241
Алдымен «технология» ұғымына тоқталайық. Бұл жерде ол «инновациялық
педагогикалық технология» мәніне ие болып тұр. Оның мағынасын түсінуіміз үшін
әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымына көз жүгірткеніміз жөн. Ол
«техника» сөзінен шыққан, оның екі мағынасы бар.
1. Өндірістік құралдарының жиынтығы
2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.
Технология
- грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл – қандай да болсын жаңа істегі
шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді.
Білім беру саласындағы "технология" үғымы өндірістік үдерістердегі
технология
ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан
туындағаны анық. Өндірістік үдерістердегі технология деп қолданғанда алдын-ала
көздеген нәтижеге жеткізетін, белгілі бір сапалық және сандық деңгейлердегі өнім алуға
кепілдік беретін,
ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін
айтады.
Кез-келген технологияның маңызы оның құрылымымен анықталады. Технология
белгілі бір мақсатты жүзеге асырады. Ол үшін құралдар пайдаланылады, әдістеме жоғары
деңгейге дейін жетіледі де, күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі.
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз
дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор.
Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын.
Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан — жақты ықпал етуі. Яғни тек
білімді немесе оқу
бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық
қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін — өзі өзектендіру, бекіту,
шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен
білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу — танымдық ынтасын жетілдіру,
әрі
жеке
тұлғаны
жан
—
жақты
дамытуға
жетелейді.
Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін
оқытудың жаңа әдіс — тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін
көтеру мақсатында әрбір мұғалім
кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы
керек. Сонда ғана өзін — өзі дамыта алатын, өзін — өзі
жетілдіре алатын қоғамның
белсенді,
білімді
жеке
тұлғасын
қалыптастыра
алады.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр.
Ең басты нәрсе — жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан — жақты дамыту
арқылы
олардың
бойынан:
—адамгершілікті,
ізгілікті,
дүние
танымды
—белсенділікті,
қабілетті
тұлғаны
-
жоғары
мәдениеттілікті
көре
аламыз
Сондықтан мұғалім жаңашыл, жан — жақты болу керек.. Дарынды ұстаз К. Д. Ушинский:
«Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте — бірте оқушының білімге деген құмарлығын
жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш —
жігерін
тәрбиелемесе
мәнін
жояды»
деген.
екен.
Олай болса мұғалім өз сабағының жоғарғы мәнінде оқушының қызығушылығын оятатын,
әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет етеді.