Витамин д тапшылық рахиттiң басты



бет9/9
Дата02.06.2023
өлшемі140,42 Kb.
#98207
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ZNXPVXHLNCYE21102022005246

10 жастағы ұл бала миокардитке күдіктенумен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде ЖРВИ-мен ауырған. Қандай көрсеткіш жасына сай бағаланады?

  • 7 жасар ұл бала стационарға түсті. Баланың шағымдары: дене қызуының фебрильді жоғарылауы, жүрек тұсының ауыруы, жүректің жиі соғып кетуі. Қарағанда: тері жамылғысы бозарған, жүрек шекаралары сол жаққа қарай ұлғайған, тахикардия, транзиторлы экстрасистолия, жүрек тондарының бәсеңдеуі, 5-ші нүктеде қарқынды емес, систолалық шу естіледі. Бұл балада қандай патология?

  • 6 жасар ұл бала аймақтық дәрігерге диспансерлік бақылауға келді. Қарағанда: жүрек ұшының түрткісінде орташа қарқынды систолалық шу естіледі және оны дәрігер функциональды шу деп бағалады. Шудың функциональды екендігін не дәлелдейді?

  • 3 жасар ұл бала аймақтық дәрігерге анасымен келді. Анамнезінде 4 күннен бері ЖРВИ-мен ауырады. Қарағанда: жүрек-қан тамырлар жүйесіндегі өзгерістерді анықтады. Қандай симптомдар жүректің зақымдануын көрсетеді?

  • 3 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Емгеннен кейін 20 минуттан соң дәрігер қарағанда қандай көрсеткіш жүрек қан тамырлар жүйесін бұзылысын айғақтайды?

  • 7 жасар ұл бала аймақтық дәрігерге анасымен келді. Бұл балада систолалық шу бар екенін анықтады. Шудың қандай ерекшеліктері оның функционалды екендігін дәлелдейді?

  • Стационарда баспамен ауырған 13 жасар қыз баланы кардиоревматолог тексергенде ревматизмнің бар екеніне күдіктенді. Эндокардтың зақымдалуына қандай көрсеткіштер жатады?

  • 7 күндік шала туылған нәрестені аймақтық дәрігер қараған кезде келесі белгілерді анықтады: құсу, жоғары жүйке-рефлекторлық қозғыштық, іріңді омфалит. Дене қызуы 37,2С. Аускультация кезінде I және II тондардың тең арақашықтықтағы бірдей дыбысты естілетін жүректің маятник тәрізді ырғағы естіледі. Бұл кардиальды феноменді қалай бағалайды?

  • Балалар емханасының аймақтық дәрігері өзінің қабылдауында 10 жасар қыз баланы дизуриямен тіркеді. Зәр шығару кезінде ауырсынуға, (зәрі бұлыңғыр) және жедел энурезге шағымданады. Бұл симптоматика қай ауруға тән:

  • Қыз бала 12 жасынан бастап нефрологта диспансерлік тізімде тіркеуде тұрады. Анализінде бактериурия, лейкоцитарлы цилиндрлері бар және лейкоциттер саны көру алаңында 20-ға дейін жоғарылаған, зәр реакциясы - сілтілі. Бұл қыз балада қандай диагноз?

  • Балалар емханасында 3 айлық ұл балаға профилактикалық егу жүргізуге дайындау барысында, баланың жалпы зәр анализінде көру алаңында 6-8 лейкоцит анықталды. Баланы тексеру кезінде қандай зәр анализі бірінші ретте алынады?

  • Стационардың қабылдау бөлімшесіне 6 жасар ұл бала жедел гломерулонефритпен түсті. Диурезді өлшеу тағайындалды. Дені сау осы жастағы балаға қандай диурез сәйкес келеді?

  • Жоспарлы тексеру кезінде гломерулонефритпен түскен 10 жасар ұл балада: зәр тұнбасының көру алаңында лейкоциттер 5-6, эритроциттер 2-3. Зәрдің түсі ашық-сары, зәр тығыздығы 1007-1021, денеге шаққан кезіндегі шумақтық фильтрация минутына 60 мл. Зәрдің қандай көрсеткіштерін қалыптыдан ауытқу деп қарастыруға болады?

  • 5 жасар қыз бала стационарға жедел пиелонефрит диагнозының асқынуымен түсті. Қандай көрсеткіштер осы диагнозды дәлелдейді?

  • Емханада 7 жасар қыз балада респираторлы инфекция жұқтырғаннан кейін, зәр анализінде: лейкоцитурия және лейкоцитарлы цилиндрлер анықталған. Қандай ауруға осы симптомдар тән?

  • Стационарға 6 жасар ұл бала созылмалы пиелонефритпен түсті. Зәрді Зимницкий тәсілімен зерттеу тағайындалды. Зимницкий сынағында не анықталады?

  • Аймақтық дәрігерге 3 жасар қыз бала анасымен келді. Туылғаннан бері транзиторлы лейкоцитурия, кейде «себепсіз» қызудың көтерілуі, іштің ауырсынуы анықталған. Науқасқа бірінші кезекте қандай инструментальды зерттеу өткізу орынды?

  • 6 жасар ұл бала мектепке қабылдану үшін диспансерлік тексеруден өтті. Зәр анализінде оқшауланған протеинурия анықталды. Бірінші кезекте несептің қандай зерттеуін жүргізу керек?

  • Созылмалы пиелонефритпен ауырған 3 жасар балаға бүйректің функциональды қызметіне қатаң диспансерлік бақылау жүктелді. Бұл жастағы балаларда зәрдің меншікті салмағының ауытқуын анықтау үшін қандай тәсіл тиімді?

  • Перзентханада 5 күндік қыз балада зәр шығару кезінде жаялыққа қызғылт дақтар қалып отырды. Жиналған несептің түсі лайқы, сақтау барысында қызғылт- қоңыр тұнбалар пайда болды. Бірақ эритроциттің мөлшері жоғарыламаған, көру алаңында 1-2. Жаңа туылған нәрестеде зәр шығарудың бұл ерекшелігінің себебі неде?

  • 2 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Анасы баласының тәулігіне қалыпты салмақта 17 рет дәрет сындыратынын байқады. Несеп шығару жолдарының жиілігін қалай бағалаймыз?

  • Емханада 5 айлық ұл бала іріңді отитпен қабылдауға келді. Тексеру кезінде зәр анализінде: сілтілі несеп реакциясы, ізді протеинурия, лейкоциттер көру алаңында 20-ға дейін, препаратта эритроциттер 1-2, аз мөлшерде эпителиальды клеткалар анықталды. Қандай ауру іріңді отиттің салдарынан пайда болды?

  • Емханада 10 жасар ұл баланың лагерьге барар алдында зәр анализі тексерілді. Зәр анализінде: тығыздығы 1019, мөлдірлігі толық, қант пен белоктар жоқ, лейкоциттер саны көру алаңында 1-3, эритроциттер 2-3, аз мөлшерде эпителиальды клеткалар анықталған. Қандай зәр анализ көрсеткіші қалыптыдан ауытқуды көрсетеді?

  • Емханада 3 жасар қыз бала бала-бақшаға барар алдында тексеруден өтті. Тексеру барысында анықталған зәр анализінің қандай көрсеткіші жасына сай емес?

  • Бала 7 жастан бастап спорт секциясына қатысады. Емханада кезекті профилактикалық тексеру кезінде зәр анализінде эритроцитурия (көру алаңында 4- 6) анықталды. Бірінші кезекте қосымша зәрді қандай тәсілмен зерттеу керек?

  • 10 айлық бала ішек бұзылысының 2-ші күнінде стационарға келіп түсті. Кезекші дәрігер қарағанда: баланың дене температурасының 38-С-қа градуска көтерілуін, соңғы тәулікте 4 рет дәрет сындырғанын байқады. Осы уақытқа дейін 8 рет сұйық нәжіс байқалған. Осы жастағы сәбиде зәр шығару мөлшері (ретпен) бір тәулікте қанша болу керек?

  • 10 айлық бала ішек бұзылысының 2-ші күнінде стационарға келіп түсті. Кезекші дәрігер қарағанда: баланың дене температурасының 38-С-қа градуска көтерілуін, соңғы тәулікте 4 рет дәрет сындырғанын байқады. Осы уақытқа дейін 8 рет сұйық нәжіс байқалған. Бұл баланың зәр шығару мөлшерінің жиілігіне не себеп болды?

  • Балалар емханасына шала туылған 4 апталық нәрестені сары ауру болғандықтан анасы қан анализін тексертуге алып келді. Қандай көрсеткіш жасына сәйкес

  • Аймақтық педиатрдың қабылдауына 7 жасар ұл баланы анасы алып келді. Қарағанда: мойын лимфалары ұлғайған, көлемі грек жаңғағы тәріздес, лимфа түйіндерімен байланыспайды, ауырсынбайды. Дене температурасы субфебрильді. Лимфогранулематоз анықталды. Қандай көрсеткіш қанның қалыптыдан ауытқығанын көрсетеді?

  • Стационарға ауруханадан жедел пневмония диагнозы қойылған 4,5 жасар ұл бала келді. Қанның қандай көрсеткіші жедел процесті анықтайды?

  • Аймақтық педиатрдың қабылдауына 10 жасар ұл бала анасымен келді. Шағымы: аяқ ауырсынуы, мұрнынан қан кету. Тексеру кезінде ұл балада гепатолиенальді синдром анықталды. Қан анализінде қандай көрсеткіштің ауытқығаны анықталды?

  • 3 жасар ұл баланы анасы аденотомия жасату үшін ЛОР бөлімшесіне қан анализін тексертуге алып келді. Отоларинголог дәрігер операция жасамай, науқасты педиатрға жолдады. Дәрігер қанның қандай көрсеткішінен күдіктенді?

  • Стационарға 5,5 жасар ұл бала қайталамалы сол жақ тізе буынының қан кетуімен келді. Қарағанда: кеуде терісінің төменгі бөліктерінде тері асты қан құюлулар бар. Геморрагиялық синдромға қанның қандай көрсеткіші тән?

  • Емхананың қабылдау бөліміне 7 айлық ұл баланы анасы алып келді. Шағымы: мұрыннан қан кету, терінің қанталауы. Қан кету синдромына қандай көрсеткіш тән?

  • Аймақтық дәрігердің қабылдауына 8 жасар ұл бала анасымен келді. Шағымы: соңғы кездері терісі көп қанталайды, мұрыннан қан кету байқалады. Қандай көрсеткіштер қан кету синдромын көрсетеді?

  • Жұқпалы аурулар ауруханасына 8 жасар қыз келді. Қызылшамен ауырған, бөртпенің 2-ші күні қан анализі тексерілді. Қандағы қай көрсеткіш ауытқыған?

  • Стационардың қабылдау бөлімшесіне 10 жасар қызды анасы алып келді. Шағымы: соңғы 1 айдың көлемінде қыз балада дене қызуы, әлсіздік байқалады. Жалпы қарау кезінде: теріде және шырышты қабаттарда қан құюлулар көрінеді, көкбауыр қабырға доғасынан 2см-ге шығыңқы. Қан анализі жасалды. Қанның қандай көрсеткіштері қалыпты?

  • Аймақтық дәрігердің қабылдауына 5 жасар қыз бала анасымен келді. Шағымы: соңғы 4 ай ішінде анорексия, шаршағыштық байқалады, үнемі жата беруді жөн көреді. Соңғы аптада өңінде айқын бозғылттану, теріде қан құюлулар анықталды. Дене температурасы қалыпты. Жалпы қан анализі құрамында 1-ші рет қандай зерттеуді жүргізу керек?

  • Балабақшаға бару үшін аймақтық дәрігердің қабылдауына 4 жасар 11 айлық бала анасымен келді. Қанның қандай көрсеткіші дәрігердің назарын аударуы тиіс?

  • 6 күндік ұл баланың дене салмағы 3550г. Ұл балаға қан анализі жасалынды. Қанның қай көрсеткіші баланың жасына сәйкес келмейді?

  • Аймақтық дәрігердің қабылдауына 5 жасар баланы анасы алып келді. Шағымдары: бала тәбетінің төмендеуі, тез шаршағыштығы. Қан анализі жасалды. Қанның қандай көрсеткіші дәрігердің назарын аударуы тиіс?

  • Стационардағы 5 жасар баланың дене температурасының 38,00С-ге дейін жоғарылады. Қарағанда: лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия. Осы белгілерге байланысты қан ауруына күдік бар. Қанның қандай көрсеткіші қалыптыға сәйкес емес?

  • Стационардың қабылдау бөліміне 1,5 жасар ұл баланы ата-анасы алып келді. Баланың кеуде терісінде іріңді бөртпелер бар, субфебрильді температура анықталды. Соңғы уақытта салмақ қосуы аз. Қанның қандай көрсеткіші дәрігердің назарын аударуы тиіс?

  • Стационардың қабылдау бөліміне 2,5 айлық ұл баланы ата-анасы алып келді. Дене температурасы 390С-қа дейін жоғарылауы анықталды. Қарағанда мұрынмен демалудың қиындауы, пероральді (ауыз аймағының) цианозы анықталды. Қан анализі жасалды. Қанның қандай көрсеткіші дәрігердің назарын аударуы тиіс?

  • Стационардағы 2,5 жастағы ұл балада нейродермиттің көріністері байқалады. Қан анализі жасалды. Қанның қандай көрсеткіші қалыптыдан ауытқыған?

  • Амбулаториялық емделу кезінде 9 жасар ұл бала респираторлық ауруға байланысты бисептол қабылдаған. Емнің 3-ші күнінде афтозды стоматит пайда болған. Қанның қандай көрсеткіші дәрігердің назарын аударуы тиіс?

  • Емханада жетіліп туылған 1,5 айлық балада ұзаққа созылған сарғаюға байланысты қан анализін жасаған. Қанның қандай көрсеткіші баланың жасына сәйкес келмейді?

  • Лор бөлімінде 6 жасар ұл баланы тонзиллоэктомияға дайындау үшін қан анализі жасалды. Дәрігер-отолоринголог операция жасамай баланы педиатрға жолдады. Дәрігер-отолоринголог қанның қандай көрсеткішінен күдіктенді?

  • Емханада 1 жас 7 айлық баланы атопиялық дерматиттің өршуіне байланысты қан анализі жүргізілді. Қанның қандай көрсеткіші аурудың өршуін көрсетеді?

  • Жұқпалы аурулар бөліміне 7 жасар қыз балаға көкжөтел, спазматикалық кезеңі деп диагноз қойылды. Ұстамалардың саны күніне 10-12 рет, өкпеде құрғақ сырылдар естіледі. Қанның қандай көрсеткіші осы аурудың көрінісі деп бағалану керек?

  • Емханада біраз уақыт бұрын пневмониямен ауырған 4 айлық ұл балаға бақылау мақсатында қан анализі жүргізілді. Қанның қай көрсеткіші қалыптыдан ауытқыған?

  • Аймақтық дәрігер 15 күндік баланы кіндік жарасының жазылмауына байланысты үй жағдайында қарады. Баланың іш терісінде жеке іріңді элементтер анықталады. Емуі нашар, 50 г салмақ жоғалтқан. Қанның қай көрсеткіші баланың жағдайын көрсетеді?

  • Аймақтық педиатрдың қабылдауына 7 жасар ұл бала анасымен келді. Анасы баласының әлсіздігіне шағымданады. Балада субфебрильді температура және барлық топтағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталады. Қанның қандай көрсеткіші дәрігер назарын аударды?

  • Амбулатория жағдайында емделу кезінде 3 жастағы қыз бала зәр шығару жолдарының инфекциясына байланысты левомицетин қабылдаған. Қанның бақылаулық анализі жасалды. Қанның қандай көрсеткіші дәрігер назарын аударды?

  • Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 жасар 2 айлық ұл бала анасымен келді. ЖРВИ-мен ауырған. Шағымдары: жабысқақ жөтел, тұрақсыз дәрет. Дәрігер қарау барысында: себорея, строфулюс, «географиялық тіл», лимфаденопатия, тері асты шел май қабатының бос және ісіңкі болуы, моторлы дамуда артта қалған, бауыр мен талақ біршама үлкейген. Зәр анализінде көп мөлшерде эпителий анықталды. Осы аталған симптомды қалай бағалайсыз?

  • Аймақтық дәрігерге 6 айлық ұл бала анасымен келді. Дәрігер қарау барысында: балада артық салмақ, шап аймағының баздануы, гиперемия, беттің қабыршақтануы, «географиялық тіл» анықталды. Ата-анасының айтуы бойынша тұрақсыз дәрет, қайталамалы ринит, тершеңдік байқалады. Қан анализінде: диспротеинемия, гипохолестеринемия, гипергликемия анықталды. Көрсетілген симптомдар қандай ауруға тән?

  • Аймақтық дәрігерге 4 айлық ұл бала анасымен келді. Бала ананың сүтімен, алма пюресімен тамақтанады. Дәрігер тексеру барысында: баланың мұрнынан шырышты бөлінділердің пайда болуын, гиперемия, беттің қабыршақтануын, мойын лимфа түйіндерінің гиперплазиясын, дәретінің сұйық болғанын байқады. Анасы соңғы күндері бірнеше апельсин жеген. Анасында катаральді белгілер пайда болды. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  • Стационарға 10 айлық ұл бала анасымен түсті. Дәрігер тексеру барасында: бұлшықеттік гипотонияны, тимомегалия, барлық лимфа түйндерінің гиперплазиясы, бос, тері асты шел май қабатының баздануын, респираторлы инфекциямен ауырғанын анықтады. Ауруы ауыр түрде токсикоз белгілерімен, коллаптоидты реакциямен өткен. Гидрокортизонды енгізгеннен кейін тез басылған. Бұл балада қандай фон токсикоздың және коллаптоидты реакцияның дамуына әсерін тигізеді?

  • Аймақтық дәрігерге 5 айлық бала анасымен тексерілуге келді. Анасының айтуынша тамақтану барысында жарма ботқасын енгізгеннен кейін бетінде гиперемия, қабыршақтануы, құрғауы пайда болды.Тілінде ірі дұрыс емес пішінді ақшыл қызыл түсті аймақтар ақ түсті аралшықтармен алмасады. Осы пайда болған өзгерістерді қалай атаймыз?

  • Аймақтық дәрігердің қабылдауына 2 жасар ұл бала анасымен келді. Шағымы: жиі жөтелу, тұрақсыз дәрет. Тексеру барысында: себорея және құрғақ тері, универсалды лимфаденопатия, тіндердің бос баздануы, статикалық дамудың артта қалуы, бауыр мен талақтың үлкеюі анықталды. Рентгенограммада біршама тимомегалия байқалды. Зәр анализінде: көру алаңында 5-6 лейкоциттер және зәр шығару жолында эпителий анықталды. Осы көрсетілген симптомдар қай ауруға тән?

  • Стационарға 2 жасар қыз анасымен түсті. Ол респираторлы вирус инфекциясымен жиі ауырады және круп синдромымен жиі аяқталады. Баланың бет терісі сұр түсті, құрғақ, қабыршақты. Жеңіл дизуриялық көріністер және лейкоцитурия анықталды. Осы вирустық инфекцияның ауыр өтуіне не себеп?

  • Аймақтық дәрігердің қабылдауына 6 айлық бала анасымен келді. Жарма ботқасын жегеннен кейін баланың терісінде экссудативті-катаральді диатездің белгілері пайда болған. Осы жағдайдағы дәрігердің тактикасы?

  • Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 жарым жасар қыз бала анасымен келді. Эксудативті-катаральді диатезбен жиі ауыратын болғандықтан бала-бақшаға бара алмайды. Мұндай балада қандай ауру жиі кездеседі?

  • Бала-бақшада диспансерлік бақылау жүргізілді. Тексеру барысында бірнеше балада эксудативті-катаральді диатездің белгілері анықталды. Осы диагнозды қоюға терідегі қандай өзгерістер себеп болды?

  • Аймақтық дәрігердің қабылдауына 2 айлық ұл бала анасымен келді. Ана сүтін емеді. Дәрігер экссудативті-катаральді диатез диагнозын қойды. Қандай симптомдар осы диагнозды қоюға негіз болды?

  • Педиатрдың бақылауына ана сүтімен қоректенетін 6 айлық баланы анасы алып келді. Дамуы жақсы, салмақ қосуы да қарқынды. Жарма ұнтағымен қосымша тамақтандырады. Ата-анасы баланы қала сыртына шығарған. Мазасыздана бастаған, бетінде, иегінде гиперемия пайда болған. Қастарының аймағы қабыршақтанған, аяқтарында қышыған бөртпелер бар. Қабақтары гиперемияланған, конъюнктивит, тілінде тегіс емес жабындылар байқалады. Нәжісі жиілеген, сұйық. Аталған өзгерістер қандай ауруға тән?

  • Анасы 6 жасар баласының салмақ қосуы азая бастағандықтан дәрігерге көрінген. Бала қозғалғыш, тез қозады, тәбеті нашар, ұйқысы мазасыз, құсады. Анамнезінде: зәрінде өзгеріс байқалмайтын дизурия, терісінде нейродермиттің көрінісі байқалады. Аталған клиникалық көрініс қандай ауруға тән?

  • Аймақтық педиатрдың бақылауына анасы 3 айлық баланы көрсетуге алып келді. Бала құрғақ қоспалармен жасанды тамақтандыруға ауыстырылған. Мазасыз, ұйқысы нашар, терісінде эритематоздық бөртпелер және қышымалар пайда болған. Нәжісі сұйық, патологиялық қоспалар жоқ. Аталған жағдайда қандай емдік тактиканы қолданған жөн?

  • Диспансерлік бақылау кезінде балабақшадағы балалардың бірнешеуінде беттерінің қабыршақтануы, қолдың сырт бөлігінде, аяғында, бөксесінде түйін тәрізді қышитын бөрпелер анықталған. Аталған жағдай қандай патологияға тән?

  • Аймақтық дәрігердің бақылауындағы 1 жасар 2 айлық балада экссудативті- катаральді диатездің негізгі белгілері анықталған. Қазіргі кезде баланың терісінде бөртпелер жоғалған, нәжісі де жақсарған. Бірақ таңға жақын әсіресе орнын ауыстырған кезде пайда болатын, ылғалды, құрғақ жөтел мен мұрнымен тыныс алуының қиындауы мазалайды. Жалпы қарағанда: араны бозғылт, бадамшалары гипертрофияланған, жұтқыншақтың артқы қабырғасынан жасыл түсті шырыш байқалады. Артқы және шүйделік лимфа түйіндері ұлғайған. Жөтелдің негізгі себебі қандай?

  • Үй жағдайында қараған жетілген 10 күндік жаңа туылған нәрестені аймақтық дәрігер қандай белгі физиологиялық екенін білуі керек?

  • Қыз баланы педиатр тексеру барысында мына белгілерді анықтады: айқын бір затқа тіке карап тұрады, бірнеше секунд қозғалып тұрған затқа қарайды. Ішпен жатқан кезде басын ұстай алады. Осы даму қай жасқа сәйкес келеді?

  • Нәресте 9-ші күні перзентханадан мына симптомдармен стационарға түсті: арқа мен қолдың жазғыш бұлшықеттердің гипертонусы, көздің бір орында тұрмауы, иек треморы, «батқан күн» симптомы, Бабкин, Галант, Перес рефлекстерінің болуы. Бұл балада қандай симптом физиологиялық болып табылады?

  • Емханада дәрігер диспансерлік бақылауға келген баланың картасына келесі мәліметтерді толтырды: ішпен жатқанда бала басын ұстай алады, иық белдеуін көтере алады, күледі, үздік-үздік гулейді, шартсыз рефлекстердің – ұстап алу, еңбектеу, алақан-ауыз, Галант, Перес рефлекстері біршама төмендеген. Бұл баланың дамуы қандай жасқа сәйкес келеді?

  • Аймақтық дәрігерге 1 жасар 3 айлық қыз бала анасымен қабылдауға келді. Қыз бала нәрестенің гемолитикалық ауруымен ауырған. Қарау кезінде қандай симптомдар патологиялық болып табылады?

  • Аймақтық педиатр қыз баланы қарау кезінде келесі даму белгілерін анықтады: бөлек буындарды айта бастаған, өздігінен отыра алады, еңбектегісі келеді. Бұл баланың психомоторлық дамуы қай жасқа сәйкес келеді?

  • Жаңа туылған нәрестені тексеру барысында дәрігер қорғаныс рефлексінің бар екендігін анықтады. Осы мақсатта қандай тәсілдер қолданылады?

  • Жаңа туылған нәрестені дәрігер қарау барысында қорғаныс рефлекстерінің бар екендігін тексерді. Егер жаңа туылған нәрестеде қорғаныс рефлексі болса, қандай жауапты реакция анықталады?

  • 5 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге қабылдауға келді. I жүктілік, мерзімі өтіп, ұзаққа созылған босанудан туылған бала. Апгар шкаласы бойынша бағалау 5 балл. Алғашқы күндері жағдайы тым ауыр болған. Үйге өмірінің 19-шы күні шығарылды. Кейінгі дәрігерлік бақылау болмаған. Қарау кезіндегі қандай белгілер осы жасқа сәйкес келеді?

  • Стационарда 8 айлық ұл бала ОЖЖ-нің зақымдалуына байланысты тексерілді. Постгеморрагиялық гидроцефалиясы бар. Анықталған симптомдардың қайсысы жасына сәйкес келеді?

  • 1 ай 5 күндік ұл бала дәрігердің жолдамасымен ауруханаға келді. Жолдама құжатта белгіленген мәліметтердің қайсысын жасына сәйкес ерекшелейміз?

  • 27 күндік ұл баланы аймақтық дәрігер үй жағдайында тексерді. Амбулаториялық картада тіркелген қай белгілерді патологиялық белгі ретінде қарастыруға болады?

  • Аймақтық дәрігер 7 күндік ұл баланы үй жағдайында қарады. Мерзіміне жетіп туылған, ата-анасының дені сау, жас. Туылған кездегі баланың салмағы - 3200гр. Өмірінің 5-ші күнінде - 3100гр болған. Осы балаға қандай жағдай физиологиялық болып табылады?

  • Аймақтық дәрігер жаңа туылған нәрестеге (қыз балаға) үй жағдайында патронаж жасады. Қарау кезінде қай бұлшықеттердің тонусы анықталды?

  • Аймақтық дәрігер туылғанына 25 күн болған ұл балаға үй жағдайында тексеру өткізді. Патология ретінде нені бағалаймыз?

  • Аймақтық дәрігер амбулаториялық картаға баланың психомоторлы дамуы туралы мәліметтерді тіркеді: бала үздік-үздік гуілдейді, басын жақсы ұстайды, бір затты қадағалайды. Осы психомоторлы даму баланың қандай жасына сәйкес келеді?

  • Аймақтық дәрігер баланы қараған кезде келесі белгілерді анықтады: өсіп- жетілуі дұрыс, жүре алады, жеке сөздерді айта алады (20 сөзден артық), өзіне бағытталған сөзге жауап қайтарады, жеңіл тапсырмаларды орындай алады, өзінің дене мүшесін тани біледі. Баланың жасы нешеде?

  • Аймақтық дәрігерге қыз бала анасымен келді. Дәрігер қараған кезде мына белгілерді анықтады: қыз бала алғашқы қадамын жасай алады, жеке сөздерді айта алады (10 сөзден артық), рұқсат етілмейтін сөздерді, жақсы қылықтарды түсінеді. Бұл баланың жасы нешеде?

  • 8 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге Д3 витаминін алу мақсатымен келді. Бала күзде туылған. Қарағанда сүйектердегі деформацияны, бұлшықет гипотониясын, бақа тәрізді «ішті» анықтады. Қан анализіндегі кальций деңгейі - 2,12ммоль/л, фосфор деңгейі – 1,71 ммоль/л. Рахиттің қай кезеңі туралы ойлауға болады?

  • 8 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге Д3 витаминін алу мақсатымен келді. Бала күзде туылған. Қарағанда сүйектердегі деформацияны, бұлшықет гипотониясын, «бақа» тәрізді ішті анықтады. Қан анализіндегі кальций деңгейі - 2,12ммоль/л, фосфор деңгейі – 1,71 ммоль/л. Білезік сүйектерінің R- графиясы кезінде рентгенограммада не көреміз?

  • 4,5 айлық ұл бала тамыз айында туылған. Дене салмағы 6800 гр. Аймақтық дәрігер рахит бар екенін анықтады, бастапқы кезеңі. Қандай лабораториялық көрсеткіштер аурудың осы кезеңіне тән?

  • Аймақтық дәрігерге 9 айлық ұл бала анасымен келді. Желтоқсанда туылған. Қарағанда бұлшықет гипотониясы, «бақа» тәрізді іш, бас және кеуде сүйектерінің деформациясы анықталды. Қан анализінде кальций деңгейі 2,61- ммоль/л, фосфор деңгейі - 1,80 ммоль/л. Рахиттің қандай кезеңін айтуға болады?

  • Аймақтық дәрігерге 9 айлық ұл бала анасымен келді. Желтоқсанда туылған. Қарағанда бұлшықет гипотониясы, «бақа» тәрізді іш, бас және кеуде сүйектерінің деформациясы анықталды. Қан анализінде кальций деңгейі 2,61- ммоль/л, фосфор деңгейі - 1,80 ммоль/л. R-графия кезінде қандай белгілер анықталады?

  • 10 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Бала 4ай ауылда тұрған кезінде сиыр сүтін, картоп пюресін қабылдаған, аз серуендеген. Дене салмағы 10 кг, бойы 75 см, (туылған кездегі салмағы 3200 гр, бойы 51см). Терісінің түсі бозғылт, ісіңкі, терісі ылғал, тіл тургоры төмен. Бала қолын тіреп отырады, өз бетінше тұра алмайды. Басы «квадрат» пішінді, мұрын қыры тегістелген, төс сүйегі ішке қарай «етікші төсі» қисайған. Қабырғалардың үстінде

    «рахиттік тәспілер» бар. Іш көлемі ұлғайған, іштің тік бұлшықеттері алшақтаған, бауыр және талақ ұлғайған, тығыз, дәреті тұрақсыз. Қан анализінде: гипофосфатемия, гипокальцемия, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы. Бұл жағдай рахит процесінің қандай сатысына сәйкес келеді?

    1. Қыз бала 2,5 айлық қарашада туылған. Ана сүтін емеді. Соңғы 2-3 аптада мазасызданған, ұйқысы бұзылған, шошынғыш, тершеңдік. Емуі әлсіз, дәреті тұрақсыз. Қарағанда: терісі ылғал, бозғылт, тін тургоры төмендеген, қаңқада өзгерістер жоқ. Ішкі органдарда патологиялық өзгерістер жоқ. Рахит деп диагноз қойылды. Қандай клиникалық белгілер аурудың көрсеткіші болып табылады?

    2. Қыз бала 2,5 айлық қарашада туылған. Ана сүтін емеді. Соңғы 2-3 аптада мазасызданған, ұйқысы бұзылған, шошынғыш, тершеңдік. Емуі әлсіз, дәреті тұрақсыз. Қарағанда: терісі ылғал, бозғылт, тін тургоры төмендеген, қаңқада өзгерістер жоқ. Ішкі органдарда патологиялық өзгерістер жоқ. Рахит деп диагноз қойылды. Аурудың осы кезеңіне қандай көрсеткіш негіз болып табылады?

    3. Қыз бала 2,5 айлық қарашада туылған. Ана сүтін емеді. Соңғы 2-3 аптада мазасызданған, ұйқысы бұзылған, шошынғыш, тершеңдік. Емуі әлсіз, дәреті

    тұрақсыз. Қарағанда: терісі ылғал, бозғылт, тін тургоры төмендеген, қаңқада өзгерістер жоқ. Ішкі органдарда патологиялық өзгерістер жоқ. Рахит деп диагноз қойылды. Рахиттің қандай кезеңі?

    1. 7,5 айлық ұл бала аймақтық дәрігерге көрінуге келді. Мерзімінде туылған. Дамуы жақсы. Рахитке байланысты Д2 витаминін қабылдаған. 2 ай бойы тәулігіне 20000 МЕ мөлшерінде алған. Соңғы уақытта тамақтануы нашар, құсу, мазасыз, шөлдеу, іш қату байқалады. Дене температурасы субфебрильді. Үлкен еңбегі жабық, шүйде және төбе сүйектері дөңес. Тәбеті төмен, терісі құрғақ, бозғылт. Зәрде лейкоцитурия анықталды. Бала жағдайының нашарлау себебі?

    2. Аймақтық дәрігер 3 айлық балада рахиттің бастапқы кезеңін анықтады. Диагноз қоюға қандай симптом негіз бола алады?

    3. 3 айлық ұл бала анасымен дәрігердің қабылдауына келді. Аймақтық дәрігер рахит бар екенін анықтады, бастапқы кезеңі. Диагноз қоюға қандай лабароториялық көрсеткіштер дәлел бола алады?

    4. 10 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Қыркүйек айында дүниеге келген. 2 айлығынан бастап жасанды сүтпен тамақтанған. Сүтті қоспа алады, көкөністі пюре, етті тағамдар, витаминдер қабылдамаған. Қарағанда: тәбеті және бұлшықет тонусы төмендеген. Беті күйген, басы «квадрат» тәрізді, тісі жоқ. Кеуде қуысы алшақтаған, қабырғалардың үстінде «рахиттік тәспілер» бар. Іші

    «бақа» тәрізді. Дәрігер рахиттің реконвалесценция кезеңі екенін анықтады. Рахиттің осы кезеңін қандай көрсеткіш дәлелдейді?

    1. 10 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Қыркүйек айында дүниеге келген. 2 айлығынан бастап жасанды сүтпен тамақтанған. Сүтті қоспа алады, көкөністі пюре, етті тағамдар, витаминдер қабылдамаған. Қарағанда: тәбеті және бұлшықет тонусы төмендеген. Беті күйген, басы «квадрат» тәрізді, тісі жоқ. Кеуде қуысы алшақтаған, қабырғалардың үстінде «рахиттік тәспілер» бар. Іші

    «бақа» тәрізді. Дәрігер рахиттің реконвалесценция кезеңі екенін анықтады. Бұл балаға не тағайындау керек?

    1. 6 айлық ұл бала айран ішеді, сиыр сүтін ішеді, ботқа жейді. 4 айлығында ЖРВИ-мен ауырған. Дәрігер қарағанда: бала бозғылт, терісі ылғал, арқасында және кеудесінде бөртпелер бар. Бұлшықет тонусы және тургоры төмендеген. Төбе және маңдай сүйектерінде бұдыр бар. Үлкен еңбегі 2×3см, краниотабес. Қабырға доғалары көтерілген. Тыңдағанда: өкпеде қатаң дыбыс, құрғақ сырылдар, жүрек тоны ырғақты, бауыр және талақ үлкейген. Бұл жағдайда рахиттің қандай сатысы?

    2. Аймақтық дәрігерге 4 айлық ұл бала анасымен қабылдауға келді. Анасының жүктілігі қалыпты өткен, мерзімінде туылған. Ана сүтін емеді. Салмақ қосуы қалыпты. Күн сайын шомылдырады, таза ауада серуендейді. Ұйқысы нашар, тершең, шаштары түсіп қалған. Үлкен еңбегінің айналасы жұмсарған. Кеудесінде ұсақ бөртпелер, қасыған іздер бар, үлкен дәреті тұрақсыз. Қан анализінде сілтілі фосфатазаның белсенделігі жоғары. Бұл балаға қандай диагноз қоясыз?

    3. Аймақтық дәрігерге 4 айлық ұл бала анасымен қабылдауға келді. Анасының жүктілігі қалыпты өткен, мерзімінде туылған. Ана сүтін емеді. Салмақ қосуы қалыпты. Күн сайын шомылдырады, таза ауада серуендейді. Ұйқысы нашар, тершең, шаштары түсіп қалған. Үлкен еңбегінің айналасы жұмсарған. Кеудесінде ұсақ бөртпелер, қасыған іздер бар, үлкен дәреті тұрақсыз.Қан анализінде сілтілі фосфатазаның белсенделігі жоғары. Бұл баладағы рахиттің дамуын алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керек?

    4. 9 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Қаңтар айының басында туылған. Қарағанда: рахитке тән сүйек деформациясы, бұлшықет гипотониясы, жоғарғы тершеңдік. Қан анализінде гипокальциемия, фосфор көрсеткіші қалыпты. Бұл рахиттің қай кезеңі?

    5. 2,5 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Мерзімінде туылған ана сүтін емеді. Профилактикалық мақсатта 2 айдан бастап күніне видехолды 1 тамшыдан берген. Соңғы уақытта арқасында және кеудесінде бөртпелер пайда болды, терісі бозғылт, ұйқысы бұзылған, шошынады, бұлшықеттік дистония, дене салмағы 5100гр. Қан анализінде: Hb-128г/л, эритроциттер 4.5х1012/л. Сіздің диагнозыңыз?

    6. 4 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Дәрігер рахиттің бастапқы кезеңі екенін анықтады. Қандағы қандай өзгерістер бұл диагнозды дәлелдейді?

    7. 3 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Бала аралас тамақтанады. Соңғы кезде ұйқысы мазасыз. Арқасында және кеудесінде бөртпелер бар, бозғылт. Туылғандағы дене салмағы - 3200гр. Қазіргі салмағы – 5400 гр. Жұмсақ тіндердің тургоры төмендеген. Қан анализінде: Нв-119г/л, эритроциттер - 4,1 млн. Сіздің диагнозыңыз?

    8. 2 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігер келді. Рахиттің бастапқы кезеңі екенін анықтады. Балада қандай лабораториялық көрсеткіштер дәлел бола алады?

    9. 11,5 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Маңдай сүйектерінде бұдырмақтар бар. Кеуде клеткасының деформациясы, бұлшықет тонусы төмендеген, биохимиялық және рентгенологиялық зерттеулерде патология анықталмаған. Арнайы ем, алдын алу жүргізілмеген, баланың емуі мен тамақтануы дұрыс. Рахиттің қай кезеңі?

    10. 10 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Дәрігер рахиттің өршу кезеңі екенін анықтады. Төбе сүйектерінде бұдырмақтар анық көрінеді. Рахиттік «білезік», «рахиттік тәспі», бұлшықет тонусы төмен. Бала қолын тіреп отыра алады, бірақ тұра алмайды. Ұйқысы бұзылған, аздап терлейді. Рахиттің өту сипаты қандай?

    11. 1 жасар 6 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Баланың аяғы

    «О» әрпіне ұқсас қисайып өзгерген және рахит диагнозы қойылған. Д витаминінің емдік мөлшері берілсе де жағдайы жақсармаған. Емнің нәтижесіз болуына не себеп?

    1. 2,5 жасар қыз бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Қыз баланың аяқтары ішке қарай қисайып өзгерген. Дене салмағы – 15кг, бойы - 80см. Қан анализінде: гипофосфатемия, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы. 1,5 ай бұрын рахиттің өршу кезеңі 2-ші дәреже ауыр түрі деп диагнозы қойылды. Д витаминінің тәулігіне 2500 мг мөлшерін қабылдаған. Нәтижесіз болған. Педиатрдың ары қарайғы тактикасы қандай?

    2. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 6 айлық ұл баланы анасы алып келді. Бұлшық ет тургоры біршама төмендеген, терісі құрғақ Тәулігіне 4 рет емеді, 1 рет жемістен пюре, үккіштен өткен алма береді. Әрі қарай балаға қандай тамақ тағайындаймыз?

    3. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 6 айлық ұл баланы анасы алып келді. Бұлшық ет тургоры біршама төмендеген, терісі құрғақ Тәулігіне 4 рет емеді, 1 рет жемістен пюре, үккіштен өткен алма береді. 6 айлық балаға тамақтанудың тәуліктік көлемі канша?

    4. Анасы 1 айлық қызын аймақтық дәрігердің қабылдауына алып келді. Бала мазасыз, ана сүтін емеді, емізіп болған соң 20-30гр сүтін сауып алады. Туылған кездегі салмағы 3700 гр, қазіргі салмағы 4000 гр, емізуді бақылау кезінде 100 гр сүт емеді. Бұл жағдайда анасына қандай ұсыныс айтылады?

    5. 4 айлық ұл бала анасымен балалар емханасына ай сайынғы қаралуға келді. Баланың дені сау, дамуы дұрыс.Туылған кездегі салмағы 3200гр, қазіргі салмағы 6000 гр. Анасының сүті жоқ, жасанды тамақтандырады.

    6. Бұл балаға қандай сүт тағайындауға болады?

    7. 4 айлық ұл бала анасымен балалар емханасына ай сайынғы қаралуға келді. Баланың дені сау, дамуы дұрыс.Туылған кездегі салмағы 3200 гр, қазіргі салмағы 6000 гр. Анасының сүті жоқ, жасанды тамақтандырады. Мұндай балаға қай жаста 1-ші қосымша тамақтандыру береміз?

    8. Аймақтық дәрігерге 8 апталық баланы анасы алып келеді. Анасының жасы

    38 жаста, ана сүтін береді. Кешке емізу аралығында бала мазасызданады. Анасының сүті жеткіліксіз, гипотрофияның 1-дәрежесі деп диагноз қойылды.

    1. Қандай көрсеткіш гипогалактияның дамуына негізгі себеп болды?

    2. Аймақтық дәрігерге 8 апталық баланы анасы алып келеді. Анасының жасы

    38 жаста, ана сүтін береді. Кешке емізу аралығында бала мазасызданады. Анасының сүті жеткіліксіз, гипотрофияның 1-дәрежесі деп диагноз қойылды. Мұндай жағдайда лактацияны көбейтуге не тағайындаймыз?

    1. Әйел уақытына жетіп босанған дені сау 1 айлық ұл баланы аймақтық дәрігердің қабылдауына алып келді. Ана сүтін жақсы емеді, анасының сүті жеткілікті, қосқан салмағы 600г. Психомоторлық дамуы жасына сәйкес. Туылғаннан бастап нәжісі тұрақсыз, тәулігіне 5-6 рет, сұйық, патологиялық қоспа араласқан. Баланың нәжісінің тұрақсыз болуына қандай себеп?

    2. Әйел уақытына жетіп босанған дені сау 1 айлық ұл баланы аймақтық дәрігердің қабылдауына алып келді. Ана сүтін жақсы емеді, анасының сүті жеткілікті, қосқан салмағы 600г. Психомоторлық дамуы жасына сәйкес. Туылғаннан бастап нәжісі тұрақсыз, тәулігіне 5-6 рет, сұйық, патологиялық қоспа араласқан. Бұндай жағдайда не тағайындайсыз?

    3. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 2,5 айлық баланы қайта қаралуға алып келді. Баланың психомоторлық дамуы жасына сәйкес, 2 айда 800г салмақ қосқан, жақсы емеді, анасының сүті жеткілікті, нәжісі тұрақсыз, тәулігіне 4-5 рет.Дәл қазіргі жағдайда балаға не тағайындайсыз?

    4. Аймақтық дәрігердің кезекті қабылдауына 5,5 айлық қыз баланы анасы алып келді, дене және психикалық дамуы жасына сәйкес. Анасының сүті жеткілікті, нәжісі қалыпты. Жақын уақытта қандай тамақ енгізуге болады?

    5. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 7 айлық баланы анасы алып келді. Дене және психомоторлық дамуы жасына сәйкес. Ана сүтін береді.

    6. Қандай тағамдар жасына сай емес?

    7. Әйел 35 жаста, бронхиалды астмамен ауырады, мерзімінде туды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Туған кездегі салмағы 3300г, бойы 51 см. Баласын емізуге бірнеше сағаттан кейін әкелді. 8 реттен кем емес емеді. Анасының емізікшесі жалпақ. Салмақ жоғалтуы 9%.Гипогалактияның негізгі көрсеткішін атаңыз?

    8. Әйел 35 жаста, бронхиалды астмамен ауырады, мерзімінде туды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Туған кездегі салмағы 3300г, бойы 51 см. Баласын емізуге бірнеше сағаттан кейін әкелді. 8 реттен кем емес емеді. Анасының емізікшесі жалпақ. Салмақ жоғалтуы 9%. Гипогалактияны себебін жою үшін қандай алғашқы қадам жасау керек?

    9. Ұл бала ас қорыту жолдарының ауруларынан қаупі бар жанұяда туылды. Аймақтық дәрігер баланың асқазан-ішек жолдарында дисфункция болмау үшін ана сүтін беруді айтты. Ана сүтімен тамақтанудың дене дамуының жетілуіне әсері?

    10. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 айлық ұл баланы анасы алып келді. Дене салмағы 4кг. Емізікшесі жалпақ болуына байланысты бала жақсы ембейді. Анасы сүтін сауып тастайды. Бала денесінің салмағына байланысты тәуліктік сүттің көлемі?

    11. Аймақтық дәрігердің қабылдауына бала емізетін ана келді. Дене температурасы 37,3С, диарея, бір реттік құсу байқалған. 2 айлық қыз баласын тамақтануы туралы қандай кеңес бересіз?

    12. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 3 айлық ұл баланы анасы алып келді. Соңғы айда қосқан салмағы 500г. Күніне 6 рет емеді. Қосымша 80-90 мл айран береді. Бұл балаға негізгі дұрыс тағамды тағайындаңыз?

    13. 6 айлық қыз баланы анасы аймақтық дәрігердің қабылдауына алып келді. Психомоторлық және дене дамуы жасына сәйкес. Ана сүтін береді.

    14. Тамақтану туралы кеңес беріңіз?

    15. Аймақтық дәрігерге 5,5 айлық қыз баланы анасы алып келді. Ана сүтін емеді. Алма шырынын, жеміс-жидек пюресін, жұмыртқа сарысын береді. Дамуы қанағаттанарлық. Қосымша қандай тамақ беруге кеңес бересіз?

    16. Аймақтық дәрігерге 6 айлық ұл баланы анасы алып келді. Жасанды тамақтандырады. Сүт қоспаларынан басқа шырындар, жеміс-жидек пюресін, жұмыртқа сарысын береді. Іш қату жиі байқалады.Мұндай жағдайда қандай тамақ енгізу керек?

    17. Аймақтық дәрігерге 2 айлық баласын емізетін ана келді. Дене температурасы 37,50С-қа дейін жоғарылаған. Сүт безі тығыздалған. Лактостаз деп диагноз қойылды. Бұл жағдайда қандай кеңес беру қате болып табылады?

    18. Жас ана аймақтық дәрігерге мына шағымдармен келді: 2 айлық ұл баласы жақсы ембейді. 5-7 мин жақсы емеді де ұйықтап кетеді. Емізіп болған соң сүтін сауып тастауға мәжбүр. Бала орташа есеппен 130,0г емеді, күніне 8 рет. Туғандағы салмағы 3500г, қазіргі салмағы 5000г. Емізуге қандай баға бересіз?

    19. Аймақтық дәрігерге 2 айлық ұл баланы анасы алып келді. Бейімделген сүт қоспаларымен тамақтанады. Бұл жағдайда тамақтану тәртібіне қандай кеңес бересіз?

    20. Аймақтық дәрігерге 8 айлық бала анасымен келді. Тәулігіне 5 рет тамақтанады. 3 рет ана сүтімен, 1 рет ботқа, 1 рет көкөніс пюресі және де жеміс пюресі, шырын, жұмыртқа сарысын алады.Бұл баланың рационына тағы не енгізу керек?

    21. Балалар емханасына 2 айлық баланы анасы алып келді. Салмағы 4700 г, туған кездегі 3300г. Ана сүтін емеді, одан басқа ешнәрсе бермейді.

    22. Бұл бала тамақтануына қандай кеңес бересіз?

    23. Аймақтық дәрігерге 1,5 айлық ұл баланы анасы алып келді. Салмағы 4000г

    ,бала күледі және басын қимылдатады. Ана сүтін емеді. Соңғы кезде бала мазасыз, ему кезінде қомағайлық көрсетеді. Анасында артық сүт жоқ. Баланың емуін дұрыстауға қандай кеңес бересіз?

    1. 6,5 айлық бала аймақтық дәрігердің бақылауына келді. Психомоторлық және дене дамуы жасына сай. Ана сүтін емеді. Одан басқа қосымша шырындар, жеміс- жидек және көкөніс пюресін, жұмыртқа сарысын алады. Бұл баланың тағам рационына не қосуға болады?

    2. Аймақтық дәрігерге 8 айлық ұл баланы анасы алып келді. Қосымша тамақтанады. Терісіне аллергиялық бөртпелер шыққан. Қандай ет тағайындау керек?

    3. Аймақтық дәрігер 5 айлық ұл баланы қарағанда оның тері қатпарлары қыртыстануының баяулағанын байқады.Тері серпімділігінің төмендеуі қандай жағдайды көрсетеді?

    4. Аймақтық дәрігер 1,5 жасар ұл баланы қарағанда аяғының О-тәрізді қисайып өзгергенін байқады. Сүйектегі патологиялық өзгерістерге байланысты рахит диагнозын болжамдады.Баланың жасына сай қалыпты көрсеткішті атаңыз.

    5. Ішек инфекциясы бөліміне 5 айлық ұл бала келіп түсті. Зерттеу барысында дәрігер қолымен бала жамбасының ішкі бетінің жұмсақ тіндерін басып көреді. Бұл әдіспен дәрігер нені анықтайды?

    6. Жақсы еметін, аз ғана дене салмағын жоғалтуы бар, тері жамылғысы қызғылт, жетіліп туылған нәрестенің өмірінің 3- ші күнінде терісінде сарғаю пайда болады. Сарғаюдың себебін көрсетіңіз.

    7. Аймақтық дәрігер үй жағдайында 14 күндік ұл баланы қарады. Кеуде терісінде үлкен, солғын, тез жарылатын, бұлыңғыр құрамдас көпіршіктер пайда болғанын көрді. Нәресте күлдірегі (пузырчатка) диагнозы қойылды. Бұл жастағы бала терісінің қандай гистологиялық ерекшеліктері осы ауруға алып келеді?

    8. Қыз бала анасымен дәрігердің қабылдауында болды. Кеуде терісінде үлкен, бос, солғын, тез жарылатын, бұлыңғыр құрамдас көпіршіктердің пайда болғанын байқады. Оның пайда болуына эпидермис пен дерманың мықты байланысының болмауы алып келеді.Осы баланың жасын көрсетіңіз?

    9. Аурухананың қабылдау бөліміне 5 жасар ұл бала ішінің жедел ауырсынуымен түсті. Қабылдау бөліміндегі дәрігер баланы қарап, аппендицитке күдіктенді және оны хирургиялық бөлімге жіберді. Хирург баланы әдістік тексеруде алақанның және тізенің алдыңғы бетінен симметриялы майда папулезді геморрагиялық бөртпелерді көрді. Бұл жағдайда бөртпенің шығуына не себеп болды?

    10. Аймақтық дәрігер 7-сынып оқушысын қабылдады. Оқушы дене температурасының 37,50С-қа жоғарылауына, қол, жамбастың жазылатын бетінде ұсақ папулезді бөртпелердің пайда болуына шағымданды. Дәрігер қарағанда жұтқыншағы аздап қызарған. Желкедегі лимфа түйіндері жұмсақ, көлемі 1x1 см, сәл ауырсынады. Осы лимфа түйіндеріндегі реакция қай ауруда болады?

    11. Педиатр 6 жасар ұл баланы тамағының ауырсынуына және дене температурасының 37,50С-қа жоғарылауына байланысты үй жағдайында қарады. Ангина диагнозы қойылды. Ауырғанына 3 күн болған. Анасы мойнының артқы бүйірлік аймағындағы ісікке көңіл аударды. Дәрігер қайта қарауда жұқпалы мононуклеозға күдіктенеді. Диагнозды негіздеуге не себеп болды?

    12. Стационарда сепсис диагнозы қойылған 6 айлық ұл балаға остеомиелитті жоққа шығаруы үшін тізе және сан сүйектерінің рентгенограммасын жасатты. Осы жастағы нәресте сүйегінің қандай ерекшеліктері бар және рентгенограмманы талдау кезінде есепке алынуы керек?

    13. Аймақтық дәрігер 1 жасар қыз баланы тексеру кезінде оның теріасты шел май қабатының дамуын жеткілікті деп бағалады. Бұл жағдайда іштегі теріасты шел май қабатының қалыңдығы қандай болуы керек?

    14. Дәрігер жаңа туған нәрестені қараған кезде кеуде клеткасының сәл ғана білінетін экскурсиясына, аускультатция кезінде сәл ғана білінетін шуға көңіл аударды. Жаңа туған нәрестеде тыныс алудың бұл ерекшелігі немен байланысты?

    15. Балабақшаның бір топ балаларын диспансерлік тексеру кезінде үнемі жөтелетін бірнеше балалар анықталды. Олардың мұрынмен тыныс алулары қиын, ауызбен дем алады, мұрындарынан шырышты-іріңді бөлінділер ағады. Көмейдің артқы қабырғасынан дәл сондай секрет бөлінеді. Жұтқыншақ қалыпты жағдайда.Бұл балаларды тексерген кезде қандай өзгерістер анықталуы мүмкін?

    16. 7 күндік жаңа туған нәресте аймақтық педиатр үй жағдайында қарады. Бала активті. Қандай көрсеткіш жасына сәйкес келеді?

    17. Пневмонияның ауыр түрімен ауыратын 14 күндік ұл баланы аймақтық педиатр үй жағдайында келіп қарады. Ентігу, тыныс алуы минутына 80 рет, ара- кідік 20 секундқа созылатын апноэ ұстамалары цианозбен бірге пайда болады. Бұл баладағы апноэ ұстамалары қандай функциональды ерекшеліктерге байланысты?

    18. 2 апталық баласы бар ана аймақтық дәрігерден баланы емізу туралы кеңес сұрады. Қыз баланың дені сау. Бұл балада тыныс алу жиілігі минутына қанша болу қажет?

    19. Аймақтық дәрігерге 1 жастағы ұл бала балабақшаға бару үшін тексерілуге келді. Баланың дамуы жасына сай. Ана сүтін емеді. Баланың дені сау. Бұл жастағы баланың минутына тыныс алу жиілігі қандай болу керек?

    20. Аймақтық педиатрдың қабылдауына 1,5 жастағы ұл баланы анасы алып келді. Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары: спастикалық дем алумен ұстама тәрізді жөтел, жиі құсумен аяқталады. Бұл симптомдарға қарап қандай ауру туралы ойлауға болады?

    21. Аймақтық дәрігерге 2 жастағы ұл баланы анасы алып келді. 2 аптадан бері ауырады, мазасыз, дене температурасы 37,20С. Терең ылғалды жөтел жиі байқалады, өкпесін тыңдағанда құрғақ және жайылмалы ылғалды әр түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Аускультациялық зерттеуге қарап қандай ауру туралы ойлайсыз?

    22. Дәрігердің қабылдауына 10 айлық ұл бала анасымен келді. Дәрігер тексеру барысында жедел пневмония ауруына күдіктенді. Бұл диагнозды қоюға не себеп болды?

    23. Аймақтық дәрігерге 8 айлық баланы анасы алып келді. Терісінде және шырышты қабатта экссудативті-катаральді диатездің белгілері бар, жедел респираторлы инфекциямен ауырған. Аурудың 4 күнінен бастап балада «үрген» тәрізді өрескел жөтел, жалпы мазасыздық, ентігу, дем алу кезінде шулы тыныс, қырылды дауыс пайда болған. Бұл симптомдар нені көрсетеді?

    24. Аймақтық дәрігерге 6 айлық ұл баланы анасы алып келді. 3 күн бойы жедел респираторлы вирусты инфекциямен ауырады. Қаралған күні баланың жағдайы нашарлаған: мазасыз, дене температурасы 37,50С, «үрген» сияқты өрескел жөтел, бұғана үсті мен қабырға аралығының ішке кіруімен шулы тыныс алу, инспираторлық ентігу, тыныс алуы минутына 50 рет, мұрын-ауыз төңірегінде цианоз. Перкуссия кезінде өкпеде қорап тәрізді дыбыс. Аускультацияда өрескел тыныс шуы, қатаң сырылдар, біршама орнықпаған әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.Осы клиникалық көріністерге қарап қандай патология туралы ойлайсыз?

    25. Аймақтық дәрігерге 6 айлық ұл баланы анасы алып келді. Бала обструктивті синдромды респираторлы-вирусты инфекциямен ауырған. Өкпебронхтық жүйенің қандай анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері обструктивті синдромның дамуына әсер етті?

    26. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 3 айлық ұл бала келді. 2 аптадан бері нәресте мазасыз, ұйқысы бұзылған, шошып оянады және тершең. Емшекті нашар емеді. Үлкен дәреті тұрақсыз. Қарағанда: терісі бозғылт, шүйде аймағының шашы түскен,тургоры төмендеген,үлкен еңбегінің жиегі батыңқы. Дәрігер нәрестеге рахит диагнозын қойған. Нәрестеде рахиттің қай сатысы дамып жатыр?

    27. 6 айлық ұл бала аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Анасы баласының басының тез үлкейгеніне шағымданады, өйткені оған сатып алынған қалпақтың тар болып қалғанын айтады. Патронаждық мейірбикемен жүргізілген өлшеуде баланың бас айналымы - 43 см, кеуде шеңберінікі – 44 см.Параметрлерді бағалаңыз.

    28. 8 күндік мерзіміне жетіп туылған нәрестені босану бөлімінен шыққан соң екінші күнінде патронажды мейірбике қарап тексерді. Оның физикалық дамуын жасына сай деп бағалады. Бұл қорытындыны негіздеуге нәрестенің қандай дене салмағы негіз болды?

    29. Аймақтық дәрігердің қаралуына ұл бала анасымен келді. Баланың дені сау, басын ұстай алады, тіке қарай алады. Дене салмағы 5000 г, бойының ұзындығы 58

    см (туылған кездегі салмағы 3500 г, бойы 52 см). Бұл баланың дамуы қай жасқа сәйкес келеді?

    1. Аймақтық дәрігердің қармағында салмағы 2200 г, дене ұзындығы 45 см нәресте туылды. Дұрыс даму кезінде осы баланың 1 жасында антропометриялық көрсеткіштері қандай болады?

    2. Емханаға профилактикалық екпе жасатуға 7 айлық қыз баланы анасы алып келді. Нәрестенің туылған кездегі дене салмағы 3200 г. Осы жастағы балаға қандай салмақты дұрыс деп есептейсіз?

    3. 10 жасар ұл бала спорт үйірмесіне қатысады. Оның дене параметрлері пропорционалды және жасына сай орташа көрсеткішке сәйкес келеді. Салмақ пен ұзындықтың дұрыс көрсеткішін көрсетіңіз.

    4. Аймақтық дәрігерге профилактикалық тексеруден өтуге ұл бала анасымен келді. Оның салмағы 25 кг, бойы 123 см.Баланың жасын көрсетіңіз.

    5. Аймақтық дәрігерге 11 айлық ұл бала анасымен келді, туылған кездегі салмағы 3000 г, мерзімінде жетіліп туылған.11 айлық балада қандай салмақ болуы қажет?

    6. Аймақтық дәрігерге 4,5 айлық ұл бала анасымен келді. Дене салмағы 7000 г, ұзындығы 66 см. Туылған кездегі салмағы 3500 г, ұзындығы 53 см.

    7. Оның дамуына баға беріңіз?

    8. Аймақтық дәрігерге келген 6 айлық ұл баланың ата-анасы оны дені сау деп есептейді. Дәл қазіргі сәтте баланың дене салмағы 8800 г (туылған кездегі салмағы 3200), бойының ұзындығы 72 см (туылған кездегі бойының ұзындығы - 52 см). Өздігімен отыра алады. 2 тісі бар. Осы баланың физикалық дамуын бағалаңыз?

    9. Аймақтық дәрігерге 6 айлық нәресте анасымен келді. Диспансерлік зерттеуде ұл баланың физикалық дамуынан мынадай көрсеткіштер алынды: дене салмағы 6800 г, бойының ұзындығы 67 см, бас шеңбері - 43 см, кеуде шеңбері - 44 см. Туылған кездегі салмағы 3400 г, бойының ұзындығы -51 см.

    10. Физикалық дамудағы қай параметрі қалыптыдан ауытқыған?

    11. Аймақтық дәрігерге ұл бала анасымен келді. Нәрестенің дене салмағы 9200 г, бойының ұзындығы - 72 см, бас шеңбері - 44,5 см, кеуде шеңбері - 46,5 см. Туылған кездегі салмағы - 3200 г, ұзындығы - 51 см. Нәресте қай жаста?

    12. Мерзіміне жетіп туылған нәрестені өмірінің 10-шы күні педиатр үй жағдайында қарау кезінде анықтады: салмағы 3300 г, ұзындығы 55 см (туылған кездегі салмағы 3500 г және ұзындығы 54 см). Баланың физикалық дамуын бағалаңыз?

    13. Аймақтық дәрігерге 4 жасар ұл бала анасымен келді. Анасы баласының қатарластарынан физикалық даму жағынан қалып бара жатқанына шағымданады. Қарағанда: дене салмағы 16 кг, ұзындығы 100 см.Баланың физикалық дамуын бағалаңыз?

    14. 5 жасар ұл бала балабақшаға бару үшін аймақтық дәрігердің диспансерлеуінен өтеді. Оның дамуы қалыптының төменгі шекарасы деп қойылды.Бұл бағалауда қай салмақ негізге алынды?

    15. Диспансерлік қарауда аймақтық педиатрмен мерзіміне жетіп туылған 1 айлық қыз баланың параметрлері өлшенді. Физикалық дамуы қалыпты деп есептелінеді.Әрі қарай үйлесімді дамуына дене салмағының айлық қосуы қандай болу керек?

    16. Аймақтық дәрігер диспансерлік бақылау кезінде жетіліп туылған 1 айлық қыз баланың дене параметрлерін алды. Физикалық дамуы жағынан дұрыс жетілген.Егер туылған кездегі бойы 50 см болса, қазіргі бойының ұзындығы қандай болады?

    17. Жаңа туылған нәресте босану үйінде жүктіліктің 32 апталық мерзімінде туылған. Дене салмағы 1700 г, бойының ұзындығы 42 см, бас шеңбері 30 см, кеуде

    шеңбері 25 см.Осы жүктілік мерзіміне сай физикалық даму параметрлерін бағалаңыз?

    1. Аймақтық дәрігерге 10 айлық ұл бала анасымен келді. ЖРВИ-мен ауырған. Мазасызданғанда шулы тыныс пайда болады. 1-дәрежелі көмейдің стенозы диагнозы қойылған.Ауруханаға дейінгі кезеңде сіз қандай ем қолданасыз?

    2. Аймақтық дәрігер 8 айлық ұл баланы шақыртумен көруге келді. Балада экссудативті диатез бар. 3 күн бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда: риниттің белгілері бар, жөтел, дене температурасы 38,50С-ке дейін жоғарылаған. Түнде бірнеше рет тыныс жеткіліксіздігі мазалаған, дем алғанда шулы, көкірек клеткасының ішке қарай кіруі, «үрген тәрізді» жөтел болған.Осы пайда болған симптомды қалай бағалайсыз?

    3. Перзентханада шала туылған бала алғашқы күндері электр жылытуы бар керуетте жатқызылған. Таңертең дене температурасын өлшегенде оның 38,40С-ке дейін жоғарылағанын байқаған.Қандай себептен кейін баланың температурасы жоғарылаған?

    4. 1 жарым жасар ұл бала дене қызуы 39,80С-ке дейін жоғарылап, ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін клоникалық-тоникалық құрысулар ұстамасы пайда болды. Жедел жәрдем дәрігері құрысуды фебрильді етіп бағалады.Фебрильді ұстамасы неден пайда болды?

    5. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 жас 2 ай қыз бала анасымен келді. ЖРВИ-мен 3-ші күн ауыруда. Стенозды ларинготрахеиттің белгілері пайда болды. Диагноз қойыңыз?

    6. 1 жарым жасар ұл балада кешке дене қызуы көтерілді. Екі күн бұрын ЖРВИ- мен ауырған. Кешке дөрекі жөтел, ентікпе, тыныс алуы минутына 40 ретке дейін, мазасыз, дем алу кезінде бұғана үстінің кіріңкі болуы байқалады. Шақыртумен келген аймақтық дәрігер баланы ауруханаға жатқызуды ұсынды.Дәрігер неден күдіктенді?

    7. Аурухананың қабылдау бөліміне 6 айлық бала анасымен тұмаумен ауырып келді. Дене температурасы 39,80С, шағын катаральді белгілер бар. Терісі сұр, ұстағанда қолы және аяқтары салқын, саусақтарында көгеру бар. ЖСЖ минутына 150 рет. Зәрдің тығыздығы 1010. Осы айтылған симптомдар жиынтығын қалай бағалайсыз?

    8. Аурухананың қабылдау бөлімінде 8 айлық қыз бала ЖРВИ-мен ауырып келген. Гипертермиялық синдром пайда болды: дене қызуы 39,50С, ентігу, тахикардия, терінің сұрлануы, саусақтарының көгеруі, денесі салқын. Бұл жағдайда балаға қандай көмек береміз?

    9. Емхананың аймақтық дәрігеріне 8 айлық ұл баланы анасы алып келді. Дәрігер тексеріп қарағанынан соң балаға рахиттің II дәрежесі диагнозы қойылды. Аймақтық дәрігер қандай ем тағайындайды?

    10. Қалалық перзентханада жүктіліктің 36 аптасында ұл бала дүниеге келді. Салмағы 2500 г, бойы 45см. Неонатолог тексеріп қарағанда: баланың терісі қоңыр қызыл,шел май қабаты мардымсыз,денесінде үлпілдек жүндері бар, жұмыртқасы дорбасына түспеген,рефлекстері төмен. Неонатолог қандай болжам диагноз қойды?

    11. Аурухананың қабылдау бөліміне 3 жасар ұл баланы анасы алып келді.Шағымдары:дене қызуы көтерілген,басы аурып мазасызданған,тәбеті төмендеген,әлсіз болған, құрғақ жөтел мазалаған .Дәрігер қарағанда:өкпесінде қатаң тыныс,үлкен және орташа калибрлі ылғалды сырылдар естілді. Рентген нәтижесінде симметриялы түрде өкпе суретінің күшейгенін көруге болады.Дәрігер балаға қандай диагноз қойды?

    12. Аймақтық дәрігер үйге шақыртумен 1 жасар ұл баланы көруге келді. Бала кенеттен ауырып қалған. Дене қызуы 38,50С, ринит белгілері және жөтел

    байқалады. Анасының айтуынша бала кешке қарай мазасызданған. Тыңдағанда: шулы тыныс, дөрекі «үрген тәрізді» жөтел, инспираторлық ентігу, бұғана үсті ойығының ішке кіруі, ауыз төңірегінің біршама цианозы байқалды.Осы пайда болған симптомды қалай бағалайсыз?

    1. Қабылдау бөліміне 8 айлық қыз бала түсті. Ауруы жедел басталған.Үлкен дәреті жиі және сұйық, құсу байқалады. Ішек инфекциясы диагнозы қойылды.Балада сусызданудың пайда болуына қандай көрсеткіштер тән?

    2. 9 айлық бала стационарға сусызданудың 3- дәрежесімен жеткізілді.

    3. Ауыр дегидратация диагнозын қоюға тән көрсеткіштер?

    4. Аймақтық дәрігер үйге шақыртумен 10 айлық баланы қарады. Дәрігер ішек инфекциясы, сусызданудың 2- дәрежесі диагнозын қойды. Дене салмағы 7% -ға дейін төмендеген.Қандай емдеу тактикасын қолданған дұрыс?

    5. 2 жарым жасар ұл бала жиі ЖРВИ-мен ауырады. Лимфатико- гипопластикалық анамолиясы бар. Анасы соңғы тәулікте баласының тәбетінің төмендеуін, мұрынмен дем алуы қиындығын, әлсіздігін байқады. Дене температурасы 37,00С. Түнде кенеттен мазасыз ұстамалы жөтел, ысқырықты, алыстан естілетін шулы тыныс пайда болды. Бала мазасызданды. Жедел жәрдем дәрігері қарау барысында анықтады: бетінің ісіңкі болуы, ауыз төңірегінің цианозы, тыныс алу жиілігі минутына 52-60 рет, аускультацияда өкпеде құрғақ ысқырықты және әртүрлі калибрлі ылғалды екі жақты сырылдар естіледі.Сіздің болжам диагнозыңыз?

    6. Қабылдау бөліміне 5 жасар ұл бала анасымен келіп түсті. Бала басының ауыруына, әлсіздікке, зәрінің түсі «ет жуындысы тәрізді» екеніне шағымданады. Стационарда жедел гломерулонефрит диагнозы қойылды. Емді қажет ететін жедел гломерулонефриттің асқынуын атаңыз?

    7. 6 жасар ұл бала стационарда жедел гломерулонефрит диагнозымен ем қабылдауда. Ауру нефритикалық синдроммен өтуде: макрогематурия, артериалды гипертензия. Аурудың 4-ші күні жедел бүйрек жетіспеушілігімен асқыну пайда болған. Осы көрсетілген симптомдардың қайсысы жедел бүйрек жетіспеушілігін дәлелдейді?

    8. 3 жарым жас ұл баланың дене қызуы 380 С, ринит белгілері бар, «үрген тәрізді» дөрекі жөтел және инспираторлы стридор, көкірек клеткасының ішке қарай кіруі, мазасыздық анықталды. Баладағы жоғарғы тыныс алу жолдары жедел обструкцияның негізгі себебі?

    9. Жедел жәрдем дәрігері ЖРВИ-мен ауырған 2 жасар ұл баланы қарады. Гипертермиядан құрысу ұстамаса пайда болды. Құрысулар фебрильді түрде бағаланды.Мұндай жағдайда құрысуға қарсы қандай препарат тағайындаған дұрыс?

    10. Стационарға 1 жарым жасар қыз бала жедел ішек инфекциясымен, сусызданумен түсті. Қандай клиникалық симптомдар организмнің сусыздану дәрежесін көрсетеді?

    11. Стационарда 1 жас 3 айлық баланың дене қызуы 380С-қа жоғарылады, нәтижесінде жиі сұйық нәжіс пайда болды, 4 рет құсу болған. Дәрігер қарау барысында жедел ішек инфекциясы сусызданудың 2-дәрежесі диагнозын қойды.Қандай симптом сусызданудың дәрежесін қоюға негіз бола алады?

    12. Стационарда 1 жас 3 айлық баланың дене қызуы 380С-қа жоғарылады, нәтижесінде жиі сұйық нәжіс пайда болды, 4 рет құсу болған. Дәрігер қарау барысында жедел ішек инфекциясы сусызданудың 2 -дәрежесі диагнозын қойды.Гиповолемиялық шоктың белгілері жоқ сусызданудың 2-дәрежесінде регидратацияның қандай түрін қолданған дұрыс?


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет