Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы



бет4/23
Дата27.09.2023
өлшемі96,84 Kb.
#111205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
annotation11178

Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831 жж.) өзінің зерттеулерінде философия ілімінің барлық саласында – диалектика, логика, гносеология, тарих пен құқық, тарих философиясы салаларында қалам тербеп, өзінің пайымдауларын жасады. Ең бастысы – диалектиканы дүниедегі барлық мәнді нәрсенің даму теориясы және объективтік шындықты философиялық танудың әдісі ретінде қарастырды. Гегельдің философиялық жүйесін объективті диалектикалық идеализм жүйесі деп те атайды.
Гегельдің Канттың философиялық ілімі мен танымындағы агностицизмді сынауы философия тарихы үшін өте маңызды. Гегельдің ойынша, дамуды тануға және оған жетуге деген талпыныс әлемнің дамуына қозғау салады. Дүниедегі барлық нәрсенің негізінде «ұғым» бар. Ол ұғым – болашақта болуы мүмкін заттардың бейнесі, яғни рухани қалыптасатын абсолюттік нәрсе. «Абсолюттік рух» дегеніміздің өзі дамитын таным. Гегельдің көзқарасы бойынша, танымды зерттеудің өзі таным процесі барысында жүзеге асады. Сол себепті де Канттың «мән» (сущность) мен «құбылысты» (явление) қарама-қарсы қарастырған субъективтік ойларына сын айтады.
«Логика ғылымында» Гегель мәннің (сущность) «құбылатынын», ал құбылыстың «мәнділігін» көрсетті. Олардың арасында ешқандай шек жоқ. Канттың «жасырын дүниені» тану мүмкін еместігін жоққа шығара отырып, Гегель танылмайтын дүние жоқ дегенді айтады. Ол Фихтенің философиясына (ғылыми іліміне) да үзілді-кесілді қарсы шықты: табиғат пен қоғам адамзаттың «Мен»-інен (өзіндік санасынан) тұрмайды, сол сияқты «Мен» де табиғат пен адамзатты білдірмейді.
Канттың агностицизмі мен Фихтенің субъективтік идеализмін сынай отырып, таным процесін зерттеуге ерекше назар аударды. Ол ғылыми категориялар тек бір адамның игілігі емес, сондықтан да олар субъективті емес дегенді айтты. Ол объективті болатындығы – субъектіге тәуелді емес заттарға іштей тәуелді болады да, барлық материалдық нәрсенің рухани негізін құрайды.
Абсолюттік идея ұғымы Гегельдің философиялық жүйесінің негізін құрайды. Абсолютті идеяны біртұтас жаһандық ақыл және ол барлық заттардың мәні мен ішкі мазмұнын құрайды деп түсіндірді. Абсолюттік идея (жаһандық рух, жаһандық ақыл), оның ойынша, жасырын түрінде барлық табиғи, қоғамдық, рухани құбылыстардың жиынтығынан тұрады. Осы тұжырымдамаға сәйкес адамзаттың рухани мәдениетінің дамуы «жаһандық ақылдың» шығармашылық күштерінің біртіндеп танылуы деп түсіндіріледі. Ал индивид өзінің рухани дамуы барысында «жаһандық ақылдың» өзін-өзі тану сатыларын басынан кешіреді. «Заттардың сезіммен танылған белгілерін атаудан бастап, «абсолюттік білімге» жеткенге дейінгі кезеңді, яғни рухани даму процесін іштей басқаратын заңдар мен формаларды» танығанға дейінгі кезеңді басынан өткереді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет