Тақырыбы : Вирусқа қарсы заттар
Алматы 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСИТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Вирусқа қарысы заттар –бұл макроорганизмде вирусты инфекцияның дамуына жол бермейтін дәрілік топты айтамыз.
Вирустар – олар ферментті жүйесі,қабықшасы жоқ жасуша ішілік паразиттер.Олар РНК немесе ДНКдан тұрады.Сондықтан вирусты инфекцияның емінің біраз ерекшеліктері бар.Көптеген препараттар тәжірибеде вирусосцидті әсері болса,клиникалық жағдайда тиімсіз болып келеді.
Вирусқа қарсы емнің қиыншылықтары
Вирустар жасуша ішілік облигатты паразиттер. Вирусқа қарсы заттар макроорганизмнің жасушасын зақымдамай жүрмейді. Вирусқа қарсы заттар қолдану тиімділігі аздау,ал кері әсерлерінің туындауы жоғары.
Вирустар жасуша цитоплазмасында немесе ядросында болуы мүмкін.Егер дәрілік зат цитоплазматикалық вирустарға әсер етіп,паразиті ядрода орналасатын болса онда ол тиімсіз және керісінше.Сондықтан жеке препараттардың әсеріне байланысты үлкен талғамдылық қажет.
Вирусты аурулардың алғашқы клиникалық көріністері вирустардың өсуінен және көбеюінен байқалады.Вирусқа қарсы препараттардың вирусқа қарсы әсерінің механизмі көп жағдайы вирустар көбеюін тежеумен жүреді. Соған байланысты аурудың клиникалық симптомдары байқалмастан бұрын бастау қажет,бірақ ол мүмкін емес.
Вирусқа қарсы заттардың жіктелінуі:
Ацикловир асқазан-ішек жолынан тек ішінара сіңеді. 200 мг дозада препаратты қабылдағаннан кейін тепе-теңдік жағдайда орташа ең жоғарғы концентрациясы (СSSmaks) әр 4 сағатта 3,1 мкмоль/л (0,7 мкг/мл) құрайды, ал тиісінше ең төменгі концентрациясы (СSSmin) 1,8 мкмоль/л (0,4 мкг/мл) құрайды. Препаратты 400 мг және 800 мг дозада қабылдағаннан кейін әр 4 сағатта СSsmaks, тиісінше 5,3 мкмоль/л (1,2 мкг/мл) және 8 мкмоль/л (1,8 мкг/мл), ал СSsmin – 2,7 мкмоль/л (0,6 мкг/мл) және 4 мкмоль/л (0,9 мкг/мл) құрайды.
Ацикловир трифосфаты, ДНҚ вирусы синтезін (репликациясын) үш механизммен тежейді:
1) ДНҚ синтезінде деоксигуанозин үшфосфатын бәсекелестікпен алмастырады;
2) ДНҚ синтездейтін тізбекке "кірігеді" және оның ұзаруын тоқтатады;
3) вирустың ДНҚ-полимераза ферментін бәсеңсітеді.
Нәтижесінде вирустың организмде көбеюі бөгеледі.
Ацикловирдің спецификалық ерекшелігі мен аса жоғары іріктеу әсері оның негізінен вируспен зақымдалған жасушаларда ғана жинақталуына байланысты. Иммунитетті көтермелейтін әсері бар.
6 жастағы және одан үлкен балаларға: тәулігіне 800 мг төрт рет,
2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 400 мг төрт рет.
2 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 200 мг төрт рет.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Ацикловирге, валацикловирге жоғары сезімталдығы бар пациенттерге Ацикловир-АКОС дәрілік затын тағайындауға болмайды.