Екі жақ болып келгенде.
Еріскен жерде шарт кетер,
Жауырыннан өтін алса да,
Жамандарға жалынбас…
Бұл – Адам рухының күші. Ердің шынайы мінезі, кісілік қалпы. Жаратылыс қасиеті осы. Қажым Жұмалиев Махамбетте торығу сәті туғызған бірер шығармасы болғанымен, оның өлеңдеріне тән ерекшеліктер “Жалаулы найза қолға алып, жау тоқтату” деп тамаша түйін жасайды. Қ. Жұмалиев Махамбет өлеңдеріндегі Исатай образы туралы арнайы, қисынды сөзді кеңітті. Кезінде Исатайдың тұлғасына тоқталғанда Халел Досмұхамедұлы Махамбет өлеңіндегі Исатай жөнін аз-мұз айтқан. Арнайы әдеби, тарихи тұлға есебіндегі танылымын арнайы әдеби зерттеу нысаны еткен Қажым Жұмалиев. Қажым Жұмалиевтің Исатай образын сөйлеуі – қазақ әдебиеттануындағы жаңа бір алым. Махамбет өлеңінің өріс-өрімі аса ашыла түскен ақындық шеберлік, сөз айшығы қаныға түскен бір тұс, оның өлең сөздегі бір ерекшелігін, жасаған тұс – Исатайға арнаулары. Ақындық қуат өзгеше бір орай да борай соққан борандай буырқанған тұс. Қажым Жұмалиев қазақ әдебиетіндегі батырлар образына тоқталып, олардың өзінше тәрбиелік мәні болды дейді. Тарлан атты Тарғынды, Қара қыпшақ Қобыландыны, Қара қасқа атты Қамбарды, алып туған Алпамысты атайды. Соларды айтып келіп былай дейді: “Ал, Махамбетке шейінгі қазақ әдебиет тарихын алсақ, біз олардан шын мәніндегі адам образдарын көре алмаймыз. Бұхар, Дулат, Мұсабай тағы басқа солар тұстас тарихқа аты мәлім ақын-жыраулардың өлең-жырларында тек сұлпасы ғана болмаса, сол ортаның өзіне тән түрде жинақталған адам образын кездестіру қиын. Мақтап айтқанда тәуір жасалынған портреттен ұзап кете алмайды.
Махамбет өлеңінің теориялық негіздемесін жасаудағы академик 3.Ахметов зерттеулері. Махамбет поэзиясының тілін зерттеудегі Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев еңбектері. Махамбеттанудың бүгінгі таңдағы өрісі.
Махамбет өлеңде халық ұғымына әбден сіңісті болған теңеу, тұспалдау, салыстыруларды қолдануымен бірге соларға ыңғайлас өзіндік қолданыстарды төпеп-төпеп төгіп тастап отырған, сирек ұшырасатын ақындық шеберлікпен танылған сөз ұстасы. З. Ахметов осыны ақын поэзиясының табиғатын ашуда нақтылы сөз қолданысты айқындап отырып, теориялық тұжырымға айналдыруында өзінің өлең сөз қисынын зерделеуге келгенде қара үздірген үздік екенін және бір мойындатып кетіп отырады. Махамбеттің ақындық қуатын мейлінше жанды, мейлінше сезімді ой оралымдарына орап отырып, нақты шеберлікпен ұғындырады. Махамбет поэзиясында көркем салыстыру тұспалдаудың дамытылған түрлерінің молдығы да сөз жоқ Махамбеттің ақындық өзгешелігінің бір қыры.
“Мен шарға ұстаған қара балта едім
Шабуын таппай кетілдім
Қайраса тағы жетілдім…”
Ақын мұнда бір “балта” сөзінің ауқымында ауыспалы астарлы ой туғызып, өте қызықты, күрделі метафоралық бейне жасап отыр дейді З. Ахметов. Ғалым Махамбет ақындығындағы дара өзгешеліктің бірі оның бейнелі сөздердің, халық поэзиясының қалыптасқан құрылыс-бітімін, жасалу қалпын сақтай отырып, оларды айналадағы өмірді, өзінің сезім-күйін суреттеу мақатына толық үйлесіріп, терең мағына беріп қолдана білушілік, нақтылы сипаттамалар мен тұспал суреттерді араластырып, жалғастырып, астастыра отыруын өлең жасау шеберлгі дейді. “Мұнар да мұнар, мұнар күн…” Исатайдан айрылған аза күні. Ағайын-жұрттың басына түскен ауыр күн. Ақын халық тіліндегі қазаға қатысты дәстүрлі тұспал сөздерді пайдаланады. Өткірін ұштап, үздігін оздырған асқан шеберлікпен сөйлейді. Жаңбырдай жауған оқ, жиырылып түскен ту, буулы теңнің шешілуі, т.б. “Мұңар күннің” өлеңдік қуаты жайлы З. Ахметовтің мына бір түйіні де өлең танудағы таптырмайтын байқағыштық “Ақынның осылай етіп бейнелеу тәсілі суретінің дәлдігі, жандылығымен адамды қызықтырып, баурап алады. Оның әр нәрсенің жеке белгілерін де тап басып, анық көрсететін шеберлігін жүкті тартқан түйелерді қатарланған, теңді буып, садақ оғын орта белін сырлаған, туды ала желпілдеген, арлан төбет, жез қарғылы деген сияқты айқын эпитеттерден де жақсы аңғаруға болады” [24, 51 б.]. З. Ахметов айқындамасында ақын шеберлігінің бір қыры мағынасы жағынан бір-біріне үндес бірнеше символ суретті қатар алып, бейнелі көріністерді үстемелеп қолданып, сол арқылы сезімге күшті әсер ететін көркемдік туғызуынан аңғарылады. Зәки Ахметов қазақ өлеңіндегі жыр үлгісін теориялық жақтан негіздеуінде Махамбет поэзиясын үнемі назарда ұстаған. Кезінде М. Әуезов, Қ. Жұмалиев тоқталған “Ереуіл атқа ер салмай” өлеңіне З. Ахметов жырдың айрықша бір белгісі есебінде тоқталды. Жыр түйдегінің сипаттамасына үлгі болды. Ғалымның “жырдың” ұйқас, буын, бунақ, шумақ (түйдек, триада) жөнін теориялық негіздеуінде аса айқын тұғырдың нақты көрінісінің бірі – Махамбет поэзиясы. Жыр өлшемі, қазақ өлеңінің дәстүрлі жыр үлгісінде кездесетін тармақтардағы буын санының әркелкілігі туралы зерттеулерінде Махамбет поэзиясына да жиі жүгініп отыратын ғалым Махамбеттің қазақ өлеңінің дәстүрлі сипаттарын жетілдіру, сақтау жөндерін айрықша атап көрсетіп отырады. Зәки Ахметов Махамбет поэзиясының дәстүрлі халық поэзиясымен байланысын өлең үлгісі жөнінен, өлеңдік құрылым жөнінен, тіл қолданыс жөннен айрықша қарастырып, ақынның қазақ поэзиясындағы өзіндік өзгеше үздік өлең жасау үрдісіне айқын теориялық негіздемелер жасады. Махамбеттану өрісін өлең теориясы жөнінен кеңіте түсті. Небір асыл сөз қисынымен қоюласпаса құнын азайтпай ма?! Махамбет ақынның “қиыннан қиыстырған” (Абай) өлең тілі өз алдына бір сала. Академик Зәки Ахметов айтқандай, өлең тілін сөздің суреттілік, бейнелілік қасиетін айтуда ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздерге назар аудару қазақ әдебиетінің сөз түрлендіру тәсілдерінің шексіз мол мүмкіншілігін ашып көрсетеді. Сөзді тура мағынасында жеткізу қиын емес, ал оның өлеңдегі өзгерген, сурет пен сезімге бөккен жаңа мағынасын жасау ше? Ауыспалы, астарлы, айнымалы сөздің өлең үлесіндегі көтеріп тұған жүгін салмақтау – ақынның алымын ашу. Махамбет өлеңінің тілі өзгеше бейнелі, өлеңдегі озық тәсілді мүмкіндігінше мол өрістеткен тіл. Махамбет өлеңінің тілі негізінде нақтылығымен ерекшеленеді ғой. Соған қарамастан оның тілінде ауыспалы мағынадағы, тұспал мағынадағы сөз айшықтары да аса қою. Зерттеушілер Махамбет поэзиясы ерекшеліктерін, ондағы дәстүр мен жаңашылдықтың өлең тілі, өлең құрылысындағы сипаттарын белгілі бір дәрежеде қарастырды. Ақынның қазақ әдебиетінің тарихындағы орнын теориялық тұғырнамамен бекіте түсті. Махамбет өлеңі уақыт озған сайын күрделі поэтикалық үлгі екендігін көрсетумен келеді. Қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі кезеңдегі кемелдене түскен, толыға түскен қалпы Махамбет өлеңіне уақыт көзімен қайта қарауды; ол туралы ендігі ұрпақтың танымын да қамтып отыр. Махамбет поэзиясын көркемдік тұрғыдан тереңдей зерттеудің міндеттерін академик З. Ахметовтің мына пікіріне сәйкес сабақтастыра қарастырғанда Махамбет жөнінде ашылған, айтылған тұжырым-танымға қосар дүние де аз емес. Зәки Ахметов “Сөз өнерінің заңдылықтарын, ұлттық сипаты мен ерекшеліктерін тереңдеп ашу, поэзия тілінің бейнелеу құралдарын, тәсілдерін жіктеп топтастыру, өлең құрылысын, өлшем, шумақ, ұйқас өзгешеліктерін айқындай түсу және өлеңдегі түр, тіл ерекшеліктерін тарихи-әдеби процеске тығыз байланыста алып зерттеу, міне, бұл салада әдебиеттану ғылымының атқаратын ісі аз емес” – дейді [24, 3 б.]. Махамбет “өлеңінің сөз кестесін, өлең сөздің суреттілігін, бейнелілік сипат қасиеттерін сөз еткенде ауыспалы, астарлы мағына туғызатын бейнелі сөздерге көбірек назар аудару“, сөзсіз қажет. Өлең тілін осы жағынан алып, қарастыру поэзиямыздың, әдебиетіміздің сөзді түрлендіріп, мағынасын өзгертіп, кеңейтіп пайдалану жағынан шексіз мол мүмкіншілігін ашып көрсету мақсатынан туады дейді З. Ахметов. Теоретиктің анықтамасында теңеу, балама бейнелер – метафора мен метонимия, тұспалдап суреттеу тәсілдері – аллегория мен символ, әсірелеу тәсілдері – гипербола (зорайту), литота (кішірейту), табиғат құбылыстарын жандандырып кейіптеу тәсілдері (олицотворение), сөзді керісінше мағынада алатын сықақтау тәсілі (ирония) – осының бәрі де не салыстыру негізінде, не қалайда екі нәрсенің өз ара жалғастық, жанасымдығы негізінде астарлы мағына туғызады, бір мағынаны екінші мағынамен алмастырады. Махамбет поэзиясы – осы әдіс-тәсілдің мол, қанық үлгісі. Сөз қолданыстағы, сөз құбылтудағы Махамбет шеберлігі сирек кездесетін ақындық алым. Ол өлеңге халықтың келісті сөз нақыштарын емін-еркін енгізе отырып, нақты өмір суретін жеткізуде бұрын-соңды ешкімнің аузына түспеген сөз табады. Сөзді басқа бір қырымен аунатып алып, жұтындырып шығарады. Өзіндік, оқшау ерекшелігін (З. Ахметов) сәт сайын көлденең тартады. Астарлы, ауыспалы ой, күрделі шендестіру, салыстыру, теңеу… шексіз мінсіз сөз нөпірі. Махамбет поэзиясы – көп тұспал, көп айшыққа көміліп барып нақтылықты сол қалпында жеткізудің, бұрын-соңды болмаған күйде ашудың, өзгеше тәсілдің, “орай да борай қар жауған” күнгі сұмдық әсердің тілі. Оның өлеңі – қазақ халқының сөз өнеріндегі шексіз мүмкіндігін, көреген көкірек көзін, асылдай таза жанын, өзгеше өр намысын, биік рухын сөйлеткен ғажайып тіл. Махамбетті өлең жасауға итермелеген шығармашылық құдірет, адам танымы ала алмастай құпияның нұры оның поэзиясына бас ұрған жанның барлығын баурап, сиқырлайды. Естен тандырады. Шығармашылық сыр құпиясын теория тілімен ұғыну ғылым шаруасы. Сол тұрғыда Махамбет поэзиясының көркемдік теориялық негіздемесін тұжырымдап, ақынның дара сипат, қара сөзбен жаулаған көркемдік қамал-алымдарын ұғындырған сөз білгірлері Махамбеттің әлемін ашу үстінде Махамбетті туғызған қазақ көркем сөзіндегі көркемдік қисындарды да ғылыми негіздеп, жүйелеп отырды. Белгілі ғалым Рәбиға Сыздық Махамбет тілін зерттеу жайлы былай дейді: “Ал, негізгі проблема, яғни бүгінгі де, әрі қарайғы да Махамбет мұрасына қатысты үлкен тақырыптың бірі – оның тілін, тілінің көркемдік кестесін әр қырынан зерттеп, таныту болмақ. Және жеке-дара зерттеу нысаны етпек керек. Өйткені, Махамбет шығармашылығы – тілі жағынан өзіне дейінгі де, өзмен тұстастарынан да, өзінен кейінгілерден де, тіпті тақырыптас, жанрлас ақын-жыраулардың өлең-толғауларынан да көрінеу оқшауланып тұрған дүние. Және бұл оқшаулық тек тілдік-стильдік ерекшеліктерінде ғана емес, аралық, жаңалық сипатында. Махамбет – қазақ поэтикалық мектептерінің бірін жинақтап, екіншісіне жол көрсеткен сөз иесі. Ол өзіне дейінгі үш-төрт ғасыр бойы қазақ жұртының рухани және көркемдік-эстетикалық сұранысын өтеп келе жатқан жыраулар дәстүрін тұйықтап, ақындар мектебінің аяқ алысын көрсетуші дер едік” [100, 145 б.]. Махамбеттің өлең құрылымы жөнінде аталған мақалада Рәбиға Сыздық ілгеріде зеттеушілер аса көңіл бөле бермеген, ежелгі түркі поэзиясының, жыраулық поэзиядағы басқы ұйқаспен келген “ұйқассыз” өлеңдер жөніне ғылым назарын аударады. Ғалымның бұл пікірі өте орынды, ұтымды. “Толарсақтан саз кешіп” деп басталатын 19 жолдық өлеңнің бір ғана ұйқасы бар, ол бұл іске-өріске-келіске деген сөздер, ал олардың алдындағы екі, үш тіпті соңғы бес тармақ (өлең жолдары) ешбір ұйқасқа құрылмаған. Мысалы: егер ұйқасқа қарай өлеңді шумақтарға ажырата қалақ, соңғы шумақ:
Достарыңызбен бөлісу: |