Вопросы археологии



Pdf көрінісі
бет10/68
Дата02.03.2017
өлшемі10,67 Mb.
#5132
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68

 

Баянжүрек 

тауының 

петроглиф 

кешендері  тақала  орналасқан  бірнеше 

мекен-тұрақтар 

бар. 

Солардың 



бірі  –  қола  дәуіріне  жататын  Тас-

бас  1.  Ол  осы  өңірдегі  жұрттың  жыл-

дар  бойғы  тұрақты  тіршілігінің  айғағы. 

Кәсіп 


түрлерінің 

көп 


салалығын 

көрсетеді.  Олар:  мал  өсіру  мен 

егіншіліктен басқа тау-кен өндірісі, ме-

талл  қорыту,  ішкі  тұтыну  дүниелері 

төңірегінде  кәсіптер,  т.с.с.  Біздің 

зерттеушілеріміздің тақырыбын қоссақ, 

Баянжүрек  тұрғындары  арсында  су-

рет шеберлерінің барлығы айғақ. Бей-

нелеу өнерінің өмір сұраныстарына сай 

жандар  (бақсы-балгерлер)  әдет-ғұрып 

атқарушылары  болуы  да  ақиқат.  Ме-

кен  тұрақтардан  табылған  заттардың 

арасындағы кішкентай ғана келі сап тас 

айырықша  назар  аударуда.  Оның  іске 

жұмсалатын  шетінде  тігінен  қосылған 

сызық бейнелі белгі ойылған. Сызықтар 



77

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

ұштары  шұқырланған.  Бұл  затта  діни 

саналық мән барында күмән жоқ. Бір та-

машасы, осындай белгілер біздер зерт-

теген тастардың бетінде де кездеседі. 

Петроглифтерге  жанасып  жақын 

тұрған  тағы  екі  ескерткіш  бар.  Олар: 

қола  дәуірінің  соңғы  сатысының 

Қалақай I зираты мен мекен-тұрағы [Го-

рячев  А.А.,  2007,  с.  21-41].  Бұларды 

да  жоғарыда  көрсетілген  дәлелдеумен 

петроглифтердің 

осы 

кездегісімен 



уақыттастыруға  болады.  Аталғандар 

қола  дәуіріндегі  бұл  өлкенің  тиянақты 

тұрмысы  мен  көп  салалы  кәсіптерінің 

күмән келтірмейтін толық айғағы. 

Жерлеу  жораларының  қабір  және 

діни-ғұрыптық құрылыстарының жоба-

лары  көбінесе  дөңгелек  келеді  (бірінің 

ішіне  бірі  кірген  дөңгелек  тәріздісі  де 

бар). Аспан әлеміне сыйыну ғұрпының 

белгілері  саналатын  мұндай  суреттер 

петроглифтерде де жиі кездеседі.

Қалақай I мекенінен табылған жан-

жануарлар  түрлері  де  ескерілетін  де-

ректер,  олар:  ұсақ  малдар,  ірі  қара 

және  жылқы.  Көрші  жатқан  Тас-

бас  I;  Мұзбұлақ,  шалғайлау  жатқан 

Түрген-2,  Асы-1,  сол  сияқты  басқа 

да  мекендердегі  ұстаған  мал  бастары 

осындай. Аталған түлік түрлері түгелімен 

жартас  беткейлеріндегі  суреттерінен 

көрінеді. 

Баянжүрек  петроглифтерінің  айна-

ласында  орналасқан  археологиялық 

әр  түрлі  ескерткіштер  бұл  өңірдің 

мыңдаған  жылдар  бойғы  адамдарға 

қолайлы  тұрақты  мекен  болғандығын 

айғақтайды. Небәрі 15 х 6 шақырымды 

алып  жатқан  жерде  қола  дәуірінің  16 

қоныс  орны  мен  5  зираты  бар.  Оған 

қосымша, сақ, үйсін және ортағасырлық 

отырықшылық  белгілері  тағы  бар. 

Бұлар  Баянжүрек  тауының  терең  сай-

ларына  кіре  берісінде  орналасқан.  Тау 

төскейлері  толған  ерте  темір  дәуірінің, 

ортағасырлық,  қазіргі  қазақтардың 

жерлеу орындары.



78

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

4-с

ур.


79

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

Зерттеулер  желісін  бір  қайырып 

айтсақ,  Жетісу  жерінен  табылған 

және  бір  шама  қазба  жұмыстарымен 

қамтылған  қола  дәуірінің  мекен-

тұрақтары  мен  зираттары  он-ондалып 

саналады.  Олардан  алынған  дерек-

тер,  сөз  жоқ,  сол  кездің  тарихы  мен 

мәдениетінің  мән-жайын  аңғартады. 

Аталғандардың  шағын  бөлігі  ғана  пе-

троглиф 

кешендерімен 

сәйкестік 

табатындығын  ескерте  кеткендігіміз 

жөн. 

Жетісу  өңірінің  ең  ірі  деген  әр 



кезгі  ескерткіштерін  талдап  қарасақ, 

олардың басым көпшілігі петроглифтер 

екен.  Соған  қарағанда,  қола  дәуірінде 

бейнелеу өнерінің жетекшілік еткен са-

ласы  –  жартас  беткейлерін  безендіру 

болғанға  ұқсайды.  Жеке  алып,  ерек-

ше  назар  аударатын  мұралар  тағы  бір 

тобы  –  қоныс  және  металл  қорыту 

кешені  Мұзбұлақ  1-5.  Ол  Баянжүрек 

петроглифтерінің 

қарама-қарсы 

тұсында  тұр  [Марьяшев  А.Н.,  2002,  с. 

23-30;  Марьяшев  А.Н.,  2003,  с.  20-

30].  Бұл  археологиялық  кешен  тау-кен 

қорыту пештерін, шеберханаларды, кен 

байыту орындарын камтиды. 

5-сур.


80

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

6-сур.


81

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

Мекен-жай  кешендері  көптеген 

(60-тан  астам)  тұрғын  үйлер  мен 

шаруашылық  құрылыстарынан  тұрады. 

Олардағы  тіршілік  әрекеттер  қола 

дәуірінен  көне  түрік  заманына  дейін 

үзілмеген. 

Жерлеу 


орындарының 

уақыт  ауқымы  осындай.  Өндіріске 

және  табынуға  арналған  дүниелер  де 

баршылық. Ал петроглифтер кешендері 

өздерінше бір топ.

Қорытынды. 

Баянжүрек 

өлкесіндегі тіршілік үрдісі үзіліссіз б.д.д. 

2-мыңжылдықтың  екінші  жартысы-

нан  бастап  ортағасырдың  дамыған 

шақтарына дейін жалғасқан. Жергілікті 

жұрт  көп  салалы  шаруа  жасап,  тау-

кен  өндірісімен  де  шұғылданып,  өнер 

түрлерінен де тыс қалмай – тиянақты да 

тұрғылықты  ғұмыр  кешкен.  Баянжүрек 

тауының  суреттері  осындағы  ғұмыр 

кешкен  халықтардың  еншісі  екені  дау-

сыз. 

Жетісу  Алатауы  Алтай  тауларымен 



тақау көрші. Сондықтан бұл өңір, белгілі 

бір  тарихи  кезеңдерде  Кіндік  Азияның 

түпкір-түпкірлеріндегі 

мәдениет 

түрлерінің 

таралуының 

«көші-қон 

өткелі»  болған.  Оған  дәлел  –  Жетісу, 

Монголия,  Солтүстік  Қытай  бейне-

леу  өнері  ескерткіштерінің  көптеген 

ұқсастық белгілері.

Өлкенің  табиғи  ерекшеліктері  бұл 

алқапты тым ертеден, кем дегенде қола 

дәуірінен  бастап  жайлау,  күзеу,  қыстау 

ретінде пайдалануға жағдайлы болған. 

Бұл таулардың төстерін басып, сайларын 

өтіп,  асуларынан  асатын  белгілі  керуен 

жолдар бар-ды. Жол бойы еру қонатын 

орындар,  жол  азығын  толықтыратын 

керуен  сарайлар,  айырбас  сауда 

мекендері жиі кездесетін. Нәтижесінде, 

мәдени-саяси 

алу-берулер 

мен 


араластықтардың  да  өрістеуі  ықтимал. 

Баянжүрек  петроглифтерінде  көптен 

кездесетін  көштер  көріністері  мен  көш 

көліктері осының айғағы болуы керек. 

Баянжүрек  жартастарының  беттерін 

жапқан  дақтар  микроорганикалық 

жұқа қабыршық түрінде, көбінесе қара, 

қызыл-күрең,  сарғылт  түсті.  Марга-

нец  қышқылдануының  жиынтығының 

әсерінен болатын құбылыс. 

ЮНЕСКО-  ның  бағдарламасы  ая-

сында 1994 жылдан бастап атқарылған 

ғылыми  зерттеулердің  бір  бағыты  осы 

жартастар  беттеріне  қалыптасқан  дақ 

құрамына арналған болатын. Олардың 

кейбір нәтижелері мынадай: 

 

– жер-жердегі 



петроглиф-

тер 


жартастардың 

құрамдық 

қасиеттерімен тығыз байланысты. Осы 

екі табиғи негіз (жағрафиялық орта мен 

жартастардың  құрамы)  суретшілердің 

тас беттерін таңдауына тоқтам болған. 

Суреттердің  басым  бөлігі  сол  жердегі 

жағрафиялық  ортаның  ең  көрнекті 

тұсында орналасқан;

 

– тастардың 



сурет 

салынған 

беттерінің 

күйі 


жартастардың 

табиғаты  мен  олардың  құрамдық 

ерекшеліктеріне бағынышты

 

– тас 



бетіндегі 

суреттер 

геомикробиологиялық  өзгерістердің 

жиынтығы. Олар негізгі екі түрлі табиғи 

тұрпаттардың  дамуымен  сыпатталы. 

Олар:  карбонаттық  құрылымдар  мен 

металдық дақ;

 

– суреттердің 



өлшемдерінің 

өзара  жас  аралықтарын,  дақтардың 

«ұрпақтарының»  бірінің  үстіне  бірінің 

қабатталу  реттеріне  қарап  анықтауға 

болады.  Мысалы,  қара  түсті  және 

қалыңдау  дақтары  бар  суреттерді 

келесі  ашық  түсті  және  онша  қатая  да 

қоймаған жаңа дақ жауып тұрады.

Үңгірлердегі  кейбір  сурет  өнер 

туындыларының 

уақытын 

анықтау 


AMS  (Accelerator  Mass  Spectromety), 

82

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

7-сур.

8-сур.


9-сур.

10-сур.


11-сур.

12-сур.


әдісі  ашылғаннан  кейін  едәуір  алға 

басты.  Оның  артықшылығы  сурет-

терден  болымсыз  ғана  бөлімін  алып 

радиоуглеродтық уақытын білуге бола-

ды.  Қазірде  Башқұртстандағы  Игнатий 

үңгірі  қабырғаларындағы  суреттердің 

радиоуглеродтық 

жасы 


осындай 

әдістермен  анықталған.  Дегенмен, 

әлі  де  болса  мұндай  мүмкіндіктерден 

алған жауаптардың арты жаңа сауалдар 

туғызып,  мәселені  тым  шиеленістіріп 

жібергені де рас. 

Жоғарыдағы 

тура 


ғылымдар 

делінетіндердің 

әдістеріне 

сүйеніп 


алынған мерзім бұрыннан қалыптасқан 

тарихи 


тәсілдермен 

анықталған 

уақыттармен  кейде  қайшы  келеді.  Су-

реттер  салуға  пайдаланылған  көмір 

бұл суреттердің салыну сәттерінен әлде 

қайда  бұрынғы  зат  болуы  ықтимал 

дейтін  болжамдар  да  бар.  Сонымен, 

жартастар  беткейлеріндегі  бейнелеу 

өнері туындыларының уақытын анықтау 

пәнаралық  зерттеулерді  талап  ететіні 

сөзсіз. Археология ғылымында ондаған 

жылдар  бойы  қалыптасқан  тәсіл-

тәжиребелер  (тектік-мәдени,  желілік, 

қат-қабаттық,  тарихи-салыстырмалық, 

жергілікті-топографиялық,  т.б.)  өзге 

ғылымдардың 

амалдарын 

жоққа 


шағармайды.  Үлкен  үміт  артатын  тағы 

бір әдіс – люминеценттік бағыт. 

Баянжүрек 

петроглифтерінің 

уақыттық  белгілерін  ажыратып  алу 

үшін  біз  ең  алдымен  бейнелердің 

өздеріне  жүгіндік  және  ескерткіштің 


83

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

Баянжүрек 

петроглифтерінің 

елеулі  бір  бөлігі  көне  түрік  заманын-

да жасалған. Сондықтан, олардың мән 

мазмұнын Орталық Азия халықтарының 

ауыз  әдебиетінсіз  түсіну  мүмкін  емес. 

Ортағасырда  оның  басты  кейіпкері 

-салт  атты  адам  –  Сібір,  Қазақстан, 

Орталық  Азия  бейнелеу  өнерінің  түр-

түрлерінен  орын  алған.  Бұл  сәйкестік 

әлем 


танушылық 

көзқарас 

қана 

емес – орныққан өнер үлгісі, шарты. 



  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстан 

мәдени  мұраларын  зерттеу  қарқыны 

асқан 

сайын 


олардың 

әлемдік 


өркениеттегі  өзіндік  мәні  айқындала 

түседі.  Бейнелеп  айтсақ,  бұл  аймақтар 

әртүрлі  өркениеттердің  буынындай 

екі  жағының  да  әрекет-қимылдарына 

ортақ әсер береді. 

Баянжүрек тауының петроглиф-

терін  талдау  және  түсіндірудің 

кейбір  мәселелері.  Петроглифтердің 

орналасқан орны Баянжүрек (қалмақша 

«байин дзурх» жомарт жүрек, тағы бір 

төркіні баян – бай, зураг – сурет) тауы, 

Алматы  облысының  Қапал  кентінен 

солтүстік-шығысқа  қарай  25  шақырым 

жерде. 

Баянжүрек 



жартастары 

теңіз 


деңгейінен  1300  м  биіктікте.  Пе-

троглифтер,  негізінен,  өзара  тұспа-

өзіндік  сипатына  сүйендік.  Бұлармен 

қатар бейнеленгендердің тәсілдік және 

ой-жүйелік 

ерекшеліктеріне 

назар 

қойдық.  Дақтар  қабаттарын  да,  жеке 



образдар мен сюжеттерді де талдау мен 

қатар,  айналасындағы  археологиялық 

деректерді де ескердік. 

Ғылыми  әдебиеттердің  біразында 

жартастағы суреттердің ішкі мазмұнына 

түсіндірмелер  берудің,  негізінен,  екі 

бағыты  бар.  Бір  топ  ғалымдар  бей-

нелерге  қияли-ғұрыптық  мән  береді 

де,  мазмұнын  индоеуропалық  не-

месе  индоиран  аңыздарына  арқа 

тіреп  түсіндіреді.  Екінші  бағыттың 

өкілдері  этнографиялық  деректер-

ге  жүгінеді.  Осы  негізде  суреттер 

желісінен  бақсылық,  т.б.  мазмұн  таба-

ды.  Мұндай  жағдайда  кейбір  сұрақтар 

жауапсыз  қалады.  Мәселен,  бақсылық 

дәстүрдің қалыптасу мерзімі анық емес. 

Бақсылық  пен  қияли  түйсіктердің  де 

арақатынастары түсініксіз. 

Қазіргі 


жағдайда, 

аталған 


бағыттарды  қатар  ұстап  ізденуден 

жеміс  күтуге  болады.  Өйткені,  адам 

баласының рухани өмірінің қияли-діни 

және  қияли-ғұрыптық  көріністерінің 

біріне-бірінің  ықпалы  өте  ертеден  ба-

сталуы ықтимал ғой. 



84

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

тұс  тұрған  жартастардың  тегістеу 

беттерінде. Кейбір жеке жатқан тас жы-

ныстарында да кездеседі. 

Петроглифтер 

серпіні 

батыс-


солтүстік батыс бағытымен созылыңқы. 

Жоғарғы  Бүйен  аңғарын  шектеп 

тұрғандай.  Тау  тізбегінің  ені  2,074  км, 

ұзындығы  13  км.  Суреттері  бар  жар-

тастар  өзеннің  кең  арнасының  оң  жақ 

жағалауында (1-сур.) Жартастар еңістің 

еңкейуіне сай төмендеп барып топтала-

ды.  Суреттер  салынған  жартастардың 

беттері, 

көбінесе, 

оңтүстік 

және 


оңтүстік-шығыс 

жаққа 


қараған. 

Зерттеулеріміздің  бастапқы  сатысында 

Баянжүрек жартастарындағы суреттерді 

төрт  топқа  бөлген  едік.  Олардың  ше-

караларын  табиғи  жағдайын  ескеріп 

және  өз  қалауымызша  белгілегенбіз. 

Суреттері бар әрбір беткей нөмірленіп, 

орындарын теодолит арқылы өлшеп ба-

рып, жалпы жобаға түсірдік (2-6-сур.).

Ескерткіш 

аумағынан 

барлығы 


екі  жарым  мыңға  жуық  әрмезгілдік 

суреттер 

табылып, 

зерттеулерден 

өтті.  Әр  беткейлердегі  бейнелердің 

өзара  қарым-қатынасы,  орналасуы 

әрқалай.  Оларда  жеке  дара  тұрған  да, 

топтасқан  бейнелер  де  бар.  Бағыттары 

әртүрлі.  Заңдылық  деуге  болатын 

бағыт  –  оңтүстік-шығыс.  Баянжүрек 

петроглифтерінің өзара орналасу жиілігі 

біркелкі  емес.  Тығыз  немесе  сирек 

тұрулары жартастардың орналасуы және 

олардың  сурет  салуға  ыңғайлылығына 

байланысты. Өзен-бұлақ арналарының 

алыс-жақындығының да әсері аз емес. 

Суреттерді салу техникалық әдістері 

ішіндегі  ең  жиі  қолданғандары  –  ұсақ 

нүктелеп,  нұқылап  тоқпақтау.  Сирек  те 

болса кездесіп қалатын тәсілдері: орта-

ша  және  ірі  нүктелі.  Сызық  сындылар 

да бар. Кейбір суреттерден гравировка, 

тегістеп жану, тіпті, әр тәсілді алма кезек 

қолдану сәттерін де байқауға болады.

Баянжүректегі  зерттеулер  барысын-

да суреттердің жалпы тұтас шоғылынан 

аулақтау  жердегі  шығыс  жағынан  тағы 

бір  топ  ашылды.  Солардың  арасында 

көне  түрік  дәуірінің  руникалық  жазуы 

бар.  Әріп-таңбалары  белгілі  Енисей, 

Талас  жазуларындағыларға  ұқсас.  Екі 

әріп  өшіп  қалғанға  ұқсайды.  Әріптерді 

бүгінгі  қолданылып  жүрген  латынға 

14-сур.


15-сур.

16-сур.


17-сур.

85

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

транслитерацияласақ 

1-/е

R 2 –/Ti

3 –/


M/4 –/Q/5 –/?/6 –/?/ 

болып 


шығады. Er atim Oq ... болып оқылады. 

Қазақшасы: «Менің ер атым Өк...». 

Суреттер  саны  бәрінен  де  басым 

тұрған шоғырды 4 топқа бөлдік – А, В, 

С, Д (3, 4-сур.).

Кейбір  сурет  беттерін  өзгелерден 

гөрі  мұқият  зерттеуге  тура  келді. 

Мақсат  –  суреттердің  салу  техникалық 

әдістерінің  ерекшеліктерін  анықтау. 

Бұл  үшін  әртүрлі  аспаптарды  пайда-

ланып  трасологиялық  эксперимент-

тер  жүргізілді.  Кейбір  суреттердің 

полимерлік  көшірмесі  алынды.  Мұның 

нәтижесінде  лабораториялық  зертте-

улер  арқылы  аспаптардан  қалған  із-

нышандарды білуге болады. 

Петроглифтерді  сипаттау  мынадай 

жүйемен  жүреді.  Әр  шоғырдағы  сурет 

ңөмірі, беттерінің бағыты, дақтарының 

түс-түрі, 

техникалық 

әдістері 

айқындалады.  Ең  соңында  суреттердің 

жалпы сипаты жазылады. 

Біз  барлық  бейнелі  деректерді 

антропоморфтық  және  зооморфтық 

(хайуанаттар тектес) деп 2 негізгі топқа 

бөлдік.  Содан  кейін  әрқайсысына 

жеке  талдау  жасап,  түсініктерін  түйдік. 

Олардың ішкі жіктерінің түр-түрлері де 

ескерілді. 

Сонымен  қатар,  саймандар  (арба-

лар,  қос  дөңгелекті  арбалар  сияқты) 

және таңбалық белгілер де белгілі бір топ 

құрайды. Кейбір құрал-саймандар мен 

символдар  немесе  таңбалық  белгілер 

адам тектес топта да, хайуанаттар тектес 

топта  да  кездеседі,  сондықтан,  олар-

ды аралас топқа жатқызамыз. Мысалы, 

байрақ  көтерген  салт  атты  адам  неме-

се  қарулар  асынған  жауынгер.  Кейбір 

жағдайда,  белгілі  бір  сурет  жүйесін 

талдау  барысында,  олардың  мазмұн-

мағынасына қарауға тура келді.

Баянжүрек  петроглифтеріндегі  жиі 

кездесетін сюжет – аң аулау көріністері. 

Аңшылар  –  ат  үстінде  немесе  жаяу-

18-сур.


19-сур.

20-сур.


21-сур.

22-сур.


23-сур.

86

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

лап  садақ  тартушылар.  Олар  ішінара, 

әсіресе,  көп  бейнелі  композициялар-

да  аңдарды  қоршап  алып  қуып  ау-

лау  әдістерін  көрсетеді.  Аңшылардың 

тұрақты  серігі  –  иттер.  Аңшылық 

құралдары  –  садақ  пен  жебе.  Аталған 

көріністер  Баянжүректе  басқа  петро-

глифтерден басым. 

Сайыс, соғыс көріністері Баянжүрек 

жартастарында  кең  тараған.  Олардың 

көпшілігі 

көне 


түрік 

дәуірінікі. 

Бейнелердің 

асай-мүсей, 

жасау-

жабдықтары 



мол: 

қару-жарқтар, 

байрақ-байламдар, ер-тұрмандар, үсті-

бас  киімдер,  т.б.  Соғыс  көріністерінде 

жаяу,  атты,  садақ,  найза  сайыстары 

айшықталған. 

Жартастық бейнелеу өнерінің сирек, 

бірақ, аса қызықты түрі – «көш» неме-

се  «жолаушылық»  көріністері.  Онда  ат, 

түйе  мінген,  арба  жеккен,  жаяу-  жал-

пы жандардың тізбегі шебер де, мұқият 

бейнеленген. 

Жыртқыштардың  (қасқыр,  мысық 

тектестер) 

немесе 

иттердің 



шөп 

қоректілерді  (тауешкі,  елік,  т.б.)  қуып 

жүрген көріністері өзінше бір топ. 

Әдеттегідей  емес  дене  қимылы 

ширақ 

бейнеленген 



кісілер 

де 


жиі  кездеседі.  Ондайларды  діни-

ғұрыптық  би  деп  атадық.  Оған  мы-

сал  білектерін  бүгіп  қолдарын  көтеріп 

тұрған  екі  кісі.  Осындай  кейіптегі  жан-

дар  бейнелері  Жетісу  өңірінен  басқа 

Оңтүстік  Қазақстанда,  Қырғызстан  мен 

Өзбекстанда да бар. 

Баянжүрек  жартастық  суреттерінің 

бір  ерекшелігі  сақ  дәуірінің  белгілері. 

Олардағы 

тұлғалар 

мен 


бейне-

лер  құрамдары  тұрақты  және  бүкіл 

орталықазиялық аймаққа ортақ сипатта.

Адам 

бейнесі. 

Адам 


тектес 

тұлға  қола  дәуірі  петроглифтерінде 

басқа  кезеңдерге  қарағанда  көбірек 

кездеседі. Оның жеке дара тұлғасы тым 

қарапайым,  жобалы  және  жасырын 

сырлы көрсетіледі. Кісі тұлғасын сомдау, 

жартастар  өнерінде  бірнеше  тәсілдік, 

иконографиялық  өзгерістерден  өткен. 

Қола  дәуірінің  соңғы  шағында  аталған 

тұлға тәсілдік және құрылу тұрғысынан 

жан-жақты толығады. 

Тұлғаны 


бейнелеу 

ерекшеліктері  –  дене  қимылы,  киім 

үлгілері,  шаш  қатырмалары  мен  қару-

жарақтар  –  адамды  бейнелеудің 

әртүрлі  тәсілдерін  ажыратып  қарауға 

жарататын  белгі  саналады.  «Күнбас», 

«саңырауқұлақ  басты»,  «құйрықты», 

«желек  жамылғандар»,  «мүйізділер», 

«алыптар» атаулары осыдан шығады. 

Бейнеленген  адамдардың  жал-

пы жағдайларына қарап олардың ара-

сынан  садақшылар,  аңшылар,  атты 

әскерлер,  арбакештер,  «бақсылар», 

«тәуетушілер», 

босанушылар, 

керуеншілер,  ту  ұстаушылар  және 

бишілер өкілдерін ажыратып алуға бо-

лады (7-12-сур.). 

Төменде 

аталған 


өкілдердің 

әрқайсысына  жіктеп  қарап,  айналы-

сымен  мәндік  байланысын  талдай-

мыз  да,  танығанымызды  ұсынамыз. 

Тәңіріне  табынушылар  немесе  жүгіну 

ғұрпының  бишілері.  Табынушылыр 

(адорант)  -дәстүрлі,  әбден  орныққан 

және  бұлжытпай  орындауға  тиісті 

кейіптегі 

жандардың 

бейнелері. 

Сондықтан,  оларды  бүгінгі  намаз 

оқу  немесе  шоқыну  ғұрыптарының 

мәндеріне  мезгеп  табынушылар  деп 

атаймыз. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан 

және  Қырғызстан  мен  Өзбекстан 

петроглифтерінде  кездесетін  ең  та-

нымалысы  Баянжүректе  де  бар.  Олар 

шынтақтарынан бүгілген қос қолдарын 


87



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет