Xіі тарау дәСТҮр дін мен дәстүр кітабынан


«Егер де балаларыңды емізіп беретін болса, оларға ақыларын беріңдер»



бет12/21
Дата19.04.2023
өлшемі90,78 Kb.
#84166
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
XII тарау. Дәстүр

«Егер де балаларыңды емізіп беретін болса, оларға ақыларын беріңдер» («Талақ» сүресі, 6-аят). Ақыға емізуге келіскен бөгде әйелмен сәби арасында туыстық орнайды, әйелдің балалары емген баламен сүт бауыр болып саналады.



  • Шілдехана-бесік той

Сәбиге арналған шілдехана, бесік тойдың да ара-жігі ажыратқысыз, бір-біріне жалғасқан, дүниеге келген баланың құрметіне арналған қуанышты тойлар.
Құранда дүниеге келген нәресте үшін сүйінші сұрау көрінісі бар. Халқымыздың әу бастан сәби дүниеге келсе, ағайынға ат шаптырып, сүйінші сұратуы осыдан алынған өнегелі іс десе болады. Алла Тағала Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбарды сәбимен сүйіншілегені туралы былай дейді: «Ол михрабта намаз оқып тұрған сәтте оған періштелер: «Расында, Алла сені Жақиямен (Яхиямен) қуандырады», – деп дауыстады» («Имран» сүресі, 39-аят). «Ей, Зәкәрия! Расында, сені Жақия атты бір ұлмен қуантамыз (сүйіншілейміз). Біз бұрын мұндай атты ешкімге қоймаған едік» («Мәриям» сүресі, 7-аят).
«Мал – баланың шашуы» деген халқымыз дүниеге сәби келісімен, «Шілдехана», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», уақыт өте келе «Тұсау кесу», «Сүндет той», «Атқа мінгізу», «Тоқымқағар», «Тілашар» сияқты тойларын жасап, қуанышы мен қызығын ағайынмен бірге өткізген.
Кезінде көшіп-қонып тұрмыс кешкен қазақ халқы туылған сәбиге сүйінші сұратып, ұл туса – «ат ұстар» немесе «жылқышы», қыз туса – «көйлек тігер» немесе «сауыншы туды» деп хабарлаған.
Сүйінші! Сүйінші!
Дүниеге алтын айдарлы ұл келді!
Ат ұстар, елін қорғар жан келді!
Немесе:
Қылығы тәтті, сүйсінтер жанды,
Ақылына көркі сай ару келді! – деп сүйіншілеп, сүйіншісін алған. Мұны естіген туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар шілдеханаға жиналып, «бауы берік болсын» деп тілек айтып, шашу шаша келеді. Шілдехана тойын мұсылмандық дәстүр деп айтсақ та болады. Яғни, ақиқаның бір көрінісі іспеттес. Ақиқаны – нәресте туылғанда Алла Тағаланың ұрпақ беру нығметіне шүкіршілік ретінде сойылатын құрбандықтың түрі десек, қазақтың шілдеханасын шариғаттан шет кетпеген ұлттық салт деуге болады.
Шілдеханадан кейін қуанышпен жалғасымын табатын дәстүрдің бірі – бесік той. Өзге халық тұрмысында кездеспейтін, қазақтың өзіне ғана тән бесікке бөлеу дәстүрі – көшпелі өмір кешкен халқымыздың қажеттілігінен туындаса керек. Бесік – қазақ халқының мәдени мұраларының бірі, ұлт өнерінің төл туындысы, тәрбие құралы, нәрестеге арнап жасалынған ағаш төсек. Сәбиді желдің өтінен, жердің сызынан, аптаптың ыстығынан қорғайтын – киелі ұя. Әрбір қазақ баласы осы бесіктен өсіп шықты.
Бесік – ықшам, аттың жалында, түйенің қомында өңгеріп алып жүруге ыңғайлы. Тазалық мекені, денсаулық қорғаны, тербелмелі – сәбиге жұбаныш сыйлар жайлы орын. Бір сөзбен айтқанда, бесікке бөлеу – баланың дене тазалығына, ұйқысының жайлылығына, денсаулығына орасан пайдалы.
«Бесік алып беру» – қазақтың келін болып түскен қызының тұңғышын босанғанда орындалатын дәстүр. Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды. Оған қоса киітін, зергерлік бұйымдары мен дастарқанға қойылатын тәттілерін салып алып барады. Алып барған киітінің ішіне тоғыз түрлі заттар салады. Тоғызға бағалы киімнен бастап, ұсақ заттарға дейін кіреді.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетінің бір-бірімен бір атаның баласындай тату әрі бауыр болуын өсиет еткен. Бесіктойға жиналған қонақтар асқа отырып, шүйіркелесе әңгімелеседі. Сонан соң «бесікке салу» ырымын жасайды. Құдағилары алып келген бесікті ашпас бұрын, сол үйдің басқа келіндері көрімдік сұрайды. Бесікті ашатын әйел көрімдігін береді. Нәрестені бесікке бөлемес бұрын, бесікке салушы бесіктің жабдықтарын орындарына қойып, шашу ретінде алып келген шайлық тәттілері мен ұсақ, ақшалай сыйлықтарын араластырып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, қолын тосқан әйелдерге «тыштыма» деп үлестіріп береді. Жаңа бесікке олар байғазыларын береді. Әкелінген бесікке көріп отырғандар баға беріп, бесік әкелушілерге киіт беріледі. Құдағилар білезік пен жүзіктерін бір-біріне сыйлайды. Жаңа туған баланы бесікке салудың да жоралғысы болады. Бесікке салу жолы үлкен, елдегі тәрбиелі, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. «Әлди-әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем» деп бесік жырын айтып, көңіл көтереді.
Сонымен бесіктегі бала көбінесе омыраудан шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, қарын шашы алынған бала талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, бір созылып еңбектей бастайды. Бұл кез- де дөңбекшіп бесікке өзінің де жатқысы келмейді. Бала бұл шамаға келгенде бесікті аса қадірлейтін, оны әдемілеп тазалап, келешек ұрпақ тезірек келсін, енді сол жатады деп үйдің ең бір сенімді жеріне сақтайды. Халқымыздың бесікті құрметтейтіні, сақтайтыны соншалық – атасы жатқан бесікке немерелері жатады. Кейде қазақтың туған жерді «алтын бесік» деуі осы ардақтаудан шыққан болар. Сондықтан бесік тойы қазақ өмірінде үлкен орын алады. Бесікке баланы қырқынан шыққан соң салады. Оған дейін бала жөргекте болады.
Сол үшін бесікке салу сол отбасы үшін үлкен қуаныш. Бесікке қатысты халқымызда «Тәрбие басы – тал бесік», «Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат. Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген – бір мұрат» деген нақыл сөз бар. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп текке айтпаса керек.
Бесік – халқымызда ұлттық әдет-ғұрыпқа жататын дүние. Баланы бесікке бөлеу жайында шариғатта нақты аят-хадистер келмегенімен, білім іздеу жайлы: «Білімді талап ету – тал бесіктен жер бесікке (табытқа) дейін» деген нақыл сөз бар. Қалай десек те, күллі тәрбиенің бастауы осы бесіктен басталары шындық.


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет