Вводный раздел Наука в философском ракурсе


Пәнді үйрену нәтижесінде докторант міндетті



бет2/14
Дата14.10.2023
өлшемі222,5 Kb.
#114534
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
МР ТЕМА 1. ЖӘМП тарихы, дамуы

Пәнді үйрену нәтижесінде докторант міндетті:
түсінігі болуы тиіс
жоғары әскери мектеп педагогикасының жүйелі мазмұнын рухани-зияткерлік мәні бар педагогикалық әскери ойдың көптүрлі бағыттарын қосатын процесс ретінде беру;
қоғамның идеологиялық және құқықтық нормаларын ескере отырып, ғылыми қызметтің нақты саласында оны қолдану мақсатында докторанттарда педагогикалық процестің негізгі біртұтас заңдылықтарын ғылыми түсінуін қалыптастыру;
жоғары әскери мектеп педагогикасы мен ғылыми білімнің басқа да салаларының негізгі ұстанымдары, таным заңдары, проблемалары туралы түсінігі болуы керек.
білуге
жоғары әскери мектептер педагогикасының тарихи дамуының негізгі кезеңдері және оның негізгі категориялары мен ұғымдарын игеру.
қолдана білу
докторанттарды жоғары әскери мектеп педагогикасы бойынша материалдарды атақты ғалымдардың түпнұсқа дереккөздерінен оқу материалдарын тұрақты зерделеу есебінен жеке өзі игеруге, сонымен олардың гуманитарлық білімін одан әрі дамытуға мүмкіндік туғызады, сол немесе өзге проблемаларды теориялық дәлелдердің әдіснамалық құралдарын жеке өздері таңдауға үйрету.
Жоғары әскери мектептердің бүкіл педагогикалық курсының ортақ міндеті - докторанттардың әлеуметтік, жаратылыстану және арнайы ғылымдар мәселелеріне дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, әлеуметтік-гуманистік компонентті жалпы ғылыми парадигмаларға бөлу.
Жоғары әскери мектептердің педагогикасын зерделеу келесі пәндердегі білімге негізделеді: философия, педагогика тарихы, жалпы педагогика, психология, жеке әдістер.


2. ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

«Жоғары әскери мектеп педагогикасы» курсын оқыту және оқу ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтің ерекшелігін ескере отырып жүзеге асырылады және профессорлық-оқытушылық құрамның мамандануы мен практикалық тәжірибесін көрсетуі керек. Курстың барлық тақырыптары әскери университеттердің өмірімен, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау тәжірибесімен және алдыңғы қатарлы психологиялық-педагогикалық тәжірибемен тығыз байланысты. Бұл курстың оқытылуы басқа қоғамдық және әскери оқу пәндерінің докторанттарын ескере отырып жүргізіледі.


Бағдарлама 3 кредитке ескептелген. Докторанттармен өткізілетін оқу сабақтардың негізгі түрлері: дәрістер, семинарлар, оқытушының басшылығымен өтетін өзіндік сабақтар, докторанттардың өздік жұмысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет