Вопросы на казахском языке$$ |
жүктеу/скачать 2,37 Mb.
|
$$$007 Балалардың жақтарының гематогенді остеомиелиттері
Балаға 2,5 ай жоғарғы жақтың оң жағының ісінуімен аудандық балалар ауруханасына жолданды. Анамнезінде: ұзақ уақыт жазылмайтын кіндік жарасы. Қарау кезінде жоғарғы жағының ісінуі, мұрын-ерін қатпары тегістелген, ауыз қуысын қарауда жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісінде іріңді бөлінісі бар жыланкөз анықталды. Диагноз қойыңыз және емдеу орнын анықтаңыз: А) Көзасты аймағының абсцессі. Жақ-бет хирургиясы бөлімінде В) Гематогенді остеомиелит. Хирургиялық бөлім С) Мұрын фурункулы. ЛОР-бөлімі. D) Ұрт аймағындағы флегмона. Хирургиялық бөлім. Е) Жедел одонтогенді периостит. Жақ-бет хирургиясы бөлімі. {Дұрыс жауабы} =В {Күрделілік} =3 $$$001 Балалардағы тіс жарақаттары Травматологиялық пунктқа 2.1 тістің орналасуының таңдай бағытына өзгеруімен жасөспірім шағымданып келді. Анамнезден: бір күн бұрын жұдырықпен бетінен соққы алған. Болжам диагноз қойыңыз: А) 2.1 тістің толық емес шығуы В) 2.1 тістің толық шығуы С) 2.1 тістің сауыттық бөлімінің шығуы D) 2.1 тістің енгізіле шығуы Е) 2.1 тістің сауыттық бөлімінің сынуы {Дұрыс жауабы} =А {Күрделілік} =2 $$$002 Балалардағы тістердің жарақаттары Бала 5 жаста тісінен жарақат алған. Объективті: 5.1 және 6.1 тістердің сауыты жартылай жоқ. 5.1 және 6.1 тістер аймағындағы шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Рентгенограммада 5.1 және 6.1 тістердің түбірлерінің апикальды бөлігіндегі периодонтальды саңылау жоғалған, 5.1 және 6.1 тістердің түбірлерінің ұштық бөлігі жоғарғы жақ денесінің кемікті пластинкасына кіріп кеткен. Емдеу тактикасын анықтаңыз: А) диспансерлік бақылау В) 5.1 және 6.1 тістерді жұлу С) 5.1 және 6.1 тістерді репозициялау D) тістерді лигатуралы шеңдеу Е) реплантация {Дұрыс жауабы} =В {Күрделілік} =3 $$$003 Балаларда ЖБА аралас жарақаттанулары Бала 8 жаста әткеншектен құлап қалған. Есін жоғалтқан. Жедел жәрдем каретасымен жақ-бет хирургиясы бөліміне жеткізілді. Объективті: ұрт аймағының оң жағындағы тері жабындыларының бүтіндігі бұзылған, көзасты аймағының гематомасы, ауыз қуысынан қан кету. Ауыз қуысының ашылуының шектелуі. Науқасқа қандай мамандар көрсетілуі мүмкін: А) Хирург, офтальмолог, стоматолог В) Жақ-бет хирургы, офтальмолог, педиатр С) Жақ-бет хирургы, невропатолог D) Хирург, офтальмолог, педиатр Е) Хирург, офтальмолог {Дұрыс жауабы} =С {Күрделілік} =3 жүктеу/скачать 2,37 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |