Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі


Аяқ-қол үсігінің клиникалық көрінісі мен диагностикасы



бет59/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
13 тарау

Аяқ-қол үсігінің клиникалық көрінісі мен диагностикасы

Үсіктік жарақаттанудың ағымында 2 кезеңді ажыратады: реактивтіге дейінгі кезең (аяқ-қолды жылытқанға дейінгі) және реактивті кезең (жылытқанда). Әрбір кезеңнің өзіне тиісті клиникалық белгілері болады.


Реактивтіге дейінгі кезең: зақымдалған аяқ-қолдың терісі бозғылт, ұстап тексергенде суық болады. Сезімталдығы әлсіреген, кейде күйіп жатқандай сезім, парестезия байқалады. Шеткі тамырлардағы пульсация әлсіреген, теріні инемен шаншығанда қанның тамшысы шықпайды. Жарақаттың тереңдігіне байланысты буындардағы белсенді қозғалыстар жоғалуы мүмкін. Осы кезеңде зақымдалу дәрежесін (тереңдігін) болжау қиын.
Реактивті кезең: Науқасты жылытқанда аяқ-қолдың жылынғаны және гиперемия немесе айқын цианоз байқалады, кейде терісі мрамор түстес болады. Ауыру сезімі мен тіндердің ісінуі дамиды, янтарь түстес немесе геморрагиялық сұйықтыққа толған көпіршіктер пайда болады. Осы кезеңде де, алғашқы сағаттарда немесе тәуліктерде болжам жасау қиындыққа соғады.
Қазіргі кезде үсіктің 4 дәрежелі жіктелуі қабылданған (Т.Я. Арьев, 1940).
І дәрежелі үсіктеауыру сезімі болады, қозғалғанда күшейеді; аздаған гиперемия, ісіну байқалады; терісі ұстағанда жылы, ауыру және сипап-сезу сезімталдықтары жылытқаннан соң қалпына келеді, буындағы қозғалыстар белсенді болады. Ісіну мен гиперемия 1 -ші аптаның соңында жоғалады.
ІІ дәрежелі үсікте – терінің жартылай өліеттенуі байқалады, өсу қабаты зақымдалмаған, бұл жараның өздігінен эпителиймен қапталуын қамтамасыз етеді. Көпіршіктердің пайда болуы II дәрежелі күйікке тән. Олар жарақаттан кейін 1-2 тәуліктен соң, кейде 3-5 -ші күндері пайда болады. Тырнақтары түсуі мүмкін, бірақ оларды жұлғанда ауырады.
ІІІ дәрежелі үсікте – тері қабаты мен тері асты шелмайы өліеттенеді, сондықтан өліеттенген тіндер ажырағаннан соң, грануляциялық тін дамиды. Дерманың регенерациясы мүмкін емес. Ауыру сезімі айқын, көпіршіктер үлкен болады, кейде олар зақымдалған сегментті айналдыра қаптайды. Цианозы айқын, аяқ-қолдарын ұстап көргенде суық болады, шеткі тамырлардың пульсациясы әлсіреген, тырнақтары ауырмай ажырайды, регенерация жүрмейді. Жарақаттан кейінгі 1-2 аптада дененің температурасы жоғары болады. Өліеттенген тіндердің ажырап түсуі 2-3 -ші аптада аяқталады, жарада грануляциялар түзіліп, 1-1,5 айда тыртықтанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет