38
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
Саябақ территориясында төмендегідей бедерлер кластары бар. Олар
таулар, тау жазықтары, төбелер
мен жазықтар. Негізгі бөлігін теңіз деңгейінен 1200
-
2500 м биіктікке жеткентау массивтерінен құралған. Терең тау
жыралары мен жер қыртысының 26 түрі байқалады. Флораның 1800
-
і биік өсімдік түрлері, оның ішінде 21 түрі
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сонымен қатар, саябақта эндемикалық және аз кездесетін өсімдіктердің 60
түрлері өседі.
Саябақ территориясы фаунаға бай. Жалғыз омыртқалылардың 260 түрі немесе Қазақстанның
омыртқалылар фаунасының 31,2 %
-
ы мекен етеді. Жыл құстары мен қыстайтын құстардың 400
-
ден астам түрлері,
оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына 40 түрі
енгізілген. Саябақты мекендеген сүтқоректілердің негізгі түрлері:
қарақұйрық, арқар, сібір тауешкісі, түркмен құланы, қар барысы, тас сусары, бүркіт, сабанша, қара ләйлек, қырғи,
сұңқар, сапсанлашын, жыланжегіш қыран сынды құстар мен аңдар
Қазақстанның
Қызыл кітабы мен Халықаралық Қызыл кітапқа кіреді.
Бақ жануарлар әлеміне де бай. Омыртқасыздардың ішінде ең
көп кездесетіні –
өрмекшітәрізділер мен жәндіктер. Жәндіктердің 5000
-
нан аса түрі белгілі, оның 25 түрі Қазақстанның «
Қызыл кітабына»
енгізілген. Мысалы, Галузо отынкескіш қоңызы, Сольский барылдауық
қоңызы, дала сколиясы, жолақты тораңғы көбелегі, т.б. Омыртқалы
жануарлар фаунасы да бай. Балықтың 20 түрі, оның ішінде 3 түрі
эндемиктер (балқаш алабұғасы, балқаш шармайы, бір түсті
салпыерін) болып саналады. Қосмекенділерден жасыл құрбақа,
қызылаяқ бақа және көлбақа бар. Бауырымен жорғалаушылардың 25
түрі кездеседі. Мысалы, қалқантұмсық жылан, дала тасбақасы,
жалтырауық жармасқы, оқжылан, т.б. Құстардың 200 түрінің 174 түрі
саябақта ұялайды. 18 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген, мысалы, қара
дегелек, балықшы тұйғын, жұртшы, үкі, т.б. Сүтқоректілердің 70
-
тен
астам түрі мекендейді, олардың ішінде ортаазия тас сусары, шұбар күзен, ортаазия өзен құндызы, Тянь
-
Шань
арқары және бозтүсті ергежейлі қосаяқ қорғауға
алынған. Саябақта 1976 –
77 жылдардан бері ақ бөкендер, 400
-
ден
аса құлан мекендейді. Табиғатта сирек кездесетін бір түр –
Пржевальский жылқысы дүние жүзінде бірнеше зообақта
ғана сақталған. 2003 жылы саябаққа Германиядан бірнеше жылқы әкелініп, жерсіндірілді. Саябақта табиғат шежіресі
жүргізіліп, жан
-
жақты жабдықталған бірнеше туристік маршруттар жұмыс істейді.
Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлермен тастарға
бай. Сақ дәуірінде салынған «Бесшатыр» обаларының
маңызы үлкен. Ш.Ш.Уәлихановтың тарихи
-
мемориалдық
мұражайы осында орналасқан. Саябақта өсімдіктердің 1800 түрі: балқаш сексеуілі, баялыш, шырша, үйеңкі, тораңғы,
қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б. өседі. Саябақтың жануарлар әлемі де алуан түрлі: сүтқоректілерден
құлан, қарақұйрық, арқар, түлкі, тас сусары, қоян; құстардың 15 түрі: бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл,
бұлдырық; балықтардан сазан, көксерке, ақмарқа, табанбалық, т.б. кездеседі. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық
зерттелмеген. Саябақта 17 қорықша бекеті және бірнеше туристік маршрут жұмыс істейді.
Қызыл
кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі
Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы
Қызыл кітапқа
енгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі
жайлы мәліметтер берілген.
Өткен
ғасырдың 60
-
шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы
мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы
комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.
Қызыл
кітап
бұл қауіп
қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін
білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі
1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда,
құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.
Қызыл
кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше
жағдайда
арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір
данасына 360 теңге айып төлейді) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).
Қызыл
кітап
сирек кездесетін түрлердің санының
қазіргі жай
-
күйін көрсететін құжат.Қазақстанның Қызыл
кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және
өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай
-
күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген
2
.
Қызыл
кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында
тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде
сирек, осалдау және жойылып бара
жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан
-
жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты
өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен
жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми
-
техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат
әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл
құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан
табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды.
Сыңсыған
орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш
ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына
әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр
өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның
жойылуы
орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы
тепе
-
теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге
айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Достарыңызбен бөлісу: