1775 жылы 13 ағылшын отарында тұрғылықты халық үнділер 2,5 млн адам болды, оның ішінде 500 мың негр құлдар болды. ХVІІІ ғасырдың ортасында аумақтың, тілдің, экономикалық өмірдің ортақтығы отарлардың шаруашылық мүдделері жаңа буржуазия ұлтының құрылуына əкелді. Отарлар арасында сауда байланыстары дамыды. Солтүстік отардан оңтүстікке астық, балық жəне өнеркəсіп бұйымдары əкелінді. Бірыңғай ішкі нарық құрылды. Сонымен қатар өзіне тəн ұлттық мəдениетте қалыптасты. Оның негізін əрине ең алдымен ағылшын мəдениеті қалады, ал ХVІІІ ғасырдың ортасында американдықтардың төл мəдениетінің белгілері де пайда бола бастады.