Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі


Жараны біріншілік хирургиялық өңдеудің



бет44/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Жараны біріншілік хирургиялық өңдеудің (ЖБХӨ) ерте, кейінге қалдырылған және кеш түрлерін ажыратады. Ерте хирургиялық өңдеу жараланудан кейін, 24 сағат ішінде орындалады, кейінге қалдырылған – екінші тәулікте, ал кеш өңдеуді – 48 сағаттан соң жасайды. ЖБХӨ неғұрлым ерте жасалса, соғұрлым оның болжамы да жақсы болады.



Сурет 13.19. Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
(тазарту, шеттерін, қабырғаларын, түбін кесіп алып тастау, біріншілік тігіс салу)
ЖБХӨ – бұл жараның шеттерін, қабырғаларын және түбін инфицирленбеген және өмірге қабілеті бар тіндердің шекарасымен кесіп алып, оның анатомиялық бүтіндігін қалпына келтіру болып табылады. Егер жараның өзегі тар және терең болса, онда жараны тіліп, кеңейтеді де, тіндердің 0,5-1,0 см -дей қабатын кесіп алып тастайды. Барлық қалталарды ашып, теріні, тері асты шелмайын және өмірге қабілетсіз барлық бұлшықеттерді кесіп алады. Тілінген терінің астындағы шандыр мен апоневроз кесіледі, бұл жараны жақсылап қарауға мүмкіндік береді және ісінген бұлшықеттердің қысылуын азайтады. Зақымдалмаған ірі қан тамырлары, нервтер, сіңірлер ЖБХӨ кезінде сақталуы тиіс, ал жараланған тамырлардың, нервтердің және сіңірлердің тұтастығын қалпына келтіру керек. Жарадағы бөгде заттарды алып тастау қажет. ЖБХӨ -і біріншілік тігіс салып аяқтайды. Екінші тәулікте жасалған хирургиялық өңдеу кейінге қалдырылған деп аталады. Оның мақсаты мен орындалуы ЖБХӨ -мен сәйкес болады.
Жараны кеш хирургиялық өңдеу жаралық инфекцияның алдын-алуға емес, оны емдеуге бағытталған. Ол 2 тәуліктен кейін (48 сағаттан соң) орындалады. Жарадағы бөгде заттар алынады, жара жуып тазартылады, өліеттенген тіндер кесіліп алынады, қалталар мен гематомалар тілініп ашылады. Инфекцияның таралып, жайылып кетпеуі үшін, тіндердің қабырғасын кеспейді.
Біріншілік тігісті жараланудан кейінгі бірінші тәулікте салады.
Біріншілік кейінге қалдырылған тігіс ЖБХӨ -ден соң, 5-7 күн ішінде жара іріңдемей, грануляциялар пайда болғанда салынады. Бұл тігісті провизорлық тігіс ретінде де салуға болады. Ол үшін тігісті салып, жіптердің ұшын байламайды. Егер жара іріңдемесе, бірнеше күннен кейін, оларды байлап қоюға болады.
Екіншілік тігіс грануляциялық жараға, іріңнен тазарғаннан кейін, жараның тез бітісіп жазылуы үшін салынады. Екіншілік тігістер ерте және кеш болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет