Высший медико-стоматологический



бет9/9
Дата14.06.2023
өлшемі70,15 Kb.
#101285
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
силлабус 1 курс каз 2022 Сатаева А

Қанағаттанарлық «С»,«D»: Студент берілген тақырыптың білімін көлемді айқындауы керек, әрі қарай сабақ үшін бірақ жауап пен тапсырманы орындаудан қате жібергенде жинай алады. Жұмысты өзі орындап, бірақ тәжірибелік сабақтың хаттамасын дұрыс хатталмаса, тест және жағдайлық есептің жауаптары 50%- дан кем болмағанда.
Қанағаттанарлықсыз «F»: студент бағдарламада қарастырылған негізгі материалды білуде кемшіліктер табылған, пән бағдарламасының жартысынан көбін игермеген, жауаптарда түбегейлі қателіктер жіберген, ағымдағы, аралық формаларда қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамаған және қорытынды бақылау, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттерді пысықтаған жоқ.

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі рейтингтік бағалаудан және аралық аттестаттауды бағалаудан қалыптасады. Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау бағалары кіреді (емтихан бағасы). Ағымдағы үлгерімді бағалау үлесі академиялық пәндер бағдарламасы бойынша студенттің меңгеру дәрежесін қорытынды бағалау кезінде кемінде 60% құрайды. Қорытынды бақылау бағасы академиялық пән бойынша білімнің қорытынды бағасының кемінде 30% құрайды. Қанағаттарлық қорытынды баға пәндер бойынша берілген кредиттерді белгіленген мөлшердегі кредиттермен толықтыруға негіз болады және студенттің транскрипт /қосымшасына енгізіледі. Студенттер қорытынды бақылауда (емтиханда) «қанағаттанарлықсыз» алған кезде, пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.
Білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі рейтинг-рұқсат беру бағасынан және аралық аттестаттау бағасынан қалыптастырылатын қорытынды бағалаумен айқындалады.
Рұқсат беру рейтингі ОЖЖ-да көзделген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес бағаланған білім алушының құзыреттерінің қалыптасу деңгейін (пайызбен) бағалайды. Бұл деңгей, бір жағынан, қорытынды бақылауға жіберу үшін жеткілікті болуы керек (қорытынды сынаққа дайындық - емтихан), екінші жағынан, білім берудің келесі кезеңдерінде кәсіби құзыреттілікті одан әрі дамыту және дамыту үшін қажет.
Емтиханға жіберу рейтингі 50 және одан да көп пайызды құрауы тиіс. Рұқсат беру рейтингі үлгерімнің ағымдағы бақылауын бағалаудан және межелік бақылауларды бағалаудан құралады рұқсат беру рейтингі пәннің әрбір блогы бойынша рейтингтердің орташа арифметикалық шамасы ретінде есептеледі.
Ағымдағы бақылау-бұл пәннің оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың білімін жүйелі тексеру. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бақылау жүргізу нысанына байланысты болады.
Аралық бақылау - оқу пәнінің бір бөлімін аяқтау бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау. Пәнді оқу кезеңінде кемінде 2 аралық бақылау жүргізіледі. Аралық бақылауды жүргізу уақыты ОЖЖ-да көрсетіледі. Аралық бақылауды жүргізу нысаны ЦӘК және әдістемелік кеңестің шешімімен белгіленеді. Әрбір межелік бақылауды бағалау 100 балл (%-дық мазмұн) негізге алына отырып жүзеге асырылады.


Қорытынды бақылау – Сараланған сынақ.
мұндағы:Р - рейтинг бағасының пайыздық мазмұны;n – рейтингтердің саны; Э - емтихан бағасының пайыздық мазмұны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет