Xіі тарау дәСТҮр дін мен дәстүр кітабынан



бет15/21
Дата19.04.2023
өлшемі90,78 Kb.
#84166
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Ұлттық ойындар

Әрбір халықты алып қарасақ, өзінің табиғаты мен болмысына сай ұлттық ойындары бар. Мәселен, қазақ халқында ежелден келе жатқан «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Тоғызқұмалақ», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Қызыл ту», «Теңге ілу» т.б. ұлттық ойындары еске оралады. Ұлттық ойын дегеніміз – баланың ақыл-ойын дамытып, көңіл көкжиегін кеңейтіп, дүние танымын қалыптастыратын тәрбие құралы. «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындардың түп мазмұнында осындай тәрбиелік мән жатыр.
Шынында, адамның тәні мен рухани дүниесіне пайдасы көп спорт түрлерінен қазақ халқы кенде болмаған. Әсіресе, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде айтылатын күш-қуатты, біліктілікті, ептілікті шыңдайтын спорт түрлерін ата-бабаларымыз ұлттық сана негізінде дамытып, сүннетпен бекітіп, ғасырдан-ғасырға жеткізген.
(арабшасы керек)
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Күшті мүмін Алла үшін әлсіз мүміннен гөрі қайырлы әрі сүйікті. Алайда әрқайсысында да қайырлылық бар»24.
(арабшасы керек)
Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен ьсәлемі болсын): «Әкенің баланың алдындағы міндеті: жазу-сызуды, жүзуді және садақ атуды үйрету әрі жақсы етіп тәрбиелеу», – деген25.
(арабшасы керек)
Басқа риуаятта Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Балаларыңа жүзуді, садақ атуды, ал әйел баласына тоқуды үйретіңдер», – деген26.
(арабшасы керек)
Әділетті халифа Омар (р.а.) Шам еліне жазған хатында: «Өз балаларыңа садақтан оқ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер», – деген. Ас- Сиюти жеткізген. Міне, осыдан анық білеміз: егер ойындар ақыл-ойды дамытып, денеге күш-жігер сыйлайтын болса, оның дінге қайшылығы жоқ.
Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин сынды қазақтың белгілі ағартушылары ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні жоғары екенін айтып өткен.
Ұлттық ойындар өскелең ұрпақты үйлесiмдi тәрбиелеудiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – адам ағзасының дұрыс әрі сергек өсуінің кепілі. Сонымен қатар, ұлттық ойын барысында балалар көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бейімделеді.
Қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы М.Жұмабаев ұлттық ойындарды «халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі» деп тұжырымдаған. Ұлттық ойындар – халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындар халықтың өмір сүру әдісін, тұрмыс-тіршілік еңбегін, ұлттық дәстүрлерін, батырлық-батылдық туралы түсінігін дәріптеп қоймай, адалдыққа, күштілікке ұмтылуға, шыдамдылыққа т.б. құндылықтарға тәрбиелеген. Бірнешеуін мысалға келтірейік: Мәселен, асық ойнау – қазақ халқының дәстүрлі ойындарының бірі. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Асық – ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулитын тәрбиенің көзі. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды.
Асық – төрт түлік мал мен аңдардың тілерсегінде болатын, бітісі бөлек, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Ешкі, қой, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан сыртқы формасы бір пішіндес, мүсіндес зат. Жылқы асығы бұларға ұқсамайды, басқа пішінде болады. Қасқыр асығы да басқа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет