Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы



бет5/23
Дата27.09.2023
өлшемі96,84 Kb.
#111205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
annotation11178

Болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі ұстанымы Гегельдің теориялық жүйесіндегі басты ұстаным. Оның мәні мынада: «логикалық тарихилықтың алғышарты» болып табылады. Басқаша айтқанда, тарихи процестің мәнін ол процесс өзінің барлық даму сатыларынан өтіп, дамудың жоғары шегіне жеткен кезде ғана ұғуға болады. Тарихи процесс өзінің дамуының ең жоғары шегіне жеткенде ғана мәнділігін танытады. Оның даму логикасы идеясына, өзін-өзі іске асыру үшін орындалатын тарихи процеске байланысты. Демек, логиканың заңдары табиғат пен тарихи процеске тән болып келеді. Сол себепті Гегель әлемдегі процестердің барлығы ақылға сыйымды, логикасы бар және төменнен жоғары қарай дамиды деді: «Дүниедегі ақылға сыйымды, ақылға қонымды нәрсенің барлығы ерте ме, кеш пе шындыққа айналады».
«Логика ғылымы» еңбегінде Гегель идеалистік диалектиканың негізгі үш заңын, «болмыс», «мәнсіздік», «сапа», «өлшем», «мәнділік», «тепе-теңдік», «айырмашылық», «қайшылық», «қажеттілік пен кездейсоқтық», «мүмкіндік пен шындық» ұғымдарын (категорияларын) қарастырады. Категориялардың дамуын түсіндіре отырып, олардың бірінен-бірі туындайтынын, бірімен-бірі байланысты болатынын және олар танымның мәні мен болмысқа тән жалпы байланыстарды білдіреді дейді. Гегельше ұғымдар ақиқаттың және «ойды анықтаудың» негізі, ал табиғат одан төмен, органикалық әлем, «абсолюттік идеяның» «соңғы» нәтижесі (басқа болмысқа ие болуы, өзін-өзі жоққа шығаруы). Табиғаттағының барлығы рухани әлемдегі идеялардың туындысы, оның объективті көрінісі болып табылады.
«Рух феноменологиясы» еңбегінде Гегель сананы объективтік идеализм тұрғысынан түсіндіреді. Оның ойынша, сана «өзін-өзі санамен ұғатын ақиқат, егер адам ақиқатты санамен танығысы келсе – өзін танығысы келетін идеяға жақын болуы керек». «Логика ғылымында» Гегель Абсолюттік идеяны «ойдың анықтауышы» және әлемді өзінің түсінігімен құратын күш деп түсіндіреді. «Табиғат философиясы» еңбегінде осы тұжырымдаманы дамыта келіп, табиғат болмысындағы «заттарды бір-бірінен ажырату» қалай жүзеге асатынын көрсетеді. Абсолюттік идеяның келесі өзін-өзі іске асыру әрі тану сатысы– ұғымдарды санамен ұғудың субъективті (адамның психикасы) және объективті (қоғам, тарих) алғышарттары «Рух философиясы» еңбегінде қарастырылады.
Осылайша, «абсолюттік идеяға» тірек болатын процесс деп табиғатты емес, адамзаттың рухани дамуын, яғни қоғамдық сана формаларының (өнер мен дін және философия) дамуын айтты. Ол үшін философия өзін-өзі дамытқан «абсолюттік идеяның» (логиканың) ең жоғары үлгісі болып табылады. Сол себепті де Гегель философия тарихын «абсолюттік рухтың» өзін-өзі тану тарихы деп атайды. Ол үшін философиялық білім абсолютті сипатқа ие. Абсолюттік идеяның өзін-өзі тану процесі нақ осы сатыда шегіне жетеді, сол сияқты философия да осы тұста аяқталады деп тұжырымдайды Гегель.
В. Соловьевтің ойынша, Гегель үшін «Құдай дегеніміздің өзі философиялық ақыл, ол тек жетілген философияның арқасында ғана өзіне тән абсолюттік кемелділікке ие болады». Бұл көзқарастың негізі бар, себебі Гегель өзінің ілімімен «философияның дамуы аяқталатынына» сенді. Өйткені Гегель абсолюттік Рухтың пайда болуы мен дамуын, өзін-өзі тануын түсіндіріп берген болатын. Гегельдің философиясына сүйенетін болсақ, Идея Рухтың өзін-өзі дамытуының ең соңғы шегі. Сондықтан осы сатыда ол өзін-өзі танып, өзін-өзі тану процесін аяқтайды, сөйтіп, өзінің рухани «бастауына» қайта оралады. Абсолюттік идеяның өзін-өзі дамытуының осы сатысында «тікелей қатынасқа түсетін» әлем адамзаттық рух (ойлау) деңгейінде, яғни өнер мен діннің, философияның көзқарастары тоғысында ұғынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет