1676 жылы Бэконның басшылығымен еркін жер иелену жəне əділетсіз салық жүйесін жоюды талап еткен Виргинии фермерлерінің көтерілісі 1689 жылы 98 жер жəне сауда аристократиясына қарсы Нью-Йорктегі Дж.Лейслер басшылығымен көтеріліс болды. Отар мен метрополия арасындағы қайшылықтар аграрлы мəселелермен қатар, сауда-экономикалық мəселелерге қатысты да пайда болды. Ағылшын буржуазиясы отарды шикізат көзі ретінде жəне өнеркəсіп тауарларының өтімділігі үшін нарық ретінде қарастырды. Меркантилизм доктринасына сəйкес отарға əкелінетін ағылшын тауарларының ақша құны шығаратын шикізат құнынан асып кетті. Бірақта солтүстік пен оңтүстік отарлары капиталистік даму жолы бойынша яғни метрополияның өзі сияқты дамыды, американ буржуазиялық кəсіпкерлері кеме жасау, темір жасап шығаратын өнеркəсіптерде, ағылшын буржуазиясымен бақталастыққа түсе алды. Англия отарлардың экономикалық дамуынан қорқып, Америкадағы өнеркəсіптің жəне сауданың дамуын тежеуге тырысып бақты. ХVІІІ ғасырдың ортасында он үш американ отарының саяси ұйымдасуында көптеген ортақтық болды. Король көп отарда губернаторлар тағайындады, олардың қолында атқару, сот жəне жоғары заң шығару билігі болды. Отар ассамблеясы кеңестерден тұрды (жоғары палата), оның мүшелерін губернатор ақсүйектерден тағайындады. Сайланушыларға мүліктік ценза енгізілді, сайлау ашық түрде жүргізілді.