Xvii-xix ғасырларда Еуропада өнеркәсіп революциясы басталды. Оған негіз болған капиталистік қатынастар осы кезеңдерде Еуропа құрлығынан тыс аймақтарға да таралды


Тақырып 2.13.70-90 жж. халықаралық жағдай. ЕҚЫҰ



бет25/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,84 Kb.
#22902
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Тақырып 2.13.70-90 жж. халықаралық жағдай. ЕҚЫҰ.

1970—1980 жылдардағы халықаралық қатынастар­ дың дамуы және аймақтық жанжалдардың өршуі. Еуропа үлгісінің басқа құрлықтарға тигізген әсері шамалы еді. Азия, Африка, Латын Америкасында жанжалдар ұлғая берді. АҚШ пен КСРО арақатынасы қайтадан нашарлады. Шығыс Еуропа елдеріне орта қашықтықтағы зымыран- дарын орналастыру арқылы КСРО-ның Еуропа халықта- рын үрейлендіру әрекеті НАТО-ның қарсылығын туғыз- ды. Америка Еуропаға қанатты зымырандарын орна- ластыруға кірісті. Олар КСРО қалаларына радар қабылдай алмайтын төмендікте 5—7 мин-та ұшып жетіп, қирата ала- тын еді. Содан сескенген Мәскеу Вашингтонмен келісімге келіп, екі жақ та қаруды қысқартуға кірісті. Бірақ АҚШ пен КСРО шиеленісі мұнымен аяқталмады. КСРО Африкадағы оқиғаларға килігіп, Сомали-Эфио- пия соғысына араласты. Анголадағы азамат соғысына әскери кеңесшілерін жіберді. Таяу Шығыста Египетпен, Сириямен, Иракпен достасқан болып, оларға түрлі соғыс жабдықтарын, әскери техника және қару-жарақ сатты. Египетке мыңдаған кеңестік әскери кеңесшілер барды. 1973 жылы қазанда Египет Израильге қарсы соғыс бастап, алғашқыда үлкен жеңіске жеткенімен, кейін сәтсіздікке ұшырады. Бауырлас елді жақтаған мұнайға бай араб елдері Батыс елдеріне мұнай сатпау туралы шешім қабылдады. Бұл дүниежүзілік энергетикалық дағдарыс туғызды. Со- дан соң Египет те, АҚШ-та Таяу Шығыс жанжалын шешу мақсатында бейбіт жолдар іздестірді. 1977—1979 жылда- ры Египет — Израиль — АҚШ Кэмп-Дэвид келісіміне қол қойып, жауласқан екі ел татуласты. Оны КСРО мен араб елдері мойындамады. Израиль алған бетінен қайтпай, Палестина арабтары- ның тағдырын әділ шешуге көнбеді. Палестина күрескер- лері 1970 жылы Иорданиядан Ливанға ауысты. Бұл елде 1975 жылы азамат соғысы басталып, оған Сирия 30 мың әскер жіберді. 80-жылдардың басында Ливан оқиғалары 191 әлемді алаңдатты. Оңшыл күштерді сақтау үшін АҚШ пен Израиль 1982 жылы Ливанға әскер енгізіп, Палестинаны азат ету ұйымы (ПАЕҰ) бұл елден де кетуге мәжбүр бол- ды. Содан бері Ливанның оңтүстік аудандары Тель-Авив бақылауында қалып, тек 2000 жылы қайтарылды. 1980 жылы күзде Ирак жетекшісі С. Хусейн Иранға шабуыл жасады. Оның мақсаты қарулы күштері әлсіре- ген елден жер тартып алу еді. Соғыс 8 жылға созылып, екі елдің де халқын титықтатты. Бұл соғыс аяқталысымен, Ирак өзіне көмектескен Кувейтке тиісіп, оны басып алды (1990 ж., тамыз). Бұл зұлымдыққа дүниежүзі елдері қарсы болды. БҰҰ Бас ассамблеясының қарарларын мойындаудан бас тартқан Иракты АҚШ бастаған көп елдер армиясы Кувейт жері- нен күшпен шығарды (1991 ж., қаңтар). Батыс оны- мен тынбай, ядролық, химиялық, бактериологиялық қару шығару мүмкіншілігін құрту мақсатымен Иракты бақылауға алды. 1998 жылдың соңында АҚШ “Шөл дала түлкісі” атты әскери операциясын жүзеге асырып, Иракқа тағы шабуыл жасады. Бойкот жарияланған ел халқы күйзеліске ұшырап, азап шекті. 70-жылдары Камбоджа мәселесі дүниежүзін алаңдат- ты. Бұл елде бірнеше төңкерістер болып, 1975 жылы Қы- зыл кхмерлер (қытай үлгісіндегі коммунистер) билікке жетіп, өз халқының үштен бірін қырып тастады. Оған қарсы Вьетнам әскер жіберіп, Камбоджада азамат соғы- сының өрті тұтанды. Бұл жанжал 90-жылдардың ортасын- да көршілес елдердің қатысуымен реттелді. 80-жылдары Ауғанстандағы оқиғалар халықаралық дағдарысты өте қатты өршітті. Бұл елде 1978 жылы сәуірде Халықтық-демократиялық партия төңкеріс жасап, билік- ті жеңіп алды. Ол бірден социалистік құрылысқа көшіп, КСРО-ға арқа сүйеді. Бірақ халық оны қолдамай, елді көтерілістер жайлады. Келесі жылы төңкеріс жетекшілері Таракиді өлтіріп, елді Х.Амин басқарды. Оған сенімсіздік білдірген Кеңес Одағы арнайы қарулы жасақ жұмсау арқылы Аминді құлатып, өздеріне қолайлы Б.Кармальді билікке әкелді және оған көмек ретінде әскер жіберді. Халықаралық қатынастарға әсер еткен жанжалдар (Англия — Аргентина соғысы, Ливия — Чад, Марокко — 192 Алжир қақтығыстары, Оңтүстік Африкадағы Намибия мәселесі, т.б.) 1980—1990 жылдары шешімін тапты. Ядролық қаруды шектеу және қарусыздану мәселесі. “Қырғиқабақ соғыстың” аяқталуы. 70-жылдары қол қойылған ірі шарттар (ОСВ-I, зымырандарға қарсы қару- ларды шектеу, т.б.) соғыс құралдарын біршама азайтуға және шектеуге қол жеткізді. 1980—1990 жылдары оған тағы бірнеше АҚШ—КСРО және т.б. халықаралық келі- сімдер қосылды. 1987 жылғы қарашада Р. Рейган мен М. С. Горбачев шарт жасасып, орта және шағын қашық- тықтағы зымырандарды жоюға кірісті. 1989 жылы Венада қол қойылған шартқа орай Еуропадағы қарапайым қару- лар қысқартылды. КСРО тараған соң АҚШ пен Ресей стратегиялық қару- ларды шектеу туралы келісімге қол қойды. Қазір ядролық қаруларды қысқарту, таратпау, сы- натпау, жою мәселесі бірінші орында тұр. 90-жыл- дары ядролық сынақтарды тоқтату үшін халықтар арасындағы қозғалыс ұлғая түскен. Оған қазақ халқы да өз үлесін қосқаны белгілі. Өйткені 1949—1989 жылдары Қазақстанда 498 рет ядролық сынақ жарылысы болған (КСРО-да 715), оның 456-сы тек Семей полигонында өткен. 1991 жылы тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы үкім шығарды. Бұдан кейін Ресей, АҚШ, Англия, ал 1996 жылы Франция және Қытай сынақтарын тоқтатты. Ядролық қаруды таратпау туралы келісім 1986 жылы жасалды. Бірақ оған қосылмай жүрген Израиль, Үндістан, Пәкстан елдері ядролық қаруға ие болды. Дүниежүзі елдерін үрейлендірген “қырғиқабақ со- ғыс” 90-жылдардың басында аяқталды. Варшава тобы таратылды, социалистік лагерь ыдырап кетті. КСРО 1991 жылы тарап, ТМД құрылды. Бұрынғы екі полюстік әлемнің орнына АҚШ жетекшілік еткен бір ғана полюстік жағдай қалыптасты. Ресей қарапайым ірі мемлекет- тер қатарында қалды. Экономикасы жедел дамып келе жатқан Қытай 1971—1972 жылдары АҚШ-пен, Жапо- ниямен, 1980—1990 жылдары Ресеймен арақатынасын ретке келтіріп алды. Қазақстан Республикасымен де қалыпты қатынас жасауда. 193 ХХI ғасырға ұмтылыс және халықаралық қаты­ настардың дамуы. “Қырғиқабақ соғыс” аяқталып, КСРО сияқты империя ыдыраған кезде көпжылдық тыныштық заман орнайды деген үміт ақталмады. 90-жылдар мен ХХI ғасырдың бас кезінде аймақтық жанжалдардың көбеюі салдарынан миллиондаған адам қырғынға ұшы- рады. Бұған ертеректе басталған Таяу Шығыс, Ауғанстан мәселелеріне Югославия, Кавказ, Орта Азия, Парсы шығанағы, т.б. қосылды. Африкадағы жағдай нашарла- ды, өйткені онда Эфиопия-Эритрея соғысы, азаматтық соғыстар Анголада, Мозамбикте, Конгода, Либерияда, Суданда өрши түсті. Кавказ, Орта Азия, Днестр маңы аймақтары ірі қарулы қақтығыстар ошағына айналды. Сондай-ақ олардың қатарына Таулы Қарабақ үшін Әзірбайжан мен Армения араларындағы соғыс, Грузиядағы Абхазия, Оңтүстік Осетия және Аджария мәселесі, Молдавиядағы Шығыс Днестр маңы тартысы, т.б. жанжалдар халықаралық жағдайды шиеленістіре түсті. Тәжікстандағы азаматтық соғыс маңайындағы елдерге қауіп төндірді. Өзбекстанда, Қырғызстанда исламшыл топтар жанданып, ескі тәртіпті орнатпақ болды. Ресей Шешенстанға қарсы соғыс ашып, оның тәуелсіздікке деген ұмтылысын тұншықтыруға әрекеттенді. Бірінші соғыс (1994—1996 жж.) Хасавюрт келісімімен аяқталып, Шешенстан өз тағдырын рефе- рендум арқылы шеше алатындай дәрежеге жетті. Бірақ 1999 жылы Ш. Басаев пен Хаттаб (араб азаматы) Дағыстан- ға жорық жасап, онда да исламшыл тәртіп орнатпақ болды. Осы кезде Ресей екінші рет соғыс ашып, шешен халқын оқ астына алды. Он мыңдаған адам құрбан болды. 2008 жылы Косовоның тәуелсіздік жариялауын Ре- сей, Қытай, Үндістан қолдамады. Кавказ аймағындағы шиеленіс көп жылдар бойы басылмауда. Ресей мен Грузия, Ресей мен Украина қатынастары да сыр білдіріп отыр. Ал 2008 жылы тамызда Ресей Грузияға қарсы соғыс бастап, оның аумағына әскерлер енгізді. Сол оқиғадан соң Абхазия мен Оңтүстік Осетия тәуелсіздіктерін жариялады, бірақ оны Ресейден тыс тек Латын Америкасындағы Венесуэла мен Никарагуа қолдады. НАТО-ның Шығыс Еуропа елде- рін қосып ұлғаюы, АҚШ-тың Чехия мен Польша жерінде 194 радиолокациялық станция салу жоспары, Ресейдің қара- пайым қаруларды қысқарту туралы шарттан шығуы, Солтүстік Кореяның, Иранның ядролық бағдарламала- ры, әскери шығындардың ұлғая түсуі — халықаралық жағдайды шиеленістіріп тұр. ХХI ғасырдағы кең өріс алып отырған басты қауіп халықаралық лаңкестік. ХIХ ғасырда лаңкестікті қару ретінде саяси күресте жиі қолданылған, ал ХХ ғасырда оны жеке топ емес, жекелеген мемлекеттер сыртқы елдердегі жауларын құрту үшін қолданатын болды. 2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған лаң- кестік әрекеттен соң БҰҰ мен аймақтық ұйымдар лаңкес- терге қарсы бірігіп күрес жүргізуге келісті. АҚШ-тың лаңкестікке және жаппай қырып-жоятын қарулардың таратылуына қарсы тұру саясатын желеу етіп, басқа елдердің ішкі істеріне араласатындығы көптеген елдердің наразылығын тудырды. Айталық, Югославия президенті С. Милошевич Босния мен Герцеговина мұсылмандарын қырған кезде АҚШ бастаған НАТО оны әскери күшпен тізе бүктірді. Оған Ресей, Қытай қатты наразылық білдірді. 2003 жылы АҚШ пен Англия Иракқа қарсы соғыс ашып, өз халқын зар қақсатқан С. Хусейнді биліктен кетірді. АҚШ-тың осы саясатына Франция мен Германия, Ресей мен Қытай қарсы болды. Ал келесі жылы осы мемлекет- тер БҰҰ-ның Ирак мәселесіне қатысуын көздеп, АҚШ-қа қолдау көрсете бастады. Қазір қуат мәселесі, қуаттық қауіпсіздік әлемді алаң- датуда. Қуатсыз даму жоқ. Оның ең ұтымды қайнар көзі мұнай мен газ болғандықтан, солардың табиғи қорларын иеленуге, болмаса бақылауға әрбір ел құштар. Аса ірі мем- лекеттер өздерінің ұлттық келешегін мұнайға бай аймақ Таяу және Орта Шығысты (кейінгі кезде оған Орталық Азияны да қосатын болды) өз ықпалында ұстаумен тікелей байланыстырып отыр. Ол үшін халықаралық қатынастар- да түрлі әдіс-амалдар қолдануда — келісімдер, одақтасу, экономикалық, әскери көмек беру, күш қолдану, т.б. Дамуы жеделдей түскен Қытай, Үндістан, Бразилия сияқты елдердің мұнай мен газға сұранысы артуынан бірден “қара алтынның” бағасы көкке көтерілді. 70-жыл- дардың басында шикі мұнайдың баррелі 2,9 доллар еді. 195 Египет-Израиль соғысы (1973 ж., қазан) және мұнай экспорттайтын араб елдерінің батыс елдеріне мұнайды сатпау туралы шешімдері әлемдік энергетикалық дағ- дарысты туғызып, көптеген қиыншылық әкелді. Содан бастап мұнай бағасы 11,65 доллардан 40-қа дейін жеткен. 80-жылдары ол көрсеткіш 13—34 доллар арасында болды. Қазіргі заманда аймақтық және дүниежүзілік ық- палдастық және жаһандану процесі үдей түсуде. Ол шаруа- шылық, саяси-әлеуметтік салаларын байланыстырып, елдердің жақындасуын көздейді. Сонымен қатар көпұлтты мемлекеттер ыдырап, ұлттық мемлекеттер құрылуда. Осы екі заңды құбылыс ХХI ғасырда да өздеріне тән ха- лықаралық қатынастар тудырмақ. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Халықаралық шиеленістердің себептері неге байланысты болды? 2. Еуропада қандай өзгерістер орын алды? 3. Қаруларды қысқарту туралы қандай келісімдер жасалды? 4. “Қырғиқабақ соғыстың” аяқталуына қандай себептер көмектесті? 5. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарда қандай процестер байқалуда? 6. Жаһандану процесін қалай түсінесіңдер? §



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет