Витамин д тапшылық рахиттiң басты


Балалар емханасына 3 айлық ұл бала келді



бет3/9
Дата02.06.2023
өлшемі140,42 Kb.
#98207
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ZNXPVXHLNCYE21102022005246

Балалар емханасына 3 айлық ұл бала келді. Анмнезінде: шала туылғаны,емген кездегі терлегіштік, мазасыздық, ұйықтап жатқанда шошып ояну белгілері анықталды. Қарағанда: үлкен еңбегі үлкен, босаңсыған, бассүйек бір жақтама қисайған, желке шашы <ай тәрізді> түскен. Дәрігер қандай болжам диагнозыңыз қойды?

  • Балалар емханасына 5 айлық ұл бала келді. Қарағанда: төбе мен маңдайы тұсында бұдырмақтар, 8-ші қабырғаларында

    «рахиттік тәспих» белгілері, самай сүйегінің бір жақты қисайған, төс сүйегі ішке қарай «етікші төсі» тәрізді қисайған, қабырғаларының төменгі жақтары көтерілген белгілері анықталды. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

    1. Балалар ауруханасына 1 жас 3айлық қыз бала келді. Қарағанда: кеңсірігі батыңқы, басы «төртбұрыш» тәрізденген, аяғы

    «О» тәрізді, сүт тістерінің шығуы кешіккен, сәбидің іші үлкейіп «құрбақа іші» тәрізді, арқасы дөңес «рахиттік бүкірлік» белгілер анықталды. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

    1. Қалалық перзентханада ұл бала жүктіліктің 36- аптасында дуниеге келді. Бойы 46 см салмағы 2200г. Қарағанда: нәресте

    терісі қоңыр қызыл, денесінде үлпілдек жүндері бар, тері асты майлары мардымсыз, кіндігі төмен орналасқан, рефлексітері нашар анықталады. Дәрігер қандай диагноз қойды?

    1. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 10 айлық ұл бала келді. Салмағы 8000 г. ТКС-3500, бойы 55см. Қарағанда кеудесі, аяқ- қолдарында шел қабат майлары азайған, терісі бозғылт, құрғақ, оңай қатпарланады. Бала әлсіз, мазасыз, тітіркенгіш, көп жылайды. Анасының айтуы бойынша тәбеті төмен. Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?

    2. Аймақтық педиатрдың қабылдауына 4 айлық ұл баланы анасы алып келді. Тексерген кезде: бала мазасыз, тітіркенгіш, терлегіштігі анықталады. Бас сүйектері жұмсарған және үлкен еңбегі майысқыш, шүйде шаштары сиреген. Анасы баласының шошығыштығын,

    терлегіштігін және тәбеті төмендігін айтты. Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?

    1. Аймақтық педиатрдың қабылдауына 4 айлық ұл баланы анасы алып келді. Тексерген кезде: бала мазасыз, тітіркенгіш, терлегіштігі анықталады. Бас сүйектері жұмсарған және үлкен еңбегі майысқыш, шүйде шаштары сиреген. Анасы баласының шошығыштығын, терлегіштігін және тәбеті төмендігін айтты. Дәрігер балаға рахит диагнозын қойды. Дәрігер қандай ем тағайындайды?

    2. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 4 айлық қыз бала анасымен келді. Анасының айтуынша жиі мазасызданады, ұйқысы бұзылған, жиі шошып оянады, ему кезінде терлегіштігін байқаған. Қарап тексергенде: тері жамылғысы боз, ылғал, шүйде сүйегі бір жақтама қисайған, шашатары сиреген, үлкен еңбегі майысқыш. Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?

    3. Аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен 12 жасар қыз бала жеткізілді. Шағымдыры: әлсіз , ентігеді, жүрек маңы аурады. Қарағанда : баланың жағдайы ауыр, ентігеді, терісі боз, жүректің солға қарай ығысқан, жүрек соғуы жиі, жүрек тондары әлсіз, систолдық шу естіледі. Бала 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

    4. 4 жасар ұл бала жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қарағанда: қызба, әлсіз, тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентікпе бар, тері қабаты боз, мұрын- ауыз үш бұрыштарында көгерген, мұрын қанаттары кенейген, аускультацияда өкпенің екі жағында ылғалды

    сырылдар естіледі. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

    1. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 3жасар ұл бала анасымен келді. Анасының айтуынша: 2 күн бұрын дене қызуының жоғарлаған, мазасызданған, екінші күні құрғақ жөтел басталып, мукалтин бергеннен кейін аздап ылғалданған. Қарап тексергенде: терісі боз,ылгалды, өкпенің барлық аймағында үлкен және орташа көпіршікті сырылдар

    естіледі. Рентгенде: өкпенің түбір төңірегінің симметриялы қоюланғаны байқалады. Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет