243
«Interactive» ағылшын тілінен аударғанда «ортақ белсенділік» деген мағынаны
білдіреді. Инновациялық оқыту технологиялардың білім беру жүйесін дамыту ісіне берері
мол. Оларды қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу
үдерісін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан
бұрын болмаған кәсіби
дағдыларды қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Топтық жұмыс барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптаса
бастады. Тақырыпты оқушылар топтаса отырып бір - біріне түсіндіреді, ешқандай оқушы
қалыс қалмайды. Постермен жұмыс барысында үлгерімі нашар оқушыларым сурет салып,
бірі бояп, енді бірі күтпеген ой тастап, өздерін әр қырынан көрсетіп таң қалдырған
жағдайлар болды. Жетелеуші сұрақтар қоя отырып,
барлығының өз ойын, пікірін
жеткізуіне мүмкіндік беруге тырыстым, әр оқушының пікірі құнды екенін ұғындыруға, бір
- бірінің пікірін бағалауға тәрбиелеп отырамын. Үлгерімі орташа немесе нашар оқушым
білім деңгейі, қабілеті жоғары оқушыдан кейін қайталаса да өз ойын айтып, сабаққа
қатысуы
бір
қадам
болса
да
ілгерілегенін
байқадым.
Сабақ соңында қолданылатын стратегия «шығу парағын» оқи отырып,
оқушыларымның
жымиған және мұңайған смайликтің тұсына сабақ барысы, өз пікірі жайлы ашық
жазғандары менің келесі сабақты қалай жоспарлауыма, жіберген қателіктерімді түзетуіме
өз көмегін тигізіп отырады. «Оңайдан қиынға тәсілін» қолданғанымда оқушыларымның
шамасы келетін сұраққа жауап беріп, талпынуы менің жеке тәжірибемнің теориямен
ұштасқан жемісі деп түсіндім.
244
Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық
модулі бойынша сынып
оқушыларына бағыт - бағдар бере отырып, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауға
жас ерекшелігіне сай тапсырмалар ұсынамын. Жеті модульдің бірі оқытуда ақпараттық
коммуникациялық технологияларды пайдалану болғандықтан арнайы интербелсенді
тақтамен сынып бөлмем /ағылшын тілі кабинеті/ жабдықталмағандықтан, қазақ тілі, орыс
тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған мультимедиялық кабинетке
бекітілген кесте бойынша кіріп, флипчарттар мен слайдтар көмегімен,
электронды
оқулықты қолдана сабақ өтуге тырысамын. Ең бастысы бұл тәсіл оқушылар тарапынан
қолдау
табуда.
Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Назарбаев
зияткерлік мектебі» курсы бағдарламасын меңгеруде түйгенім: Оқушыға қалай оқу
керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе
білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір - көзқарастары жүйелі дамыған,
сандық
технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Достарыңызбен бөлісу: