300
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
Все эти замечательные логические и теоретические построения в сегодняшней реальности существуют
только на бумаге и в компьютерных моделях. Однако маленькие, но значимые шаги в развитии нанотехнологии
совершаются достаточно часто. Одним из самых важных событий после успешного позиционирования
отдельных атомов стал блестящий эксперимент,
проведенный исследовательским центром в Цюрихе все той же
корпорации IBM. В 1996 г. в журнале "Science" (Vol. 271) была опубликована статья об удачном
позиционировании отдельных молекул с помощью сканирующего туннельного микроскопа при комнатной
температуре, и это несмотря на естественный хаос, порождаемый тепловым движением. Страсти на
"нанофронте" накалились до предела
-
открывающаяся перспектива вызвала настоящую "нанолихорадку". Как
грибы после дождя стали появляться самые разнообразные проекты
-
от очень впечатляющих программно
-
аппаратных комплексов, позволяющих в виртуальной реальности манипулировать реальными атомами, до
единых форматов представления "нанотехнологической" информации и даже специализированные программы
компьютерного проектирования (CAD) "наноустройств". Однако с 1996 г. практически никаких "взрывов" на
"нанофронте" не слышно
-
разве что появился ряд компаний, ставящих перед собой весьма амбициозные цели
(например, создание реального ассемблера).
"Нанотехнологическая" гонка оказалась замечательным стимулятором развития для существующих
компьютерных систем. Например, действующий в университете Северной Каролины наноманипулятор гибрид
сканирующего туннельного микроскопа и системы виртуальной реальности. Растущие требования
исследователей вызывают все новые разработки в самых неожиданных областях (например, в области
разработки новых геометрических алгоритмов, позволяющих моделировать тела произвольной формы) [3].
Ожидаемые нанотехнологические компьютеры будут массово
-
параллельными, с потенциально
ненадежными отдельными элементами.
Литература:
1.
Андриевский Р.А. Нанотехнологии// Перспективные материалы. 2001. №6.
2.
Валиев К.А., Кокин А.А. От кванта к квантовым компьютерам // Природа. 2002. №12.
3.
Зубинский А.В. Нанотехнология –
овеществление вычислений или программируемая материя //Компьютерное
обозрение. 2009. №9.
A.Х. Рахимжанова, Г.Ф. Нурбекова, А.Б. Мименбаева
(Астана, Казахстан)
ҚАШЫҚТАН
ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ
Қашықтан оқыту жүйесі бойынша басқа елдерде жинақталған тәжирибе арқылы Қазақстанның жоғарғы
оқу орындарында осы жүйе бойынша өңдеу этаптарын біршама қысқартуға мүмкіндік береді және сонымен қатар
қашықтан оқыту жүйесіне педагогикалық және технологиялық аспектілерді енгізуге мүмкіндік береді.
Қашықтан оқыту адам ой
-
өрісінің ақпараттық және технологиялық дамуының әсері болып табылады.
Қазіргі ақпараттық
-
коммуникациялық технологиялар арасында адам өмірінің ортасы өзгерді, бұл оқу ортасының
өзгеруін қажет етті.
Қашықтан оқытуды ендіру үшін тек қоғамның белгілі деңгейде ақпараттануы жеткіліксіз, сонымен бірге
білім беретін ұйымның және сол ұйым ұжымының қашықтан оқыту жүйесін құруға дайындығы маңызды.
Қашықтан оқытудың технологиялық аспектісі салыстырмалы түрде қарағанда тез шешіледі. Ал
психологиялық, педагогикалық тұстары өте күрделі ықыласты талап етеді, өйткені тек адам факторы қашықтан
оқыту технологиясының жоғары тиімділігін қамтамасыз ете алады.
Қашықтан оқыту формасында білім процесін ұйымдастыру үшін келесі мамандар болуы қажет:
курсты өңдеуші
-
мұғалімдер және мұғалім
-
кеңесшілер(тьюторлар);
ақпараттық ресурстың жүйелік администраторлары мен құрылымдық бөлімнің администратор
-
басшылары;
дизайнерлер, бағдарламашылар;
ұжымның техникамен қамтамасыз етілуі.
Компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтар және байланыс каналдары қашықтан оқыту
формасының материалдық негізі болып табылады. Қашықтан оқыту формасының бағдарламалық жабдықтамасы
ауқымды желі серверлерінде орнатылады. Бағдарламалық
-
ақпараттық жинақты басқаша –
қашықтан оқыту
қабықшасы деп атайды. Қабықшаның желілік адресі портал деп аталады. Бұл атау веб
-
жүйелерді қолданушылар
негізінде желіде қалыптастырылды. Білім порталы бос қатысуды емес, күнделікті жұмыс пен авторизацияны
талап етеді: форум немесе чатта электронды семинарларға қатысу, электронды пошта бойынша тьютор
кеңестерін және тапсырмаларын алу,
тест тапсыру.
Қашықтан оқытудың білім ресурстары әртүрлі формат пен өз міндеті бар құжат негізінде ұсынылады. Оқу
құралдары, электрондық кітапхана, тесттер, өз бетінше курсты игеруге ұсыныстар қашықтан оқыту формасының
типтік құжаттар негізін құрайды. Барлық құжаттар жинағы мен оларды өңдеу құралдарын желілік оқу
-
әдістемелік
және ақпараттық жинақ деп те атауға болады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне қашықтан оқыту формасын ендіру мен қолданудың үлкен тәжірибелері
жинақталған. Виртуальды оқу орындарынан ғана тұратындығына қарамастан, қашықтан оқыту білім беру
формаларының бірі болып табылады.
Қашықтан оқыту сыртттай оқу әдісіне ұқсас болып келеді. Бірақ ең басты ерекшелігі
-
қашықтан оқыту
жүйесінде білім алушы мен мұғалім арасында ешқандай тікелей байланыстың болмауы.
Оқу процесінде ақпараттық технологиялар маңызды емес, оларды білім беруде қолдану қаншалықты
жетістікке жеткізетіндігі маңызды.
Технологияны таңдау барысында оқу курстарының мазмұны, білім беруде қойылған міндеттер мен оның
нәтижелері, білім алушылардың оқу процесін қызығушылығы зерттелген болуы керек. Аудио
-
конференция
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
301
абстрактылы ұғымдарды талқылауда тиімді. Аудиографикалық конференциялар өткізілетін нақты және
абстрактылы оқыту жаттығулары вербальды жолдау және визуалды материалдар негізінде
беріледі, ал бейне
конференцияларды жүргізу аудио және визуалды материалдар негізінде жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары дамып келе жатырған білім жүйесінің маңызды моделі –
университет консорциумы
(латын тілінен аударғанда consortiaem
-
араласу, бірлестік). Бұл әртүрлі білім технологиялары базасы бар,
қашықтан оқыту жүйесі үшін дәстүрлі университет консорциумында дайындалған оқу курстарын ұсыну бойынша
коммуникациялық және басқару қызметтерін көрсететін коммерциялық кәсіпорын.
Университетте білім беру жүйесінің тағы бір жаңа формасы –
Телеуиниверситет. Бұл университет
ресурстарын біріктіруге негізделген, бірақ университет консорциумына қарағанда бұл бірлестік өте мықты.
Телеуниверситет интегралды оқу кластары бойынша жеке университеттермен ортақ жұмыс жасауды ұсынады.
Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік әкономиканың ең
негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі
болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда
анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі
білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды
табысты
пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай
білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің
еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп
-
жоғарғы оку орны
-
білім жетілдіру институты
-
мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Оның
мақсаты
-
эффективтілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру.
Осы үрдісте келесі әлементтер ерекше маңызды болып саналады:
Техникалық құралдармен оқытудың педагогикалық әдістерінің приоритеттілігі.
Алгоритмдік білім мен ойлау стилінің өсуі;
Студенттердің информатика мен есептеуіш техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне қарай
жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру.
Осының барлығы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет деңгейінің жоғарылауы мен дамуына әсер етуі
керек. Осы тұрғыда үш деңгейді ерекшелеп көрсетуге болады: жалпы, кәсіби және жоғарғы логикалық.
Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык
коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық
мәдениетінің қалыптасуы
-
оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімІн жетілдіру кезінде жүзеге
асады.
Білім беру жүйесіндегі жаңа принциптердің бірі білім жүйесін құруды формализациялау және білім
берудегі жаң технологияларды басқару.
Оқу орталарында ақпаратты
-
білім ортасын құрудағы негізгі мақсат
-
интернет ортасында
ұйымдастырылған, бірыңғай типтік технологияларды қолданып, білім ресурстары мен қызметтерін білім алушы
мен мұғалімдердің қай жерде орналасқанына тәуелсіз ақпаратты
-
білім ресурстары, оқу орындарында білім алу,
мамандық игеру қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру болып табылады.
Сондықтан, алға қойылған мақсат арнайы және аймақтық виртуальды университеттен құралған
Интернет
-
портал негізінде ақпараттық оқыту құралдарын құру арқылы жүзеге асырылады. Білім беру жүйесінде
портал –
бұл оқу орындарының өз қызметтері, өнімдері мен ғылыми жетістіктері болатын әлемдік білім Интернет
кеңістігіне шығуға жол ашуды қамтамасыз ететін ақпаратты
-
білім және әмбебап инструментальды ортасының
құралдары.
Портал өз формалары мен ұйымдастыру
-
құқықтық формасын, яғни өз Интернет
-
өкілдерін ашуға
мүмкіндік беретін кәсіби мамандыққа тәуелсіз желілік оқу процесін жүргізудің технологиялық картасы мен
педагогикалық сценарилер жинағымен бірге ақпаратты оқыту жүйесін құру құралы болып табылады.
Масштабталған ақпаратты
-
білім ортасын құру экономикалық, кадрлық, әдістемелік саясат жүргізу,
сонымен бірге оқу орындарындағы білім беру принциптерін қамтамасыз етуде
экономикалық, нормативтік
механизм, халықаралық және ұлттық стандарттар, берілгендер форматы және жұмыстың бірыңғай әмбебап
технологиясы негізінде жүргізілуі керек.
Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы
–
білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы
арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосатын маңызды
функциялармен
толықтырылады. Порталдың білім және технологиялық саясаты, сонымен бірге оның ағартушылық қызметі
әдістемелік және технологиялық арнаға ақпараттандыру процесін бірте
-
бірте ендіру әдісі болып табылады.
Білім порталы келесі функцияларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді: мамандарға ақпарат пен қатынас
құралдарын ұсыну, бөлімдер мен ресурстар арасындағы байланысты жақсарту, авторлық құқықты сақтау, оқу
курстарына, білім технологияларына, білім қызметтеріне конкурстар жариялау, ақпарат алмасу мүмкіндігі, әртүрлі
сервистерді ұсыну (ЧАТ, форум, пошталық таратулар).
Білім порталы –
бұл оқу порталы (білімді бақылау, беру, құру және қол жеткізген білім цензін дәлелдеуі).
Егер де порталда оқыту функциялары жоқ болса, онда мұндай портал білім жүйесінің тек ақпараттық порталы
болады.
Оқыту мақсатына арналған құрылымданған
контент, гетерогенді мәліметтер көзінен ақпарат алу
(реляциялы және көпөлшемді мәліметтер базасы, құжаттарды басқару жүйесі, электронды пошта жүйесі, web
-
серверлер, гипермәтін сақталатын серверлер мен түрлі файлдық жүйелер,
-
аудио,
-
бейне
-
ақпараттар), клиенттік
ортаны ұйымдастыру мүмкіндіктері болуы керек, сонымен бірге жүйедегі жұмыстың орындалуын нақты адамның
немесе топтық қауымның қадағалауын ұйымдастыру.
Ақпаратты –
білім ортасының ресурстары мазмұны бойынша көптеген әртүрлі ұйымдастыру көздерінен
тұрады: лекциялық және ақпарат беру материалдарынан, оқыту модельдерінен, иллюстративті материалдардан,
эксперимент зерттеу нәтижелерінің материалдарынан, әлеуметтік зерттеу нәтижелері және басқа да ғылыми
-
педагогикалық қоғамның қызығушылығын тудыратын және мекеменің ғылыми
-
білімінің әрекетін көрсететін
302
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
нәтижелерден. Ресурстардың ерекше түрін белгілі ғылыми зерттеулерді жүргізетін және практикалық
жұмыстарды Интернет желісі арқылы орындауға арналған жабдықтарды қолдануға рұқсат беруді қамтамасыз
ететін бағдарламалық және аппаратты
-
бағдарламалық жинақтар құрайды.
Пәнді немесе курсты жүргізетін мұғалімнің белгілі міндетінің бірі –
білім алушыны қажетті әдістемелік
әдебиетпен қамтамасыз етуі. Порталды ресурстармен толықтыру қашықтан оқыту процестерінің біріне жатады,
ендіру сатысында бұл процесс оқыту элементі негізінде қолданылады.
Порталды ақпаратпен толықтыру жөнінде сөз болған жағдайда, контент пен ресурс түсініктерінің
айырмашылықтарын білу қажет.
Контент –
бұл мәтін, графика, мультимедиа және басқа да ақпараттық толықтырулар жинағы.
Ақпараттық ресурстар –
бөлек құжаттар немесе бөлек құжаттар массиві, ақпарат жүйесіндегі құжаттар
массиві мен құжаттар жинағы (кітапхана, архив, қорлар, мәліметтер базасы, басқа ақпараттық жүйелер).
Яғни, контент оқыту құралы емес.
Контент –
бұл электрондық басылымдарды құрайтын элементтер, яғни
ақпараттық ресурстар.
Қазіргі кез
-
келген ақпараттық технология қолайлы деп есептегеннің өзінде қазіргі желілік технологиялар
мен дәстүрлі оқыту технологиясының рационалды байланысын анықтау қажет.
Яғни, ЖОО
-
да компьютерлік және телекоммуникациялық технологияның жеткілікті көлемде болмауы
ғылыми
-
педагогикалық қоғамға кедергі келтірмеуі керек. Бұл техникалардың ЖОО
-
да пайда болуына моральды
және интеллектуалды түрде дайын болу керек. Сондықтан,
жаңа ақпараттық технологиялар құралын кеңінен
ендіру, олардың оқу процесіндегі орны мен ролін анықтау, бірегей педагогикалық мүмкіндіктерді насихаттай білу
қажет.
Қазіргі кездегі білім беру ортасындағы компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар оқу
процесінде өз жетістігі бойынша қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: