Wiley жаңартылатын энергия


Бір мезгілде қанттандыру және ферментация



Pdf көрінісі
бет189/289
Дата06.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#15710
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   289
Бір мезгілде қанттандыру және ферментация 


 
 
152 
 
 
Екінші  жағынан,  SSF-ті  бір  мезгілде  қанттандыру  және  ферменттеудің  бөлек  ферменттік 
гидролизбен және SHF ферменттуін салыстырғанда келесі кемшіліктері бар: 
 

 
SSF  фермент  пен  өсіру  шарттарының  рH  қышқылдығы  және  температурасымен  үйлесімді 
болуын  талап  етеді.  Атап  айтқанда,  гидролиздеуші  ферменттер  мен  ферменттеуші 
микроағзалардың оңтайлы температурасы арасындағы айырмашылық әдетте толық  шешімін 
таппаған  болып  табылады.  Ең  белсенді  препараттар  болып  табылатын  Trichoderma  reesei 
целлюлаздары 45-тен 50°С - ға дейін оңтайлы белсенділікке ие, ал S. cerevisiae 30-дан 35 ° С-
ға  дейін  оңтайлы  температураға  ие.  SSF  үшін  оңтайлы  температура  шамамен  38

C-ны 
құрайды,  бұл  гидролиз  бен  ферменттеу  үшін  оңтайлы  температура  арасындағы  ымыраға 
айналады.  Гидролиз  әдетте  SSF  қанттандыру  және  ферменттеу  жылдамдығын  шектейтін 
үдеріс  болып  табылады  [32].  Жылуға  төзімді  бірнеше  ашытқылар  (мысалы, 
C.acidothermophilum  және  K.  marxianus)  және  бактериялар  гидролиздің  оңтайлы 
температурасына  жақын  температураны  арттыру  үшін  SSF  қанттандыруда  және 
ферменттеуде қолданылды. 

 
Целлюлаза этанолмен тежеледі. Мысалы, этанолдың 30 г/л кезінде ферменттік белсенділігі 25 
%  -  ға    азайды  [2].  Этанолды  тежеу  этанолдың  жоғары  шоғырлануын  өндіруде  тежеуші 
фактор  болуы  мүмкін.  Алайда,  целлюлазаны  этанолмен  тежеуге  аз  көңіл  бөлінді,  өйткені 
механикалық  араластыру  мәселесіне  байланысты  SSF  –  ғы  субстраттың  өте  жоғары 
шоғырлануымен жұмыс істеу мүмкін емес. 

 
Тағы  бір  мәселе  целлюлоза  шикізатын  түрлендіру  үшін  пайдаланылатын  микроағзалардың 
көпшілігі ксилозаны, гемицеллюлоза гидролизінің өнімін игере алмауынан туындайды [8].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет