Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Әр ұрпақ Абай шығармаларынан өз заманының мәселелерін таба алады



Pdf көрінісі
бет68/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Әр ұрпақ Абай шығармаларынан өз заманының мәселелерін таба алады. 
Абай шығармаларынан сұрағына жауап іздеп,шешімін тауып, ақылдасады, ой 
салыстырады,толғақты мәселелерді Абай арқылы түсінеді.
Абай ұғымында, адамның осы дүние есігін ашқан сәтінен өмірінің ақырғы сәтіне 
дейінгі жүріп өткен жолының белгісі уақыт. Уақыт адамнан сауаттылық пен сауатты істі 
талап етеді. Осы уақыттың құбылысын зерделеуде, оның талабына ілесуде адамға қажет 
нәрсе ар мен намыс. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» 
деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан қарастыруға болады: 
Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге. 
Артық ғылым кітапта, 
Ерінбей оқып көруге. 
Военный қызмет іздеме, 
Оқалы киім киюге. 
Бос мақтанға салынып, 
Бекер көкірек керуге. 
Қызмет қылма оязға, 
Жанбай жатып сөнуге,-деп Абай атамыз осы өлеңі арқылы ең негізгі адамға қажет 
ар мен намыс екенін түсіндіреді[5]. 
Абай мен ұлттық идеядағы ойдың негізі білімділік те жатыр. Абай қазақ халқына 
білім және ғылымды ерекше құндылық ретінде ұсынды.
Ол өзінің «Екінші сөзінде», «Жетінші сөзінде», «Сегізінші сөзінде», «Оныншы 
сөзінде», «Он сегізінші сөзінде», «Он жетінші сөзінде», «Қырық үшінші сөзінде» 
ағартушылық, білім, ғылым, өнер мәселесін көбірек қозғайды. Сонымен қатар,Абай 
қарасөздерінде бұрыңғы қазақ елінің тағдыры мен Абай кезіндегі өмір сипатталады. Осы 
тұрғыдан қарайтын болсақ, Абайдың қара сөздері тарих пен болашақтың арасын жалғап 
отыратын рухани көпір іспеттес. Абай өзінің екінші қара сөзінде, әр халықтың жақсы 
қасиеттері болады, соны білу, бағалау, дәстүрдегі тәжірибені өмірге пайдалану қажет 
дейді. Осы өркениеттілікке бастайтын адамның уақыт туралы түсінігі мен білімі болса, 
бұны жүзеге асыруда қажетті құрал тәжірибе.Сол тәжірибені жинақтап ел мәдениетінің 
өрісін кеңейту үшін өзгеде бар жақсы дүниелерді білу, үйрену қажет.Сонымен қатар 
мемлекет белгілі бір уақыт шеңберінде өмір сүріп жатқан немесе пайда болып жататын 
құндылықтарды зерделеп, білім мен кәсіптің озық үлгілеріне қол жеткізіп отырмаса, 
бәсекеге қабілетті бола алмайды. Бұл дегеніміз Абайдың қарасөздері мен ұлттық идеяның 
ұштасуын білдіреді. Дамудың биігіне шыққанымен, оның арғы жағында жаңа нәрселер 
бар. Сол жаңа деңгейдегі уақыттың құндылықтарын иеленуде, қоғамға қажет нәрсе 
тәжірибе мен білім. Әрбір қоғамның дамуы тарихи тәжірибелер мен білімнің жаңа 
түрлеріне толы.Бірак мемлекеттің уақыт талабына сай дамуы мен мәдениетін 
ілгерілетуінде мемлекет иесі ұлттың болмысын сақтайтын дүние жер мен тіл, дәстүр мен 
дін екендігін ұрпақ естен шығармауы қажет. Бұны біз Абай атамыздың отыз тоғызыншы 
қара сөзінен байқауымызға болады:«Бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл 
замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін 
бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер 
өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір 
мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі мінез жоқ болған соң, әлгі 


151 
үйренген өнеріміздің бәрі де адамшылыққа ұқсамайды, шайтандыққа тартып барады. 
Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.Ол екі мінезі қайсы 
десең, әуелі - ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, 
дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің 
шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы мен топ басылары калай қылса, калай бітірсе, 
халықта оны сынамақ, бірден бірге жүргізбек болмайды екен. Екінші мінезі - 
намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, қайда бар? Бұлар 
да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айырылдық.Ендігілердің 
достығы -пейіл емес, алдау, дұшпандығы - кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра 
алмағандық»[3,146б]. Яғни бірлік, еңбекқорлық, іскерлік, намысқойлық, әділетті және 
шынайы болу, білім мен өнерге құштарлық қоғамды қашанда ілгерілетіп отыратынын 
ұғынуға болады. 
Абай ұлттық мүдде ісіне аса дайындықпен келген адам. Жоғарыда келтірілген 
өлеңдері мен қара сөздерінің мағынасы осыны аңғартады.Абайдың ұлттық мүдде туралы 
ұғымынан түйетініміз қоғамның болашағын айқындайтын, елдің мүддесінің сақталуына 
ықпал ететін ұлттық мінез, қоғамдық сана. Қоғамдық психологияның елдің мүддесі мен 
уақыттың талабына қайшы келуі қоғамның дамуын тежеп отырады. Қоғамда көзі ашық, 
көкірегі ояу адамдар көп болған сайын қоғамның мәдени қалпы сақталып отырады. 
Мемлекет пен оның өкілі әр адам қоғамның сырты мен ішінде не бар екенін, ненің болып 
жатқандығын үнемі біліп отыруы тиіс. Себебі мемлекет ұлттың ұрпаққа қалдыратын 
негізгі мұрасы, ортақ үйі. Осы үйді тұрғызуда, оны күтіп, қорғап отыруда ұрпақтан 
ұрпаққа қалдырылатын мұралардың бірі ұлттық идея. Осы ұлттық идея арқылы ата-
бабаларының атқарған істерінің таңбасы, мемлекеттің қабырғасына кірпіш сияқты 
қаланады. Мемлекеттің беріктігі ұрпақтың тұлғалық істерінің өнімі арқылы сақталып 
отырады. 
Абай идеясының, дүниетанымының негізі адамзаттық философияның іргесімен 
ұштасып жатыр. Ойшылдыңұлттық мүдде туралы ұғымы, қоғамды адамзат мәдениетінің 
өрісіндегі құндылықтармен, білім, өнер түрлерімен біріктіріп отырылуында. Ұлт өзінің 
мүддесін қорғау жолында тарихы мен мәдениетін, оның құндылықтарын қалыптастырып, 
ұрпақты соған бағыттап отырады.Ұрпаққа қандай жолды, қандай білім мен өнер жолын 
таңдап үйретуді, кісілікті талап етуді ақынның осы өлеңі арқылы анық байқауға болады. 
Әсемпаз болма әр неге, 
Өнерпаз болсаң, арқалан. 
Сен де - бір кірпіш дүниеге 
Кетігін тап та, бар қалан! 
Қайрат пен ақыл жол табар 
Қашқанға да, қуғанға. 
Әділет, шапқат кімде бар, 
Сол жарасар туғанға.[2,141 б.] 
Кезінде Әл-Фараби бабамыз айтып кеткендей, ел басқаратын, қоғамға бағыт-бағдар 
беретін адамның бойында он екі қасиет болуы қажет. Ал ұлттың, қоғамның әрбір мүшесі 
жеке адамда осы он екі қасиеттің кем дегенде төртеуі болуы керек.Он екі қасиеттің 
төртеуі қоғамдағы әр адамның бойында тегістей орын алған жағдайда, қоғамда тұтастық, 
ұлттық және азаматтық бірегейлік сақталады. Сол сияқты біздің ойымызша бүгінгі 
қоғамның әр мүшесі Абайдың даналығын зерделеп, оның идеясының бағытымен жүрер 
болса, келешекте қазақ қоғамының әлемдік өркениеттен өзіне лайықты орынды мықтап 
бекітері анық. Бұл мәселе кешегі алаш зиялыларының да арманы болды. Осы идеяны 
мемлекеттің ұстанымына айналдыруда олар да Абай философиясын негізге алды, 
Абайдың идеяларының ұрпаққа жетуіне еңбек сіңірді. «Абай сынды ақынның қадірін 
білмеу қазақ халқының зор кемшілігін көрсетуге толық жарайды. Себебі, қазақ басқа 
жұртпен үзеңге қағысып, тең халық болып жасай алмауы тарихы, әдебиеті жоқтықтан. 
Тарихы, әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. 


152 
Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың 
болса да жаны әдебиет, жансыз тән жасамақ емес. Қайдан өрбігенін, қайдан өскенін, ата-
бабалары кім болғанын, не істегенінжұртқа бұл талас-тартыс тар заманда арнаулы орын 
жоқ. Сондықтан Абайдың аты жоғалуы, мұнан кейін де шығатын Абайлар сондай 
ескерусіз ұмытылу ықтималы қазақтың жоғалуы,қазақ атты халықтың ұмытылуымен 
бірдей» деп жазып кеткен еді Міржақып Дулатов[1]. 
Абайды жоғалту деген елдігіміз бен мәртебемізді жоғалтумен тең.Алайда, біз бұған 
жол бермеуміз керек және бұған Елбасымыздың мына сөздері дәлел:«Заманалар ауысып, 
дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен 
сайын оның ұлылығыныңтың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.Абай өзінің 
туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, 
асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет 
ретінде бағаланатынын айқын аңғартады. Биылғы жыл Абай атамыздың 175 жылдығына 
орай «Абай жылы» болып белгіленді.Бұл қазақ халқы үшін өте ерекше жыл болмақ.Себебі 
Абайдың бізге қалдырған асыл мұраларын қайта жаңғыртып, жас ұрпақтың санасына 
Абайдың өлеңдері мен шығармаларын сіңіруге мүмкіндік туары анық. Осындай іс-
шаралар арқылы ақынның мол мұрасын толық танып білеміз.Өзі өлсе де,артына өлмейтін 
із қалдырған Абай Құнанбайұлының өткір ойлары,өнегелі сөздері қашан да 
жадымызда!Абай қазақ халқы үшін дара,дана болып қала бермек! 
Әдебиет 
1.
https://abai.kz/post/97167
 
2.Абай Құнанбаев «Қалың елім,қазағым...» Алматы «Атамұра» 2002 
3.Абай 2 том Өлеңдер мен аудармалар Алматы «Жазушы» 2005 
4.Мұхтар Әуезов «Қазақ халқының ұлы ақыны» мақаласы 1954 
5.
https://bilim-all.kz/olen/1871-Paida-oilama-ar-oila-
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет