Внутривузовская студенческая



Pdf көрінісі
бет93/111
Дата04.11.2023
өлшемі1,56 Mb.
#122270
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111
Жұмыстың мақсаты:
Физиканың дамуы және оның жетістіктері ғылымның 
алуан түрлі салаларына терең тамырын жайған десек, қате айтпаған болармыз. 
Менің осы тезисте ғылымның белгілі бір саласының, яғни медицинаның дамуының 
негізінде алуан түрлі физикалық құбылыстар, физика ғылымының заңдылықтары, 
соның негізінде жұмыс жасайтын заманауи құрал
-
жабдықтар, қондырғылар 
жатқандығын дүние
жүзілік медицина жетістіктеріне сүйене отырып, айқындап
ашып көрсету.
Материалдар және зерттеу әдістері. 
Ешқандай медицина, диагностика 
немесе терапия болсын, құрал
-
жабдықсыз жұмыс істей алмайды. Ендеше мен осы 
тезисте физика ғылымының диагностикалық
және емдеу әдістерінде қолданылып 
жүрген физикалық құбылыстардың мағынасын ашып, физикалық заңдылықтарын 
қарастырамын. 
Диагностикада кең қолданылып жүрген диагностикадағы физикалық 
құбылыстардың
бірі

ультрадыбыс. Ультрадыбыстың негізгі екі қасиеті

оның
шағылуы мен жұтылуы. Осы қасиеттеріне қарай ол тәжірибелік медицинада кең 
қолданыс тапқан. Көрші екі ортаның акустикалық тығыздықтарының 
айырмашылығы неғұрлым жоғары болса, шағылған ультрадыбыстың интенсивтілігі 
соғұрлым жоғары болады. Осы қасиеті диагностикада, ультрадыбыстық локацияда 
кең қолданылады. 
Ультрадыбыстық сканерлер

адамның кез
-
келген ішкі мүшелерінің кескінін 
нақты уақыт режимінде алуға арналған құралдар. Офтальмологияда бірөлшемді 
эхографиялық әдіс көздің анатомиялық
-
оптикалық құрылымын өлшеуде 
қолданылады. Сканердің негізгі жұмыс істеу режимдері: В
-
сканерлеу

мүшенің 
екіөлшемді кескіні; М

сканерлеу

ішкі мүшелердің айқын контрасты кескінін 
беретін, ішкі мүшелердің бір өлшемді кескіні. Ең кең таралғаны

В

сканерлеу әдісі. 
Доплерлік эхограмма медициналық тәжірибеде жүрек қуысындағы, 
қантамырлар
жүйесінің тамырларындағы қанның жылдамдығын анықтау үшін 
қолданылады және дәрігер жиіліктің ығысуы арқылы қан ағысының сапасын бағалай 
алады.
Ультрадыбыс толқыны берілген ортада тарала отырып, өзінің бастапқы 
энергиясын жоғалтады. Әртүрлі ұлпалардың ультрадыбыс толқынын жұту қабілеті 
әртүрлі болғандықтан, оны терапияда қолдануға мүмкіндік береді. 


75
Медицинада
қолданылып жүрген физикалық құбылыстардың тағы бірі

ол 
лазерлік сәуле. Лазер

когерентті электромагниттік толқындарды тудыратын, 
атомдар мен молекулалардың мәжбүрленген сәулеленуіне негізделген оптикалық 
кванттық генератор. 
Лазерлік сәуленің қасиетіне байланысты оны өте жіңішке жарық шоғыры 
ретінде бағыттауға болады. Сол себепті ол, атап айтқанда лазерлік хирургияда
жүрек
-
қан тамырлары хирургиясында, офтальмологияда, косметологияда, 
онкологияда, фотодинамикалық терапияда және т.т. кең қолданылады.
Лазерлік 
допплерлік флоуметрия ұлпалардың микроциркуляциясын, мысалы, қант диабеті 
кезінде қанның ағысының микроциркуляциясын, оқып
-
зерттеуде қолданылады. 
Енді рентген сәулесінің маңыздылығына тоқтала кетейін. Медициналық 
тәжірибеде 1 нм
-
ден қысқа рентген сәулесі қатты деп, ал ұзынырағы

жұмсақ деп 
атау қабылданған. Қатты сәуленің жнргияс жоғары, ал қатты сәуленің энергиясы 
төмен. Рентген сәулесі неғұрлым қаттырақ болса, ағза ұлпаларына ол соғұрлым 
тереңірек өтеді. Медициналық рентгенодиагностика рентген сәулесінің заттармен 
әрқилы әлсіреуіне негізделген. 
Медицинада қолданылып жүрген физикалық құбылыстардың тағы бірі

ол 
радиоактивтік ыдырау құбылысы. Зерттеу мақсатына байланысты әртүрлі 
радионуклидтер радиофармпрепараттар арқылы ағзаға енгізіледі. Ағзанығң ішінде 
олар гамма сәуленің көзі болады. Ағзадан тыс осы сәулені тіркеу арқылы мамандар 
белгілі бір мүшедегі жүріп жатқан үрдістер жайында ақпарат алады. 
Диагностиканың маңызды тағы бір түрі

томография. Онда әртүрлі 
физикалық құбылыстар қолданылады. Атап айтқанда, гамма фотондар эмиссиясы, 
жұптың аннигиляция реакциясы, ядролық

магниттік резонанс құбылысы. Бір 
томографтар мүшенің, ұлпаның анатомиялық құрылымын ғана ажыратып 
кескіндейтін болса, басқалары белгілі бір мүшенің қызметінің үрдістерін де 
ажыратады

Қатерлі
ісік ауруларын емдеуде сәулелік радиоизотопты терапия 
қолданылады. Осы әдістер қондырғлар арқылы алынатын энергиясы жоғары гамма 
сәулесін қолданады. Сәулелік терапияда күшейткіштер көмегімен алынатын 
зарядталған ауыр бөлшектер қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет