22 жастағы пациент жоғарғы оң жақ тісте қара дақтың пайда болуына шағымданып келген. Анамнезі бойынша - дақты шамамен 2 ай бұрын байқаған. Объективті: 1.6 тістің медиалды бетінде жекелеген пигменттелген қарақошқыл түстес дақ анықталады. Дақтың көлемі шамамен 2,5 мм2, беті сәл кедір-бұдыр, шекарасы айқын. Дәрігер-стоматологтың тактикасы?
27 жастағы пациент ауыз қуысын сауықтыру мақсатында стоматологқа келген. Қарап тексергенде: 3.6 тістің шайнау бетінде іші жұмсарған дентинге толы, орташа көлемді тісжегі қуыс анықталған. Зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин байланысы аймағында ауру сезімі байқалады, түбі бойы - ауырмайды. Қағып тексергенде тіс ауырмайды. Электроодонтодиагностикасының мүмкін болатын көрсеткіштері: