Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет156/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз – демографияда. –А.: Жеті жарғы, 2000. -128б. 
2. Петрова Н.Н. География современный мир. –М.: ИНФРА-М., 2006. -264 с. 
3. Голиков Н.Ф., Двоскин Б.Я., Спектор М.Д. Проблема расселения населения 
Казақстана. –А., 2006 
4. Ахметов К.Б. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. –А.: 
Рауан, 2007. -287б. 
5. Асылбеков М. Х. Қазақтар қалай көбейеді? // Егемен Қазақстан, 9 желтоқсан, 
2012. – 5 б. 
6. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 15 желтоқсан, 2012. 
– 1-5-бб.
 


348 
 
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ӨМІРІНДЕГІ ПСИХОЛОГТАРДЫҢ РӨЛІ 
 
Нүркен А.Н., Койшыбаева К.Б. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Психологиялық қызмет қазіргі білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып 
табылады, ол баланың интеллектуальдық және жеке мүмкіндіктерін, нышан, қабілет, 
қызығушылық пен икемділігін мезгілімен анықтап, оларды оқыту мен тәрбиелеуде 
барынша кең пайдалануды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар психологиялық қызмет 
баланың психологиялық даму қорын уақтылы анықтап, оқыту мен тәрбиелеуде пайдалану 
жолдарын көрсетеді [1]. Егер дамуы жағынан басқа балаларға қарағанда артта қалған 
балалар болса, мектеп психологының міндеті дамудағы кідіріс пен оның себептерін 
уақытында анықтап, жою болып табылады. Егер дарынды балалар болса, олардың 
психологиялық дамуының жеделдетілуін: ертерек нышандарды анықтап, оларды жоғары 
дамыған қабілетке айналдыруы керек.
Жалпы білім беретін мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар 
істерінің ауқымы мол. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 
категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес 
қосады. 
Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты және қамқорлығы – ол оқушы, өзінің 
психикалық даму, тұлға ретінде қалыптасу, жас жағынан, жыныстық және басқа жеке 
ерекшеліктерінің, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынастары 
мәселелерімен айналысу.
Психологтың міндеті – әр балаға арналған, жеке, оның мүддесін, қабілетін, өзін-өзі 
тербиелеу және өзін-өзі ұйымдастыру мүмкіншіліктерін дамытатын тәсілдерді табу [2]. Ең 
бастысы – психолог және ата-аналардың бірлескен күшімен баланың ерекшеліктерін оның 
өмір сүру жағдайымен, оның тәрбиелену тарихын есепке ала отырып, түсінуге тырысу 
және осы негізде келешек жұмыстың бағдарламасын анықтау. 
Мектеп психологы жүмысының негізгі қағидасы (принцип)– әр балаға жеке 
көзқараспен қарау: оның даму жолындағы қиындықтардың себебін және оларды жеңу 
жолдарын анықтау; оның мүддесін, мүмкіндігін, қабілетін одан әрі дамыту мақсатында 
анықтау; мектептегі оқу жылдарының барысында жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Психологиялық қызметтің ең маңызды тиімді шарттары ол: әр жастағы 
оқушылардың даму мүмкіншіліктерін педагогикалық ұжыммен бірге жұмыс істей 
отырып, жүзеге асыру; әр жас кезеңіндегі оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде жеке 
ерекшеліктерін дамыту; мектепте балалардың дамуына қолайлы, нәтижелі, өзара жоғары 
қарым-қатынаспен, баланың жөне үлкендердің (мұғалімдердің, ата-аналардың), баланың 
және бала ұжымының, құрдастардың жақын қоршаған ортасымен өзара мейірімді іс-
қимыл жасауымен, психологтың мектептің педагогикалық үжымымен өзара кәсіби іс-
қимыл жасауымен анықталатын психологиялық климат құру [3]. 
Мектеп психологының жұмысы дәстүрлі түрде келесі бағыттар бойынша 
ұйымдастырылады: 
1.Психопрофилактикалық (ағарту ) жұмысы. 
2.Диагностикалық жұмыс; 
3.Коррекция(түзету)-дамытушылық жұмыс; 
4.Психологиялық кеңес беру. 
Бүгінде мектеп психологының диагностикалық жұмысы келесі міндеттерді 
қарастырады: оқушылардың әлеуметтік - психологиялық портретін жасау; оқуда, қарым – 
қатынаста кездесетін қиындықтарды жеңу; психикалық өзін - өзі нашар сезінетін 
оқушыларға көрсетілетін көмектің жолдары мен түрлерін анықтау; оқушылардың оқу 


349 
және қарым – қатынас жасау ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық көмек көрсетудің 
тәсілдері мен түрлерін таңдау. 
Білім беру жүйесіндегі психодиагностикалық өзіндік принциптердің ерекшеліктері 
бар. Өйткені көптеген зерттеулерде ғылыми-зерттеу психодиагностикасы мен ғылыми-
практикалық диагностиканы бір-бірінен ажырата білу қажеттігі айтылған [4]. 
Ғылыми-практикалық диагностика қоғамдық іс-тәжірибенің түрлі міндеттеріне, 
оқушылардың таным процестеріне дамыту міндетіне және мұғалімдердің жеке басының 
ізгіліктілік бағытын бқабілеттерін дамыту мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндігін 
айқындау міндеті және мұғалімдердің жеке басының ізгіліктік бағытын зерттеуге 
бағытталады. 
Білім беру мекемелеріндегі психодиагностика педагогикалық мәселелермен тығыз 
байланысты бола отырып, педагогикалық ықпал етудің неғұрлым тиімді амалдары мен 
қолайлы психологиялық жағдай тудырудың жолдарын ұсынып отыр. 
Мектептегі мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттеріне оқу процесі барысында 
оның соңғы нәтижелерін күтпей-ақ түзету жұмыстарын енгізу қажеттіліктері туындап 
отырады. Сондықтан мұғалім мен оқушының дара мүмкіндігін дамытудың амалын 
құрастыру қажет. 
Мектеп психологының кеңес беру жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: 
оқушыларға кеңес беру, ата-аналарға кеңес беру, педагогтарға кеңес беру. 
Психологтың кеңес беру қызметі – психологиялық кеңес беру арқылы оқу, тәрбие 
және даму мәселелері жөнінде оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагог 
қызметкерлерге және басқа оқу үрдісіне қатысушыларға көмек көрсету [5]. 
Психолог болу - қызығы мен қиындығы қатар жүрер өзіндік ізденісті қажет ететін 
мамандық. Психолог - өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан 
шығаруға бағыт-бағдар беретін маман. Психолог - өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің 
жан-дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог – баланы қорғаушы, 
психолог — көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан-дүниесі 
күйзеліске түскен жандарға психологиялық тұрғыдан көмектесетін маман.
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.Алдамұратов. Қызықты психология. - Алматы: Қазақ университетi, 1992. - 112 
бет. 
2. Психологиялық қызмет Ережелері проекциясы // Өзгеріс - Перемена, Қарағанды, 
2002. 
3.Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті 
ұйымдастыру. - А, 2003 ж. 
4.Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. - М.: Генезис, 
2000. - 298 с. 
5. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. - М.: Владос, 2000. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет