Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы


«Материализм мен эмпириокритицизм»



бет9/23
Дата27.09.2023
өлшемі96,84 Kb.
#111205
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
annotation11178

«Материализм мен эмпириокритицизм» еңбегінде Ленин жаңа жаратылыстанудың жетістіктеріне диалектикалық-материалистік материализм тұрғысынан философиялық талдау жасайды. Таным теориясын дамыта келіп, барлық материяға ортақ – бейнелеу қасиеті туралы мәселені көтереді, материяның анықтамасын береді. Ақиқат туралы ілімін жасай отырып, Ленин абсолюттік ақиқат пен салыстырмалы ақиқаттың диалектикалық байланысын, таным барысындағы ақиқаттың басты өлшемі ретіндегі практиканың рөлін көрсетеді.
Ленин материяны философиялық ұғым ретінде әр қырынан түсіндіреді. Ең алдымен, философияның негізгі мәселесін диалектикалық-материалистік тұрғыдан шешудегі маңызы мен байланысын көрсетеді. Материяны антикалық дәуірден бері зат деп сипаттау қалыптасқан. Бірақ Ленин оны теріске шығарады, оның ойынша, материя «объективтік шындықты білдіретін философиялық категория» болып табылады. Материяның философиялық анықтамасын бере отырып, Ленин «оны бір формаға немесе түрге бөлуге» болмайтындығын айтады. Материя мен сананың және олардың диалектикалық байланысын көрсетіп, объективті дүниені тануға болатынын көрсетеді. Позитивизмнің екінші формасын ұсынушы өкілдерге сын айтып, нәтижесінде мынадай тұжырымдар жасайды:
- заттар бізден және біздің санамыздан тыс объективті өмір сүреді;
- «танылмайтын заттар» мен «құбылыстардың» арасында ешқандай шек жоқ, тек танылған нәрсе мен танылмаған нәрсенің арасындағы айырмашылық бар;
- таным теориясында диалектикалық пайымдауға сүйенген дұрыс.
«Жауынгер материализмінің мәні туралы» деп аталатын еңбегінде Ленин «философиялық идеализммен және фидеизммен күресу үшін философ-коммунистер мен басқа материалистердің арасында тығыз байланыс орнату» қажет деп көрсетті. Оның ойынша, философия мен жаратылыстанудың одағын бекітіп, диалектиканы танымның логикасы мен теориясы ретінде дамыту керек.
Төртінші кезең маркстік философияның жүйеленуімен, КСРО-да одан әрі дамуымен байланысты. Маркстік философия КСРО-ның ресми идеологиясы ретінде белгіленіп, апологетикалық сипатқа ие болды. Марксизмнің негізінде құрылған Кеңестік философия өзінің бастауын Қазан революциясынан алады. Алайда оны адамдардың санасына жаппай енгізу 1922 жылы ғана мүмкін болды. Бұл кезде орыстың діни және идеалистік философиясының көрнекті өкілдері халықтан аластатылған болатын. Олардың өз еңбектерін жариялауға құқықтары болмады, ал көпшілігі лагерьлерге қамалды немесе адамға лық толы «философиялық кемелермен» шетелге кетуге мәжбүр болды.
ХХ ғасырдың 20-30-жылдары кеңес зерттеушілері маркстік философияны терең әрі жүйелі түрде зерттей бастады. Энгельстің «Табиғат диалектикасы» еңбегінің жариялануы механистік материализм (механицистер) мен идеалистік диалектика өкілдерінің (дебориндіктер) арасында дау-дамай туғызды. Бұл еңбекте диалектикалық материализм жүйеленіп берілген болатын. Алдымен механицистер, сосын дебориндіктер Сталиннің қатал талқысына ұшырағаннан кейін, маркстік философия ұзақ уақыт шығармашылық тоқырауды басынан кешті. Осы тоқыраудың салдарынан «дәйектілік» орын алып, ілімді ашық түрде бұрмалау, догмалау басталды. ХХ ғасырдың 40-жылдарының соңында философиялық ортада біраз қозғалыс байқалды, сол кездегі батыстың философиялық ілімдерін түсінуге және жаратылыстанудың философиялық мәселелерін анықтауға деген талпыныс пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет