Англия үкіметінің жаңа герб салығын енгізуі наразылық туғыза бастады. 1763 жылы ағылшын королі жаңа Батыс жерлерін жаулап алуға тыйым салды. Солтүстік Америка мен Англия арасында шиеленісті күрес басталды. 1765 жылы алғашқы революциялық ұйымдар «Еркіндік ұлдары» құрыла бастады. 1767 жылы парламент Тауншенда заңдарын қабылдады. Заң бойынша Англиядан əкелінетін бірқатар тауарларға жаңа салықтар салынған. 1768 жылы Бостонға əскер кіргізілді. 1770 жылы 5 наурызда Бостон көтерілісі болды, ағылшын солдаттары халыққа оқ жаудырды. 60-70 жылдардың басында фермерлік қозғалыстар да кең етек алды. Олар Оңтүстік жəне Солтүстік Каролинде, Нью-Йоркте болды. 1773-1775 жылдар революцияның қалыптасып келе жатқан жылдары еді. Метрополия өзінің провинциядағы бақылауын жоғалта бастады. Отаршылдардың қысымымен таушенд заңын жойса да, ағылшындар отарлардың келісімінсіз салынған салықтарды төлету əрекетін қоймады. Осы мақсатпен «шай заңы» қабылданды. Ост-Үнді компаниясының отарларға əкелетін шайына салық салынды, яғни отарлардың өзін-өзі басқару органдарынан парламенттік биліктің үстемдігін көрсеткен əрекет еді. Бұл заң отарларда тағы да наразылық туғызды. 1773 жылы желтоқсанда «Бостон шайы көтерілісі» болды. Шайларды суға тастады, Британ өкіметі репрессиямен жауап берді. Бостон порты жабылды. 1774 жылы қыркүйек айында Филадельфияда алғашқы конгреске жиналады. Отарлар бірінші рет ағылшындарға өз талаптарын қояды.