Xix ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалар


Сыртқы округтардағы сайлау тәртібі



бет7/13
Дата25.11.2023
өлшемі48,16 Kb.
#127179
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
XIX ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалар

Сыртқы округтардағы сайлау тәртібі
Ауыл старшындарын көшпелілердің өздері сайлайтын және оларды бұл лауазымды қызметке округтық мекеме бекітетін. Сайлау үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Сұлтандар старшындарды сайлауға қатыспайтын. Сұлтандардың қатарынан сайланып қойылатын болыстар өздерінің қолындағы өкімет билігін балаларына мұра етіп қалдыру құқығын иеленді. Биліктің ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргізілді. Кейінгі кездерде болыстық қызметке сүлтан емес, қарапайым қазақтардың да сайлануына рүқсат етілді. Бірақ ондай адамдардың патша өкіметіне сіңірген еңбегі зор болуы тиіс еді. Сол арқылы патша үкіметі Шыңғыс әулетін билік құрылымынан бірте-бірте шеттете бастады. Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздері ғана, ал оның құрметті қазақтардан іріктелетін екі заседателін билер мен старшындар ғана сайлайтын. Аға сұлтандар үш жылға, ал олардың заседательдері екі жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық басқарма бастығының бекітуінсіз өз өкілеттігін жүзеге асыруға кірісе алмайтын. 1854жылдан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегі Шыңғыс әулеті емес адамдар да сайлана алатын болды.
Округтық приказдың негізгі міндеттері
Округтық приказдың қатаң белгіленген міндеттері болды. Ол атап айтқанда,

жақсарту;

Алым-салықтар
Басқарудың жаңа жобасын өмірге бірте-бірте және ауыртпалықсыз енгізу үшін патша үкіметі барлық алым-салық түрлерін өтеуге бес жылдық жеңілдік белгіледі. Бұл жылдар ішінде ауруханалар мен мектептер салу үшін ерікті түрде төленетін алым-салық қана жиналып келді. Жеңілдік мерзімі өткеннен кейін округтардың халқы мал басының санына қарай 100 бастан бір бас мөлшерінде жасақ төлеуге міндетті болды. Бірақ ондай салық түйе басына салынған жоқ. Өйткені мұның өзі сауда керуенін көбейту үшін қажет еді. Алым-салық үшін мал санағы үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Қазақтар жасақтан өзге шабармандар мен жолаушыларға көлік жағынан да көмек көрсетуге тиіс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет