бет 5/9 Дата 28.09.2024 өлшемі 7,33 Mb. #146072
Байланысты:
гепатитт қоздырушылары Емдеу і және алдын алуы Емдеуі: α-ИФН, ДНҚ полимераза ингибиторларын қолданады. Алдын алу: спецификалық иммуноглобулиндерді (HBIg), рекомбинантты вакциналарды қолданады . В ГЕПАТИТІНЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ҚОЛДАНУ Вакцинация курсы келесі схема бойынша үш рет бұлшықет арқылы егіледі: ●Стандарты : 1-ші дозасы – таңдалған бір күні; 2-ші – дозасы бір айдан кейін ; 3-ші дозасы – бірінші доза егілгенен кейін , 6 айдан кейін егеді (0-1-6). ● Экстренді (шұғыл) : 1-ші дозасы – бірінші күні н/е таңдалған бір күні; 2-ші дозасы – бір айдан кейін; 3-ші- дозасы – бірінші доза егілгенен кейін, үш айдан кейін егеді (0-1-3). D гепатит вирусы Дельта инфекциясының қоздырғышы M. Rizzetto 1977 жылы ашты. M. Rizzetto гепациттердің ядросынан «дельта антиген» (HBdAg) – дельта вирус анықтады. D гепатит вирусы тек В гепатит вирусымен ауырған адамдарда ғана бауырды зақымдайды. Гепатит D вирусының құрылысы Сфера пішінді, диаметрі 35-43 нм; Бір жіпшелі сақиналы РНҚ молекуласынан тұрады; Екі дельта–антигенен (DAg): p24 (DAg-Small) және p27 (DAg-Large) тұрады; «қабықшасы» HBs-АГ тұрады. Генотиптерінің барлығы бір серотипке жатады. Вирус жасуша дақылдарында өспейді. Экспериментті жануарлар: ● Шимпанзе; ● Солтүстік Америкалық орман сарышұнағы. ПАТОГЕНЕЗІ Инфекция көзі – дельта вируспен, HBV инфицирленген адам. HDV берілу механизмі HBV кезіндей. HBV созылмалы түріне шалдыққан науқасқа HDV инфицирленгенде инфекция ауыр түрде өтеді, нәтижесінде жедел бүйрек ауруы және бауыр циррозы дамиды. Параэнтеральды жолмен беріледі , жыныстық және анасынан нәрестеге вертикальды жолмен берілуі мүмкін. Инкубациялық кезеңі 35 күн. Коинфекция ВГВ/ВГД симптомокомплексті тудырады, ВГВ инфекциясының көрінісі сияқты өтеді. HDV-суперинфекция айқын сарғаюмен сипатталады , асциттік ісіну синдромы дамиды, айқын гепатоспленомегалия көрініс береді. 60-70% – бауыр циррозын тудырады . Достарыңызбен бөлісу: