлении общего языка и пространства/места, где страны 

коллективно и индивидуально могли бы изучать вопросы разработки 

образовательных систем. Было решено, что проект использует язык, 

который нацелен, в первую очередь, на разработчиков образовательных 

политик. Главным вопросом, на который ищет ответ участника проекта, 

является «Какие знания, навыки, отношения и ценности должны 

развивать учащиеся к 2030 году?» АОО «Назарбаев Интеллектуальные 

школы» были определены национальным координатором от Казахстана. 

Ожидается, что участие Казахстана в данном проекте внесет 

значительный вклад в образовательные изменения, происходящие 

сегодня в стране.



Михо Тагума

12 

VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

27–28 қазақ 2016 ж.

Павел Лукша Москва мектебінің СКОЛКОВО басқармасының 

профессоры. Мектеп аясында Халықаралық жұмысты ұйымдастыру 

және РФ Білім беру минстрлігімен бірлесе  Сколково білім беруді дамыту 

(SEDEC) орталығында білім беруді дамыту бағытындағы жобаларды 

жүргізеді. 2014 жылдан бастап Global Education Futures - 21 ғасырдағы 

ғаламдық білім беру моделін және халықаралық платформада келешекті 

талқылау инициативасын  басқарады. Жоба «Білім берудің форсайты 

2035» ресейлік жобаның жалғасы болып табылады, ол жобаны Павел 

2010 жылдан бастап басқарып, ресейлік Стратегиялық инициатива 

агенттілігі қолдауымен 10 мыңнан астам жаңашыл бастамаларды тартты 

және мектепте, кәсіптік – техникалық білім беруде жүйелі білім беру 

жаңалықтарын жүзеге асыруға көмектесті. 

2012 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі біліктілік форсайт жобасына 

жетекшілік етеді, осы жоба негізінде 2014 жылы «Жаңа мамандықтар 

атласы» жарық көрді – әлемдегі жаңа және пайда болған мамандықтар 

бойынша жинақтардың бірі. 2013–2015 жылдары Ресей және 

Халықаралық жұмысты ұйымдастыру ынтымақтастығы аясында  Лукша 

мырза дамушы елдерде қолданатын  біліктілік форсайт халықаралық 

әдістемелігін дайындауды  басқарды (Армения, Вьетнам, Тунис, Танзания, 

ОАР пилоттық жобалар өткізілді). 

Оқушыларды 21 ғасырда қалай және нені оқыту қажет?

Жаһандық экономиканы және технологиялық құрылымды қайта 

құруда ертеңгі күн  бүгінгі күннен басқадай болады деп болжанады. 

Жалпы сандық түрге көшу, өндіріс секторын қайта құру және қызмет 

көрсету түрлерін автоматтандыру, қала өмірі мен экономиканы 

экологияландыру, қоғамның «желілік бағытталған» қарым-қатынастың 

түрі адамзаттың болашағында жаңа білім мен дағдыларына жаңа 

талаптар қояды. Маңызды тренд – қоғам күрделігінің өсуіндегі 

өзгерістердің қарқындауы, оқушыларды алдағы тұрған өзгерістерге 

толық дайындау толығымен мүмкін еместігін көрсетеді. 

Осыдан сұрақ туындайды – 21 ғасырда мектеп өзінің білім беру 

және тәрбие жұмысын орындай отыра, қоршаған әлеммен таныстыра 

және оқушыны ересек өмірге дайындауда  қалай және нені оқыту керек? 

Бұл сұраққа екі халықаралық ұйымдардың тұғырынан жауап 

беріледі. Global Education Futures (Жаһандық білімнің болашағы) 

бастамашылығы 2014 жылдан бастап әлемнің 50 елінен астам 500 

ғаламдық жаңа білімнің көшбасшыларын тартты, олар Еуропа, АҚШ, 

Үндістан, Ресей, ОАР, Бразилия, Аргентина, Жаңа Зеландия және 

т.б. елдердің сессияларына қатысқан. Бастамашылық серіктес 

ұйымдар, Center for Curriculum Redesign білімнің жаңа бағдарламасын 

дайындаудағы бірінші орында ЭЫДҰ елдері үшін, алдыңғы қатарлы 

зияткерлік халықаралық  орталығы болып табылады және  мектеп 

бағдарламасына жаңа талаптар туралы «Төрт өлшемді білім» зерттеуін 

жақында жариялады. Global Education Futures және Center for Curriculum 

Redesign сарапшыларының қорытындылары бір бірімен сәйкес келеді, 

берілген «төрт өлшемді білім» моделі білімге, дағдыларға жаңа талап 

қоятын, мета-оқу құзыреттіліктерін сипаты мен қасиеттері, инновациялық 

мектептердің жұмысы үшін негіз бола алады. Сөйлейтін сөзі  (6 дан 18 

жасқа) дейінгі жас категорияларын қамтиды. «Болашақтың құзыреттілігі» 

барлық университет және жоғары мектеп оқушылары үшін қажет. 



Павел Лукша

Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату

 

 



 

 

     13



27–28 қазан 2016 ж.

Алехандро Адлер оқушылардың әл-ауқаты мәселелерін зерттеуші 

және Пенсильвания Университеті Позитивтік психология орталығының 

докторантура қызметкері. Адлер позитивтік психологияның негізін қалау-

шы проф. Мартин Селигманның жетекшілігімен еңбек етеді. Зерттеушінің 

жұмыстары әл-ауқат, білім беру және мемлекеттік саясат мәселелерінің 

аясында шоғырланады. Қазірде Алехандро Адлер Австралия, Бутан, 

Непал, Үндістан, Мексика, Перу және АҚШ өкілдерімен мектептердің 

оқу бағдарламаларына позитивтік психологияны енгізу және осы 

шаралардың жастардың әл-ауқатына әсерін зерттеумен айналысады. 

Алехандро Адлер бірқатар ғылыми басылымдарда өз зерттеулерінің 

қорытындыларын жариялап, халықаралық конферен циялар мен кезде-

сулерде жиі сөз сөйлейді. 

Алехандро Адлер Мексикада туылып, Пенсильвания Универси-

тетінің психология, және экономика мамандығы бойынша бакалавр, 

психология мамандығы бойынша магистр және доктор дәрежесін ие-

лен 

ген. Проф. Мартин Селигманның жетекшілігімен доктор бағдар-



ламасының зерттеуін бастамас бұрын, Алехандро Адлер әлеуметтік 

қолдауға мұқтаж аймақтарға қайырымдылық көрсету бағытында жұмыс 

жүргізетін ұйымдардың бірі Пенсильвания Университеті жанындағы 

Филантропия орталығының ғылыми қызметкері жұмысын атқарған. 

Қазір де Алехандро Адлер оқушылардың әл-ауқатын зерттеу мәселелері 

бойынша Халықаралық сарапшылар тобының құрамындағы 60 мүше-

лердің бірі. Аталған топ әл-ауқат және бақыт негізінде 2015 жылы 

күшіне енген Дамудың жаңа парадигмаларын құру мақсатында Біріккен 

Ұлттар Ұйымымен бірлесе жұмыс жүргізетін әр түрлі ғылым саласындағы 

жетекші мамандар мен сарапшылардың халықаралық бірлестігі. 



Позитивті білім беру: оқушылардың әл-ауқаты және академилық 

жетістігі үшін білім беру

Әл-ауқат мәселелерін кең көлемде оқыту мүмкін бе, оны мектепте 

және одан тыс оқыту қажет пе? Осы сұрақтарға жауап алу үшін біз дүние 

жүзі бойынша жүргізілген кездейсоқтық тәсілімен таңдалған көлемді үш 

зерттеудің сенімді ғылыми мәліметтерін ұсынамыз. Бірінші бағдарлама 

Бутан мемлекетіндегі 18 мектептерді (n=8385 оқушылар) қамтиды. Осы 

мектептер кездейсоқтық тәсілімен таңдалып алынған зерттеу жүргізілетін 

(k=11 мектеп) және бақылауыш (k=7 мектеп) топтарына жіктеледі. Зерттеу 

жүргізілген мектептердің оқу бағдарламасына академиялық пәндерден 

өзге он әл-ауқат дағдыларын оқытатын сабақтар енгізілді. Соның ішінде 

зейінділік, эмпатия, рақымдылық, тиімді қарым-қатынас, жасампаз 

ойлау, сыни ойлау, мәселелерді шешу, көшбасшылық, икемділік және 

ше шім қабылдау. Екінші бағдарлама Мексикадағы 70 (m = 68762 оқу-

шылар) мектептерді қамтып, кең көлемде зерттеу жүргізуге мүмкіндік 

берді. Осы мектептер кездейсоқтық тәсілімен таңдалып алынған зерттеу 

жүргізілетін (j =35 мектеп) және бақылауыш (j = 35 мектеп) топтарына 

жіктеледі. Үшінші бағдарлама Перудағы 694 (q = 694153 оқушылар) 

мектептерді қамтып, анағұрлым кең көлемде зерттеу жүргізуге мүмкіндік 

берді. Мектептер кездейсоқтық тәсілімен таңдалып алынған зерттеу 

жүргізілетін (h = 347 мектеп) және бақылауыш (h = 347 мектеп) топтарына 

жіктеледі. Барлық үш бағдарлама нәтижесінде зерттеу жүргізілген 

мектеп тердің оқушылары арасында әл-ауқат көрсеткіштерінің деңгейі 

өсті және зерттеу жүргізілгеннен кейінгі 15 айдан соң стандартталған 

ұлттық емтихандардың қорытындысы бойынша оқушылар анағұрлым 

жоғары нәтиже көрсетті. Осы оң нәтиженің артынша аталған үш бағ-

дарлама Бутан, Перу және Мексикада ұлттық деңгейде енгізілді. Зерттеу 

нәтижелері әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени контекстке байла-

ныссыз, мектептерде әл-ауқат бағдарламаларын кең көлемде ұлттық 

деңгейде оқыту оның тиімділігін, қажеттілігін, әл-ауқаттың ішкі және 

құрал ретінде маңыздылығын көрсетті. Бұл оқушылардың академиялық 

жетістігіне, денсаулығына және өзге де қажетті өмірлік дағдыларға 

оңтайлы әсер еткенін дәлелдеді. 



Алехандро 

Адлер

14 

VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

27–28 қазақ 2016 ж.

Профессор Колин Маклафлин Сассекс Университетінде 3 жыл бөлім 

бастығы болып қызмет атқарған. 1985 жылы Білім беру институтындағы 

кәсіби қызметіне келгенге дейін мектепте мұғалім болып жұмыс 

істеген және жергілікті білім беру бөлімінде кеңесші қызметін атқарған. 

Ғалымның зерттеу еңбектерінде мектепте қолайлы орта қалыптастыру 

(Уэльс үкіметі мен Nuffield Foundation үшін ақпарат), мектептегі қарым-

қатынастар; Африкадағы сексуалдық қатынастар және АИТВ мәселелері 

(Ынтымақтастық орталығы үшін білім беру мәселелері бойынша ақпарат), 

мектепте балаларды жәбірлеу мен білім алуда ерекше қажеттіліктері 

бар және мүмкіндігі шектеулі оқушылар мәселелері, мектептегі кеңес 

беру қызметі, мектепте оқушыларды тұлғалық, әлеуметтік және 

эмоционалдық тұрғыдан дамытудың әртүрлі аспектілері қарастырылады. 

Оның қызметінің негізгі бағыттарының бірі халықаралық білім беру 

реформасын қолдау болып табылады. Ғалым мектепте білім берудің 

тұлғалық және әлеуметтік аспектілері бойынша үкіметтер мен үкіметтік 

емес ұйымдарға кеңесші ретінде белсенді қызмет атқаруда. 

Ұстаздар маңызды рөл атқарады: реформаларды жүзеге асыруда және 

ауқымын кеңейтуде мұғалімдердің рөлі

Мектептегі оқушылардың академиялық үлгеріміне және ұлттық 

білім беру жүйесінің сапасына әсер ететін аса маңызды фактор білім 

берудің сапасы екенін зерттеулердің нәтижелері айқын көрсетіп отыр, 

педагогтер мен саясаткерлер де мұны жақсы біледі. Сондықтан білім беру 

жүйесін реформалауда немесе мектептегі оқыту тәжірибесін жетілдіру 

мәселесінде мұғалімдер ең маңызды орын алады. Бұл таныстырылымда 

осы тақырып бойынша жүргізілген халықаралық зерттеулерге шолу 

жасалады, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын реформалау мұғалімнің 

кәсіби құзыреттілігі, жеке тұлғасы мен уәжі сияқты өзекті мәселелерге 

қаншалықты оң ықпал ететіні зерделенген бірқатар зерттеулердің 

нәтижелері қарастырылады. Сонымен қатар, педагогтардің білім беру 

реформаларына қатысуы, соған қатысты туындауы мүмкін проблемалар 

талқыланып, мұғалімдер мен саясаткерлердің қажеттіліктері қарас-

тырылады. 

Профессор Колин Маклафлин өз таныстырылымында 2016 жылы 

Қазақстанда Назарбаев Университеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

ДББО Зерттеу департаменті және Кембридж университетінің Білім беру 

факультеті жаңартылған білім мазмұнын апробациялау бойынша пилоттық 

мектептерде жүргізген бірлескен зерттеулерді негізге алған. 

Сілтемелер:

Darling-Hammond L, Rothman R (2011) Teacher and leader 

effectiveness in high-performing education systems [Жоғары көрсеткішке 

жеткен білім беру жүйесіндегі мұғалім мен көшбасшының тиімділігі], 

Washington, DC: Alliance for Excellent Education and Stanford, CA: Stanford 

Centre for Opportunity Policy in Education.



Колин 

Маклафлин

Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату

 

 



 

 

     15



27–28 қазан 2016 ж.

ПЛЕНАРЛЫҚ БАЯНДАМАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ 

1-ші күн – 27 ҚАЗАН

08.00-09.00

Тіркелу 

(күні бойы жүреді)



09.00-10.30

Алғы сөз 

Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы, 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы



Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесі қалыптасуының 25 жылдығына 

арналған ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

Өту орны: Акт залы

Модератор: Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы, 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы



Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуы

Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы, 

мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры, 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының білім беру мен ғылым жүйесін заңнамалық 

қамтамасыз ету 

Бақытжан Әбдірайым, 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР ҰҒА 

академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор

Тәуелсіздік және қазақ мектебі

Беркімбаева Шәмшә Көпбайқызы, 

общественный деятель Республики Казахстан 



Орта білім беру жүйесінің дамуындағы Зияткерлік мектептерінің рөлі 

Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы, 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы



Назарбаев Университетін құру: қалыптаспаған жолмен 

Шигео Катсу, 

«Назарбаев Университеті» ДББҰ Президенті



Тәуелсіздік жылдарында жаһандық трендтер контекстіндегі Қазақстанның 

білім беру жүйесі: жетістіктер мен өзекті мәселелер 

Ырысалиев Серік Әзтайұлы, 

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті 



Қазіргі білім беруде «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру

Миразова Аягүл Төреқызы, 

Қазақстанның еңбек ардагері, Қазақ ССР халықтық ағарту ісінің үздігі, 

Алматы қаласының құрметті азаматы

Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы 

Шолпан Қирабаева, 

«Дарын» РҒПО директоры



Жаңа оқулықтармен жаңа ғасырға 

Бейбітгүл Кәрімова

«ОҚУЛЫҚ» РҒПО директоры



Ғылымды, білімді және өндірісті біріктіру 

Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы, 

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ Басқарма 

төрайымы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР ғылым 

және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, химия 

ғылымдарының докторы, профессор

БАҒДАРЛАМА


16 

VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

27–28 қазақ 2016 ж.

Білім берудегі АТ индустриясы 

Рауан Кенжеханұлы, 

Wikibilim қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің негізін салушы әрі 

төрайымы, электрондық білім беру саласындағы «Bilim Media Group» 

компаниясының негізін салушы



10.40-11.40

«Білім беру мазмұны» тақырыбындағы ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС 

10.40-11.40

Өту орны: Акт залы

Модератор: Дэвид Бриджес,  

Шығыс Англия университетінің құрметті профессоры, Кембридж 

университетінің Қасиетті Эдмунд және Хомертон колледждерінің ғылыми 

бірлестігінің құрметті мүшесі, Ұлыбритания 



Куррикулум және мектеп жүйесіндегі теңдік мәселесі

Уильям Шмидт, 

Мичиган университетінің профессоры, Білім берудегі куррикулум 

орталығының негізін салушы әрі директоры, Білім берудегі саясат 

орталығының директоры, АҚШ, ЭЫДҰ сарапшысы 



Көлемі үлкен ғылым әлемінен нені оқыту керектігін қалай таңдауға болады? 

Том Хсу, 

Массачусетс технология университетінің профессоры, АҚШ



11.50-13.20

Бағыттар бойынша I секциялық отырыстар  

11.50-13.20

Стратегиялық серіктестермен кездесу  

Өту орны: Кітапхана, 1 қабат

13.20-14.20

Түскі ас

14.20-15.50

Бағыттар бойынша II секциялық отырыстар 

15.50-16.20

Кофе брейк

16.20-17.20

«Бағалау жүйесі» тақырыбындағы ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

Өту орны: Акт залы

Модератор: Ольга Можаева,  

басқарушы директор, биология ғылымдарының кандидаты, 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Қазақстан

Бағалау жүйесі дизайны 

Ричард Фэлпс, 

«Nonpartisan Educational Review» журналының редакторы, АҚШ пен 

Канаданың Мектеп-интернаттар бірлестігінің Зерттеу және стратегиялық 

бастамалар бөлімінің директоры 



Күнделікті оқыту процесін жаңа технологиялар арқылы қадағалау 

Гунтер Марис, 

Амстердам университетінің психологиялық әдістер бойынша профессоры, 

CITO басты ғылыми қызметкері, Нидерланд 

БАҒДАРЛАМА


Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату

 

 



 

 

     17



27–28 қазан 2016 ж.

17.30-19.00

Бағыттар бойынша III секциялық отырыстар 

2 КҮН – 28 ҚАЗАН

09.30-11.00

Бірінші күнге шолу 

Светлана Испусинова, 

Басқарма төрайымының орынбасары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 

Қазақстан

«Білім берудің болашағы» тақырыбындағы ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

Өту орны: Акт залы

Модератор: Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы,  

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы 

ЭЫДҰ жаңа жобасы: 2030 жылға арналған білім берудің және дағдыларды 

дамытудың болашағы 

Михо Тагума, 

аға саясат талдаушысы, Білім беру және дағдылар басқармасы, ЭЫДҰ 



21 ғасырда оқушыларға не оқыту керек және не үшін оқыту керек?

Павел Лукша, 

«СКОЛКОВО» Мәскеулік басқару мектебінің тәжірибе профессоры, Ресей



11.10-12.40

Бағыттар бойынша IV cекциялық отырыстар

12.40-13.40

Түскі ас

13.40-15.10

Бағыттар бойынша V cекциялық отырыстар

15.10-15.30

Кофе брейк

15.30-17.00

Бағыттар бойынша VI cекциялық отырыстар

17.10-18.10

«Позитивті білім беру және мұғалімдердің рөлі» тақырыбындағы ПЛЕНАРЛЫҚ 

ОТЫРЫС

17.10-18.10

Өту орны: Акт залы

Модератор: Светлана Испусинова,  

Басқарма төрайымының орынбасары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 

Қазақстан

Позитивті білім беру: оқушылардың әл-ауқатын жақсарту мен академиялық 

жетістіктерін көтеру

Алехандро Адлер,

әл-ауқат ғылымының зерттеушісі, Позитивисттік психология орталығы, 

Пенсильвания университеті, АҚШ 

Білім берудегі реформалар мен тәжірибені таратудағы мұғалімдердің рөлі 

Колин МакЛафлин, 

университетінің профессоры, Білім берудегі бастамалар бөлімінің 

директоры, Ұлыбритания 

Екінші күнге шолу 

Питер Мехисто, Білім институты, Лондон университеттік колледжі, Ұлыбритания 

Жабылу 

Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы,  

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы



18 

VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

27–28 қазақ 2016 ж.

ЖЕЛІЛІК БАҒЫТТАР

Н1 - Білім берудегі өзгерістер мен инновациялар 

Н2 - Білім беру саласындағы көшбасшылық

Н3 - Куррикулум және пәндер

Н4 - Көп тілді білім беру

Н5 - Ерте даму мен бастауыш білім беру

Н6 - Оқу мен оқыту

Н7 - Педагогикалық білім беру мен кәсіби даму

Н8 - Мұғалімдердің зерттеу жұмысы

Н9 - Білім сапасын бағалау

Н10 - Бағалау, тестілеу және өлшеу

Н11 - Балалардың әл-ауқаты мен тәрбиесі 

Н12 - Білім беру ресурстары

Н13 - Жанұя, қауымдастықтар және қоғам

Н14 - Зерттеу жүргізу этикасы мен тәжірибесі

СЕКЦИОНДЫҚ ОТЫРЫСТАР

Секциондық отырыстар келесі желілік бағыттар бойынша ұйымдастырылған:



Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту:  апробация мен тарату

 

 



 

 

     19



27–28 қазан 2016 ж.

Бағыттар бойынша I 

секциялық отырыстар 

Бағыттар бойынша IІ 

секциялық отырыстар 

Бағыттар бойынша III 

секциялық отырыстар 

27 қазан, бейсенбі

11.50-13.20

14.20-15.50

17.30-19.00



Акт залы 

Ілеспе аударма

Білім берудің даму 

перспективалары (Н1)

Зерттеу жүргізудегі әдеп 

мәселелері. Панельдік 

талқылау (Н14)

Білім беру үрдісіндегі 

технологиялар (Н12)

Кітапхана 

Ілеспе аударма

Стратегиялық серістестердің 

кездесуі

Білім берудегі жанұя мен 

қоғамның рөлі (Н13)

Кәсіптік даму бағытындағы 

мұғалімдердің зерттеу 

жұмысы (Н8)

1 кіші спорт зал 

Ілеспе аударма

Позитивті білім беру мен 

оқушылардың әл-ауқаты 



(Н11)

Оқу материалдарын әзірлеу 



(Н12)

Мектептердің 

аккредитациясы (Н9)

2 кіші спорт зал

Ілеспе аударма

Оқушылардың дауысы мен 

олардың белсенділігі (Н8)

Пән мен тілді кіріктіріп оқыту 



(Н4)

Үштілді білім беру саясатын 

жүзеге асыру (Н4)

Амфитеатр 

Қазақ / Орыс тілі

STEM бағыттарының дамуы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет