Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Сурет 1. Қызылорда облысындағы туристік нысандарды топтастыру



Pdf көрінісі
бет70/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   267
Сурет 1. Қызылорда облысындағы туристік нысандарды топтастыру 
 
Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйене отырып Қызылорда облысының 
аумағына бірнеше жорықтық саяхаттар ұйымдастыруға болады: 
№1 сапар. 
Авто-, ат, спелео туризм бойынша ұзақтығын 6 күнге жоспарлауға 
болады. Сапар ұзақтығы 261 шақырым. Жорық бағыты: Қызылорда қаласынан басталады. 
Мұнда бір күн болып, қаламыздағы көрікті жерлермен және облыстық өлкетану 
мұражайымен танысады. Екінші күні сапар Шиелі ауданына бағытталып, онда Бестам, 
Жетімтөбе, Төрткөл, Нәнсай, Ақбұлақ ежелгі қалаларының құрылымымен және тарихи 
ескерткіштерден Жетіәулие кесенесін тамашалайды. Үшінші күні Жаңақорған 
ауданындағы ежелгі қалалардан: Сығанақ, Балапантөбе, Ортакент, Бөріойнақ, Өзкент, 
Қырөзкент, Аққорған, Түгіскен, Сауран, Келінтөбе, Құмиянан қалаларының құрылысымен 
танысады. Төртінші күн Қаратау жотасының табиғатын тамашалауға бағытталады. Мұнда 
саяхатшылар спелиотуризм бойынша Қаратау жотасындағы үңгірлермен танысады.
№2 сапар. 
Автотуризм бойынша Қызылорда қаласынан ежелгі Асанас қаласына 
дейінгі аралық. Сапар 2 күнге жоспарланады. Жол ұзақтығы 63 шақырым. Мұнда 
Қорғантөбе, Жаман Ақтөбе, Кіші Ақтөбе, Желқазған, Асанас тәрізді ежелгі қалалардың 
ирригациялық жүйесімен, сондай-ақ тарихи ескерткіштерден: Көккесене және Асанаспен 
танысады (10 суретке сәйкес).
№3 сапар. 
Автотуризм бойынша Қызылорда қалаcынан Жосалы кентінен 18 
шақырым жерде бүкіл түркі халқының орталықтарының бірі –Қорқыт ата ескерткішіне 
дейінгі аралық. Сапар 3 күнге жоспарланған, жол ұзақтығы 206 шақырым. Бұл сапарда 
бірінші Қызылорда ДМПО-сына, сонан соң Қосасар, Егембай, Жент, Құмқала, Рабат 
Қатын секілді ерте орта ғасырлық қалалар жүйесімен жүріп, екінші күні, Жалағаш ДМПО-
сы мен тарихқа бай ежелгі Ахмет Қала, Моншақты асар, Көктонды асар, Жетіасар
Сортөбе қалаларына барып онан соң Қорқыт ата ескерткішімен танысады.

№4 сапар. 
Сапар автотуризмге лайықталған. Бұл сапар Байқоңыр қаласынан 
басталып, 2 күнге созылады және жол ұзақтығы 180 шақырым. Бұл сапарда туристтер 
көптеген кесене және мавзолейлермен таныса алады. Мысалға, бұған Қазалыдағы 
Жалаңтөс Баhадүр кесенесі мен Мыңтөбе моласын Арал ауданындағы Бегім ана кесенесі 
Қызылорда облысындағы туристік нысандар 
Табиғи 
Қаратау жотасы: Дарбаза шатқалы, Жалғыз 
ағашты төбелер, Сырдария өзен жағасы, Бесарық 
көне ирригациялық жүйесі, т.б. 
Тарихи 
Сығанақ, Сауран, Қорасан, Қараасар, Аққорған, 
Алтынасар Қарасопы, Оқшы Ата, Бегім ана, Айтбай 
мешіті, Орыс шіркеуі, Керделі І, Керделі ІІ, 
Шірікрабат, Жанкент, т.б 
Қорқыт Ата кесенесі, Қорқыт Ата әуе жайы, 
Тасбөгет су торабы, Облыстық медициналық 
орталық, Н. Бекежанов және А. Тоқмағанбетов 
театры, М. Көкенов пен Ы. Жахаев мұражайы, т.б.
Әлеуметтік-
экономикалық 


156 
мен Кердері Мавзолейін жатқызуға болады. Бұл сапарда ежелгі қалалар цикліде бар. Олар: 
Қарауылтөбе, Жанкент, Күлік қалалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет