Xx ғасырдағы Батыс философиясы Қабылдаған: Тоғайбекова Аружан


Персонализм Персонализм дін мен ғылымды байланыстырады



бет6/7
Дата10.04.2023
өлшемі304,74 Kb.
#81246
1   2   3   4   5   6   7
А.Камю (1913-1960)

Персонализм

Персонализм дін мен ғылымды байланыстырады

Неотомизм кейінгі кездерде терең дағдарысқа ұшырады. Ол өзінің алдына қойған міңдеттерін ойдағыдай орындай алмайтындай дәрежеге жетті. Сол себепті діни философияның ішінен басқа философиялық ағымдар шыга бастады. Солардың бірі ретінде персонализм деген теистік антропологиялық ілім пайда болды. Ол XX ғасырдың 30-жылдарында ұсақ буржуазиялық топтардың қоғам өмірінде адамдық қатынастардың құлдырауына наразылық білдіруінің нәтижесі ретінде туды. Персонализм Англия мен Америкада кеңінен тарады. Оның өкілдері Х.У.Керр (1857-1931), Р.Т.Флюэллинг (1871-1960), Э.Ш.Брайтмен (1884-1953), В.Штерн (1871-1938) және т.б. Персоналистер адамды дүниенің субстанциясы санай отырып, оны екі түрғыдан талдайды: табиғаттан тыс, тәжірибеден тысқары, рухани түрғыда (адам-түлға) жөне материалдық, төжірибелік (жеке-дара адам) түрғыда. Адам — түлға, өйткені ол өздігінше қызмет етсді, оның ерікті де ақыл-парасатты рухани бастамасы бар. Адам — түлға, өйткені ол рухани болмыс ретіңде өмір сүре алады. Мүның мөні сол, түлға дін белгілеп берген адамдық белгілердің жиынтығын қүрады — бүл адам денссінде әрекет ететін „жан". Ал енді жеке адамға келсек, ол материяның өншейін жай белігі, оның психикалық тіршілігі бар, қоғамның жай бөлігі.

Дін мен ғылымның қарым-қатынасын осылайша түсіну, персоналистердің пікірінше, бір жағынан, діннің үстемдігін нығайтуға комектеседі, екінші жағынан, дамушы ғылымның жетістіктерін мойындауға міндеттейді. Діннің қажеттігін қорғай отырып, персоналистер оны адамдардың қоғамдағы жағдайын жеңілдетудің, жақсартудың бірден-бір құралы деп дәріптейді. Адам өмірінде болатын бақытсыздық, мұқтаждықтың бәрінің себебі қоғамдық қатынастар, қоғамдық үстем жеке меншіктер емес, адамның рухани өміріңдегі қайшылықтар дейді олар. Егер адам түрліше езгі, қанауды, мүқтаждықты бастан кешірсе, онда олар оның рухани табиғатының (жанының) жетілмегендігін көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды: өзінің өмірін жақсарту үшін адам өзін рухани, адамгершілік жағынан жетілдіруі тиіс, ал мұны қамтамасыз ететін — дін. Персонализм философиясының ғылымға жат екені, оның үстем таптардың мүддесін қорғайтыны айдан анық. Бұл философия еңбекші халықтың санасын дінмен уландырып, қанау мен қайғы-қасіреттің шын себептерін бүркемелеп қоюға тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет