Xvii ғасырда Қазақ хандығын басқарған хандар саны бірнешеу



Дата19.02.2023
өлшемі19,18 Kb.
#69103
Байланысты:
Қазақстан тарихы БӨЖ


Жоспар
1.Кіріспе
1.1.Жәңгір және Тәуке хандар
2.Негізгі бөлім
2.1.Жәңгір ханның сыртқы саясаты
2.2.Тәуке ханның сыртқы саясаты
3.Қорытынды
3.1.Хандардың сыртқы саясаттағы мақсаты

XVII ғасырда Қазақ хандығын басқарған хандар саны – бірнешеу. Олардың билікте болған жылдарын жазба деректер арқылы нақты біле алмасақ та, әр ханның жеке басындағы ерекше қасиеттері мен белгілеріне, билік құрған жылдарындағы заманның ағымына, дәуірінің ерекшелігіне байланысты едәуір тарихтың елеулі беттерін парақтауға болады. Сол даңқты хандардың бірі де бірегейі – Жәңгір хан. Жәңгір – Есім ханның тарихта белгілі үш ұлының бірі. Жәңгірдің шын есімі – Жа­һан­гер (парсыша «әлемді бағын­дырушы, билеуші»). Оның Жәңгір болып айтылуы парсыша есімнің қазақ тілінің ерекшелігіне сай өзгеруінен шығып тұр. Мұндай есім XV-XVIII ғасырлардағы Орталық Азия мен Қазақстан аумақ­тарындағы билеуші әулет өкіл­дерінің арасында жиі ұшы­расады. Ортағасырлық шығыс дере­гі «Бахр ал-асрардың» мәлімет­терінде де 1634 жылы Ташкентке жорық ұйымдастырған қазақ сұлтандарының арасында Жаһан­гердің есімі сұлтан лауазымымен айтылады. XVII ғасырдағы орыс-моңғол қатынастарының деректер жинағында да Жаһангердің есімі кездесіп, онда 1635 жылы оның ойраттармен болған шайқас­тардың бірінде қолға түскендігі тура­лы баяндалады.


Тəуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша ерекшеленеді. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тəртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торы шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып-өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодал билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды.

Ресей, Орта Азия, Қырғыз елдері мен экономикалық және сауда байланысы. Қазақ жеріне ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағыттады. Көршілес мұсылман елдеріндегі билеуші әулет өкілдерімен туыстық қатынастарды нығайтуды, бейбітшілікте болуды мақсат еткен.


Кезінде Есім ханның бір қызы Имамқұли ханға ұзатылса, кейін келе әулеттер арасындағы туыстық байланыстар одан әрі жалғасын табады да, XVII ғасырдың 40-жылдары Жәңгір ханның бір қызы болашақ Бұхара ханы, Жалаңтөс батырдың тәрбиеленушісі Абд ал-Азиз сұлтанға ұзатылады. Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр арасындағы өзара түсіністік пен сыйластыққа, достыққа негізделген қарым-қатынас 1643-1644 жылдан кейін де, яғни Жәңгірдің хан тағын иеленгенінен кейін де терең дамиды. Тіпті ол қатынас екі ел арасындағы саяси байланыстарға да тікелей әсерін тигізеді. Надирмұхаммед ханның үлкен ұлы, Жалаңтөстің шәкірті Абд ал-Азиздің 1645 жылы хан тағына келуіне тікелей болмаса да жанама Қазақ хандығының қатысы бар. Ал одан кейін 35 жыл бойы Абд ал-Азиз ханның тақта отыруына оның қазақ елімен достық қатынастарға негізделген саясат жүргізуі де әсер етсе керек. Осы жерде бір айта кетерлік нәрсе, Абд ал-Азиздің билікке Надирмұхаммед хан тақтан күштеп кетірілгеннен кейін келуі. Жергілікті саяси күштердің Надирмұхаммед ханға наразылығы, (оның ішінде Жалаңтөс батырдың да болуы мүмкін) таққа басқа үміткерлерді отырғызуға алып келеді. Үміткерлер ішінен Жәңгір ханның күйеу баласы және Жалаңтөс батырдың шәкірті Абд ал-Азиз жеңіп шығады. Оған басқа да факторлармен бірге Жәңгір мен Жалаңтөстің ықпалдары да әсер еткен деуге толық негіз бар. Ал Абд ал-Азиз хан билік құрған жылдары қазақтармен қарым-қатынас бейбіт түрде дамиды. Жазба дерек мәліметтерінде екі ел ара­сында есте қаларлықтай соғыстар, ұрыс-шайқастар кездеспейді. Мұндай бейбіт қатынастардың бастауында Жәңгір хан­ның аштарханилық әулетпен жүргізген бейбіт,туыстық саясаты жатыр деп толық сеніммен айта аламыз.
Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты.
Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Сөйтіп ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құруға қол жеткізді. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар қалмақтарының шабуыл жасауынан төнген қатерді тоқтатудың сәті түсті.
Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және Қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды.
XVII ғасырдың ортасына қарай Тәуке ханның саяси ықпалы Қазақ Ордасымен көршілес Сырдарияның орта және төменгі ағыстарында орналасқан сауда және қолөнер дамыған қалаларына да тараған (32 қала мен айналасындағы ауылшаруашылық кенттер). Ташкент, Сығанақ, Сайрам, Түркістан (қала), Созақ, Аққорған, Қарнақ, Сауран және т.б. қалалардың тұрғындары қазақ билеушілеріне жыл сайын тауармен және ақшалай салық, ал ауылдық аймақтарда тұратын отырықшы халық жиналған егіннің 1/5 немесе 1/10 бөлігін төлейтін.

Ішкі саясаттағы белсендігімен қатар Тәуке хан 1687-1697 жылдары солтүстік көршілерімен орын алған қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарды реттеуге, сауда-саттықты дамытуға, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салды. 1687-1693 жылдары Тобыл қаласына бірнеше елшілік аттанған.

Жәңгірдің қазақ хандығы үшін жасаған еңбегі өте зор. Біріншіден, Жәңгір хан бүкіл саналы өмірін ел қорғау ісіне арнады. Екіншіден, мемлекеттің сыртқы саясатын бірнеше бағытта жүргізіп, көршілес мұсылман елдермен жақсы қарым-қатынас орната білді. Үшіншіден, Жәңгір хан қазақ елінің азаттығы жолындағы шайқастардың бірінде нағыз ерлерше қан майданда қаза табады. Ал оның сүйегі қазақ елінің сол кезеңдегі астанасы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі жанына жерленген.
Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген. Тәуке хан қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған соң Қазақ хандығында асқынған, ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткері болды.

Пайдаланылған әдебиеттер


1.Б. Жұбанышов-Қазақстан Тарихы кітабы
2.М.Чапай-Қазақстан Тарихы кітабы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет