Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАСТАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК



Pdf көрінісі
бет122/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАСТАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК 
ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ
Кәрібай К.Д., Омаров Д.К. 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 
 
Жеке адамда рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, адамның қоғамдағы орны оның 
тәрбиесі мәселесі қазақ халқының ұлы ойшылдары мен ағартушылары Әл-Фараби, Ы. 
Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиевтің еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан. Мысалы, 
Әл-Фараби «барлық халық бейбіт өмір сүрсе, жер беті бақытқа толады»деп адамгершіліктің ең 
биік сатысы – бейбіт өмір сүру, яғни, адамдар арасындағы өзара түсіністік, өзара келісім, өзара 
сыйластықтың аса маңызды екендігін айтады. Әл-Фараби тәрбиеде бірінші орынға мінез-құлықты 
қоя отырып, оны қалыптастыру үшін ерік, қайратты жетілдіруді, руханилықты қалыптастыруды 
қажет деп санайды. Қожа Ахмет Иассауидің мұралары да әлемдік өркениетке түркі халқының 
асыл мұрасы ретінде ене отырып, бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқаруда. Қожа 
Ахмет Яссауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан 
дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді 
ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің 
имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі 
Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып 
отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты 
көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. 
 
Қазақ халқының ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов ғылыми еңбектерінде халықтың ауызекі 
шығармашылығы ерекше орын алады. Шоқанның дүниетанымдық, эстетикалық көзқарасының 
қалыптасуына өскен ортасының ықпалы зор болған. Ауызекі шығармашылық арқылы халықтың 
эстетикалық көзқарасын, талғамын көрсете білді. Ұлы ғалым Ш. Уәлихановтың негізгі мақсаты – 
халыққа білім беру, оқыту. Ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудағы тәрбиенің рөлін ашып 
көрсету арқылы ол өз еңбектерінде халқымыздың психологиялық ерекшеліктері; қонақжайлылық, 
үлкенді сыйлау, қарым-қатынас ерекшеліктерін терең түсіндіреді. «Құлжа сапарының күнделігі», 
«Қашқария сапарының күнделігі», т.б. еңбектерінде табиғат пен адамдар өмірін байланыстыра 
суреттей отырып, жастарға рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің мәні, ұлттық 
дәстүрлер, рухани мұрасы жан-жақты ашып көрсетілген. Ұлы ақын Абайдың «Адамзаттың бәрін 
сүй бауырым» деген өлең жолдары ізгілік, сүйіспеншілік, бауырмалдыққа дәріптесе, «Біріңді 


254 
қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос» деген сөздері достыққа, бірлікке, ынтымақ пен татулыққа 
шақырады. Абайдың көтерген мәселелері – рухани-адамгершілік, ынтымақтастық, татулық, 
әділдік, еңбексүйгіштік, адалдық, талапкерлік, т.б. Сонымен қатар ойшыл өз шығармаларында 
тұлға бойындағы рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің 
қалыптасуына көңіл бөлген. Бұл мәселелерді ол жеке, жалаң түрде алмай, мақалдарды талдау 
барысында зұлымдық, сұрқиялық, екіжүзділік, барымташылдық тәрізді мінез-құлықтарға қарсы 
қоя отырып қарастырады. Ақын шығармаларының негізі – рухани-адамгершілік және 
имандылыққа тәрбиелеу. Абайдың рухани әлемі, оның зерттеу нысаны – адам. Абай өзінің барлық 
шығармашылығын жастарға «адам бол», «азамат бол» «қатарыңнан қалма» деген философиялық 
қағидаға негізделген философиялық, педагогикалық, психологиялық көзқарасында «адамгершілігі 
мол адам – қоғамға ең пайдалы адам» деп тұжырымдаған. Абайдың ойынша «адамгершілік – 
махаббат пен әділдік, олар барлық нәрседе болады және бәрін шешеді», яғни рухани тәрбие – 
адамдарды адамгершілікке, білімге, еңбек пен имандылыққа, бір сөзбен айтқанда жан 
дүниелерінің сұлулығына тәрбиелеу деген сөз. Абайдың «толық адам» ілімі – адам, адамилық, 
адамгершілік принциптеріне негізделген.
Ағартушы Ы. Алтынсариннің ұрпағын адамгершілікке уағыздаған өсиет-уағыздары, үгіт-
насихаты, адамды жақсы мінез-құлыққа дағдыландыруға үндейтін құнды еңбектерінің бірі – 
«Мұсылмандықтың тұтқасы». Кітаптағы «Ахлақ яғни, адамдарға тиісті, тиіссіз мінездер 
турасында» деген бөлім атының өзі-ақ мазмұнын айқындап тұр. Кітапта адам мінезіндегі, 
ойындағы, пейіліндегі нелер жамандық, зорлықшыл, зұлымдық, қиянатшыл, өтірік, күншілдік, 
ешкімді менсінбейтін тәкаппарлық, «сырттан жақсы көрінген болып жүріп, ішкі көңілі 
бұзықтықта яки, дүниеге пайдасына ғана керекті пиғылда болу...», арамдық, ақымақтық, 
парақорлық, екіжүзділік, сараңдық, ұрысқақтық, ысырапшылдық, тағы басқа келеңсіздіктердің 
мазмұны мен түрлері толық талданады. Сондай-ақ, Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» 
еңбегінен оның рухани-адамгершілік тәрбиені бірінші орынға қойғанын айқын байқаймыз. 
Оқулықта балаларды қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстырып қоймай, әлем әдебиеті 
үлгілерімен де сусындатқан. Ағартушы хрестоматия мазмұнына қазақтың төл әңгіме, аңыз, 
ертегілеріне зор мән берген және олардың бәрінің рухани-адамгершілік қасиеттерді дәріптеуін 
басты назарда ұстаған. Яғни оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат етіп 
біршама жүзеге асырған деген тұжырымға келеміз. Өйткені ол жеткіншектерге ұлттық және және 
жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлестіре отырып үйрете білді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет