14. Радиациялық мутагенез. Тұқым қуалайтын қасиетті радиацияның көмегімен өзгертуге болатындығын тұңғыш рет 1925 жылы орыс ғалымдары Г.А.Надсон мен Г.С.Филиппов дәлелдеді. Олар радий сәулелерімен әсер ету арқылы саңырауқұлақтардың жаңа мутантты формаларын алды. Одан кейін америкалық ғалымдар С.Миллер 1927 жылы дрозофила шыбынынан, ал Дж.Стадлер 1928 жылы жүгері өсімдігінен рентген сәулелерінің мутагендік әсерін байқады. Радиоактивті сәулелердің әсерінен пайда болатын мутациялар, организм үшін көбінесе зиянды. Мысалы, адамда тұқым қуалайтын аурулар мен кемістіктерді тудырады. Сонымен қатар олар организмдерде, әсіресе өсімдіктер мен микроорганизмдерде пайдалы өзгерістер тудыра алады.Осыған байланысты радиоактивті сәулелердің әсерінен пайда болатын мутациялар селекцияда кеңінен қолданылады.
Мутагендердің бұл класына иондаушы және ультракүлгін сәулелер жатады.
Иондаушы сәуле немесе радиацияға рентген, альфа және бетта, гамма
түйіршіктері, протондар, нейтрондар жатады.
Иондаушы сәулелер жасушаға еніп, атоммен, молекуланың сыртқы
қабатының электрондарын бөліп шығарып, оң зарядты ионға айналдырады.
Иондаушы сәулелердің мутагендік әсерлеріне нуклеин қышқылдарының
түрліше бұзылыстары жатады:
-ДНҚ молекуласының қант-фосфат қаңқасының үзілуі
-Азоттық негіздердің бұзылыстары
-химиялық қайта құрылулар
-нуклеин қышқыл тізбегінің ДНҚ-ның ақуыз молекуласымен тігілуі.
Ультракүлгін сәуленің мутагендік әсері.
Кез-келген жағдайда мутагендік әсер алу үшін радиациялық
энергиясының күші ең аз дегенде электронды ішкі деңгейден
тұрақсыз күйге ауысып,химиялық реакцияларға түсуі
жиілейді.Ультракүлгін сәулелердің осындай әсері бар және
электрон қабығын қоздыруға қабілетті , сондықтан оларды ДНҚға түсіргенде мутегендік әсер бере алады.
Ультракүлгін сәулелер ұзын толқындар арасында
микроорганизмнің ДНҚ молекуласына жеңіл абсорбациялана
алады. Абсорбцияланц (сіңірілу) дәрежесі ультракүлгін сәулесі
толқынының ұзындығына байланысты.