Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы


Неміс классикасындағы иррационалистік сын: Гегельден Иов пен Авраамға дейін



бет17/23
Дата27.09.2023
өлшемі96,84 Kb.
#111205
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Неміс классикасындағы иррационалистік сын: Гегельден Иов пен Авраамға дейін
Сёрен Кьеркегор (1813-1855 жж.) – дат теологы, жазушы әрі философ, өзінің еңбектерінде Декартпен, Кантпен, Лейбницпен және Гегельмен пікірталасқа түседі. Ол шығармаларында антикалық философия туралы тамсана жазады. Ол әсіресе Сократқа ерекше бас иеді. Бірақ Кьеркегорге шынайы шабыт берген бәрінен бұрын Тәңірінің Сөзі мен догматика болатын.
Кьеркегор – философия тарихында «классикалық рационализмге және механистік жаратылыстану дағдарысына қарсы бағытта дүниеге келген «өмір философиясы» бағытының негізін салушылардың бірі.
Бұл кезеңде рационалдық философия Батыс Еуропада түбегейлі қалыптасқан болатын. Гегелдің көпшілікке танымал философиялық басты еңбектері де осы кезеңде жазылып еді. Рационализм ғылымға, мәдениетке, этикаға, тұрмысқа, тіпті христиандықтың догмаларына қарамастан, дінге де түптеп енген еді. Гегельдің осы танымал классикалық рационализмінен Кьеркегор «Иов пен Авраамға» келді. Ол Гегельдің философиясындағы әлемдік рух пен таза ой түріндегі жалпының абсолюттілігін біртіндеп ысырды да, оны адамның қарапайым жүрегі түріндегі жекемен алмастырды. Інжілдегі кейіпкер Иов осы жекенің жалпыланған образы болды.
Рационалист-философтардан айырмашылығы, Кьеркегор әлемнің метафизикалық «бейнесін» жасауға тырыспайды, ешқандай философиялық жүйелерді жасамайды. Л.Шестовтың ойынша, ол болмысты бұрыннан қалыптасқан жолмен – онтологиялық талдаудан бас тартып, назарын тұлғаның бірегей болмысы жөніндегі терең сезімдерге бұрды. Кьеркегор «әлемдік эволюцияның басты мақсаты мен мәнін адамнан іздеді. Адам шектелулілік пен шектеусіздіктің, уақытша мен мәңгіліктің, еркіндік пен қажеттіліктің, Рух пен индивидтің («Мен») синтезі деді. Осы қарама-қайшылықтардың синтезі, салдары кез келген адамдағы «Меннің» әрдайым қорқынышын туғызып, торықтырады. Индивидтің өзіндік санасы жоғары болған сайын, оның беймәлім болмыс алдындағы қорқынышы мен торығуы да ұлғая түседі.
Балықшы балықшыны алыстан таниды демекші, діндар адамды атеист емес, тек діндар ғана таниды. Сенімнің не екенін түсіндіре отырып, Кьеркегор тек Құдайға деген сенім ғана адамның өзін құтқара алады деді. «Егер адам мәңгілік санаға ие болмай, барлығының бастапқы негізінде тек тылсым күш қана бар десек, бұл күш беймәлім қорқыныш туғызып, ол алып-кіші нәрселердің пайда болуына әкелетін еді. Егер барлығының негізінде түпсіздік болып, ондағы түпсіздіктің орнын ештеңемен толтыра алмайтын болса, өмір торығу болмағанда не болады?». Кьеркегордың барлық шығармалары нақ осы идеяға негізделген.
Кьеркегор дәстүрлі философиядағы «категориялық тыйымдарды (императив)» алып тастауға тырысты. Себебі ондағы адамгершілік кодекстер жалпылану үстінде болатын. Оның басты жетістігі – философияны адамға қарай бұруында, «адам мәселелерін» көтеруінде, субъективтік болмыс (экзистенция) мәселелерін қарастыруында. Адам дегеніміз – бұл еркіндік, сол себепті ол өзіне-өзі төре, өзінің еркіндігін өзі анықтайды деді.
Кьеркегордың субъектілік басты ұстанымы – Entweder – Oder («иә – болмаса») болып табылады, себебі адам өзінің «таңдауын» өзі жасауы тиіс. «Менге» қатысты «иә және болмаса» жақсылық пен жамандықтың біреуін таңдау дегенді білдірмейді, жақсылық пен жамандықтың екеуінің бірдей таңдауға түсетінін білдіреді. Мәселе жақсылық пен жамандықтың екеуінің бірін таңдауда емес, таңдаудағы ізгі ниеттілікте, ол жақсылық пен жамандыққа өлшем болатын негіз». Ол өзінің «Иә-болмаса» деп аталатын еңбегінде осылай жазады. Ал Гегельдің философиясы болса, адамның таңдау мүмкіндігін шектейді, сөйтіп адамды ең басты құндылығы – еркіндігінен «айырады».
Кьеркегор Гегельдің білім мен сенімді ымыраластыруға тырысқанына қарсы болды. Сенім – парадокс, оны әдеттегідей түсіндіру мүмкін емес, сенім түсіндірілетін нәрсе емес деп ойлады. Тертуллианның ұсынған «Сенемін, себебі ақылға қонбайды» деген сенім формуласы оны толық жеткізіп тұр. Бұл парадоксте «жеке индивид тұлға ретінде абсолютпен абсолютті қатынаста» деп пайымдады. Адам сенім арқылы жалпыдан да жоғары деңгейге көтеріледі, себебі сенімді жалпы арқылы түсіндіру мүмкін емес. Индивидтің «Мені» нақ осы тұста айқын көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет