Xvii-xix ғасырларда Еуропада өнеркәсіп революциясы басталды. Оған негіз болған капиталистік қатынастар осы кезеңдерде Еуропа құрлығынан тыс аймақтарға да таралды


Тақырып 2.9. Жапония. Солтүстік және Оңтүстік Корея



бет22/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,84 Kb.
#22902
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Тақырып 2.9. Жапония. Солтүстік және Оңтүстік Корея.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның жағдайы. 1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүгу туралы актіге қол қойды. Потсдам келісіміне орай елді Америка әскерлері басып алды. Барлық билік солардың қолына өтті, бірақ оның бағытын Жапонияға қарсы соғысқа қатысқан елдерден құрылған Одақтас Кеңес және Қиыр Шығыс Комиссиясы белгілеп отырды. Олар Жапонияның келешекте ешкімге қауіп төндіре алмайтын- дай болуын көздеп, демократиялық және бейбіт жолмен дамуын қалады. Бұрынғы саяси партиялар таратылып, соғыс тудырған әскери қылмыскерлер халықаралық трибуналмен жазаланды. Сахнаға демократиялық, ли- бералдық, социалистік және т.б. жаңа партиялар келді. Либералдық және демократиялық партиялар АҚШ- тың даму жолы мен буржуазиялық бағытты ұстанды. 1946 жылғы сайлауда осы екі партия басым дауысқа ие болып, үкімет құрды, ал социалистік және ашық қызмет атқаруға кіріскен коммунистік партиялар оппозиция қатарында болды. Әскери қылмыскерлерді жазалау үшін құрылған Халықаралық әскери трибунал өз жұмысын екі жарым жылдан астам жүргізіп, 1948 жылы қарашада 28 адамға үкім шығарылды. Бұрынғы үкімет басында болған Тодзё, Хирото, генералдар Итатаки, Мацук, Муто, Донхара, Ки- мура дарға асылды. Бұқара халық соғыстан қатты зардап шекті. Азық- түлік жетіспеді. Қираған өндіріс орындары тоқтап, миллиондаған адамдар жұмыссыз қалды. Ақша құны күрт төмендеді. Жапонияның экономикалық дамуы. 1945 жылы Жапонияның өндіріс орындары өзінің экономикалық даму қарқынын 1937 жылғы деңгейінің 30%-ы көлемінде ғана сақтай алды. 146 1946—1949 жылдары аграрлық реформалар помещик- терге 3 тё* жер қалдырды да, қалған жер сатылды. Соның нәтижесінде жерге ие болған шаруалардың саны екі есе өсіп, елде фермерлік шаруашылық дамыды. АҚШ-тың қолдауы арқасында Жапония тез дами бас- тады. Әрине, бұрыннан қалыптасқан өндіріс салалары, білікті жұмысшылар мен инженерлер, жапондықтардың еңбекке деген ынтасы, тәртіптілігі ел экономикасын дамытудың қайнар көзі болды. Бұған қосымша 1950— 1953 жылдары Кореядағы соғысқа тікелей қатысқан өндіріс салалары АҚШ-тың әскери тапсырысын орындау арқылы тез қарқын алды. Сол жылдардың өзінде-ақ ел экономикасы соғысқа дейінгі деңгейге көтеріліп, келесі жылдары орасан зор жетістіктерге жетті. 1950—1960 жылдардағы ғылыми-техникалық револю- ция нәтижелерін жапондықтар өте ұқыпты пайдаланды. Басқа елдерде ашылған не жасалған жаңалықтарды шұ- ғыл іске қосу, өте қажетті өнімдерді шығару, сапасына мән беру, шикізатты, электр қуатын, жұмыс уақытын үнемдеу және ұтымды пайдалану, кешегіні — бүгін, бүгінгіні ертең жаңарту, жұмысшылар мен қожайындар арақатынасын сенімділікке негіздеу және т.б. әдістер кеңінен қолда- нылды. Жұмысшылар мен инженер-техниктерді оқытуға, сапалы жұмыс атқаруға жағдай жасауға мән берілді. Со- нымен бірге жапон жұмысшыларының жалақысы басқа дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен бол- ды. Тағы да айта кететін мәселе — үкімет өндіріс дамуына тікелей қатысып, концерндерге қаржы бөлді, жеңілдіктер жасады, шетел рыноктарында жапон өнімдерінің өтуі- не жәрдемдесті әлеуметтік қайшылықтарды реттеуге қатысты. 1997 жылы қаржы дағдарысы мен мұнай бағасының күрт өсуі елдің экономикасына айтарлықтай қиыншылық әкелді. Соған қарамастан Жапония алдыңғы шепте келеді. Жапонияның саяси жағдайы. 1954 жылы либерал- дар мен демократтар бірігіп либерал-демократиялық партия (ЛДП) құрды. 1993 жылдың ортасына дейін үкіметті осы партия басқарып келді. Одан басқа 4 пар- тия — социалистік, коммунистік, демократиялық со- * 1 тё — 1 га-ға шамалас 147 циализм және Комэйто (таза саясат партиясы) қызмет атқарды. 80-жылдардың соңында ЛДП арасынан бірнеше топтар құрылып, жаңа саяси партиялар (“Жаңа көкжиек”, “Жапон демократиялық партиясы”, т.б.) қалыптасты. 1993 жылы көктемде болған парламент сайлауында ЛДП жеңгенімен, басты орын басқа партияларға тиді. Солар бірігіп, коалициялық үкімет құрды (Компартия оны қолдады, бірақ үкімет қатарына енбеді). Әуелі үкімет ба- сында “Жаңа көкжиек” партиясының өкілі М. Хосакава болды. 1996 жылдың қаңтарына дейін премьер-министр Т. Мурояма (СДП), содан соң Р. Хасимото (ЛДП) болды. Сол жылы тамыздағы парламент сайлауында ЛДП 500 орынның 207-сін жеңіп алып, өзі бастаған коалициялық үкімет құрды. Оған СДП, жаңа партия Сакигаке (баста- ма) кірді. 1998 жылғы 31 желтоқсанда премьер-министр болып Дз. О б у т и (ЛДП) сайланды. Обутидің орнын кейіннен Е. М о р и басты (2000 ж., көктем). Социалистер (қазіргі СДП) қатты күйзеліске ұшырап, компартия әлсі- рей бастады. Комэйто “Жаңа көкжиек” партиясын құрып, өзі тарап кетті. Сөйтіп, елдің саяси өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды. Е. Мори үкімет басында бір жылдан астам болған. ЛДП-ның ішкі тартыстары 2001 жылы сәуірде Дзъюнтиро Коидзуми жеңісімен аяқталып, ол үкіметті Комэйто және консервативті партияларымен құрастырды. 2003 жылы қарашадағы парламент сайлауында ЛДП қайтадан жеңіп шығып, Комэйтомен бірге коалиция үкіметін басқарды. Ол билік еткен тұста саясаткерлер арасындағы жемқорлықты шектеп, билеуші партия қатарындағы сыбайластықты тыюға қол жеткізілді. 2005 жылы Пар- ламент оның мүлкі 3 млрд долларға бағаланып отырған елдегі пошта желісін жекешелендіру идеясымен келіспеді. Бұған қарсы дауыс бергендердің арасында ЛДП-дан 40 депутат болған. Коидзуми осыдан кейін парламентті таратып, жаңа сайлау өткізді және одан жеңіске жетіп үкімет басына қайта келіп отырды. 2001—2006 жылдары елдің қарулы күштерін бітімгер- лік операцияларға қатыстыру мақсатында өзге елдерге шығаруға мүмкіндік беретін бірқатар заңдар қабылданды. 148 2006 жылы қыркүйекте Коидзуми қызметтен кетіп, ор- нына келген С.Абэ алғаш рет үкімет құрамында Қорғаныс министрлігін жасақтады. Бірақ премьерлік қызметте Абэ ұзақ отырмады. Келесі жылы жазда парламенттің жоғарғы палатасына үміткер ЛДП сайлауда жеңіліп, Абэнің орнына Ясуо Фукудо тағайындалды. Оның да билігі көпке созыл- мады. Таластан соң Таро Асо алға шығып премьер болды. Сол кезде ЛДП басшылықтары арақатынастарында жікшілдік ұлғайды. Жұрт ішінде олардың билікке тала- суы, өкімет орны үшін саудаласуы, топтасып ел мәселесін өз пайдаларына қарай шешулері үлкен наразылық ту- ғызды. Экономика қарқыны да баяулап, жылдық өсім 2,5%-ға дейін қысқартылған. Демографиясы нашарлап кетті. Сайлаушылар арасында жаңа саяси топтарға үміт арту ұлғайды. Соның көрінісі 2009 жылғы парламент сайла- уында ашық байқалды. Көптеген дауысқа ие болып оппо- зицияда жүрген Демократиялық партия жеңіске жетті. Оның жетекшілігінде де тұрақсыздық орын алды. Юкио Хатояма бір жыл (2000—2009 жж.), Наото Кан бiр жыл өкiмет басында отырды. Ал 2011 жылы жазда бұл орынды ДП кезекті жетекшісі Ёсикихо Нода иеленді. Ол үкіметті бес айдан соң толық жаңартып, келесі жылы маусымда тағы өзгертті. 2012 жылдың соңында билікке ЛДП келіп, үкіметті С. Абэ басқарды. Сыртқы саясаты. 1951 жылғы қыркүйекте Сан-Фран- циско қаласында бітімге қол қойылған соң ғана, Жапония басқа елдермен қарым-қатынас жасауға ерікті болды. АҚШ әкімшілігі Жапонияның премьер-министрі С. Ёсидомен қауіпсіздік шартына уағдаласып, амери- ка әскерлерін, әскери базаларын жапон аралдарында орналастыруға мүмкіндік алды. Жапония жақын жерде жүріп жатқан Кореядағы қантөгіс соғысты сылтауратып, алдында полиция корпусы, кейін ұлттық қауіпсіздік корпусы аталған әскери күштерін құрастыра бастады. “Елді қайта милитаризациялау және АҚШ — Жапон шартындағы америка жауынгері жапон сотына берілмей- ді” деген сияқты тармақтар қоғам арасында наразылық тудырды. 1960 жылы Жапония мен АҚШ өзара ынтымақ- 149 тасу және қауіпсіздік кепілі туралы жаңа шартқа келіс- ті. Енді қылмыс жасаған АҚШ жауынгері жапон сотына берілетін болды. Осы шарт әр 10 жылда жаңартылып, осы күнге дейін сақталып келеді. 1954 жылы үкімет басына демократиялық партия жетекшісі И. Хатояма келіп, КСРО-мен қатынастарды реттеуге ыңғай білдірді. Н. С. Хрущев бастаған жаңа бас- шылар да осындай пікірде болды. 1956 жылы 19 қазанда КСРО мен Жапония арасындағы араздықты тоқтату және дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы Декларацияға қол қойды. Алайда бітім туралы мәселе шешілмей қалды. Оған жер дауы кедергі жасап келеді. Жапония мен Қытайдың арақатынасы 1972 жылы қыркүйекте реттеліп, 1978 жылы бітімге қол қойылды. Сэнаку аралына қатысты жер дауы екі ел арасында қайшылық туғызуда. Қазіргі Жапония жоғары дамыған елдердің алғы ше- бінде. Ол 7 ірі және бай Батыс елдері құрған топта мүше; Азия-Тынықмұхит аймағындағы ықпал етуші үрдістерге дем беруші мемлекеттердің бірі. Жапонияда 2011 жылы наурызда өте күшті жер сіл- кінісі болды. Оның әсерінен туған теңіз толқындары (цунами) Хонсю аралының солтүстік-шығыс ауданда- рын талқандады. Жағалауға жақын жерде орналасқан Фукусима атом-электр стансысы қиратылып, радиация тұрғындарға, мұхит суына зиянын тигізді. 16 мыңнан астам адам қырылып, елдің ЖІӨ 2,5—3%-ға төмендеп кетті. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Басқыншылық кезіндегі Жапониядағы өзгерістер туралы әңгіме­ леңдер. 2. КСРО мен Жапония арасындағы бейбіт келісімшартқа дайындық қалай жүрді және КСРО 1951 жылы бұл келісімшартқа неге қол қоймады? 3. Жапонияның 1950—1960 және 1970—1990 жылдардағы сыртқы саясаты туралы әңгімелеңдер. 4. Елдің саяси-экономикалық жағдайын қарастырыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет