Вопросы археологии



Pdf көрінісі
бет3/68
Дата02.03.2017
өлшемі10,67 Mb.
#5132
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

дамытуға 

пайдалануға 

болатын 

мүмкіндіктерді  қолдан  шығарып  алып, 

оны сан алуан қолданбалы істерге көбірек 

икемдеу,  әрине,  үлкен  ағаттық  екенін 

ешкім сол кезде түсінбеді және ғылымның 

дамуында  жеке-дара  із  қалдыра  ала-

тын  адамның  қасиетін  дер  кезінде  көре 

біліп,  дұрыс  бағыт,  жол  сілтеу  миссиясы 

оның айналасындағы үлкенді-кішілердің 

маңдайына  жазылмағаны  өкінішті,  тіпті 

трагедия деп атауға болады. 

Мәселе – тек Бекеннің диссертация 

қорғаудан, қорытынды еңбектер жазу-

дан  бас  тартқанында,  немесе  тапжыл-

май  отырып  білгенін  қағазға  түсіруге 

кезінде 


уақытының 

болмауында 

емес, – оның түпкі себептері анағұрлым 

тереңіректе,  кейде  маған  жоғарыда 

айтылған  жағдайлардың  төңірегінде 

жатқан сияқты болып көрінеді. 

Сөйтіп, мен 1980 жылдың басында 

Алматыға көшіп келіп, институттың архе-

ология бөліміне жұмысқа орналасқанда 

жағдайдың ешқандай өзгеріссіз, баяғы 

қалпында  сақталынғанын  тағы  көрдім: 

сол  конференц-зал,  сол  кіреберіс,  сол 

тырбың әрекеттер... 

Көкек айының ортасы, экспедицияға 

шығып 

жұмыс 


істеуге 

жағдайы 


келетіндердің  барлығы  бір  күні  жи-

налып;  «Отырар,  қайдасың»  –  деп 

таңертең  ерте  Шәуілдерге  қарай 

тарттық;  арамыздағы  көсемдеріміздің 

бірі – өзіміздің Бекен. 

Осы  сапарға  шыққанға  дейін 

бірнеше  айдың  ішінде,  әрине,  Бекен-

мен  оның  атақты  бұрышында  ара-

ласып  жүріп,  бұл  мекемедегі  негізгі 

ережелерді,  іс-қимылдарды,  кімнен 

ақыл  сұрау,  кімнен  ақша  сұрау,  кімнен 

аулақ  жүру,  тағы  басқасын  игеріп 

үлгергенбіз.  Дегенмен,  Өскемендегі 

мүлдем басқа ортада өскен маған архе-

ология  бөлімінде  қалыптасқан  ерекше 

дәстүрлерге  бой  үйрету  үшін  біраз  ты-

рысу керек болды. Ақылшы – Бекен. 

Шәуілдерге  біраз  уақыттан  кейін 

жеттік.  Отырартөбені  аралап  көріп 

шықтық,  бірақ  бізге  жүктелген  жұмыс 

Қаратаудың 

оңтүстік 

сілеміндегі 

ескерткіштерді 

зерттеу 

тек 


ма-

мыр  айының  аяғына  таман  бастала-

ды  екен.  Ал,  оған  дейін  Шәуілдердегі 

атақты  археологиялық  базада  өз 

еркімізбен  жүріп,  баяғы  Бекеннің  жа-

нында,  жергілікті  өмірдің  сан  қилы, 

бізге таңсық, бірақта оларға үйреншікті 

талай  жақтарымен  танысып,  игеру-

мен  болдық.  Мұндағы  қалыптасқан, 

екінің 


бірі 

көтере 


алмайтын 

жағдайды  –  «Шәуілдердің  мас  ауасы» 

деген  экспедиция  қалжыңбастарының 

шығарып  алған  сөздерімен  анықтауға 

болар  еді.  Мен  осы  жолы  да,  кейін 

де  Отырар  экспедициясында  жұмыс 

істеген  талабы  зор,  келешекте  мықты 

маман  бола  алатын  білімді  жігіттерді 

көрдім.  Бірақ,  осылардың  талайы 

әртүрлі жағдайға шыдай алмай жаңағы 

ауаға «күйіп» кетті, қор болып. Обал.

Сол  жылы,  Бекенді  –  ешқайда 

шықпай 

отырып 


диссертация 

жазасың,  –  деп  Кемекең  базадағы 

ғылыми  қызметкерлер  тұратын  үйге 

отырғызып  қойыпты.  Бекен  оған 

біраз  күн  шыдап  көнді,  бірде  маған 

диссерациясының бастамасын көрсетті, 

ол  қателеспесем:  «Поселения  и  некро-

поли  долины  р.  Арысь»  деп  аталған 

сияқты  болатын.  Әдемі  әріптермен  ақ 

парақтың жоғарғы жағына маржандай 

тізбектеп жұмыстың атын жазып, үстіңгі 

оң  жағына  фамилиясын  қойыпты.  Ке-

ремет!  Әрі  қарай  дәл  не  болғанын 

білмеймін,  бірақ  археологияда  қазба 

маусымы басталғанда Бекендей, жазда 

қаламнан  гөрі  күрек  пен  пышақ,  щет-



19

б

екеН

 

шал

 

болғаНда

 

мағаН

 

келгеН

 

тосыН

 

ойлар

...

Самашев З.

ка  ұстап  жиырма  жылдан  астам  уақыт 

дағдыланып  қалған  кәсіби  маманды 

тас  үйдің  төрт  қабырғасында  далаға 

шығармай  ұстап  отыру  тіпті  қаhарлы, 

ақ  дегені  ақ,  қара  дегені  қара,  алдын-

да  кәдімгі  К.  Байпақов  сияқты  талай 

мықтыларың құрдай жорғалап жүретін 

Кемекеңнің де (К. Акышев) дәл сол кез-

де кәукәрі келмеді.

Бекен  жанына  мені  ертіп  алып  бір 

күні  Көкмарданнан  бірақ  шықты.  Бұл, 

әлі күнге дейін сыры толық ашылмаған, 

мен  бұрын-  соңды  көрмеген,  ғажап 

ескерткіш.  Арыс  жағалауынан  онша 

алыс  емес  жазықта,  сары  балшықтан 

арналып  құйылған,  кісі  бойынан  биік, 

жалпы  пошымы  трапеция  іспетті  аса 

көлемді  платформа  –  адамдарды 

жерлеуге  арналған  құрылымдардың 

бірнешеуін  сонда  Бекен  мені  Арыстың 

бойын жағалай аралатып жүріп көрсетіп 

еді. Үстіңгі тегіс беті толған адамдардың 

молалары,  төрт  бүйірінен  де  пахса-

ны үңгірлеп ойып қайтыс болғандарды 

дүние 


мүлкімен 

қойып, 


аузын 

домалақтанған  кесек  балшықтармен 

жапқан.  Осы  ескерткішті  кезінде  Бекен 

қазып  бастаған,  бірақ  кейін,  өкінішке 

орай,  жалғасын  таппаған.  Ғылыми 

тұрғыдан  алғанда  бұл  біздің  жыл 

санауымыздың 

аржақ-бержағында 

осы  өңірде  өмір  сүрген  халықтардың 

мәдениеті, 

діни 

ғұрыптары 



мен 

дүниетанымын  зерттеп  этно-мәдени 

үрдістердің  кейбір  ақтаңдақтарын  зер-

делеуде  таптырмайтын,  аса  құнды  та-

рихи  дереккөз.  Маңында  қаланың  да 

орны бар. 

Шәуілдерге  қайта  бардық,  кейін 

Түркстанның 

түбіндегі 

Дәуленбай 

төбеде  қазба  жүргіздік,  Қаратаудың 

арғы-бергі  сілемдерін  аралап  зерттеп, 

аяғында Түрістан арқылы Алматыға жаз 

ортасында оралдық. 

Сөйтіп, Бекеннің диссертациясы осы 

қалғаннан  мол  қалды,  кейін  он  шақты 

жылдай  уақыт  өткенде,  Институттағы 

оның 


атақты 

бұрышында 

бірге 

отырғанда, мен баяғыдағы Шәуілдерде 



жазылған  бір  жол  әдемі  жазудың 

ешқандай  өзгеріссіз  сол  қалпында 

сақталғанын  көріп  қалдым.  Мүмкін, 

Бекеннің  жеке  мұрағатында  осы  парақ

 

әлі сақталып қалған шығар.



Осылай қазақ археологиясының Бе-

кен сынды ең жарқын және ең жұмбақ 

тұлғасымен менің танысуымның бірінші 

романтикалық кезеңі аяқталды. 

Әрі қарай біз Шүлбі су қоймасының 

бойындағы 

археологиялық 

ескерткіштерді 

зерттеуге 

Семей 


өңіріне  ауыстық,  ал  Бекен  де  шама-

сы  осы  уақытта  Оңтүстікті  қойып  Ал-

матыда,  бүкіл  Казақстандағы  құрылыс 

алаңдарында жыл бойы жұмыс істейтін 

жаңа 

экспедиция 



ұйымдастырып, 

оны  90-шы  жылдардың  ортасына, 

яғни,  зейнеткерлікке  шыққанға  дейін 

басқарды. 

Бекен  екеуміз  1985-86  жылдары 

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауда-

нында  археологиялық  ескерткіштердің 

тізімін  жасайтын  экспедицияда  бірігіп 

жұмыс 

істедік, 



Кеген 

ауылының 

маңында ғұндардың қорғанын қаздық; 

1994-1997  жылдары  француздармен 

бірігіп Жетісудағы Баянжүрек, Таңбалы, 

Хантау,  Орталық  Қазақстанның  кейбір 

жерлеріндегі  жартас  суреттерін,  ал 

2009-2010-шы 

жылдары 

неміс 


археологтарының  қатысуымен  Ше-

лек,  Кеген  ауылдарының  маңында 

сақтар,  «үйсіндер»  және  ғұндар  зама-

ны  бекзадаларының  ескерткіштерін 

зерттедік. 

Бірақ,  Бекен  Берелге  және  Үстіртке 

әлі  жете  алмай  жүр,  себебі  қызық: 


20

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

апарсаңшы  деп  бірде  сұрағанда, 

мен  бұл  экспедициялардың  «тәртібі 

басқа,  иттері  қара  қасқа»,  «құрғақ 

заң», 


бос 

жүрген 


адамдарды, 

жайбарақат  қонақтарды  ұнатпайды, 

әркім  өз  жұмысын  өзі  істейді,  ешкімді 

қамшыламайды, 

дегендерді 

мен 


тізбектей  бастап  едім,  –  ондай  жағдай 

маған  жақпайды,  бармаймын  ,  –  деп 

шорт кесті. Бұл да Бекеннің болмысының 

бір қыры. Бармасаң қой, деп іштей ой-

ладам  да,  одан  әрі  қолқалағам  жоқ. 

Бірақ, барғысы келсе, әлі де кеш емес, 

жұмыс жүріп жатыр.

Бекен  қалжыңбас,  қылжақай  кісі.

 

Бір  күні,  екеуміз,  екі  еріншек,  оның 



Институттағы 

атақты 


бұрышында 

шәй  ішіп  отырып  еріншектік  туралы, 

пәлсәпалық әңгіме желісіне түсіп кеттік. 

«Бірдеңені  істеп  тастайын  деп  едім, 

бірақ  мойыным  соған  әлі  жар  бермей 

жүр»  деген  әңгімені  айтып  бастағаным 

сол  еді,  Бекен  бірден  елең  ете  қалды, 

қабағын  түйінкіреп,  желкесін  қаситын 

әдетіне  салып,  ой  жинағандай  бол-

ды да, әрі қарай іліп ала жөнелді: бізде 

жақсы  ойлар  мен  ниеттер  баршылық, 

бірақ  соның  барлығын  дер  кезінде 

іске  асырайық  десек,  басымыздан 

аяқ – қолымызға мойын хабарды (сиг-

налды)  дер  кезінде  өткізбейді  екен, 

өзімізде кінә жоқ, мәселе, делдал болып 

отырған мойында – деп еріншектігімізді 

ғылыми түрде ақтауға тырыстық. 

Ал,  осы  нәрсенің  екінші  сигнал 

жүйесі деп аталатын пәлеге байланысы 

бар  екен,  ал  осы  заңдылықты,  жаңағы 

мәтелге  сүйенсек,  орыстың  физиологы 

И.П.  Павловтан  да  ерте  қазекең  ашып 

қойған  екен  ғой  деп,  халқымыздың 

данышпандылығына  тағы  да  бір 

ризашылығымызды білдіріп, сүтсіз қара 

шайымызды сораптап тарта бердік.

Одан  бері  басқа  да  нешетүрлі 

уақиғалар,  үлкен  өзгерістер,  қызықтар 

болып жатты, бірақ олардың барлығын 

бұл  жерде  тізбектеп  жатудың  қажеттігі 

жоқ. 


Мәселе басқада. 

Бекен,  бір  қызығы,  ғылымдағы 

белсенді өмірін Іле бойындағы құрылыс 

экспедициясынан  бастап,  қырық  жыл-

дай  уақыттан  кейін  сондай  экспедици-

ямен аяқтады. 

Бекеннің  ғылыми  өмірінінің  ең 

жарқын  сәттерінің  бірі  болған  1969-

1970  жылдардағы  Есік  қорғанынан 

«алтын  адамды»  қазып  алу  еді,  бірақ 

оның  жемісін  басқалармен  бірге  тату 

несібесі  оған  кезінде  бұйырмады. 

Неге?  Сол  «терінің  бір  пұшпағын  иле-

суге» Бекеннің білімі де, тәжірибесі де, 

құқығы  да  бар  еді.  Бірақта,  Бекеннен 

өз  құлағыммен  естігенім,  өзі  құдайдай 

сыйлайтын  жетекшісіне  ол  кезде  оның 

ешқандай өкпесі болған жоқ, ал көкесі 

ондай пендешілік мәселені ешқашанда 

көтерген  жоқ.  Немесе,  басқа  мәселе. 

Бекеннің табиғат сыйлаған ақыл дары-

ны,  ғылыми  сұрыптап-талдау  қабілеті, 

өз  саласындағы  проблемаларды  жітік 

білуі  қазіргі  академик,  профессор  бо-

лып  жүргендерден  артық  болмаса  кем 

емес еді, ал сонда неге ол осындай сый-

сияпаттардан,  атақ  лауазымнан,  мара-

паттардан  шеткерірек  тұр  әлі.  Бәлкім, 

бұл  Бекеннің  ерекше  жан-дүниесінің, 

арының  тазалығынан  да  болар.  Жа-

ман  нәрсе  жазғысы  келмеді,  ал  жақсы 

жұмысты  тындыру  үшін  басқа  жағдай 

керек  болды  ма?  Олай  дейтінімнің 

тағы  бір  себебі,  1989  жылы  үш  автор 

бірігіп  «Памятники  земледельческо-

скотоводческой  культуры  Южного  Ка-

захстана»  деген  кітап  шығарамыз  деп, 

Бекен  оның  ең  үлкен  тарауын  жазып 



21

б

екеН

 

шал

 

болғаНда

 

мағаН

 

келгеН

 

тосыН

 

ойлар

...

Самашев З.

тапсырып,  енді  баспахандан  кітаптың 

тиражы  шығайын  деп  тұрғанда,  өз 

қолжазбасын  бұл  әлі  жарамайды  деп 

үлкен  айқаймен  қайтарып  алғаны  бар. 

Ал, Бекеннің орнында басқа біреу бол-

са,  мұндай  мүмкіндікке  қол-аяғымен 

жабысар  еді,  өйткені,  ғылыми  кітап 

шығару дәл сол заманда әркімнің басы-

на қона бермейтін бақыт еді.

Уақыт  өтті,  заман  өзгерді.  Кейін, 

жылдар  өтіп,  зейнеткер  ретінде  Есік 

қорғанында  табылған  құндылықтар 

негізінде  ашылған  музей-қорыққа 

қызметкер  болып  орналаспай  тұрып, 

Бекен Алматыдағы бір сарынды тыныш 

қалалық өмірді, кең пәтерді және басқа 

игіліктердің бәрін неге тастап, осы ауылға 

көшіп  келіп,  неге  осы  қорғандарға 

бірнеше жыл «шырақшы» болып жүрді? 

Онда  Бекен  не  жоғалтты?  Ол  Бекеннің 

ішінде  жатқан  терең,  жұмбақ  сыр, 

оны  өзінен  басқа  ешкім  дұрыс  түсініп, 

дұрыс  баға  бере  алмас  деп  ойлай-

мын.  Бірақта,  шындығында  –  Бекен 

мұндай қадамға қандай да бір өмірден 

туған  амалсыздықтан  барған  жоқ.  Өзі 

пішіп,  өзі  қабылдаған  шешім.  Бірақ, 

жас  кезінде  неге  Бекен  осындай  өзіне 

тиімді, өмірін күрт өзгертетін шешімдер 

қабылдамаған деген де сұрақ туады. 

Сөйтіп,  Бекен  жай  қарағанда, 

осылардың  бәріне  терең  мән  бер-

мей,  өмірге  біраз  үстіртін,  жеңілтектеу 

көзқараспен  қарайтын  жан  сияқты  бо-

лып  көрінеді.  Олай  емес.  Сырттан 

қарағанда  сабырлы  сабаз  Бекеннің 

ішкі  дүниесі  –  Ақсу  мен  Көксудай 

буырқанып, 

бұрсанып, 

Солтүстік 

Жетісудың  алай-түлей  соққан  қысқы 

боранындай,  ернеуінен  асып  тасып 

қайнап  жатқан  қазандай,  адам  түсініп 

ұқпас, 

қарама-қайшылыққа 



толы. 

Адамдардың 

көпшілігіне 

осындай 


мінез-құлық,  қасиеттер  тән  ғой,  бірақ 

Бекенде оның барлығы ерекше. 

Бекен 

біздің 


ғылымымыздағы 

аяғына  дейін  сыры  ашылмаған,  бір 

жағынан  ақжарқын  ашық,  ал  басқа 

жағынан  қарасаң  –  өте  күрделі 

трагедиялық тұлға деп те айтуға болады. 

Қалай айтсақ та, Бекен Нұрмағанбетов

 

Қазақстан 



археологиясының 

жар-


ты  ғасырлық  даму  тарихының  жетістігі 

мен 


кемшілігінің 

айнасы, 


қазақ 

археологиясының бойтұмары 

Бекен  жасы  жетпіс  бестен  аса  ба-

стаса  да,  ішкі  жан-дүниесі,  көңілі  әлі 

қырық  пен  елудің  арасындағы  жігіт 

ағасындай,  оған  дене  бітімі,  табиғат 

берген денсаулығы толық сәйкес келіп, 

өмірдің  гармониясына  жаңа  ғана  кіріп 

келе жатқан сияқты, құдайдың ерекше 

бір  жаратқан  пендесі.  Тіпті  бала  мінезі 

мен  аңқаулығын,  кейде  тентектігін  де 

әлі сол қалпында сақтап қалған кіршіксіз 

таза жандай көрінеді. Бекен туралы әлі 

де талай ойлар көп, бірақ ол сексенге, 

тоқсанға, жүзге келгенде де айтатын сөз 

қалдыру  керек  шығар.  Жасай  бер,  Бе-

кен, жасай бер... 

З. Самашев


22

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

Қол жеткен арман... 

«Е

сік» 



мемлекеттік 

т а р и х и - м ә д е н и 

қорық-мұражайының 

құрылу тарихы сонау 1970 жылдың 22 

сәуiр  күні  әлемді  дүрліктірген  «Алтын 

адамның» табылуынан бастау алады. 

Халықтың  көзі  үйренген,  жергілікті 

ландшафтың 

ажырамас 

бөлігіне 

айналған қорғандардың осы оқиғадан 

кейін  жаңаша  мәнге  ие  болғаны 

түсінікті де. Әрине, уақыт өте күнделікті 

күйгелек  тіршілік  бұл  қорғандарға  де-

ген  үйреншікті  көзқарасты  қалпына 

түсіргендей еді. 

Бірақ,  сонау  ежелгі  тарихтың 

«куәгері»,  «елшісі»  «Алтын  адамға» 

алғаш  тырнағын  тигізген  Бекмұханбет 

Нұрмұханбет ағамыздың өмірі керісінше 

әдеткі  қалпынан  шығып  күрт  өзгеріске 

ұшырады.


1969  ж.  Есік  қаласында  автобе-

кет  салуға  арналған  құрылыстың  ба-

сталу  сәтінде,  заңда  бекітілген  тәртіп 

бойынша,  құрылыс  басына  зерт-

теу  жұмысын  жүргізуге  жіберілген 

Ә.  Марғұлан  атындағы  археология 

Институтының  кiшi  ғылыми  қызметкерi 


23

Мухтарова Г.

Қ

ол

 

жеткеН

 

армаН

...

Б.  Нұрмұханбетұлына 

1970  ж. 

археологиялық  ашылымның  алғашқы 

куәгері болу бұйырады.

Б.  Нұрмұханбетұлының  тiкелей  бас-

шысы, 

«Жетiсу» 



экспедициясының 

жетекшiсi, қазақ археология ғылымының 

көшбасшысы 

Кемел 


Ақышевтың 

басшылығымен  «Алтын  адамның»  төрт 

мыңнан  астам  алтын  әшекейлерден 

тұратын киімінің жаңғыртпасы жасалып, 

1978 ж. «Курган Иссык» атты түрлі-түсті 

суреттермен  толықтырылған  моногра-

фия жарыққа шықты. 

Диаметрi  60  м,  биiктiгi  6  м  Есiк 

қорғанына  қастерлеп  қойып,  ба-

сына  150-ге  жуық  әшекей  заттар-

мен  безендiрiлген  ұзындығы  70  см 

шамасындағы  шошақ  тәжі  кидірген 

жанның  тарихының  қайнар  көзі  енді 

ғана ашылғандай болған-ды. 

Бұдан  арғы  сақ  бабаларымыз 

жатқан Есік қорымын бүгінгі ұрпақтары 

ат  басын  тіреп  арнайы  келетін  орынға 

айналдыру міндетін өз мойнына алуды 

азаматтық  борышы  санаған  Бекен  аға 

күндердің  күнінде  Қазақстанның  аста-

насы,  ғылым,  мәдениет  орталығы  Ал-

матыдан Есік қаласына көшіп келеді. 

1988  ж.  сәуірдің  бір  күні  Райымбек 

ауданының  Жалаулы  ауылы  мектебінің 

6  сынып  оқушылары  (4  бала)  сабақтан 

қайтып  келе  жатып  су  арнасынан  киіз 

қапқа  салынған  алтын  бұйымдарды 

тауып  мұғалімдеріне  өткізеді,  мек-

теп  мұғалімі  аудан  әкімшілігіне,  ау-

дан  әкімшілігі  Ғылым  Академиясы 

Ә. Марғұлан атындағы археология инсти-

тутына  хабарлайды.  Өз  кезегінде  инсти-

тут  табылған  олжаны  ғылыми  зерттеуді 

«Жаңақұрылыс»  археологиялық  экспе-

дициясы  жетекшісі  Б.  Нұрмуханбетовке 


24

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

тапсырады. Көмбе табылған 

жер  бір  ай  көлемінде 

зерттеледі  де,  алдынғы 

табылған  251  зергерлік 

бұйымдарға  қосымша  371 

зат табылып, оларға ғылыми 

сараптама  жасалынғаннан 

кейін  [Төлепбергенов  М., 

1988;  Шубаев  Б.,  1988; 

Квятковский  О.,  1988;]  бұл 

баға жетпес құндылықтарды 

Б.Нұрмуханбетов 

ҚР 

Орталық 


Мемлекеттік 

музейіне 

өткізеді 

(Акт 


№183. 

14.06.1988  ж.); 

Мокрынин 

В., 


Пло-

ских  В.,  1992,  с.  88-97]. 

Кезінде  Б.  Нұрмұханбетов 

бұл 


қазыналар 

б.д.д. 


VII-V  ғ.,  б.д.д.  ІІІ-І  ғ.  және 

орта  ғасырларға,  яғни  үш 

кезеңге  жататын  бұйымдар 

деп 


қорытынды 

бер-


ген  болса,  бірнеше  жыл-

дар  бойғы  зерттеуден  кейін 

бұлардың  бірінші  тобын 

сақ  зергерлерінің  қолынан 

шыққан  б.д.д.  VIIІ  –  VІ  ғғ. 

жататын  бұйымдар  деп 

қорытынды  жасап  отыр. 

Қалай болған да, қазақстандық археоло-

гия ғылымында үлкен маңызға ие болған, 

әлі де болса ашылмаған сыры мен қыры 

көп  «Жалаулы  көмбесінің»  қолды  бол-

май халық игілігіне айналуына да Бекен 

ағаның септігін тигізгендігі хақ.

Бекен  ағамыздың  жиырма  жыл-

дан  астамғы  талпыныстары  өз  жемісін 

беріп,  1993  ж.  Есік  қаласында  Елба-

сы  Н.Ә.  Назарбаевтың  қолдауымен 

тұңғыш тарихи өлкетану музей ашылып, 

Б  .Нұрмұханбет  сол  музейдің  алғашқы 

директоры болып тағайындалады.

1999  жылдан  бастап  Нұрмұханбет 

әулеті  көктем-күзді  Есік  қорымында 

өткізе  бастайды.  Нәтижесінде  үш  оба 

аршылып,  көшпелі  көрме  қойылады. 

Бекен  ағаның  тартымды  да  қызықты 

дәрісін  тыңдаушылардың  саны  күннен 

күнге  артты.  Әсіресе,  жастар  жағынан 

қызығушылық 

күшейіп, 

халықтың 

Есік  қорымын  ашық  аспан  астындағы 

мұражайға 

ынғайландыру, 

сөйтіп, 


археологиялық  асыл  мұраны  туристік, 

музейлік,  ғылыми,  мәдени  ортаға  ай-

налдыру арманын одан ары күшейтті. 


25

Мухтарова Г.

Қ

ол

 

жеткеН

 

армаН

...

Осы 


арманды 

жүзеге  асыру  жолын-

да алғаш «Алтын адам» 

аталатын  Ассоциация 

құрылды,  «Ұлы  жібек 

жолымен»  атты  ұлттық 

туристік  бағдарламаға 

кіргізілді.  2003  жылы 

«Экопроект» 

ЖШС 


орындаған, 

2006 


жылы «Көшпенділердің 

мәдени  мұрасы  про-

блемалары  жөніндегі 

қазақ  ғылыми-зерттеу 

институты» 

ЖШС 


жасаған  жобаларға  да 

Ассосация кеңесші бол-

ды. Ондаған мақалалар 

жазылып, 

кино-телефильмдер 

түсірілді, болашақ музейдің тұжырымы 

жасалды.  Есік-Рахат  археологиялық 

кешені  Мемлекеттік  «Мәдени  мұра» 

бағдарламасына енгізілді.

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

2010 жылдың 30 қаңтарындағы № 43 

Қаулысына  сәйкес,  ел  президенті  Н. 

Назарбаевтың бастамасымен, «Мәдени 

мұра»  Стратегиялық  ұлттық  жобасы 

аясында  ««Есік»  Мемлекеттік  тарихи-

мәдени  қорық-мұражайы»  құрылып, 

жаңа  салынған  әкімшілік  ғимаратта 

мәдени-ғылыми  орталық  өз  жұмысын 

бастап кетті. 

Қорық-мұражайға  жетекші  ғылыми 

қызметкер  ретінде  қабылданған  Бекен 

аға  жұмысқа  жаңа  қарқынмен  кірісіп, 

мол  жылдар  бойы  жинаған  тәжірибесі 

мен білімін аянбай іске қосты. 

Нәтижесінде, 

қысқа 


мерзім 

ішінде, 


әкімшілік 

ғимаратындағы 

сақтардың  тарихы  мен  мәдениетіне 

арналған 

экспозицияға 

қоюға 


арналған  Қазақстан  территориясын-

да  орналасқан  сақ  тайпаларының 

мекендері мен қорғандары көрсетілген 

археологиялық  ескерткіштердің  кар-

тасы  жасалды  (155  археологиялық 

ескерткіштер  тізімінің  130  картада 

белгіленді),  «Алтын  адам»  табылған 

қорғанның  схемасы  мен  кесіндісі  дай-

ындалып, жалпы экспозиция бойынша 

кеңестер  берілді.  Тіпті,  экспозицияны 

құру барысында ағамыздың үйі «штаб-

пәтерге»,  кітапханасы  дерек  көзіне  ай-

налды. 

Бекен 


аға 

қорық-мұражайдың 

болашағына  деген  сенімінің  белгісі 

ретінде, бірнеше жылдар бойы жинаған 

ғылыми  қоры  –  2000  астам,  негізінен 

археология  саласына  арналған  си-

рек  кездесетін  кітаптарын  қорық-

мұражайдың кітапханасына тапсырды. 

Болашақта 

кітапхана 

қорық-

мұражай  қызметкерлері  ғана  емес, 



жалпы  жас  мамандардың  білімін 

шыңдайтын,  сақтардың  тарихы  мен 

мәдениеті  бойынша  мол  мағлұмат 


26



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет