Вопросы археологии



Pdf көрінісі
бет11/68
Дата02.03.2017
өлшемі10,67 Mb.
#5132
түріСборник
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

көкке  көтеріп,  бір-біріне  қарсы  тұрған 

екі  кісі.  Тұрақты  және  Жетісу,  Оңтүстік 

Қазақстан,  Қырғызстанда  (Саймалы-

Таш)  қайталана  беретін  мұндай  су-

реттерде  терең  таңбалық,  ғұрыптық-

қимылдық мәндер жатқандығы анық.

Бұл  суреттерді  зерттеуде  олардың 

сыртқа  бағытталған  мағлұматтарына 

назар 


аударған 

жөн. 


Өйткені, 

сюжеттердің  графикалық  орындалу-

ларында әртүрлі, аса қажетті қасиеттер 

молынан  қамтыған.  Адам  тектес 

тұлғалардың  тұр-тұрпаттары  мен  дене 

немесе  мүше  қимылдары  бейнелерге 

аса көрнекті әсер береді. 

Бейнелерді  көрсету  әдептерінің  де 

мәні  бар.  Олар:  бетпе-беттік,  қырынан 

немесе  олардың  екеуімен  бірдей, 

өлшемдік үйлесім т.б. Осылай бола тұрса 

да,  қажет  мағлұматтарды  тек  сыртқы 

белгілерінен алумен қанағаттану дұрыс 

емес. 


Би  тектес  дене-мүше  қимылдарын 

инициациялық салт-дәстүрлерде атқару 

әлемнің  әр  халқында  болған.  Оларды 

дене  шынықтыру  үшін  де,  кейбір  жан-

жануарлардың ұрғашыларына ынтығын 

білдіргені  сияқты,  әйелдерді  айналды-

рып алуды үйрету үшін де пайдаланған.

Таңбалық 

(символикалық) 

белгілер  де  бидің  сан  түрлі  ырғақты 

қимылдарымен 

танылған. 

Қол 

бұлғаңдары,  бишінің  дене  тұрқысы, 



тірі  табиғаттағы  көргендерін  еліктеуге 

хайуандардың  ең  қуаттылары,  ең 

ептілері  және  ең  өсімталдары  іріктеліп 

алынатын. 

Уақыт  өте  келе  би  ырғақтары  да 

өзгереді,  бишілердің  киім  үлгілері  мен 

жасау-жарақтары  да  өзгешеленеді. 

Бірақ,  қол  бұлғақтарының  түсінікті  де, 

көрнекті  қимылдары  өзіндік  мәндерін 

сақтап, жалғастыра береді.

Көне  дәуірлердің  би  өнерінен 

заттық  белгілер  қалмаған.  Бірақ,  із-

түссіз  жоғалып  кетті  деуге  тағы  бол-

майды.  Іздері,  көмескілеу  болса  да, 

көненің  көркем  туындыларында  жа-

тыр.  Солардың  бірі  де,  ірісі  де  жарта-

стар беткейіндегі суреттер, – біз зертте-

ген Баянжүректе.

Бастапқыда 

билердің 

барлық 

түрлері  қасиетті-киелі  ұғым  болған. 



Өзгеше  айтқанда,  оның  төркіні  жерде 

емес  –  көкте.  Би  өнер  түрі  ретінде  не-

месе  ойын-сауық  көріністері  мәнінде 

өрбуі  –  кейінгі  құбылыс.  Би  желісі 

төтемдік  түсінікте  жүретін.  Яғни, 

өз  негізінде  олар  белгілі  бір  жан-

жануарлардың  түрінен,  қимылынан 

құралған. Мақсат – келген кеселден сол 

жануардың қуатына сүйеніп құтылу. 

Әрине, ұрпақтардың туып, өсіп-өну 

ниеттеріне  арналған  әйел  жыныстық 

таңбалық  белгілері  жоғалып  кетпеген. 

Енді  олар  жеке  бейнеленбей,  еркек-

термен қатар және олармен жыныстық 

қатынас сәттерінде көрсетіледі. 

Шынтақтары бүгілген, айқара ашы-

лып, көкке көтерілген қос қолдар – бірде 

бұқа,  бірде  теке  мүйіздеріне  мезгеуі 

мүмкін.  Өйткені,  олар  көне  дүниенің 

көп елдерінде өсіп-өнудің киелі иесі са-

налатын.

Біз  қарастырған  діни-ритуалдық 

көріністерде  суретші  олардың  кол 

қойылымы  қалыптарына  бас  назар 

аударған. Жеке дара туған адам тектес бей-

нелерде де, қосақтап көрсетілгендерінде 

де солай. Оқиға оған қатысты тұлғалар 

дамуының,  қимылының  ең  шегіне 

жеткен  шағын  бейнелейді.  Суретші 

нақтылы  тұлға  немесе  өмір  көріністерін 

суреттеуден  аулақ  (бет-әлпет  таныл-

майды,  дене  мүшелерінің  үлкенді-

кішілі  ара  қатынастары  сақталмайды). 

Оның  көрсетпегі  –  суреттің  қасиет 

тұтып,  жүгінушілік  жасайтын  ішкі  мәні. 


88

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

Ритуалдық  биді  орындаушылардың 

әрқайсысының шартты кейіп-қалпы, ым-

ишаралары симметриялық заңдылыққа 

және  мифопоэтикалық  сана-сезімдерге 

сай.  Өзара  біріккенде  ортақ  логикаға 

бағынған  бір  композициялық  құрылым 

туады.

Орталық 


Азияның 

жартастық 

өнеріндегі 

ритуалдық 

сюжеттер 

(желісі),  аталған  кейіп-қалыптары  мен 

ым-ишараттарының  дәстүрлік  сипатта 

қалыптасқандығын  білдіреді.  Олардың 

ішіндегі ең мәндісі – қол қимылдарының 

ым-ишараттары. 

Ерекше 

назар 


аударатын 

жәй  –  қолдардың  иыққа  тақау  ара-

ларын  аса  ұлғайтып  көрсетулерінде. 

Бізше, бұлар бетжапқыш (маска). Оны-

сын  жануарлар  мүйізіне  еліктеп  тіккен 

[Авдеев А.Д., 1957, с. 231-265].

«Сайыскер» 

екі 


адам 

тектес 


тұлғалардың  қол  айқастары  сүзіскен 

бұқалар 


мүйіздеріне 

мегзеулері 

мүмкін.  Бұл  ретте  біз  ритуалдық  биді, 

қарсыластардың  пікір  алысу,  сына-

су сияқты қырларын да көріп қаламыз. 

Мұның  астарында  дүниетанымның 

дуалистік түрі тағы жатыр. 

Жанжал  сарыны,  айқас-шайқастар 

көп  халықтың  көне  дәстүрінде  бар. 

Адамдардың  жекпе-жек  шайқастары, 

аңыздарда 

бұқа, 


айдаһар, 

тағы 


хайуандардың  қырқыстарына  теңеліп 

суреттеледі.  Қосақталған  адам  тектес, 

жүгінушілік  тұрғысында  тұрған  бейне-

лер,  көбінесе,  жыныстық  белгілермен 

берілген.  Еркектің  жыныстық  белгісі 

арқылы суретшінің бұл көріністе «өссін» 

дегендей ниет білдіргені пайымдалады.

Жоғарыда  көкке  көтерілген  қос 

қолдарды  мал  мүйіздеріне  балағанбыз, 

көптеген  адам  тектес  бейнелердің 

белдеріндегі  дөңгелектеу  келген  ны-

шанды  бұқаның  (кейбір  жағдайларда 

қасқырдың)  құйрығы  деп  тануға  бола-

ды. Осыған тағы бір дәлел – мал құйрығы 

биші костюмінің айрықша бөлігі болған. 

Құйрық  бимен  көрсетпек  хайуанға 

ұқсастықты үдете түседі емес пе?

Қосақты  таңбалық  белгілер  (сим-

волдар)  кезінде  жер-жерден  орын 

алған.  Олар  қоғамның  қосақталған 

рулық  құрылысының  да  белгісі.  Рух 

ошақ  аралық  екі  жұрттың  (өз  жұрты, 

нағашы  жұрты  сияқты)  араласы.  Кей-

де  ру  бастары  –  егіздерге  де  балана-

ды  [Иванов  В.В.,  1972,  с.  105-147]. 

Егіз  туған  бауырластар  араларында 

бәсекелестік,  қаскүнемдік  те  болды. 

Кейде  біріне-  бірі  тіреу  болады,  кейде 

бірі-біріне  ұқсағысы  келеді  [Дюмезиль 

Ж., 1976].

Қосарлану  мәселесі  симметрия 

мен  ассиметрия,  оң  мен  солдың  ара 

қатынастығымен тығыз байланысты. Бұл 

жай  өнерде  ғана  емес,  әлем  әлпетінің 

физикалық  та  биологиялық  та  шырай-

ларынан көрінеді. Миымызда екі жарты 

шардың болуы олардың ассиметриялық 

қызметінің  көрсеткіштері.  Ал  симме-

трия  адамзат  мифологиясы  саласында 

бір үнділіктің және біртұтас тұлғанының 

құрама  бөліктерінің  ара  бірліктері. 

Қабылдау  қабілетіндегі  дуализм  дүние 

танымын жүйелеуге мүмкіндік берумен 

ғана  шектелмейді.  Киелі  тылсымдарға 

жүгіну 

дәстүрлері 



– 

қаһарман-

тудырушының  күресі  және  «қасиетті 

неке»,  бар  дүниенің  бәрін  тудырған 

одақтастықтың  ең  бастапқысы  (аспан 

мен  жер,  еркек  пен  әйел  одақтастығы 

т.б.).  Бұлардың  да  негізінде  бинарлық 

түйсік жатыр. 

Зерттеушілердің 

байқауынша, 

ритуалдық 

ырымдар 


әдейілеп 

дайындалған 

алаңдарда 

өтеді. 


89

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

Мақсаты  –  құдіретті  күштерге  әсер 

ету.  Олардан  алған  қуатты  орында-

ушы  немесе  қатысушаларға  дарыту. 

Құдайларының, қаһармандарының не-

месе  ата-бабаларының  қимылдарын 

қайталау себептері осыдан. 

Құдайлардың  өзара  бақталастығы 

көне  өнер  үлгілерінде  бояу  түстерімен 

ажыратылады.  Бұл  жайды  өте  көрнекті 

түрде 

көрсететін 



ескеркіштердің 

бірі – Таулы Алтайдығы Қаракөл көптүсті 

суреттері. Ондағы «Қызыл жындар» мен 

«Қара  диюлардың»  күресі  қайрымдық 

пен зұлымдық, өмір мен өлім өзаралық 

мәңгілік  соқтығыстарын  паш  етеді  [Ку-

барев В.Д., 1988, с. 116].

Сонымен,  кейбір  «жануарларға» 

жақын  белгілеріне  –  бұқа,  немесе 

қасқыр  құйрықтары,  мүйіздер  нышан-

дары, жыныстық мүшелерін көтермелеп 

көрсетулеріне қарап, мұндай суреттерді 

қола  дәуірімен  мерзімдеуге  бола-

ды.  Тіптен,  қола  дәуірінің  дамыған 

сатысының  қарсаңына  жатқызудың  да 

жөні бар. 

Аталған  деректердегі  кең  тараған 

сюжеттер  –  қола  дәуірінің  тәсілдерінің 

бірі  мен  бірегейі.  Ол  өсіп-өну 

молшылығымен  және  дуалистикалық 

бақталастықтармен байланысты.

Ер 


адам 

тұлғасы.


  Жыныстық 

мүшелерін көрсететін еркектер тұлғасы 

дүние  жүзінің  өнерінде  кездеседі. 

Қазақстан 

петроглифтеріндегі 

аталған 


белгілердің 

өзіндік 


ерекшеліктері  бар.  Олар  нобай-

лап,  ұзын-ырғасы  ғана  салынған 

ерекшеліктерде  де,  «күнбастыларда» 

да, 


«қозықұйрықбастыларда» 

да, 


«құйрықтыларда»  да,  «желек  жамы-

лушыларда»  да,  «мүйізділерде»  де, 

«алыптарда» да көрсетіледі. Баянжүрек 

суреттерінде бұл тұлғалар, көбінесе, көп 

суреттен  тұратын  композициялардың 

құрамында.  Олар  қазір  мәндері 

ұмытылған  бір  рәсімдерді  атқаруға 

қатысушылар  ретінде  сипатталады. 

Мұндай сюжеттер сирек. Қола және ерте 

темір  дәуірлерінің  аралықтарындағы 

жартас  өнерлерінде  аталған  көріністер 

желісі саябыр тауып, сөне бастағандай. 

Бұл Орталық Азиядағы жағдай. Мұндай 

жағдай,  бұл  кезгі  әлемдік  түсініктердің 

жалпы жаңа түрленуіне (түлеуіне) бай-

ланысты.  Өнердің  алдыңғы  шебіне 

айқас-тартыс  пен  «жолаушылық»  са-

рындары шығады. 

Өсімпаздық  культтеріне  табыну 

жөніндегі  сюжеттер  –  жыныс  белгісі 

бейнеленген  адам  тектес  тұлғалар 

бейнелері  мен  олардың  қастарында 

тұрған  немесе  бір  композициядан 

орын алған өзгеше суреттердің мезгілін 

анықтауға көмектеседі. Ол мезгіл – қола 

дәуірінің соңғы шақтарынан бері емес. 

Желек  жамылғандар.

  Адам  тек-

тес  және  өне-бойында  өзге  тұлғалық 

белгілері  бар  бейнелер.  Яғни,  жал-

пы  адам  бейнесі  жан-жануарлар 

мүшелерімен  –  бет-бейнесі,  тұмсығы, 

қанаттары,  тырнақтары,  мүйіздерімен 

бірге 

суреттелген. 



Адамдардың 

кейбір  әдеттегіден  тыс  тұрпаттарын  да 

(«бишілер»)  осыған  жатқыздық  (11, 

12-сур.).

Қола  дәуірінің  дүнитанымын,  рәсім 

атқару  салттарының  тәжірибелерін 

Баянжүректегі  желек  жамылғандар 

тұлғалары 

арқылы 

білуге 


бола-

ды.  Бұлар  –  сол  кезгі  далалы-таулы 

аймақтарды  мекендеушілердің  рухани 

өмір мәдениетінің деректері. Әңгіменің 

арқауы  болар  тұлғалардың  бірі  ырым-

рәсімін атқару үстіндегі сәтті суреттейді 

(12-сур.).  Оның  басынан  жан-жаққа 

ажырай  ұшқан  жеті  нұр-сәуле  бар. 



90

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

Олардың төменгі ұштары кезінде өзара 

доғалдана  қосылып  салынуы  әбден 

мүмкін. Бұлай болғанда жеті сәуле деп 

отырғанымыз бас киімге тағылған жеті 

құс  қауырсындары  болып  шығады. 

Тіптен,  олай  болмағанда  да,  біздің  ал-

дымызда – әртүрлі символдармен (құс 

қауырсыны,  күн  сәулесі,  рух  нұры) 

безендірілген  дәстүрлі  емес  бас  киім. 

Тек  бақсылардың,  киелі  рухтардың 

иесі немесе құдай қалаған жандардың 

дүниесі  екендігінде  күмән  жоқ.  Он-

дайларды  аса  қажетті  жағдайда  және 

жөнімен  –  ырым-рәсім  әрекеттерінде 

қолданған  хайуанаттар  кейіпіндегі  бас 

киімдер бір қатар евразиялық елдердің 

бақсыларына тән екені көпке мәлім.

Баянжүректегі  осы  бақсылық  бас 

киімнің  түрлері,  басқа  да  алыс-жақын 

жерлерден  табылған.  Олар:  Таулы 

Алтайдың қаракөлі (энеолит), Сібір мен 

Алтайдық кейбір мәдениеттері. 

Баянжүрек бақсы тұлғалының киім-

кешектерінің  ең  бір  елеулі  бөлігі  –  же-

лектер  мен  жалбыршақтар.  Олар 

құстардың  қауырсындары  мен  түбіт 

араларындағы  кішігірім  түйіршіктерге 

ұқсайды. 

Орналасқан 

орында-


ры  –  жамбастардың  төңірегі  және  тізе 

буындары. 

Бұл  беткейде  теке  мен  тұрқы 

түсініксіз  екі  тұлға  тағы  бар.  Олардың 

адамның 

шынтағынан 

төменірек 

тұрғаны – кейінірек салынуы мүмкін (дақ 

түр-түсіне  қарағанда).  Алайда,  жал-

пы  берер  мәнін  бұзбауына  қарағанда, 

әлсін-әлсін тазартып, жаңғыртудың сал-

дарынан ба екен деп қаласың. 

Екінші  тұлғаның  басында  да  (11-

сур.) бірі-біріне қатар параллель келген 

екі-екіден  құралған  сәуле  сызығы  бар. 

Олар  бұрышталып  қосылып,  екі  жаққа 

ажыраған. 

Олардың 


оң 

жақтағыларының 

үстіне  тігінен  келіп  жалпақ  сызықша 

қосылады.  Тағы  екі  бірдей  жалпақ 

сәулелер кеңірдек тұсында орналасқан. 

24-сур.


25-сур.

26-сур.


27-сур.

28-сур.


29-сур.

91

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

Сойын  омыртқаларының  екі  жағынан 

да шығып тұрады. Сәулелердің барлық 

саны  –  жетеу.  Олардың  бесеуі  ба-

сын  көмкеріп  тұрған  доғаға  жанаса-

ды.  Доғаның  иілген  екі  шеті  төмендей 

келе  шынтақтарға  тіреледі.  Бас  киім 

құрылысы, 

байқағаныңыздай, 

өте 


күрделі  құрылыс.  Ол  аз  болғандай,  ең 

үстінде  тігінен  тұрған  екі  таяқша  тағы 

бар.  Олардың  екі  жағында  екі-екеуден 

диск  қойыпты.  Нәтижесінде,  қисық 

шеңбер  шығады.  Шеңбердің  ішінде 

тұлғаның жеті сәулелі басы орналасқан. 

Ал  сыртында  алдыңғы  аталған  заттар 

(белгілер)  бар.  Тұлғаның  оң  жағында, 

қолының 

алдында 


құсқа 

ұқсас, 


көмескі  көрінетін  бейне  бар.  Бақсы 

киімінің тағы бір бөлігі – желектер мен 

жалбыршақтар.  Олар  үш-үштен  бөксе 

мен тізеден төмен салбыраған. 

Орталық  Азияда,  олармен  шек-

тес 


аймақтарда 

аталған 


бейне-

лер  көптен  кездеседі.  Аймақтардағы 

адам  тектес  тұлғалар  Баянжүректегі 

сияқты:  сәуле  шашқан  айырықша  бас 

киім,  жан-жануар  және  құстар  тек-

тес  бетперде,  хайуанаттар  терісінен 

тіккен  сырт  киім.  Тіптен,  киімдерге 

таққан 


асай-мүсейлеріне 

дейін 


ұқсас  –  хайуанаттардың  құйрығы, 

әртүрлі 


таңбалық 

белгілері 

мен 

сылдырауық заттары. 



Желек  жабылғандардың  басым 

бөлігінің  мезгілдік  шектері  –  ІІІ  мың 

жылдықтың басынан ІІ мың жылдықтың 

ортасына  дейін.  Кейбір  үлгілері  неолит 

дәуірінікі.  Палеометалл  кезеңінің  түр-

түрлі мәдениеттерінің (афанасьев, оку-

нев  және  олардың  жалғасы  –  андрон, 

қарасу) туындысы деуге болады. 

Қазақстандағы  «күнбастылар»  мен 

желек  жамылғандардың  ең  әйгілілері 

Жетісудаға  Таңбалы  сайындағылар. 

Олар  б.д.д.  ІІ  мың  жылдықтың  2-жар-

тысына жатады.

Баянжүректегі  бұл  тұлғалар  осы 

Жетісудағы  Таңбалы  сайындағы  күнбас 

бейнелерден  көнелеу  болы  мүмкін  – 

б.д.д.  II  мыңжылдықтың  басы  мен 

бірінші  жартысынан  бері  емес  [Сама-

шев З.С., 1998, с. 198-207]. 

Баянжүрек  тұлғалары  және  оған 

жақын 

Шыңжаң 


петроглифтері 

иконографиялық  жағына  Алтайдағы 

Қаракөлдің  суреттері  мен  (роспись) 

гравюраларымен  сипаттас  келеді.  Осы 

орайда тоқтала кететін бір жайт, жуықта 

шыққан  бір  альбомда  А.Н.Марьяшев 

«күнбасты антропоморфтық бейнелерді 

З.Самашев энеолит дәуіріне жатқызады, 

бірақ  оған  дәлелдер  келтірмепті»  деп, 

ал  басқа  бақсылық  туралы  әңгіме 

болған  жерінде  мені  В.Д.  Кубарев  де-

ген  Ресей  маманының  соңына  ерген 

дегенге  келтіргендей  болыпты  [Бай-

паков  К.М.,  Марьяшев  А.Н.,  2008,  с. 

48-49].  Шын  мәнінде,  ештеңені  дұрыс 

түсінбей,  үстіртін,  автордың  басқадай 

мәселелерді  егжей-текжейіне  дейін, 

көптеген  салыстырмалы  таблицалар 

келтіріп талдаған мақаласын [Самашев 

З.С.,  1998,  с.  198-207]  қарамақ  түгіл, 

өзі  сілтеме  жасап  отырған  кітаптың 

басқа  беттерін  де  зейінсіз  оқып,  басқа 

жаққа ауып кеткен [Самашев З., 2006]. 

Әйтпегенде, сонау энеолит дәуіріне жа-

татын  Таулы  Алтайдағы  Қаракөл  ма-

териалдарын  Баянжүректегі  аталған 

екі 

антропоморфтық 



бейнелерге 

хронологиялық  емес,  типологиялық 

және 

семантикалық 



салыстырма-

лар  ретінде  келтірілгенін  шатастырмас 

еді.  Ал  бақсылық  мәселесіне  келетін 

болсақ,  осындай  сюжеттерді  ежелгі 

бақсылық  мифологиясы  тұрғысынан 

талдау  мәселесі  басқа  ғалымдардың 

еңбектерінде  В.Д.  Кубаревтен  де, 

басқалардан  да  анағұрлым  ерте,  со-



92

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

нау  20-70  жылдары  талқыланып  зерт-

телген  деп  осы  еңбектерде  тайға 

таңба  басқандай  жазылған  болатын. 

А.  Марьяшевтың  (оның  жанында  аты 

жүрген  К.Байпақовтың  осы  кітапқа  да, 

оның мазмұнына да, нақты ескерткішке 

де еш қатысы жоқ және де ол бұл про-

блеманы  мүлдем  шақпайтын  ма-

ман)  мәселені  дәл  осы  тұрғыда  неге 

сырғытқаны түсініксіз және де нақтылы 

ғылыми  талдауға  шамасы  жетпегені 

көрініп тұр.

Біз талдап отырған екі тұлғалар сәл 

еңкейісті  дақ  басқан  тас  беткейлерінде 

бейнеленген.  Орналасқан  орында-

ры  –  екі  көрші  тұрған  шоқылардың 

төбелері.  Шоқтығы  биік  ең  көрнекті 

орындарды  талғап  алудың  өзінде  де 

мән  бар  –  мен  мұндалап  шақырып 

тұрғандай.  Ал  тұлғалар  тұрған  тас 

бетінің  жазық  болуы  да  тегін  емес. 

Өйткені,  жазық  беттегі  бейнені  жан-

жағынан және күн батқанша көруге бо-

лады.  Күні  бойы  сәуленің  түсуіне  орай 

тұлғалардың  мүшелерінің  бірі  ашы-

лып,  бірі  көлеңкеленеді  емес  пе?  Бұл 

оптикалық  өзгерістер  бейнеленгендер-

ге қимыл беріп, жан кіргіздіргендей бо-

лады.  Тұлғалар  тұрған  шоқылардың 

айналасы  кеңінен  ашық.  Бұл  да  басты 

мақсатқа  сай  келеді.  Тұлғаларға  табы-

нар жандардың молдығын ойлағандық. 

Бұл бір. Екіншісі – таулардан қасиеттері 

мен киелеріне тағзым.

Сонымен,  суреттер  салуға  арналып 

алынған  географиялық  орта  оны  пай-

далану  мақсатына  толық  сай  деуімізге 

болады. Тіптен, мақсаттарының да ішкі 

астарын  аңғара  аламыз.  Ол  алдымен, 

таулардың  кейбір  келбет-бітімін  киелі 

санау  ұғымы,  яғни,  жердің  кіндігі  (axis 

mundi)  деп  ұғуында.  Ондай  дәстүрлер 

жыл  бойы  адам  өміріндегі  әрбір 

тұрмыс-салттың,  табиғи-құбылыстың 

циклдарына арналып атқарылған.

Бәлкім, 


Баянжүректе 

ырым-


дәстүрлерді  атқарушылардың  басты 

кейіпкерлерінің  тұлғалары  бейнеленген. 

Ол тұлғалардың әр қайсысы сол кездегі, 

бірақ бізге мәлім емес аңыздардағы неме-

се өсиеттік-үлгілік мәні бар ертегілердегі 

жан-рух  иелері  болуы  ықтимал  (абыз-

дар,  бақсылар,  көне  көз  қариялар, 

пері-періште,  жын-диюлар,  адамның, 

мал-жандардың  сырттандары).  Әрине, 

әрбір ырым аталғандарға арналса, оның 

атқарылу  мерзімі  де  соларға  байланы-

сты  болуы  шарт.  Ендеше,  ондай  жол-

жоралғыларды ғарыштық уақыт айналы-

мымен  шектемеген.  Яғни,  жыл  циклда-

ры – күн мен түн теңестігі, жазғы-қысқы 

күн  тоқтауларына  да  сәйкестендірілген. 

Тіптен, күн циклдары – таң, шаңқай түс, 

кешкі  құрым  (кешкі  ырым)  кездерінде 

де  жүргізілетін.  Соңғы  аталған  күндік 

цикл  мезгілдерінің  де  пайдалануының 

нақтылы 

дәлелі 


– 

жоғарыда 

сипаттағанымыздай  –  күні  бойы  күн 

сәулесінің  әр  жақта,  әр  биіктіктен 

түсуіне  байланысты  тұлғалар  қимылдап 

«тірілгендей» көрінуі.

Баянжүрек бейнелерінің эмоциялық 

әсерлері, 

қосымша 

ықпалдары 

тағы 

бар. 


Кейбір 

зерттеушілер, 

«күнбастылардың» 

бәрі 


ырыми 

жоралғыларға  қатысушылар  неме-

се  оларды  басқарушылар  емес  дейді. 

Кейбір  сәуле  шашқан  «бастардағы» 

күн  кейпі  құдайлардың  рухтарына 

ғана  саяды.  Алайда,  олардың  әлемдік 

(ғарыштық) 

көріністерінің 

руха-

ни  түйсік-түсініктерінің  көзге  де,  ойға 



да  көрнекті  белгі-бейнелер  екендігін 

жоққа  шығаруға  негіз  жоқ.  Олар  сол 

кезгі  өмірдің  рухани  міндеттерінен 

нәр  алған  суретшілердің  туындылары 

екендігін  естен  шығармауымыз  керек. 

«Күн  бейнелі»  бет  перделердің  (бас 

киімдерінің)  көп  түрлі  болуларының 

себептері де осыдан.



93


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет