Вопросы археологии



Pdf көрінісі
бет13/68
Дата02.03.2017
өлшемі10,67 Mb.
#5132
түріСборник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68

Жан-жануарлар 

бейнесі. 

Баянжүрек  петроглифтерін  құрайтын 

суреттердің 

негізгі 


бөлігі 

жан-


жануарлар. Хайуандар түрлерінің басым 

көпшілігі – таутекелер. Мұндай жай, тек 

Баянжүрекке  ғана  тән  ерекшелік  емес, 

жартас  өнері  атаулылардың  бәріне 

ортақ. Тек қана Орталық Қазақстандағы 

Теректі  әулие  суреттерінде  текеден 

жылқы малы басым (90 % астамы).

Таутеке.


 Сан жағынан басымдылығын 

жоғарыда ғана айттық. Текелер тұлғасы 

ырым-діни  мәнді  көріністерде  де 

тұрады. Мына бір суретке көз салыңыз 

(13-сур.), – қатысушылары көп көрініс. 

Олардың  араларында  адам  тек-

тес  екі  тұлға  бар.  Екеуі  екі  таутекенің 

сирақтарынан ұстаған. Адам тұлғалары 

жедел  қимыл  кейпінде.  Біреуінің  ба-

сында  үш  бұрышты  қауырсын  таққан 

қалпақ, «еркектік жынысы белгісі» тым 

ашық  көрінеді.  Екіншісінің  белінде  ай-

балта  ілінген.  Көріністің  жалпы  ішкі 

ортақ  мәні  бар.  Сол  мәннің  сырын 

ашар  жеке  тұлғалар  ғой.  Бірақ  ортақ 

мәнін  анықтау  (тап  басып)



  қиын.  Оған 

себеп-жартас  беткейіндегі  суреттер  әр 

кезгі. Алайда, олардың кейбіреулерінің 

қырларынан мынадай сыр аңғаруға бо-

лады. Олар адамдар жетегіндегі екі теке. 

Олардың  қосақталып  көрсетілуі  тегін 

емес. Тегі қосақ, байырғы адамдардың 

түсінігінше өсіп-өну нышаны.

Таутекелерді  құдірет  тұту  дәстүрі 

тым  ертеден  басталған.  Тас  дәуірінің 

мустье  сатысына  жататын  Тесіктас 

үңгірінен 

дөңгеленте 

шаншылған 



100

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

тау  теке  мүйіздері  табылған.  Ал 

дөңгелек  –  аспандағы  күннің  және 

жер  жүзінің  нышаны.  Аңыздық  сана-

сенімдегі теке құдіреттілігі – оның ешкіні 

ұрықтандыру  қабілетінің  молдығы. 

Сол  себепті  жартастар  бетіндегі  теке-

лер  –  атып  алар  аңдар  емес,  тұқым 

сеуіп, 


ұрпақ 

өсіру 


нышандары, 

қазақтардың  текені,  тегі  барлық  ұрпақ 

беретін еркек малды жемейтіні осыдан. 

Бұдан жартастар беткейлеріндегілердің 

бәрін  теке  деп  тануға  болмайды.  Ара-

ларында мал бастайтын серкелер де бо-

луы ықтимал. Серкенің де азықтығынан 

басқа  да  құрметтеп,  қастерлейтін 

қасиеттері  бар.  «Алпамыс  батыр»  жы-

рында,  жеті  жыл  зынданда  жатқан  ба-

тырды  табуға  себепші  болған  –  серке. 

Жүз күн азық болып, тәніне күш бітіріп, 

жанына  қуат  бергендер  де  серкелер. 

Текені  қастерлеудің  түпкі  мәні,  оның 

ешкі  ұрықтандыру  қабілетінен,  төлдері 

өсімтал болатындығынан, содан барып 

жалпы өсіп-өну нышанына айналғанын 

айттық.  Теке  тұлғалары  тек  жартастар 

беткейлерінде  ғана  емес,  көптеген  әр 

қилы  археологиялық  бұйымдардан 

да  орын  тапқан.  Ең  көнесі  –  Оңтүстік 

Түркменстан  жеріндегі  көне  металл 

кезеңіне  жатады.  Содан  бері  арқауы 

үзілмей соңғы орта ғасырға дейін жетті. 

Олардың  скульптуралық  бейнелері 

Жетісу  сақтарының  қоладан  құйылған 

қазандарының 

құлақтарында, 

аяқтарында,  сыртқы  жақтарында  бо-

лады.  Тау  текелер  «Алтын  адамның» 

тәжінен де орын алған. 

Жылқы.


 Бұл түлік сан жағынан Баян 

Жүрек  петроглифтерінің  жануарлар 

тектес суреттерінің үшінші орындағысы. 

Жылқы тұлғасы бағзылардың бейнелеу 

өнерінен  ең  көнеден  орын  алған.  Бей-

нелеу  өнерінің  бұл  кейіпкері  стильдік 

және  композициялық  жақтарынан 

әрқилы  айшықталған.  Баянжүректе 

жылқылардың 

жеке 


жүргендері, 

ерттеулі  тұрғандары,  кісі  мінгендері 

және  үйірлерімен  салынған  (15-сур.). 

Кейбір суреттерден жылқының нобайын 

ғана танисың. Кейбіреулерін тәптіштеп, 

нақыштап  көрсеткен.  Ондайлардан 

жылқының  жал-құйрығын  күзелген 

түрлерін,  тұлғаларының  бітім-сынын, 

ер-тұрмандарды да анық байқауға бо-

лады. 


Жылқы  бейнелері  көбінесе  жүріс-

жүгіріс сәттерін суреттейді. Шауып бара 

жатқандары  ортағасырға  жататындар 

(31-сур.).



 

Бір 


композицияда 

жылқылар 

қатары  бірінің  үстіне  бірі  орналасқан 

(15-сур.).  Жартас  беткейінің  ортаңғы 

бөлігінде  екі  ер  адам  тұр.  Адам  тек-

тес  тұлғалар  белінен  жоғары  бөлігі 

бетпе-бет,  аяқтары  қырынан  берілген. 

Екеуінің де еркектік жыныс белгісі асы-

ра көрсетілген. Бірінің айқара ашылған 

қолдарында бір-бір қамшы. Екіншісінің 

басына  кигені  –  телпек.  Телпектен 

төмен  салбырап  тұрған  шаштары  да 

байқалады.

Қарастырып 

отырған 

көрініс, 

композициялық  құрылымы  жағынан 

қарасақ  жалпы  жартастық  өнерге  тән 

емес. Бұл тәсіл қолөнеріне тән. Алаша, 

кілем,  киім  тәрізділердің  ұзын  бойын 

бойлата жүргізілген өрнек, жолақтарын 

еске салады. Жолақтау тәсілі делік. 

Сонымен, 

бұл 


композицияның 

қызығы  –  оның  өзі  тектестерден 

өзгешелігі,  қалыптасқан  дәстүрден 

бөлектігі. Қалыптасқан дәстүрді бұзудың 

өзі – жаңа да тың да дерек береді. 

Жартастық 

жолақтау 

тәсілі  –  Орталық  Азия  аумағында 

бір  қолдың  саусақтарымен  санала-

тындай  ғана.  Солардың  бірі  –  Тау-



101

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

лы  Алтайдың  Озерный  аумағынан 

табылған тас тақташа. Мұнда жолақтық 

тәсіл  бірінің  астынан  бірі  сызылған 

жазық  сызықтар  арқылы  көрсетілген. 

Осы  сызық  (жол)  үстіне  жануар-

лар  тұлғалары  қатарласа  орналасқан. 

Бұл  тақтаның  жасалған  уақыты  анық 

емес.  Жолақтау  композициясы,  оған 

қосымша  ішіне  қарай  батырмалау, 

сыртына  қарай  бедерлеу  тәсілдерінің 

қатарынан  қолданылуы  –  Мысыр  мен 

Таяу  Шығыстың  қола  дәуіріне  жататын 

барельефтеріне ұқсайды. Баянжүректің 

жолақтау  композициясы  осы  кездікі 

болуы  мүмкін.  Бұл  ескерткіштердің 

уақытын  б.д.д.  ІІ  мыңжылдықтың 

екінші  жартысының  ортаңғы  шамасы-

мен анықтайды. Баянжүректің «жолақ» 

беттеріндегі  жылқылар  тұлғалары  та-

нымды  бейнеленген.  Жалпы  жар-

тас  беткейі  көздеген  мақсатқа  қарай 

қатарластырып  бөлінген.  Тұлғалардың 

жүріс  бағыттарында  (солға  қарай  сәл 

өрлеуімен)  ерекше  ырғақ  бар.  Ара-

ларында  жалпы  көріністі  толтырып 

тұрған адам тектес тұлғалар – бір ойға 

бағынған тұтас түсінік беретін көрініс.

Аталған 

көрініс, 

бәрін 

бірақ 


қамтып  қарасақ,  бізге  белгісіз  бір 

ырым  рәсімін  атқару  сәті  сияқты.  Мәні 

мәңгіге  ұмытылған  оның  томаға-

тұйығына  ой  жүгірту  жөн  емес.  Бірақ, 

беткі шаруашылық беті берірек жатқан 

шаруашылық  жайы,  яғни,  мал  бағып-

қағудың  бір  жолы  болар  деп  түсінсек, 

аса теріс кетпеспіз. 

Өгіз 

(бұқа) 


бейнелері 

де 


Қазақстанның жартастық өнерінің ең бір 

танымал  түрі.  Бір  қызығы,  Қазақстан, 

Өзбекстан, Кавказ, Украинада б.д.д. 

І-мыңжылдықта  бұл  ірі  қараның 

сүйектері жоқтың қасы. Ал, бұл уақыттан 

бұрынғы шақтарда айтарлықтай-ақ жиі 

табылатын.

Қазақстан, 

Алтай, 

Сібір, 


Монголияның  жер-жерлеріндегі  бізге 

белгілі  өгіз  (бұқа)  бейнелері  –  бұл 

түліктің 

шаруашылық 

қажеттілігіне 

жан-жақты  пайдаланылғанын  паш 

етеді. Көбінесе, олар жегу күші ретінде 

көрсетіледі  (Оңтүстік  Сібірдің  окунев 

мәдениеті).  Бұқалар  бейнесін  көрсете 

білу тәсілі әр түрлі. Біреулерін нобайлап 

қана,  тыныштық  қалпында,  өте  оғаш 

суреттеген.  Кейбіреулерінің  тұлғалары 

барынша толық бейнеленген – тұмсығы 

тұйық,  бастары  жалпайған,  ұзын 

құлақтары, 

ұштары 


жұмылған 

жұдырықтай 

құйрықтары, 

алдына 


қарай  иірілген  ұзын  мүйіздері  –  анық 

танылады 

(14-сур.). 

Бастарының 

төбесінде дөңгелене иілген мүйіздер де 

кездеседі.

Ит  пен  қасқыр

  петроглифтеріндегі 

бұл  бейнелердің  қайсысы  ит,  қайсысы 

қасқыр  екендігін  айырып  алу  кей-

де  қиын.  Олардың  суреттерінде  ерек-

ше  түр-айырым  беретін  белгілері 

көрсетілмеген.  Аң  қуып  бара  жатқан 

көріністерде  де  танылмайды  –  аңшы 

ит  болуы  да,  тамағын  қуған  қасқыр 

болуы  да  мүмкін.  Ит  екендігіне 

күмәнданбайтын  жағдайлар  –  аң  ау-

лау  сәттері.  Бұл  көріністерде  аңшымен 

бірге  бейнеленгендерінің  ит  екендігі 

даусыз.  Тағы  бір  танытатын  белгісі 

құйрығы  –  шұғыл  иіріліп  тұрады. 

Суреттердің салыну тәсіліне, техникалық 

әдісіне  және  жартас  беткейлерінің  дақ 

түрлері  мен,  қалыңдықтарын  еске-

ре  отырып  –  ит  (қасқыр)  қатысқан 

көріністерді қола дәуіріне жатқызамыз. 

Иттің  адам  баласының  тірлік-

тіршілігінде  өз  орны  болған.  Бұл 

орынға  олар  бұдан  мыңдаған  жыл-

дар  бұрын  –  аңшылықты  кәсіпке 


102

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

айналдырған  кезден  бастап  мықтап 

орныққан.  Сонау  неолит  дәуірінен  итті 

қастерлеп жерлеу салты шыққан. 

Иттің  азу  тістерінен  тұмар  таққан. 

Мұндай 

археологиялық 



деректер 

көптеп  саналады.  Итті  қастерлеу  адам 

санасында  аңыз,  әңгіме  сипатында  да 

мықтап  орныққан.  Индоеуропалық 

аңыздарда ит – жер асты мақұлығы. 

Алтайлықтардың 

эпостарын-

да  иттер  –  «жақсылықтың»  да, 

«жамандықтың» 

да 


сақшылары. 

Бақсылар өздерінің ойындарын салған 

сәттерде  ит  тілінің  сарынын  салады 

екен. 


Қасқырдың 

төтемдік 

қадірінің 

қайнар көздерін әр халықтың аңыздық 

дүниетанымынан байқауға болады. 

Көне түріктердің түпкі атасы санала-

тын Ашина ұрпағы қасқырдан таралған. 

Ашинаның  ордасында  Бөрілі  байрақ 

желбірегенн.

Жоғарыда 

айтқандай, 

иттің 


өзіндік  белгісі  болса,  олар  қасқырда 

да  кездеседі.  Олардың  денелері  тым 

ашаң,  құйрықтары  ұзын,  ұштарынан 

сәл  қайырылған.  Осы  сипаттағы  су-

реттер  сақтар  дәуірінде  салынғанына 

күмән  жоқ.  Бұл  жыртқыш  үнемі  үлкен 

көріністердің  ортан  белінен  орын  ала-

ды. Тұрпаты үлкейтіліп көрсетіледі. Бұл 

тұлғалардың  көне  дүниетаным  мен 

сана-сезімде  ерекше  орныққандығы 

даусыз. 

Қабан.


  Жартастық  өнердің  си-

рек  кейіпкері.  Баян  Жүректегі  қабан 

бейнелері  дәстүрлі  түрде  салынған 

(19-сур.).  Бір  қырынан  көрсетіледі. 

Жауырыны 

мен 


бөкселері 

баса 


суреттеледі.  Алдыңғы  аяқтары  алды-

на қарай бүгілген. Тұяқтары тым мұқият 

салынған. Жауырын үсті бүкір. Азулары 

әсіреленген,  құлақтары  үш  бұрышты. 

Аталған  сипаттағы  бейнелер  Таулы 

Алтай,  Сібір,  Монголия,  т.б.  бәрінде 

бар.  Қабан  бейнесі  Орталық  Азияның 

бұғытастарынаң басты кейіпкері. Қабан 

байырғылардың 

дүниетатынымында 

әлемнің  әр  қабаттарының  дәнекері. 

Неге  десеңіз,  оның  табиғаты  осындай. 

Қарасақ, бір жағынан ол тұяқты жануар, 

екінші жағынан – жыртқыш, тек ол шөп 

қоректі емес. Ол жерастылық, жерүстілік 

дүниелердің  тылсымы.  Сақ  және 

ортағасырлық  өнер  туындыларының 

тақырыптарынан да түспейді.

Көне 

көшпенділердің 



б.д.д. 

I-мыңжылдықтағы  бейнелеу  өнері  әрі 

ұстамды,  әрі  жылжымалы  дүниелерге 

баса назар аударады. Бар өнерін металл 

түрлеріне, сүйек жүзіне, ағаш беттеріне 

бағыттайды. 

Сақтар  дәуірінде  жартастық  өнер 

дамуы  сәл  саябыр  тапқандай  әсер 

қалдырады 

(18-20-сур.). 

Алайда, 

жаман  айтпай,  жақсы  жоқ  демекші, 

олардың  жаңа  стилі  жартастардағы 

бейнелерге  де  жаңа  сипат  береді. 

Сақ 

дәуірінен 



бастап 

жартастар 

беткейлеріндегі  суреттерге  жан  кіре 

бастағандай.  Бұрын  өз  беттерінше,  ты-

ныш  тұрған  тұлғалар  сан  түрлі  қимыл, 

әр  түрлі  әрекеттермен  суреттеледі. 

Жартастық өнердегі бұл жаңа сипат жар-

тастарда  бейнеленген  қат-қабат,  шы-

тырман  көріністердің  тұтас  бір  шоғын 

бөліп алуға мүмкіндік берді. 



Заттық  бейнелер  (күймелер, 

қос  дөңгелекті  арбалар).  Баянжүрек 

жартас  беткейлерінде  бірнеше  арба-

лар (күймелер) мен қос арысты әскери 

көліктер  бейнеленген.  Аталған  заттық 

бейнелер – бүкіл Кіндік Азия аумағына 

тән. 


103

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

Мына  бір  қос  арысты  әскери 

көлік – бұдан былай көлік – жартастың 

қалың  дақ  басқан  көлбеулеу  бетіне 

салынған.Жегілген 

аттар 


қырынан 

көрсетілген.  Арқалары  көлік  тәртесі 

жағында  (көрініс  үстінен  қарағандай). 

Көлікке  бір  сызықпен  қос  өркешті  түйе 

(мүмкін  кейін  )қосылған.  Өркештер 

ортасында  түйе  мінген  адам.  Оны 

көп  кейін  мінгізгенге  ұқсайды.  Көлік 

дөңгелегі  мен  айдаушы  отыратын 

орын – дөңгелекше келген. Екеуінің де 

ортасында  тік  қосылған  сызық  белгі 

бар. Айдаушы отыратын дөңгелек орын 

түр-тұрпатының сыртқы нобайы бетпе-

бет  көріністе  берілген.  Оның  қолдары 

екі  жаққа  созылған,  шынтақтары  иық 

тұстарына  дейін  иілген,  қос  қолдап 

тізгінін ұстаған, көлік – тәртелі (17-сур.).

Жегілген  жылқылардың  арқаларын 

бірі-біріне  қаратып  көрсету  дәстүрі 

жартастық  өнерде  қола  дәуірінен  ба-

стап, сақ-скиф дәуіріне дейін өріс алған. 

Баянжүректің 

арба 


тектес 

көліктерінің  ішінде  ерекше  бір  түрі 

бар.  Оны  біз  «күйме»  деп  атадық 

(32-33-сур.).  Күйме  –  төбесі  жа-

булы  сәнді  арба.  Орталық  Азияның 

күймелерінің  үстіңгі  жабулары  ұзын 

тіреулерден тұрады. Күймелердің өзара 

айырмашылығы – оларға жегілген күш 

көліктерінің түрлерімен (жылқы немесе 

өгіз),  сандарымен  (біреу  немесе  екеу) 

және  күйме  жасақтарымен  беріледі. 

Күймелері  көштің  немесе  сапардың 

жалпы  көрінісі  салтанатты  бір  шеру 

сәтіндей әсер береді. 

Баянжүректегі  күймелерге  ең  ұқсас 

келетіндер  Монголиядағы  Яматы  Ус 

жартасындағы  арба-көліктер.  Кейбір 

балама  болатын  нұсқаулар  таштық 

мәдениетінің  бейнелеу  дәстүрінен  та-

былады. Аталғандар ғұндардың мәдени 

ортасындағы туындылар.

Баянжүректегілер ерте түрік дәуірінде 

салынған.  Күймелерден  біріне  –  өгіз, 

екіншісіне – түйе жегілген. Күймелердің 

екеуі  де  қос  емес  –  бір  тәртелі  болып 

көрінеді,  мүмкін,  қырынан  салғаннан 

болар.

Белгілер  мен  рәміздер.  Көне 

мәдениетті  зерттеудің  бір  бағыты-  сол 

мәдениетті  белгілер  мен  рәміздердің 

жиынтығы  ретінде  қарастыру.  Белгі 

мен  рәміз  орнына,  өздерінен  басқа, 

заттық мәдени мұраларды, құбылыстар 

менен  оқиғаларды  қоюға  болады. 

Бұлар  байырғылардың  өнерлерінен 

де,  тұрмыстық  дүние-мүліктеріндеде 

маңызды орын тапқан. 

Адам баласы сонау тас дәуірінен ба-

стап  айналасын  қоршаған  көріністерге 

санасынан  белгі  беріп,  рәміздерге 

жорыған. Әр белгі мен рәміздің заттық 

баламасын берген. 

Баянжүрек 

петроглифтерінде 

әр  түрлі  белгілер  мен  рәміздер  бар. 

Олар:  «тесік  тәрізділер»,  тік  қосылған 

сызықтар,  шеңберлер,  шұңқырлыр, 

таңбалар. 

Археологтың 

пікірінше, 

шұғыр-шұңқырлар  –  «ана  жатырының 

бала туар сәтінің белгісі». Кейбір өзара 

өзекшелермен 

қосылған 

түрлерін 

«құрбан  малының  қаны  ағатын  арна» 

деп пайымдайды. 

Сонымен, біз шолып шыққан белгі-

рәміздерді  түсіндіру  әртүрлі  тармақта 

екен.  Әр  тармақтағы  ой  топшылау-

лар  да  молынан.  Белгі-рәміздердің 

белгілегендері  –  рухани  нұсқалар, 

ой  жүйелерінің  туындылары.  Оның 

үстіне, 

белгі-рәміздердің 

суреттік 

бейнелері тым нобайлы. Сондықтан да, 

олардың  жасалынған  (қолданылған) 

мерзімдерін дәл басып, тар шектеп айту 



104

в

опросы

 

археологии

  к

азахстаНа

.

 Выпуск 3.

өте  күрделі.  Анығы  –  аралары  аса  кең 

уақыт өлшемдерін қамтиды. 



Қорытынды. 

Баянжүректің 

жартастық  бейнелеу  өнерін,  ішінара, 

т а қ ы р ы п т ы қ - с т и л и с т и к а л ы қ , 

иконографиялық және композициялық 

ерекшеліктері 

тұрғысынан 

талдап 


шықтық. Бұл зерттеулердің түйіні мына-

дай:


Суреттердің  уақыт  өлшемдерінің 

аралықтары  өте  кең.  Әзірге,  эне-

олит  кезеңінен  ертеректегі  бейне-

лер  кездескен  жоқ.  Көпшілік  сурет-

тер  –  қола  дәуірінің  туындылары. 

Олардың  ішіндегі  жекеленген  түрлері 

(мәселен, бірнеше бұқалар тұлғалары) 

қола  дәуірінің  бастапқы  шақтарына, 

тіптен,  б.д.д.  2-мыңжылдықтың  басы-

на  жатады.  Бұқа  бейнелі  образдардың 

түпкі  мәні  байырғы  аңыз-сана,  ырым-

дәстүрлермен біте қайнасқан. 

Баянжүрек 

петроглифтері 

қола 

дәуірінің ортаңғы және соңғы сатысын-



да  көріністерінің  жан-жақтылығымен 

ерекшеленеді. 

Айналасында 

орналасқан 

мекен-тұрақтар, 

жер-


леу  орындары  тау-кен  кеніштерімен 

қосылып  бұл  кезгі  көп  салалы  тіршілік 

көріністерін паш етеді. 

Талдау  жұмыстарының  нәтижесінде 

Баянжүрек 

петроглифтерінің 

арасындағы айшықты тұлғалар мен об-

раздар, бейнелер мен көріністер ажыра-

тылды. Олардың дамып, бәсеңдеп, cөну 

шақтары  айқындалды.  Әр  кезеңдегі 

суреттерді  тудырған  ой-өрістерден  де 

түсінік түйдік.

Жоралық, 

ырымдық, 

дәстүрлік 

көріністер  және  адам  немесе  хайу-

ан  (кейде  екеуі  де)  тектес  тұлғалар 

олардың  палеометалл  кезеңінің  белгісі 

бола алатыны байқатады. 

Адам  тектес  тұлғалар  ырымдық, 

жоралық көріністердің бас кейіпкерлері. 

Олар 


– 

бұрынғылардың 

сана-

сенімдерінің көрнекіліктері. Мәндерінде 



бақсылық, балгерлік, көріпкелдік астар-

лар  бар.  Бұл  кейіпкелердің  өздерінен 

бұрынғылармен  сабақтастығы  анық 

байқалады.

Қолдарын  көкке  көтеріп,  бір-

біріне  қарама-қарсы  тұрған  екі  ер-

кек тұлғалары – әлем жаратылысының 

қосақтық  сипатының  бір  белгісі. 

Ал  олардың  орын  алуы  –  дәстүрлі 

өсімпаздық –жасампаздық биі.

Жартастық  өнердің  көне  ме-

талл  кезеңінің  кейбір  кейіпкерлері 

кейініректе, б.д.д. I-мыңжылдықтан ба-

стап көзден таса болғандай, ал ллардың 

орнын  өзгешелеу  сана-сенім  өкілдері 

басқандай  болады.  Бұл  –  өзінің 

тандаулылығымен,  аңыздық-көріністік 

сипатымен, 

жан-жануарлық 

ең-


таңбалығымен 

танылған 

атақты 

скифтік-сібірлік хайуанаттық стиль. 



Скиф-сібірлік 

үлгілер 


де 

ортағасырларда  жасауын  жасап  ба-

рып, орнын басқаларға босатады. Ендігі 

көріністер  –  әлдеқайда  жылдам,  шалт, 

көптің  көңіліне  танымал,  әлеуметтік 

өмір  қырларынан  туралап  суреттейтін 

туындылар.  Бас  кейпкерлері  –  бес 

қаруы  сай  батырлар,  ту  көтергендер, 

қос арысты әскери арбалар мен күймелі 

де, көлікті де көш көріністері. Біздерден 

аса  алыстағы  емес  көне  түріктер 

дәуренінің еркөкірек рухы мен қарулы, 

күш қуаттылығын баяндайды. 

Баянжүрек тауының жартастық бей-

нелеу өнері терең тарихи-мәдени сыр-

ларды  ашады.  Суреттер  баяндаған  та-

рихи әр кезең өзіндік ерекшеліктерімен 

және  өзара  сабақтастығымен  сипатта-

лады.


105

ж

етісу

 

жартас

 

суреттері

. б

аяНжүрек

З. Самашев, Б. Нұрмұханбетов

ТҮЙІН

з. САМАШЕВ, Б. НУРМУХАНБЕТОВ



ПЕТРОГЛИФЫ ЖЕТЫСУ. БАЯНЖУРЕК

В  статье  даны  результаты  исследования 

петроглифов  горы  Баянжурек.  Эта  группа  яр-

ких петроглифов Жетысу исследована в 1994 

г.  в  рамках  Программы  ЮНЕСКО  «Корпус  пе-

троглифов  Центральной  Азии».  Гора  Баянжу-

рек находится в Алматинской области в 25 км 

северо-восточнее  пос.  Капал.  Здесь  были  вы-

явлены  и  изучены  2,5  тысяч  наскальных  изо-

бражений,  которые  по  своему  расположе-

нию  объединены  в  4  группы.  Вблизи  нахо-

дится  ряд  памятников  древности,  в  числе  ко-

торых  поселения  эпохи  бронзы  Тасбас-1,  мо-

гильник  и  поселение  эпохи  поздней  бронзы 

Калакай-1, комплексы Музбулак, могильники 

и одиночные курганы раннего железного века. 

Основная  часть  петроглифов  отнесена  к  эпо-

хам бронзы, раннего железного века, средне-

вековья.  Выделены  человеческие  фигуры,  пе-

шие, всадники, группы людей, а также изобра-

жения различных животных, повозок и колес-

ниц,  ритуальные,  охотничьи  сюжеты.  Приво-

дятся научные трактовки различных изображе-

ний, рассматриваются вопросы семантики, да-

ются этнографические параллели. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет